Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭББЖ 1-25.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.11 Mб
Скачать
  1. Ауылдық байланыс кәбілдерінің сипаттамалары

Байланыс ол:

  • әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;

  •  почта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы.

Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, тех. жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 

Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады.

Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады.

Телеграф техникасының жетілдірілген түрі — факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті(қалалық, ауылдық) болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы, ауылдағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған.

  1. Әуе байланыс жолы тізбектеріндегі өзара әсерді азайту

Әуе байланыс жолы тізбектерінің араларындағы электрлік және магниттік байланыстарының нақтылы құрамдарын елемейтіндей аз деп қарауға болады. Өйткені

о лардағы сымдардың ара қашықтықтары бірдей және олардың ара қашықтықтары радиустерімен салыстырғанда әлде қайда үлкен. Реактив құрамдары сымдардың геометриялық орналасу орындарына қарап есептеуге болады.

Суретте Әуе байланыс жолы тізбектерінің араларындағы электрлік және магниттік байланыстар

Әуе байланыс жолы тізбектерінің арасындағы электрлік және магниттік байланыс коэффициенттері

, Ф/км

, Гн/км

Тізбектегі сымдарының орындары ауыстырылмаған байланыс жолдарының бөліктеріндегі тікелей әсерден пайда болған бөгеулік токтар қосылып, қорытынды ток белгіленген мөлшерден артық болып кетуі мүмкін.

Қатар салынған екі тзбектің біреуінің сымдарының орындарын ауыстырса, онда сол жердің екі жағындағы токтардың бағыттары қарама-қарсы болып, бірін-бірі азайтады. Егер осы көршілес екі бөлік бірдей болса, онда әсер токтары бірін-бірі толық жоюы мүмкін. Сөйтіп, тікелей әсерден тұратын бөгеулік токты азайтуға болады.

Бөгеулік токтардың таңбаларының өзгеретін байланыс жолының ұзындығын сымдардың орын аустыру қадамы немесе орын ауыстыру бөлігі деп атайды. Сөйтіп байланыс жолының барлық ұзындығын жұп санды бірдей бөліктерге бөліп, сол жерлерде сымдардың орындарын ауыстырып отырса, көршілес бөліктердегі бөгеулік токтар біріне-бірі қарсы бағытталып, олар бірін-бірі жояды. Дегенмен де, әртүрлі себептермен бөгеулік ток толық жойылмайды. Сымдардың орындары ауыстырылмаған байланыс жолына балама болатындай ұзындықтағы ауысу тогы бар ұзындықты электрлік теңдестірілмеген ұзындық деп атайды. Егер қатар екі тізбектің екеуінің де сымдарын бір жерде ауыстырса, онда ол ауыстыру орнында токтар 3600-қа айналып, сымдардың орын ауыстыру әсері жойылып, токтар бірін-бірі жоймай, қайта қосылып көбейеді. Сөйтіп, тізбектердің сымдары орындарын ауыстырмаған тізбектердей болады. Сонымен, бір тізбектегі сымдардың орындарын ауыстырса, ол жерде екінші тізбектің сымдарының орындарын ауыстырмау керек

Барлық тізбектердегі сымдардың орындарын ауыстыруының толық циклі сыйатын байланыс жолының бөлігін орын ауыстыру секциясы деп атайды.

Тізбектердегі сымдардың орындарын ауыстырғанда секция 2n бөлікке болінеді. Ол бөлікті бөлшек деп атайды. Осы сұлбаның бойында әр түрлі 2n – І орын ауыстыру сұлбасын жасауға болады. Мысалы, секция 8 бөлшектен тұрса, онда n=3, 23-1=7. Сөйтіп, әртүрлі 7 орын ауыстыру сұлбасын болады.

Іс жүзінде пайдаланылатын негізгі индекстер 1,2,4,8,16,32,64.