- •Дебат –жеке тұлғаны қалыптастырудағы диалогтық инновациялық педагогикалық технологияның бірі
- •Кесте 2. Дебаттың технологиялық сызбасы
- •Дебаттар: маңыздылығы негізгі элементтері және түрлері
- •Сонымен, дебат деген не?
- •Бірінші ұстаным: дебат көп нәрсеге үйретеді.
- •Екінші қағида: адалдық міндеттемесі.
- •Үшінші қағида: сыйластық.
- •Дебаттың түрлері.
Дебат –жеке тұлғаны қалыптастырудағы диалогтық инновациялық педагогикалық технологияның бірі
Қазіргі заманғы білім берудің нәтижелі болуы, дәстүлі тәрбие жүйесіне жаңашыл көзқарас танытып, өзгерістер мен қосымшалар енгізу. Ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың таным жүйесі озық. Тәрбиелеудің дәстүлі әдіс-тәсілдері жуку тұлғаны мақсатты, жүйелі қалыптастыру, оның қоғамда, өндірісте, мәдени және саяси өмірде белсенділігін арттыру, сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісін қайта құру, оны әрі қарай жаңа жағдайда жетілдіру монологтан диологқа ауысуға, диктаттан өзара әрекет етуге, императивті педагогикадан әріптестікке ауысуға маңыздыжағдай туғызады.
М.М.Бахтиннің ойынша, диалогизм –бұл тең құқылы және тең мағыналы жаратылыстардың өзара әрекеті, ал «монологизм басқаның жауабын естімейді және оны күтпейді де, шешуші күш ретінде санамайды». Тәрбиенің диалогтық мінез-құлқы субьектінің ұстанымын бейнелейді, мектеп оқушысының өмірінің әр кезеңінде өзіндік «Менін» қалыптастыруға үлкен жәрдемін тигізеді. Өнердің басқа түрлерімен өзара қарым-қатынас жасау барысында, қоршаған ортамен диалогқа түскен кезде оқушы өзін-өзі дамыту және тіршілік әрекеті тәрбиесінің субьектісі ретінде көрінеді. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша жеке тұлғаның қалыптасу процесі тиімді болуы үшін қазіргі таңдағы оқу мекемесінде оқытудың басты әдісі және тәрбиесі қарым-қатынас жасаудың табиғи формасын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер, инновациялық педагогикалық технологиялар қажет.
Диалогқа құрылған оқытуды ұйымдастырудың әр түрлеріне назар аударайық. Пікір алмасу (дискуссия) кездегі дидактикалық ізденістердің бірі ретінде белгілі орындарды алады.
Бұл оқыту жұмысының түрі А.А.Иван, М.В.Кларин, В.И.Косолапов, Ю.Н.Кулюткина, В.Т.Лисовский, Л.Г.Павлова, С.И.Поварнина, Т.С.Самохиннің еңбектерінде, Ж.С.Гумарованың, О.Г.Зуевтің, Л.Ф.Кияновскаяның, М.В.Короткованың, А.Ж.Мурзалинованың, А.В.Тышковскийдің, Ф.Т.Хаматнуровтың диссертациялық зерттеулерінде көрініс тапқан.
Пікірсайыс дебат (ойкөкпар), диспут (ойталқы) сияқты пікір алысулар көбінесе дискуссия деп аталады. М.В.Клариннің айтуы бойынша, «дискуссияға» кейбір кезде қатысушылардың анықау және толықтыру ақпарттарды талқылау, пікірлер талқылау таластар, ұстаным, көзқарастардың қақтығыс-тартыстарын жатқызады. Сонымен бірге дискуссияны полемикамен (пікірсайыс) де шатастырып жатады.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде дискуссияны, диспутты, полемиканы, дебатты таластың синонимдері деп анықтама берілген. «Талас» дегеннің өзі С.И.Ожеговтің «Орыс тілі сөздігінде» сөзбен сайысу, әркім өз пікірін, өзінің дұрыстығын талқылау деген анықтама береді. Дебат – қандай да бір сұрақты, пікірді талқылау, пікір алмасу, талас. Дискуссия талас, баспасөз бетінде әңгімелесуге, жиналыстарда қандай да бір сұрақты талқылау. Диспут – ашық, білімпаз талас. Полемика ғылыми, әдеби, саяси сұрақтарды анықтау барысында талқылаудағы талас.
Бұл терминдердің түп төркініне (этимологиясына) тоқталар болсақ, ежелгі гректің «polemikos» сөзі «соғысқұмар, қастасу» деген мағынаны білдірсе, ал «диспут» және «дискуссия» сөздері «diskussio» қарастыру, зерттеу, «disputo» талқылаймын, таласамын деген латын сөздерінен шыққан. «Дебат» сөзі «сөзбен сайыс, жекпе-жек» деген мағынаны білдіретін француз сөзінен шыққан.
Сонымен қатар ғылымт зерттеулерде, оқу құралдарында бұл сөздер талас түрлері болып қарастырылады.
А.А.Иванның пікірі бойынша, «талас» деп аталатын жалпы мағынасының түрлі нұсқалары бар. Ол бір-бірінен мақсатты және амал құралдары бойынша өзгешелігі бар дискуссия мен полемиканы айырады. Егер дискуссияның мақсаты пікір алмасып отырған тезис жөнінде қатысушылардың қол жеткізген келісім дәрежесі болса, ал полемиканың мақсаты – өз көзқарастарын бекіту, екінші жақтың, яғни қарсыластың жеңіске жетуі. Егер дискуссиядағы қолданылатын амалдарды қатынастардың барлығы құптау керек болса, полемикада қолданылған амалдар қатысушылардың барлығы сонымен келісетіндей соншалықты бейтарап болуы қажет емес. Әрқайсысы жеңіске жету үшін керек деп тапқан әдіс-тәсілдерін өзінше қолдана береді және талас кезіндегі басқа қатысушылардың ойымен сәйкес келуімен санаспайды.
В.М.Аганисян диспут пен дебаттың әр түрлілігін айырмайды, оның ойынша ашық талас екі түрде –дискуссия мен полемикада көрінеді. Дискуссия талқылау сұрақтарын әр түрлі көзқарастарды салыстыру жолымен ақиқатқа жету мақсатында ашық таластың түрі болып анықталады. Ал полемика қарсыластың (оппотенттің) көзқарасын жоққа шығарып, өз көзқарасын қорғау мақсатындағы ашық талас.
А.А.Колюжный және Г.И.Унгарбаева да полемика дискуссия мен диспуттан өзінің мақсаттылығымен ерекшеленедідеп санайды. Бұл авторлардың пікірінше, дискуссия мен диспуттың мақсаттары біртұтас болып есептеледі. Егер дискуссия мен диспуттың мақсаты қайшы пайымдауларды салыстырып,біртұтас пікірге келіп,жалпы шешімді тауып, ақиқатты орнату болса, ал полемиканың мақсаты – өзінің ұстанымында тұру, оны сақтап қалу, қарсыласты жеңу. Бұл полемиканың мақсаты М.В.Клариннің «өзінің ұстанымын еш өзгеріссіз сол қалпында беріліп қорғап қалу» деген анықтамасымен сәйкес келеді.
Алайда, кейбір авторлар «дискуссия», «диспут», «дебат» түсініктерін айырып, шектейді.
М.В.Кларин шетелдік педагогикалық тәжірибеде талдау негізінде мынадай оқу дискуссияларының түрлерін көрсетеді, дөңгелек үстел, панельдік дискуссия, форум, симпозиум, дебат, сот отырысы және т.б.
В.А.Сластенин және И.Ф.Исаев пікірінде диспут –таным мен құндылық-бағдарлық процесі кезінде пайымдау, баға, сенімді қалыптастыру әдісі ретінде белгілі бір немесе біржола тұжырым керек етпейді дейді.
В.Т.Лисовский «диспут» және «дискуссия» жайында басқаша түсінік береді:
Диспут –бірін-бірі өзара жоққа шығаратын тұжырымдар, оппоненттердің ашық таласы, тек бір пікір ғана әділетті полярлық көзқарастардың қақтығысы. Сол пікір үшін ғана диспут өткізіледі. Дискуссия –пікірлердің проблеманы шешужолындағы қақтығысуы, ұжымдық ізденістегі бір-бірін толықтырған көзқарастарды салыстыру мақсатындағы пікірлестердің ашық таласы.
Х.Лиммерман ойынша, әріптестер бірге бірдеңені анықтауға ұмтылады. Дебат –бұл полемикалық, өткір тілді дискуссияның бір түрі.
Е.Г.Калинкина дебатты құрылысы, мазмұны, мақсаты диспут іспеттес деп атайды.
Таластың түрлерін талдау барысында біз «диспут» пен «дебат» түсініктері бір-біріне ұқсас,оппоненттердің ашық талас-тартысы көрінетін, бірін-бірі өзара жоққа шығаратын тұжырымдар, сонымен қатар полярлық көзқарастардың қақтығысы деген қорытындыға келдік. Диспут сияқты дебат та белгілі және біржола шешімдерді талап етпейді.
Біз дебатты дискуссияның бір түрі ретінде қарастырамыз, өйткені кез келген дебат қаншама өткір болғанымен дискуссияның элементтері қатысады». Ғылыми, психологтық-педагогикалық әдебиеттерде «дискуссия» терминіне берілген талдаулар дискуссияның полемикалық түрін біздің жұмыстарымыздан тысқары қалдыртады, ал «полемика» термині мектеп оқушысының емес, үлкен адам тұлғасы көзқарасының жоғарғы деңгейін ұйғарады.
Бұл уақытта көптеген авторлардың пікірінше дискуссия дүниежүзінің бірқатарында педагогикалық зерттеулердің тұрақты бөлігі болып келе жатыр. Соңғы педагогика туралы оқу құралдарының соңғы үш онжылдық талдаулары мынаны көрсетеді: педагогикалық тезаурсте диспуттар мен дебаттар оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері делінеді.
1978 ж. басылып шыққан «Педагогика» еңбегінде дискуссия –маңызды әдіс-тәсілдерінің бірі деп көрсетілген. Дүниетанымдық және саяси мәселелерді талқылау үшін бұл әдістің ерекше мүмкіндіктері ашылған. 1988 ж. «Педагогика» еңбегінде диспут жеке тұлғаның санасын, ақыл-ойын қалыптастыратын әдіс деп көрсеткен. 1998 ж. «Педагогикада» оқу дискуссиялар мен диспуттар жеке тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыратын әдіс және тәрбиеленушілердің таным және әлеуметтік белсенділігін ынталандыру әдісі ретінде пайдаланылады делінген.
Дискуссияны педагогикалық қолдаудың мүлтіксіз аспектісі Е.А.Ножиннің зерттеулерінде де көрінеді. Мұнда дискуссия білімді тереңдету және бекітудің белсенді тәсілі, таласты жүргізу шеберлігі және шығармашылық ойлау дағдысының дамуы деп көрсетілген.
Алайда, кеңестік және қазіргі отандық педагогикада дискуссия білім беру жүйесіндегі құрылым әдісі ретінде әлі де болса дұрыс зерттелмеген. Әлем педагогикасындағы сияқты дискуссия қазірдекең таралмаған, оқу дискуссиялары мен диспуттардың әдістемесі әлі де зерттелмеген. Ешқандай педагогикаға арналған құралдан біз дискуссияға, оның ішінде дебатқа анықтама таба алмадық.
Біз дебатты оқу дискуссиясының бір түрі ретінде қарастырамыз,бірақ дебат дискуссияның басқа түрлерінен мүлтіксіз әдістемесімен және мәдениетті интелектуалдық өзара қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Біріншіден, егер әдеттегі дискуссияға қатысушы өзінің таңдап алған көзқарасын қорғаса, ал дебатта қатысушы қарама-қарсы көзқарастың проблемасын қарастыруды талап етеді, бұл дебатерлерді проблеманы (мәселені) әр жағынан талдауға үйретеді, қалыптастырады, оппоненттердің пікірін сыйлауға, шыдамды болуға үйретеді. Екіншіден, дебат педагогикалық процесте дебатты үйрету, оқыту жеке және ұжымдық ойлау қызметінің нақты алгоритмімен ерекшеленеді.
Соңғы уақыттағы республика мектептерінде «Дебат» бағдарламасын игеру, оны қолдану, дебатқа деген қызығушылық біздің еліміздің мемлекеттік өмірдің және қоғамның демократияландырылуымен түсіндіріледі. Мектеп оқушылары мен мұғалімдердің арасында дебат интеллектуалдық ойын және білім беру үдерісін құру әдісі ретінде кең таралған.
В.Флоренко өзінің зеттеулерінде мектеп оқушыларының жеке тұлғаның және интеллектуалдық дамуын дебатпен белсенді түрде айналысуымен байланыстырады: жаңаны тануға шынайы қызуғышылық пайда болады, агрессиялық деңгей төмендейді, зейін мен жады жақсарады, ауызша сөйлем дамиды, дәл өзін-өзі бағалау қалыптасады, қоғамда олардың бейімделуіне себеп болады.
Зерттеушілер дискуссияның, оның ішінде дебаттың тәрбиелеу, дамыту маңызын атап өтеді. Л.Ф.Киняновская пікірінше кеңес (әңгіме) пен дискуссия арқылы кез келген педагогикалық бағалы ақпарат жаңашылдық пен жекелік (даралық) мағына береді. Самохиннің пікірінше, оқушыларды дискуссияға қатынастыра отырып, қоғам өмірінің, идеологиялық күрестің қайта құру кезеңіндегі, өнердің проблемаларын қозғап, талқылау, олардың азаматтық, принципшілдік, өиірлік белсенді көзқарасын қалтастырады.
Г.Зуев: «Оқу диалог –дискуссиясынан жеке тұлғаның ой өрісі, дүниетанымы негізіндегі көзқарастары мен ой –пікірін көруге болады», -дейді. В.Т.Лисовский талас –дискуссия, талқылау, пікір алмасу жеке тұлғаны дамытуға және қоғамның әлеуметтік дамуына себеп болады деп есептейді.
К.У.Касентаева: «Дебат тек қана шығармашылық, білімді, оқымысты тұлға етіп шығармайды, сонымен қатар бүкіл тәрбие жүйесі, барлық өмірі білімге құрылған азамат адам қалыптастыруға көмектеседі», -дейді.
Ал Н.К.Махметованың ойынша, дебат жауапкершілікті сезімге тәрбиелейді, қоғамның әр түрлі мәселелеріне жастардың көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.
Дебат қазіргі таңда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырады, бұл демократиялық қоғамның мәдениетіне жас азаматтарды қалыптастыруға көмектеседі. Демократиялық қоғамның айнымас көрсеткіші пікір алмасудың бостандық құқығы болса, сол құқықты дамыту мүмкіндігі көрінеді. Біз А.М.Бабаевпен келісеміз, себебі сыни тұрғыдан ойлау азаматтық тәрбиедегі керекті элемент болып табылады. Алынған ақпаратты тек қабылдауға ғана емес, сонымен бірге ұсынылған ойларды әр түрлі көзқарас жағынан өздігінше қарастыруға, ақпараттың дәлдігін және құндылығын есепке алуға көмектеседі.
Д.Халпериннің анықтауынша, сыни тұрғыдан ойлау – мұндай дағдылар мен стратегиялар көзделген нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. С.И.Заирбек: «Сын тұрғысынан ойлауды бағалау, рефлекстік еркін ойлап, қатаң қалыпты қабылдамайтын, өмірлік тәжірибеге сүйене отырып, жаңа ақпараттарды дамытуға мүмкіндік береді», -дейді.
Д.Клустер сыни тұрғыдан ойлаудың 5 негізгі мінездемесін береді. Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау – бұл өз бетімен ойлау. Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақырғы орны емес, жіберілуі. Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау шешуге арналған сұрақтарды қою мен мәселелерді түсіндіруден басталады. Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сенерлік дәлелдеуге ұмтылады. Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау – бұл әлеуметтік ойлау.
Д.Браус пен Д.Вудтың пікірінше, сыни тұрғыдан ойлаудың нәтижесі болып әділетті пайымдау, ойлау және өзге пікірлерді өз көзқарасы сияқты дұрыс қабылдау, өзінің пікірінен бас тарту. М.С.Шейкемеловтің ойынша: «Сыни тұрғыдан ойлау ашық қоғам мұратының іске асырылуының негізі» -дейді. Зерттеушілердің бірқатары азаматтық сана-сезім мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда дебат шешуші роль атқаратындығын айтады.
Л.В.Рыбакова: «Дебат сын тұрғысынан ойлауға ынталандырады, демократиялық қоғамның тұлғасын тәрбиелейді және бостандықтың, жауапкершіліктің құқықтары мен міндеттерін білуге, шыдамдылық және сенушілікті серік етіп, тұлға етіп тәрбиелейді», -деп есептейді. Е.Г.Калинкна да дебат демократиялық қоғамда азаматтық ұстаным мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға себебін тигізеді деп есептейді.
Дебатқа деген қызығушылықты азаматтық қоғамға, құқықтық мемлекетті дамытуға бет алған елдерден көруге болады. Дебаттың Қазақстан мен ТМД елдерінде кең жайылуы олардың өте үлкен білім беру потенциалы мен білім беру парадигмасының жаңа үлгідегі процестермен жаңаруы болып табылады. Қазір дебат инновациялық педагогикалық технология ретінде, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс –тәсілдері, оқытудың үлгісі ретінде ғылыми зерттеулерде және әдістемелік жұмыстарда қаралып жатыр. Қазіргі кезеңде азаматтық білім беру және тәрбиелеуде дебаттың мәні, маңызы туралы көптеген білім берудің теоретиктері мен іс-тәжірибе жасаушылары жазып жүр.
В.Кларин дебатты (оқу дискуссиясының бір түрі ретінде) бір-бірімен жарысқан, бәсекелескен қарама-қарсы тұрған екі топтан және даттайтын топтардан тұратын команда ретінде қарайды.
А.А.Калюжный, Г.И.Унгарбаева оқу орындарында қалыптасқан дебаттың көп таралғаны жайында атап өтеді және олардың өзіндік қырларынан ережелері мен шектеулері, ерекше құрылымын атайды. Олар дебаттың маңызына қысқаша түсінік береді: әр топ –жақтау және даттау бейтарап төрешіні өзінің көзқарасының дұрыстығына сендіруге тырысады. Топтар мұны өз аргументтерін ұсынып, оппоненттердің дәлелдерін (аргументтерін) жоққа шығарады. Қарама-қарсы көзқарастардың бір-бірімен қақтығысын тудыратын ережелердің болуы дебаттың негізгі мінездемесіне жатады.
Е.Г.Калинкинаның пікірінше, дебат –бұл белгілі бір ережелер бойынша жүргізілетін дискуссияның ерекше бір түрі болып табылатын интеллектуалдық ойын; дебат мақсатты және құрылымды пікір алмасулар мен пайымдаулар, пікірлерден тұрады, қатысушыларды динамикалық және маңызды –диалогқа итермелейді.
Авторлардың бірқатары дев
батты инновациялық педагогикалық технология деп анықтап, сонымен бірге «педагогикалық технология» терминінің әр түрлі анықтамаларын береді. К.У.Касентаева: «Педагогикалық технологиялар деп оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайлы жағдайлардың оқу процесінде өткізуді жобалауды ұйымдастырудағы педагогикалық істің бірігу моделі», -дейді. А.Ж.Мурзалинова технологияны былай деп анықтайды: «Оқытудың жаңашыл жолдарын зерттейтін ғылым, оқытудың жаңашыл процесінде қолданылатын ұстанымдардың, нәтижелердің, әдіс-тәсілдердің жүйесі».
А.Ж.Мурзалинованың пікірінше, педагогикалық процесте дебат технологиясы былай пайдаланылуы мүмкін:
- кез келген мектеп оқулығында берілген оқу мәтінінің немесе көркем әдебиет шығармасын талдау технологиясы;
- шығарма жазудағы технология;
- қалыптап тыс түрде өткізілетін гуманитарлық, лингвистикалық, қоғамдық пәндер емтиханының өткізілуі;
- пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі;
- «Таластың теория мен практикасы» тақырыбындағы факультатив немесе арнаулы курстың практикалық бөлімі;
- Лингвистикалық олимпиаданың дәстүрлі емес түрі.
А.Ж.Мурзалинова өзінің знрттеуінде дебатқа мінездемесеінде тұлғаның тілдік сауаттылығын қалыптастырудағы құру моделі дейді де, былай деп жазады: «Сөйлеу қатысушылардың мінезі, әр түрлі мәнері, әр түрлі көзқарасы және жетіспейтін ақпаратты алу тілегі пайда болған кезде дебат кезінде диалогқа күшті ынта туады».
Т.В.Светенко дебатты инновациялық педагогикалық технология ретінде санайды. Сонымен қатар дебат оқу-тәрбие үдерісінде төмендегідей түрде көрінуі мүмкін:
- сабақ;
- сабақ элементі: білімнің өзектілігі, оқушының өз бетімен жұмысының ұйымдастыруы, дүйелеу, оқу материалын бекіту, «кері байланысты» қамтамасыз ету;
- оқушыларды тестілеу және аттестациялау түрі.
Е.Г.Каленкина дебатты жаңа педагогикалық технология ретінде қарастырады. Автор оқу үдерісіндегі днбаттың қолданысын төмендегідей етіп көрсетеді:
Оқу ісінің түрі ретінде (оқу-ізденіс, зерттеу шығармашылық іс) және оқу материаланың мазмұнымен жқмыс әдісі;
Өз бетімен оқу пәні ретінде (арнаулы курс немесе факультатив);
Оқу тыс жұмысты ұйымдастыру (ғылыми-зерттеу, тәрбиелік, клубтық және т.б.)
Тәжірибелі педагогтар дебатты оқытудың дәстүрлі категориясы әдісіне жатқызады. С.Д.Ахметова дебатты тарихты оқытудың моделі деп көрсетеді.
Ресей білім беру Министрлігінің федералдық сарапшыларының мүшелері Е.Е.Вяземский және О.Ф.Вакурова өздерінің ғылыми есебінде «Дебат бағдарламасының талдауы мен бағасы және бағдарламаға қатысушылардың жобалау жұмысы», «Дебат» бағдарламасының құндылығы сол – ол түрдегі педагогикалық технология және жалпы және жартылай жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерінің амалы.
Қазіргі кездегі педагогикалық әдебиеттердің талдауы бойынша оқу ісінде дебаттың үлкен көлемде (шетел тіліне үйретуде, гуманитарлық, ғылыми жаратылыстану циклінде) кең таралғанын көрсетіп отыр.
Интеллектуалдық ойын ретінде Қазақастанда пайда болған дебат кең тарап, уақыт өте келе білім беру жүйесінде (білім бағдарламасы, оқу үдерісіндегі инновациялық түр ретінде, инновациялық технология ретіде, оқытудың әдіс-тәсілі және үлгісі ретінде) тереңдетіле ұсыныла бастады.
Қазіргі кездегі педагогикалық ғылымда «технология» ұғымы жиі кездесіп жүр. Бұл зерттеудің бағыты кездейсоқ емес, технологиялық процестер тиімділіктің жоғары деңгейін беріп отыр. Оқу-тәрбие процесінің сапасын жоғарлатқысы келетін педагогтардың барлаға осы технологияға көшуге ат салысып отыр.
Жоғарыда айтылғандардан біз дебатты оқыту мен тәрбиелеудің тек әдіс тәсілі деп тоқтап қалмай, оны кең дидактикалық дәрежеде (категория) және инновациялық педагогикалық технология деп қарастыруымыз керек.
«Инновациялық педагогикалық технология» түсінігінің мәнін анықтау үшін соған жақын синонимдердің тізбегін «технология» «педагогикалық технология» деп қарау керек.
«Технология» сөзінің жалпығылымдық термині (грек тілінен tehne-өнер, шеберлік, икем және logos-ғылым, заң) көп мағынаны білдіреді.
Әр мағынасына жеке тоқталмай, «технология» түсінігінің үш негізгі аспектісін айырайық:
1) ғылыми технология психолого-педагогикалық теория және алдыңғы қатардағы іс-тәжірибеден орын алған белгілі бір мәселенің ғылыми жетілдірілген шешімі ретінде көрініс табады;
2) қалыпты-бейнелеу: технология –бұл мақсаттарды, мазмұны, әдіс-тәсілдер мен амал құралдарды анықтайтын жоспарланған нәтижелердің жетістігін қолдану үшін іс-әрекеттердің алгоритмін көрсететін үлгі.
3) әсершіл үдерісті: технология белгілі бір іс-әрекеттің орындалу процесі болып табылады, қызметтің реті мен салдары және оның барлық компоненттерінің, оның ішінде істің обьектісі мен субьектісінің өзгерісі.
Біз дебаттың технологияға қатынасын орнықты деп есептейміз. Г.К.Селевконың анықтауы бойынша «технология –ол ғылыми негіздегі өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуді іске асыру процесі».
Дебат технологиясының алгоритмі, жалғасқан іс-әрекеттің комплексі «Дебат технологиясының сызбасы» деген № 2 таблицасында көрсетілгендей, қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру проблемасын дебат әдісі арқылы шешуде тиімділігін көрсетуде.
Қазіргі таңда отандық және шетелдік әдебиеттердің талдауы бойынша «педагогикалық технология» анықтамасына қатысты түсініктер педагогикалық теория мен практикада нақты анықтамалар жоқ. Ғылыми-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық технология» түсінігі кең көлемдеқолданылып жүр.
Психолого-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық технология» түсінігінің негізгілерін көрсктеді.
1. «Педагогикалық технология» техникалық оқыту құралы ретінде ақпарат түсінігі.
2. Алгоритмдік іс-әрекетке педагогикалық технологияның мағлұматы.
3. Педагогикалық процесті ұйымдастыру іс-әрекетінің аспектісі тұрғысынан педагогикалық технологияны қарастыру.
4. Педагогикалық технологияны үдерісті көзқарас ретінде қарастыру.
5. Педагогикалық технологияларды білім саласы ретінде қарастыру.
6. Педагогикалық технологияны педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастыру.
Біздің зерттеуіміздің дәл нысанасы Н.Д:Хмельдің анықтамасына келеді: «педагогикалық техгология бұл іске асу нәтижесін бірте-бірте білу және тұлғаның ұжымның дамуының өсу динамикасын көру, мұғалімдер мен оқушы тұлғасының өзіндік дамуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктер, педагогикалық үрдістен теориялық білімнен практикаға көшу кешені».
Осы анықтама сәйкес дебат сөзсіз педагогикалық технология болып есептеледі.
Педагогикалық технологияның жаңашылдық мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып отыр. Ғылымдардың пікірінше, қазір инновациялық педагогикалық үдерістер білім беруді дамытуда алға ілгерілеуді және ғылыми ұғынуды керек етеді.
В.И.Загвязинский, М.М.Поташник, А.И.Пригожин, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. авторлардың жаңашылдық жөніндегі жұмыстары «Жаңа» түсінігінің педагогикадағы мынадай мінездемелермен байланысын, сәйкестігін табады: пайдалы, прогрессивтік, ұнамды, қазіргі, озық. А.И.Пригожин «инновация» түсінігін алғаш рет XIX ғ. зерттеушілерде пайда болды және кейбір бір мәдениет элементтерінің екіншісіне кіріспесі дегенді білдіреді, басқа сөзбен айтқанда, инновация – бұл жаңаның енуі, кіріуі.
Н.Ф.Юсуфбекованың пікірі бойынша, педагогикалық жаңашылдық педгогикалық іс-әрекетте болатын өзгерістің бұдан бұрын белгісіз, бұдан бұрын кездеспеген жағдайдағы нәтиженің оқыту мен тәрбиелеудегі теория мен тәжірибенің дамуының мазмұны.
М.М.Поташниктің пікірі бойынша, инновация –мекткеп жүйесінде анықталған ақаулардан арылтып, оңды іс-әрекет, пікірлерді сақтап, оны толық немесе жекелеп жаңа тың сатыға көтеру.
М.В.Кларин «инновация» түсінігіне мына мәндерді кіріктіреді: «инновация жаңалықты жасау және оны тарату ғана емес, сонымен қатар осы жаңалықпен байланысқан ойлау стилі мен іс-әрекет образын ұйымдатыруға, өзгерістерге қатысты. Инноациялық процестегі білім берудің мақсаты оның пікірінше, оқушылардың мақсатты шығармашыл қалыптасуы және сыни тұрғыдан ойлауы тұрғысынан жаңа тәжірибе алып дамуы».
Инновацияны (жаңашылдықты) қазіргі білім беруге енгізудің әр түрлі қолайлы жақтары бар (адамгершілік философиясының ойлары, жаһандану).
Н.Д.Хмель қазіргі әлемдегі тұлғаға деген талаптардың күрделенуі, білім беру саласында төмендегідей жаһандық өзгерістердің беталыстарына себепші болады.
Статистикалық білім беру қалыбынан оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің динамикалық құрылымын қалыптастыруға көшу;
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің амал-тәсілдерін белсенді түрде игеруге оқыту бағдары;
Қазіргі қоғамның өзгермелі жағдайында жеке тұлғаның қажеттіліктері мен сұраныстарын оқу процесіне бейімдеу, икемлеу.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет жоғарыда көрсетілген оқыту мақсаттарына байланысты жаңа жеке тұлғалық-шығармашылық, мұғалімнің жеке бағыттағы іс-әрекеті, осы іс-әрекетті дамытатын жаңа педагогикалық технологиялар (жаңа әлеуметтік мәдениеттілік жағдайында адамның өзіндік дамуының қажеттіліктеріне жауап беретін) сияқты жаңа нормативтерді жасайды. Білім беруді ізгілендірудегі жаңа кезең әр адамның құндылықтарын танитын жеке тұлғалық бағдарлы білім берудің саласына педагогикалық ізденістерді бағыттайды. Олай болса, жеке тұлғалық –бағдарлы тәрбиелеуде өзінен және өзгеден жекелік, даралық көрінуге көмектесетін технология қажет.
Инновациялық педагогикалық технологиялар мектеп оқушысының жекелігін және дарынын өзіндік жоспарлау, өзіндік жоспарлау, өзіндік бақылау, өзін-өзі бағалау, өзінің оқу іс-әрекетін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, шығармашылық потенциалын ашуға көмектеседі.
Біз М.А.Бабаевпен келісеміз, өйткені инновациялық педагогикалық технология –ол педагогикалық жүйе іс-тәжірибелегі жоба, тұлғалық –бағдарлы білімге апаратын ұстаным.
Бұл анықтама бойынша біз дебатты инновациялық педагогикалық технологияға жатқыза аламыз. «Дебат» инновациялық педагогикалық технологиясы баланы дамытуға, оның жеке тұлғалық потенциалын ашуға бағытталған. Осыдан дебаттың мақсатын айқындауға болады, яғни әлемге шығармашылықпен қарауға, өзіндік жауапкершілік сезімі мен имандалаққа, интелектуалдық қабілеттері дамыған ерікті азаматтарды тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялардың мән-мазмұнын анықтау берілген түсініктің қасиеттерінің белгілерін айқындауды ұйғарады. Әдебиеттердің талдауы бойынша педагогикалық технологиялардың белгілерін жалпы және ерекше деп бөліп қарауға болады. Жалпы белгілері ол қандай салада қалыптасса да (мысалы, өндірістік, әлеуметтік, педагогикалық) барлық технологияларға арналған. Бұл жалпы белгілеріне мыналар жатуы мүмкін:
процессуалдық,
обьект жағдайы өзгерісінің әдіс-тәсілдерінің жиынтығына болжау жасау,
тиімді және үнемді процестерді жобалау және қолдануға беталыс.
Егер Г.К.Селевко 5 негізгі белгілерін: тұжырымдылық, жүйелілік, басқарушылық, тиімділік қайта өндіру деп анықталса, Ж.А.Караев оқытудың педагогикалық технологияның 4 негізгі белгісін: мемлекеттік стандарт деңгейіне 100% нитиже беретін оқытуға кепілдеме беру; оқытудың нәтижесіне әділетті баға беру және оқытудың мақсаттарын диагностикалау; дидактикалық процестің біртұтастығы; оқушының оқу танымдық шығармашылығының мазмұны мен құрылымын айқындайтын оқу процесі жобасының болуы.
Н.Д.Хмель технологиясының келесі критерийлерін айырып көрсетеді: ойдың концептуалдығы (дұрыстығы), жұмыстың нақты методологиялық ұстанымдары; педагогикалық көрініске жүйелі түрде үйлесу; педагогикалық процестің екі қырынан технологияда көрінуі; субьектінің орны және олардың бір –бірімен әрекетін педагогикалық процесте анықтау; алынған нәтижелердің диагностикасы; кез келген оқу тәрбие мекемесінің жұмыс жағдайында технологияның қайта көрінуі.
Технологиялардың психолого-педагогикалық критерийлері келтірілген талдаулар педагогикалық технологиялардың өзекті белгілерін айырып береді: концептуалдық, жүйелілік, басқарушылық (меңгерушілік), тиімділік.
Біз инновациялық педагогикалық технологиялар келесі әдістемелік талаптарға жауап беруі керек деп ойлаймыз, ол-өзектілік, жаңашылдық және мұғалімнің кәсіби өсу межесі.
Бұл әдістемені апробациялау кезінде Ақтөбе қаласының мектептерінде педагогикалық тәжірибе жұмыстары дебат технологиясының қазіргі жағдайда жоғары сынып оқушыларының азаматтық тұлғасын қалыптастыруда керек екенін көрсетті.
1-кесте.
Инновациялық педагогикалық технологияның критерийлік бағасы |
«Дебат» педагогикалық технлогиясы |
|||
0 |
1 |
2 |
3 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Өзектілік |
- |
- |
- |
86 |
Жаңашылдық |
- |
- |
5 |
81 |
Концептуалдық |
- |
- |
3 |
83 |
Жүйелілік |
- |
- |
13 |
73 |
Басқарушылық (меңгерушілік) |
- |
- |
12 |
74 |
Тиімділік |
- |
- |
5 |
81 |
Кәсіби өсу критерийі |
- |
- |
- |
86 |
3 –жоғарғы деңгей 2 –орташа деңгей
1 –төмен деңгей 0 –нөлдік деңгей
Кестеде көрсетілгендей тәжірибеге қатысу мұғалімдердің 100% -ы олардың кәсіби өсуіне оң ықпалын тигізетіндігін, сонымен қатар олардың жауаптарына қарай жеке тұлғаның және кәсіби дамуына ынталандырады.
Алынған мәліметтерге қарағанда мұғалімдердің дебат технологиясын тәжірибеде алуға дайын екендіктерін көрсетті. Осы жерде Н.Д.Хмельдің ескертуін айтып кетейік: «Егер жеке тұлғаның өсуі мен дамуына оқу мекемесінің педагогикалық процесінде жағдай жасалынса, онда технология нормаға сәйкес болғаны».
Дебат педагогикалық инновациялық технология ретінде отандық педагогикада әлі толық бағасын алған жоқ. Г.К.Селевконың классификациясына сүйене отырып, біз дебат технологиясының негізгі мінездемесіне тоқталамыз:
Дебаттың классификациялық параметрлері:
Қолдану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық
Философиялық негізде: адамгершілік.
Дамудың негізгі факторлары бойынша: социо- және психогенді.
Меңгеру тұжырымы бойынша: ассоциативті-рефлекторлық+интереозация кезеңдері.
Жеке тұлғаның құрылымдық бағдары бойынша: білім, еп, икем, дағды + ақыл-ой іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері + жеке тұлғаның өзін-өзі басқару механизмдері-беталыс, қажеттілік, мен-тұжырымдамасы+жеке тұлғаның эстетикалық және өнегелі мінездері + тұлғаның іс-әрекет – тәжірибе саласы.
Мазмұн мінездемесібойынша: оқыту + тәрбиелік + зайырлы + жалпы білім беретін + адами + бойлағыш.
Ұйымдастыру түрі бойынша; сыныптық + сабақтық + баламалы + клубтық + жекелік + топтық + ұжымдық оқыту әдіс-тәсілдері + деңгейлік оқыту.
Басқару түрі бойынша: классикациялық лекциялық оқыту + аудиовизуалдық құралдардың көмегімен оқыту+ «консультант» жүйесі кітаптардың көмегімен оқыту + «кіші топтардың» жүйесі.
Балаға жеке тұлғалық бағдарлы игеру әдісі бойынша: диалогтық+ізденіс+ойын+шығармашылық.
Дәстүрлі жүйені жаңарту бағыты бойынша: оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және интенсификациялау негізі бойынша.
Оқытылудың категориясы бойынша: бұқаралық, жаппай, оқушының орташа деңгейіне есептелген.
Біз дебатты көп қызмет атқарады және келесі мәселелерді шешеді деп есептейміз:
оқыту: дүниетанымды кеңейтуге, жаңа білімді, әдет, дағдыларды игеруге, алған білімдерін нығайтуға септігін тигізеді;
дамыту: интеллектуалдық лингвистикалық сапасын, ізденіс ұйымдастыру дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі;
тәрбиелеу: демократиялық қоғамда азаматтық тұлғасын және дағдыларын тіршілік әрекетін және адамгершілік –бейбітшіл көзқарасын және тәрбиелік ұстанымын қалыптастыруда оң әсерін тигізеді.
әлеуметтік: азаматтық қоғамның құндылықтары мен нормаларына қалыптастырады, қазіргі қоғамның жағдайларына бейімдейді. Әр түрлі ұстанымдарға, пікірлерге сабырмен, шыдамдылықпен қарауға тәрбиелейді.
Жоғары класс оқушыларының азаматтық бейнесін қалыптастыру дебат арқылы келесілерді талап етеді:
тұлғалық бағдарлы, мұнда оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның көзқарастары ортаға қойылады.
азаматтық ойлау мен азаматтық тәртіптің бірігуін қамтамасыз ететін іс-әрекет.
тарихи нақтылық, қоғамның белгілі бір дамуындағы жастарды қоғамныі жаңа талаптарына дайындау, өмірден тәрбие алуға және оқушыларды шынайы өмірге дайындауға көмектеседі. Бұл принцип педагогикалық процестің өмірмен интеграциялық байланысын қамтамасыз етіп, өмірден тәрбие алып және мектеп оқушыларын шынайы өмірлік қарым-қатынасқа ұмтылдырады.
Қазіргі кездегі педагогиалық әдебиеттерде дебат процесінің әр түрлі кезеңдерін көрсетеді. Солардың ішінде ең негізгілері деп мына 5 кезеңді алуға болады: бағдарлау, дебатқа дайындау, дебаттың өзі және дебаттан кейінгі талдау, дебаттан кейінгі іс-әрекет.
Кезеңдердің байланысы мен мән –мағынасы оқу –тәрбие процесінің мақсаттары мен міндеттерімен, тақырыптың, мәселенің ереушеліктері, оқушылардың өсу деңгейі мен жекелік, жас ерекшеліктеріне сай өзгешеліктерімен айқындалады.
Бағдарлау оқушылардың өсу деңгейі немесе тақырыптың күрделілігіне қарай толық бір сабақты немесе аз ғана уақытты алуы мүмкін. Дебатты өткізудің дайындалу кезеңі оқушылардың жеткілікті хабардар болуына қарай сабақтың азғантай минутын алуы мүмкін, бірақ кластан тыс уақыттың көп уақытын алады.
Оқу мен кластан тыс жұмыстың бір –бірімен тығыз байланысы оқытудың түрі бос уақытты ұйымдастыру түрімен ұштасатын, ал мұғалім мен оқушының бірге жұмыс істеуі нәтижесінде бағдарламалық материалға қосымша ақпарат еркін түрде толықтырылатыны көрінеді.
Дебаттың әрбір кезеңі белгілі бір қадамдардан тұрады.
