Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСТЫ ЖМЫС ТПМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать

2.2 Өңдеу технологиясы

Төлке өңдеу технологиясының негiзгi мақсаты, оның сырт бетi мен тесiгi остерiнiң концентрлiгiмен, остiң түп бетiне перпендикулярлығын қамтамасыз ету.

Жұқа қабырғалы төлкелердi өңдеуде, оларды майыстырмай (қабыстырмай) орнатылу бекiту мәселесi қосымша туады.

2.2.1-сурет. Төлке тетiктерiнiң құрылымдық түрлерi: а) жадағай; б) текпiшектi; в) жұқа қабырғаға бекiтуге қажет фланецтi текпiшектi; г) конустық тесiктi; д) керiлмелi; е) үйкелiске төзгiш қорытпадан құйылған; ж) қаңылтырдан оралған.

2.2.2-сурет. Токарьлық-револьверлi станокта, төлкелердi өңдеу жүйесi.

2.2.3-сурет. Токарь станогында төлкелердi өңдеудiң технологиялық жүйелерi.

Осы қойылған технологиялық шарттарды төмендегiдей үш тәсiлмен шешедi:

  1. төлкенiң iшкi, сыртқы және түп беттерiн, дайындаманың бiр орнатуында өңдеп шығу;

  2. төлкенiң аталмыш беттерiн екi орнатуда (немесе екi операциямен) ; екiншi операцияда базалық бет ретiнде, төлкенiң сыртқы бетi қолданылып оның тесiгi өңделедi;

  3. төлкенi екi операциямен өңдеу; екiншi операциясында, тесiк базалық бет болады да, оның сыртқы диаметрлiк бетi өңделедi.

Бiрiншi тәсiлдiң мысалы ретiнде, токарь-револьверлiк станогындағы, төлке өңдеудi, дөңгелек прокаттан жасауды көрсетуге болады. 2-суретiндегi өңдеу позицияларының мазмұны төмендегiдей:

  1. түп беттi шырпу;

  2. дайындаманы тiрелгенше беру;

  3. центлеу;

  4. тесiк тесу және сырт беттi жону;

  5. iшкi тесiктi кеңейту және сырт беттi жону, фаска салу;

  6. алдын ала ұңғылау;

  7. бiржолата ұңғылау;

  8. төлкенi қиып тастау.

Одан кейiнгi операциялар: токарьлық немесе тiк-тескiш станогында, төлкенiң сол жағындағы фаскасын жасау; майлау тесiктерiн тесу; майлау ойықтарын кесу; сырт беттерiн ажарлау.

Екiншi және үшiншi тәсiлдер, iрi өлшемдi төлкелердi дара дайындамалардан жасауда кездеседi.

Сериялы өндiрiстегi, дара дайындамаларды өңдеудiң технологиялық бiрiздiлiгi төмендегiдей:

  1. тiк-тескiш станокта тесiктi зенкерлеу және фаска салу (3, а-суретi);

  2. дайындаманы өзiорнатылатын сфералық шайбаға қойып, тесiгiн тартып кесу;

  3. токарьлық көпкескiштi жартылай автоматта, төлкенiң сырт бетiн алдын ала жону, түп бетiн шырпу және сыртқы фаскаларын салу (3, б-суретi);

  4. төлкенiң сырт беттерiн тазалай жону; керек болған жағдайда, төлкенiң түп бетiн токарь станогында қайыра шырпу. Қалған төрт операция бiрiншi тәсiлдiң 2-5 операцияларына ұқсас.

Төлкелердiң басқа конструктивтi түрлерiнiң өңдеу технологиясы, тек олардың сырт бет-терiн көпкескiштi жартылай автоматтардағы технологиялық келтiрмесiмен ғана өзгеше. Конусты тесiктерi бар төлкелердi, конустық аспаптармен зенкерлеуден кейiн, ұңғылау әрекетiне түсiредi. Аспап берiсi тiреуiштерге жеткеннен кейiн тоқталады.

Бойлық қиықтары бар конустық төлкелердi, көпкескiштi аспап қолданып копир арқылы өңдейдi; одан кейiн бойлық қиықтарын фрезерлеп, ұштарына бұранда салады. Құралмалы төлкелердiң тесiктерiне үйкелiске төзiмдi қорытпалар құю үшiн, олардың iшкi беттерiне арнайы ойықтар салады. Ашық тiкпелерi бар қапсырылған төлкелердi, орындарына престеп орнатқаннан кейiн, түбелiктi қиыстыру өлшемiне жету үшiн нәзiк кеңейте жону әрекетiн жүргiзедi.

Тасымалдау техникалары қозғалтқыштарының гильзалары, iрi өлшемдi жұқа қабырғалы төлкелерге жатады. Олардың дайындамаларын құю әдiстерiмен жасайды. өндiрiсте кең орын алған гильза өңдеудiң технологиясы, төмендегiдей: қаралтым немесе жартылай тазалай кеңейте жону; қаралтым немесе жартылай таза жону; шынықтыру және жетiлдiру; тазалай кеңейте жону; гидравликалық сынау; алдын ала және тазалай хонингтеу; белдеуше-лер мен бурттарын ажарлау; бурттың түп бетiн және сырт бетiн жону; нәзiк хонингтеу. Металкерамикалық төлкелердi көбiнесе темiр немесе мыс негiздегi материалдардан жасайды. Мыс негiзiндегi төлкелердiң үйкелу коэффициентi аз, өңдеуге ыңғайлы, бiрақ берiктiгi төмен.

Темiркерамикалық төлкелердi, ВК8 маркалы қатты қорытпалар пластинасымен жабдықталған кескiштермен өңдейдi. Кесу режимдерi: кесу жылдамдығы V=200–400 м/мин, берiсi S=0,05–0,15 мм/айн, және кесу тереңдiгi t=0,5 – 1,2 мм.

Төлкелердiң үйкелiске төзiмдi қасиеттерiн жетiлдiру үшiн, оларға 110–120 ºC-ға қыздырылған майларды сiңiредi. Бұл майларды сiңiру уақыты, төлкелердiң қабырғаларының қалыңдығына байланысты. 4 мм қалыңдықта – 45 мин, 9,5 мм қалыңдықта – 120 мин.

Төлкелердiң тесiктерiн шариктермен немесе нығыздаушы дiңгектермен таптауға болмайды, өйткенi олардың iшкi бетiндегi майда майлаушы көздер жабылып қалады да, төлкенiң ең керектi қасиетi жойылады. Сондықтан соңғы операцияларда төлкенiң iшкi тесiгiн тек нәзiк кеңейте жонады.

Пластмасса төлкелерiн, трубалардан, дөңгелек прокаттардан немесе престелген дара дайындамалардан жасайды. Бұлардың өңдеу технологиясы, темiр төлкелердiң технологиясына ұқсас.

Престелген дара дайындамалардың өлшемдерi өте дәл шығады, сондықтан оларды тек қана тазалай өңдейдi.