Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭББЖ 1-25.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.11 Mб
Скачать
  1. Байланыс жолдарының жіктелуі

Қазірдегі қолданылып жүрген байланыс жолдары – әуе байланыс жолдары, кабельдік (симметриялық, коаксальдық, оптикалық-талшықтық) және радиорелейлік байланыс жолдары. Байланыс жолдарымен олардың тоғысатын байланыс тораптарының жиынтығын байланыс желісі деп атайды. Байланыс желілері біріншілік және екіншілік желілерге бөлінеді. Біріншілік желі жоғарыда айтылғандай байланыс тораптарымен байланыс жолдарының жинақтарынан тұрады. Екіншілік желіге байланыстың белгілі түрі – телефон және телеграф байланыстары, радиохабар тарату, теледидар, деректемелер беру, басқару жүйелерінің байланыс жолдары жатады Байланыс жолдары-техникалық құрылыс жолдарының компелесі, ол тар жолақты және кең жолақты каналдарды табыстайды. Олар ақпаратты алушыдан берушіге берліген қашықтықта берліген сапамен табыстау үшін қолданылады.Жүйелердің жұмыс тиімділігі байланыс жолдарының сапасымен олардың қасиет, параметр байланыс жолдары әр түрлі факторлармен әсері арқыла анықталады.

Байланыс жолдарының түрлері екіге бөлінеді олар сымсыз радиожолдар және сымды ,бағыттаушы жүйе негізінде.

Сымды байланыс жолының артықшылығы оның бір абонентпен екіншісіне ақпарат табысталуы арнайы жасалған жүйе бағыттайтын тізбектер негізінде жүзеге асырылуы.Әр түрлі ортадағы электрлі толқындардың және жүйелер ішінді жұмыс істейтін жиілік диапазондарымен анықталады.Жүйелер ішінде жұмыс істейтін сымды және сымсыз байланыс жолдарын өзіндік артықшылығы және кемшілігі бар.Оларға шарттар қойылады және бұл шарттар олардың эксплутатсиядағы жоғарғы тиімділікі байланыс сапасын ұзақтығын қамтамасыз етеді.

  1. Байланыс жолдарының сымдарына найзағайдың әсері

Атмосфералық электрге найзағай тогы, электрлендірілген бұлттар және қарлы, топырақты боран зарядтары жатады. Олардың негізгісі найзағай тогы.

Найзағайдан болатын ток пен кернеу кабелді байланыс жолдарының изоляцияларын бұзып, оның сымдарын, қабықтарын балқытып тіпті күйдіріп жіберуі мүмкін. Әуе байланыс жолында ағаштан жасалған бағаналар жанып, металл зарядтар балқып, изоляторлар сынып кетеді. Найзағай әсерді жердің географиялық жағдайына да байланысты болады. Мысалы, терістікке аз, ал оңтүстікте күштірек болады.

Кабелдердің бүлініуі, оның жатқан жеріне де байланысты болады. Жердің тасқа кедергісі көп болған сайын найзағайдың қауіпті әсері күшейе түседі. Кабель қабығының кедергісінің көп болуы да найзағай тоғынан, оның бүліну қауіпін өсіре түседі. Мысалы, алюминий кабықты кабелдің найзағай тогынан бүліну қауіпі қорғасын қабықты кабелге қарағанда азырақ болады. Себебі алюминийдің кедергісі қорғасынға қарағанда аз.

Найзағай дегеніміз бұлттың жерге электрлік разрядталуы, яғни бұлттан жерге токтың өтуі. Мұндағы кернеу 1...10 млн. Кв, ток күші 20...30 кА. Бұлттан жерге өтетін ток тек біреу ғана болмайды. Оның бастаушысы және оның серіктері болады. Серіктері бастаушысының артынан бірінен соң бірі он шақтыға жетеді. Бір разрядтың ұзақтығы 100...200 мкс, жасыл тогының негізгі толқын жиілігі 5...10 кГц, жүру жолы 2...3 км, басты ток жылдамдығы 100 км/с, ыстықтығы 200000С.

Байланыс жолдарының сымдарына найзағай түсуден болатын жоғары кернеулік бұлттың жерге разрядтауынан тікелей немесе басқа бір нәрселер арқылы өтуінен болады. Көбінесе жасыл жердің үстінде тұрған бір нәрселерге (мысалы, ағашқа) түсіп, одан кабелге өтуі мүмкін.

10.6-сурет. Байланыс жолдарының сымдарына найзағайдың әсері

Жердің өзіндік кедергісі өскен сайын жасыл тогының кесіп өтетін ағаш пен кабель арасының кашықтығы өсе түседі.

Кабель мен ағаштың қашықтығы мына теңдікпен есептейді.

Мұнда, һ – ағаштың орташа биітігі (һ=10, 20, 30 м). Кабелге найзағайдың түскен жерінде көбінесе мыналардай зақым келеді. Кабелдің сыртқы жерден майысып қисаюы, сыртқы джут қабаты жыртылып, қорғасын қабығы балқып, изоляциясы жанып сымдары балқуы мүмкін.