Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дебат саба.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.15 Кб
Скачать

Кесте 2. Дебаттың технологиялық сызбасы

Кезеңдер

Іс-әрекеттер

Бағдарлы кезең

  • мәселелер мен мақсаттарды қою;

  • тақырып бойынша бөлімдерді өзектендіру;

  • негізгі сөздерді анықтау;

  • мәселенің маңызын ашу;

  • тақырыпты іздеу, жоспарын құру;

Дебатқа дайындалу кезеңі

  • ақпараттарды жинақтау;

  • ақпараттарды талдау;

  • жақтау және даттау құру мақсатында;

  • ақпараттарды шығармашылық ұғыну;

  • жақтау және даттау кейстерін құру;

  • спикерлердің сөздерін құру;

  • алғашқы кейсті апробациялау және түзету, өзгерту;

  • психологиялық дайындық (тренингтер және жаттығулар).

Дебаттың өзін өткізу кезеңі

  • қатысушылардың ұстанымын анықтау;

  • спикерлердің сөз сөйлеуі;

  • қарама-қарсы сұрауларды жүргізу;

  • топтың даттау және ребатлды құрастырудағы жұмысы;

  • төрешінің талдауы және шешімін шығаруы.

Дебаттың рефлексия бөлімі

  • ойын процесін қайта қалпына келтіру;

  • өткізілген дебатты еске түсіру;

  • істі талдау және құрылымдық сынау;

  • мектеп оқушыларының тұлғалық өзгеруін бекіту;

  • ұсыныстар мен нұсқаулар.

Дебаттан кейінгі іс-әрекет

  • өткен дебаттардың нәтижесі ретінде жоғары класс оқушыларының азаматтық іс-әрекеті.

Дебат оқушылардың тақырыпты іздеуінен басталады. Олардың алдына мәселе қойылып, дебаттың мақсаты қойылады. Одан кейін оқушылар тақырып бойынша алған бөлімдерін өзектілеп, негізгі сөздерді анықтап, тақырыпты талдап және мәселенің мәнін, түйінін түсінеді, шешеді. Бұл мәселенің маңыздысы алғашқы түсіну бөлімдерін құрастыру болып табылады. Бұл кезеңнің келесі адымы тақырыпты іздестірудің жоспарын құру болады. Одан кейін құрылған жоспар бойынша қажетті ақпарат жинақталады. Қажет болса оқушылар мұғаліміне немесе кластас оқушыларын ақыл-кеңес сұрайды. Ақпартты талдап, жақтау және даттау сөздерін кестелерін құру мақсатындағы ақпаратты шығармашыл ойлау барлық класс оқушыларымен немесе алдын-ала анықталған топтарда өткізуге болады. Спикерлер сөздері оқушылардың дайындалған деңгейіне байланысты дебатерлердің өздері немесе барлық топпен құрылады. Мұғалім ақыл-кеңес беруге де болады.

Осылайша дебаттың алғашқы екі кезеңінде мынадай мәселелер шешіледі:

  • жоғары класс оқушыларының терминологиялық білімдерін меңгеруі (азаматтық-өзекті маңызы бар терминдер мен түсініктерді еркін бағдарлау);

  • білім көзімен танысу (оқулықпен, әлеуметтік, құқыттық, ғылыми-теориялық білімнің көзімен).

Өткізу кезеңі –бұл дебаттың өзін өткізу жұмысы. Дебат тек қана қарама-қарсы көзқарастар қақтығысын туғызатын қатаң түрде сақталған ережелер бойынша өткізіледі. Алдымен жеребе бойынша немесе келісу арқылы қатысушылардың ұстанымын (позициясын) (жақтау немесе даттау) анықтайды. Содан кейін берілген уақыт бойынша дебат өткізіледі. Әр топтың спикерлері (жақтау және даттау) бейтарап төрешінің көзқарасы әлдеқайда дұрыс, шыншыл, екенін айтып сендіреді. Осы үшін олар тек өз ұстанымдарын оппонент топтың ұстанымдарымен салыстырады. Дебаттың әрбір конструктивті (құрылымды) бөлімінен (раундтан) соң сөйлеген спикерлер бір-біріне қарама-қарсы сұраулар қояды. Сұраулар оппонентердің аргументтерін анықтау мақсатында, кейстегі ақау, міндерді табу, өз тобын даттауға дайындауға және т.б. мақсаттарда қойылуы мүмкін. Дебат ойынға талдау жасаумен және төрешілердің шешімі –жеңген (жеңімпаз) топты анықтаумен аяқталады.

Дебаттың рефлексия бөлімі О.А.Анисимовтың талдау сызбасына сәйкес және О.Н.Франковскаяның үйрену дебатына байланысты өткізіледі.

Рефлексия келесілерді қамтиды: өтілген дебатты суреттеу, айту, талдау және құрылымдық сынау, мектеп оқушыларының тұлғасындағы ерекшелікті бекіту, мектеп оқушыларына тұлғалық ерекшеліктеріндегі өзгерістерді есепке ала отырып кепілдемелер беру.

Біз О.Н.Франковскаямен келісеміз, өйткені рефлексия белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру аспектісінде аса маңызды кезең болып табылады, бірақ бұл автордан айырмасы, біз рефлексия дебаттың соңғы кезеңі ретінде шектемейміз. Егер адам өмір сүрудің шынайы субьектісі ретінде бір іспен айналыспайынша, оның жеке тұлғалық ұстанымы іске аспай қалады.

Белсенді азаматтық ұстаным өзінің дәл бейнесін тек қана сәйкес істі ғана табады. Осыған орай біз оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда маңызды шарты болып тәжірибелік іс-әрекеттегі игергенді қолдануды айтамыз. Бұл шартты іске асыру дебат технологиясының соңғв кезеңі –іс –әрекеттен кейін.

Бұл кезеңнің іске асуы үшін жоғары класс оқушыларының азаматтық іске қатысуға өздерінің талабы мен тілегі болу керек.

Осылайша берілген білім берудегі теоретиктер мен тәжірибе жасаушылардың ғылыми зерттеулер мен әдістемелік еңбертері негізінде, сонымен бірге педагогика жалпы қабылданған педагогикалық технологиялардың критерийлік талдау сәйкестігін ала отырып, біз келесі шешімдерді шығарамыз:

  • дебаттар өзектілік критериі, жаңашылдық, жүйелілік, басқарушылық, тиімділік, концептуалдылық, өндірістік критерийлерімен кәсіби өсу критерийінің сәйкестігі бар инновациялық педагогикалық технология болып есептелінеді;

  • дебат технологиясының құрылымы 5 негізгі кезеңнен тұрады; олардың байланысы, ара қатынасы болып педагогикалық процестің мақсаттары мен міндеттерін айқындалуы, талқыланатын мәселенің ерекшеліктері, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері айқындалады;

  • дебаттар жоғары класс оқушыларның азаматтыққа қалыптастыруды мақсат ету үшін педагогикалық процесте толық қолданылуы мүмкін, сонымен бірге мыналарды қарастырады:

  1. Оқушының ізденуде оқу танымдық, қоғамдық саяси және құндылықты –бағдарлы іс-әрекетте белсенді қатысуы.

  2. Диалогтік қарым –қатынас, мұнда мектеп оқушысы өзін-өзі дамыту және тәрбиелеу, танымдық субьектісі ретінде сөз сөйлейді;

  3. Азаматтық қоғамда тіршілік әрекетінің дағдысы мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағдар жасау;

  4. Дүниетанымдық, саяси, діни көзқарастарын таңдау бостандығы;

  5. Ғылыми білімді, интеллектуалдық машық дағдыларды, іс-әрекет әдістерін және қоғамдық құндылық сабақтарын (қызметтестікте және бір шығармашылықта жоғарғы класс оқушыларының білім білік дағдыларын дамытуы) игеруде мектеп оқушыларының біріге әрекет етуі.