- •Ауылдық байланыс кәбілдерінің сипаттамалары
- •Әуе байланыс жолы тізбектеріндегі өзара әсерді азайту
- •Әуе байланыс жолының құрылымы мен сипаттамалары
- •Бағыттаушы жүйелердегі қолданылатын құрылғылар.
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің біріншілік параметрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің екіншілік параметрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әсерлер
- •Бағыттаушы жүйелердегі сыртқы әсерлердің түрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі тарату режимдері
- •Бағыттаушы жүйелердің түрлері
- •Бағыттаушы жүйелермен таратылатын ақпараттың түрлері
- •Байланыс жолдарын жобалау
- •Байланыс жолдарын өзара әсерлерден қорғау шаралары
- •Байланыс жолдарын сыртқы электромагниттік әсерден қорғау шаралары
- •Байланыс жолдарына қойылатын негізгі талаптар
- •Байланыс жолдарындағы техникалық жұмыстар
- •Байланыс жолдарының даму кезеңдері
- •Байланыс жолдарының жіктелуі
- •Байланыс жолдарының сымдарына найзағайдың әсері
- •Байланыс жолындағы сыртқы әсерлер және олардан қорғау шаралары
- •25 . Байланыс кәбілдерін ораудың (скрутка) түрлері
Байланыс жолдарын жобалау
Байланыс желілеріндегі ең күрделі, үлкен, қымбат құрылым ол байланыс жолдары. Байланыс желісін құруға жұмсалатын қаржының 60÷70% осы байланыс жолының үлесіне тиеді. Сондықтан байланыс жолдары құрылымын жобалағанда оның сапалылығы, сенімділік өміршеңдігімен қатар, оның тиімділігімен оған жұмсалатын қаржының қаржының көлеміне ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жобалау жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Олар жобалау алдындағы зерттеу, технико-экономикалық негізде дәлелдеу, байланыс жолының өтетін жерін (трассасын) анықтау, жобалауға берілетін техникалық тапсырыс, техникалық жоба, жұмыстық жоба, бұрыннан белгілі жобаларды пайдалану.
Жобалауды оңтайландыру мәселесі екі бөліктен тұрады. Бірінші, байланыс жолдары мен желілерінің оңтайлы түрін жобалау. Екіншісі, жобалаудың өзін оңтайландыру.
Осы тұрғыда технологиялық процесті автоматтандыруды басқару жүйесі (АСУТП), мекемелердің автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУП) және де басқа автоматтандырылған басқару жүйелері жасалынады.
Байланыс құрылғыларын жобалауды оңтайландыру мәселесі үш кезеңде шешіледі.
Бірінші кезеңде жобаланатын жүйенің математикалық үлгісін жасап, оның дұрыстығы тексеріледі.
Екінші кезеңде жасалған үлгіні құрып берілген шектеулерге сәйкес тиімді шешім қабылданады.
Үшінші кезеңде технологиялық, пайдаланушылық және ұйымдастыру жұмыстарын сараптап шешім шығарылады.
Бұлардан басқа кабель магистралын жобалағанда қосалқы құрылымдарды жобалау жұмыстары ескерілуі керек. Қосалқы құрылымдарға жататындар: жерге қосу құрылғылары; кабелді артық қысымда ұстау құрылғылары; кабелді күшейткіштермен шеткі станцияларға кіргізу құрылғылары; кабельдерді өзара және сыртқы электромагниттік әсерден және найзағайдан қорғаушы құрылғылар; қоректендіру және қашықтан қоректендіру құрылғылары және басқалар.
Байланыс жолдарын өзара әсерлерден қорғау шаралары
Әдетте сигнал тек қана бір тізбекпен («а», «в» ) емес, басқа тізбектермен де берілетіндіктен мұндай әсерлер керісінше «а-в» тізбегіне де тиеді. Сондықтан мұндай әсерледі өзара әсер деп атайды. Тізбектердің өзара әсерлерін қарағанда, егер бірінші тізбек ток көзі бар әсер етуші тізбек болса, онда екінші тізбекте пайда болған ЭҚК-мен токтың салдарынан екінші тізбек қайтадан бірінші тізбекке әсер етеді. Бірақ оның шамасы алдыңғыға қарағанда (біріншінің екіншіге әсері) әлде қайда аз болатындықтан екінші кері әсерді елемеуге болады.
Байланыс жолдары тізбектерінің арасындағы өзара электромагниттік әсерлері және олардан қорғау шаралары.
Радиостанциялар әсері. Байланыс жолдарының сымдары радиостанция таратқан хабар сигналын ұстайтын міндетін атқарады.
Байланыс жолы тізбектеріндегі индукцияланған токтың жиілігі тасушы сигналдың жиілігіне тең болып бөгеулік әсер тигізеді. Ал кабелдің металл қабықтарында индукцияланған ток байланыс тізбектеріндегі бөгеулік токтарды азайтады.
Радиостанциялардың әсерлері, олардың антенналарының (а) хабар тарату бағытына байланысты болады (б). Әсердің ең көбі радиостанциямен байланыс жолының орналасу бұрышы φ'=50о болғандағысына келеді. Радиостанция мен кабель байланыс жолының өзара орналасу бұрышы φ'=90о болғанда әсер өте аз (нөлге жуық) болады.
