Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Шыындарды трлері

.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
192.51 Кб
Скачать

Шығындардың түрлері

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп болудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуыресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы,ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімдеөндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес

шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.

Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялык, заемміндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар менжабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы. Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттык шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:

  • 1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса

  • 2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны

  • 3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болса

Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. Шығыстардың басқа түрлері өндіріскөлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгіқұралдар үшін төлемдер жөне т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, оларкәсіпорнының тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды. Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар өсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан төуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан (шешім кабылдауға қажет) және өндірістік факторлардың бөлінісінен. Орташа шығындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

АТС = TC / Q

Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі. Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорнының кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен) дәлелденеді. Дағдарыс кезеңінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады. Шекті шығындар МС — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

MС = ΔTC / ΔQ

Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен тендескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы — U тәрізді форма алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты — еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады. Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың эффектісімен байланысты. МС, AC және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. Графикте бұл ереже МС қисық сызығының AC және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып табылады, яғни

МС = minAC

Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont, оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі.

Экономикалық мазмұнына қарай былайша топтастырылады:

  • материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)

  • еңбекақыға жұмсалатын шығын

  • әлеуметтік мұқтаждарға аударым

  • тозымпұл (амортизация)

Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.

  • Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.

  • Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.

  • Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.

  • Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.

  • Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.

  • Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);

  • ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;

2. өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.[1][2]

Шығын көрсеткіштерінің халықараралық тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:

  • МС (margіnal cost) – шекті шығын;

  • АС (average cost) – орташа шығын;

  • FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;

  • VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;

Тиісінше:

  • AVC – орташа ауыспалы шығын

  • SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын

  • SAC – қысқа мерзімді орташа шығын

  • LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын

  • LMC – ұзақ мерзімді шекті шығын