- •2.1 Төлкелер
- •2.2 Өңдеу технологиясы
- •2.3 Тексеру операциялары
- •3.1 Бөлшектің сипаттамасы мен оның технологиялық анализі :
- •3.2 Материаладың сипаттамасы
- •3.3 Өңдеу маршруттары
- •3.4 Бұйымнын базалау схемасын таңдау
- •3.5 Пайдалануға арналған жабдықты таңдау (станоктын сипаттамасы және моделі)
- •3.6 Операция үшін кесу күштерін есептеу
- •4 Кесу режимдерін есептеу
- •4.1 «Токарлық» операция.
- •4.2 «Бұрғылау» операциясы
- •4.3 Нормалау уақытын анықтаймыз
- •4.4 Маршуттық карта
МАЗМҰНЫ
Î |
КІРІСПЕ |
|
||||
ÎÎ |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ |
|
||||
|
1 |
Құрастырма :Арбашық дөңгелегі |
|
|||
|
|
1.1 |
Құрастырманың технологиялық сұлбасы |
|
||
|
|
1.2 |
Сызбаны бөлшектеу |
|
||
|
|
1.3 |
Өлшем тізбегінің есебі |
|
||
|
2 |
Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. |
|
|||
|
|
2.1 |
Төлкелер |
|
||
|
|
2.2 |
Өңдеу технологиясы |
|
||
|
|
2.3 |
Тексеру операциялары |
|
||
|
|
2.4 |
Қызметтік және конструкциясы бөлшектері және төлке құрамы |
|
||
|
3 |
Бөлшектің сипаттамасы мен оның технологиялық анализі : |
|
|||
|
|
3.1 |
Бөлшектің сипаттамасы мен оның технологиялық анализі |
|
||
|
|
3.2 |
Материаладың сипаттамасы |
|
||
|
|
3.3 |
Өңдеу маршруттары |
|
||
|
|
3.4 |
Бұйымнын базалау схемасын таңдау |
|
||
|
|
3.5 |
Пайдалануға арналған жабдықты таңдау (станоктын сипаттамасы және моделі |
|
||
|
|
3.6 |
Операция үшін кесу күштерін есептеу |
|
||
|
4 |
Кесу режимдерің анықтау |
|
|||
|
|
4.1 |
«Токарлық» операция. |
|
||
|
|
4.2 |
«Бұрғылау» операциясы |
|
||
|
|
4.3 |
Нормалау уақытын анықтаймыз |
|
||
|
|
4.4 |
Төлкенін маршуттық картасы |
|
||
|
5 |
Sprut CAM және РТК |
|
|||
|
|
5.1 |
Sprut CAM есебі |
|
||
|
|
5.2 |
Есептік технологиялық карта |
|
||
ÎÎÎ |
ҚОРЫТЫНДЫ |
|
||||
ÎV |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
|
||||
КІРІСПЕ
Қазiргi өндiрiс бұйымдардың тиiмдiлiгiн арттыру көкейтестi технологиялық проблема болып тұрғанда, олардың өмiрлiк цикл сатыларында қолданылатын машина конструкциялары мен тетiктерiнiң технологиялылығы деген ұғымның мәнiне өте үлкен назар аударылуы тиiс.
Машинажасау пәні нені үйрететінің қарастыра кететін болсақ төмендегілерді айтпасқа болмас. Өндiрiстi техникалық даярлау сатысындағы еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi шарттары; Сапа көрсеткiштерiн қамтамасыз ету шарттары;Жобалауда, бұйымды өндiру жағдайларын еске алу шарттары;Жобалауда, бұйымның пайдалану жағдайларын еске алу шарттары;Жобалауда, бұйымды жөндеу жағдайларын еске алу шарттары;Өндiрiсте тиiмдi өңдеу тәсiлдерiн қолдану шарттары;Ең жоғары пайдалану сипаттамаларымен қамтамасыз ету шарттары;Неғұрлым үнемдi шығару тәсiлдерiмен қамтамасыз ету шарттары;Конструктивтi шарттар;Үнемдiк, пайдалылық шарттары;Жоғары өнiмдiлiктi қамтамасыз ету шарттары;Өзара ауыстырымдылықты қамтамасыз ету шарттары;Өндiрiсте прогресшiл өңдеу тәсiлдерiн қолдану шарттары;Өндiрiстiң типiне қарай, үнемдi технологиялық процестердi қолдану шарттары;Бұйымды өндiрiске тез енгiзу шарттары.Осы сияқты мәселерді қарастырып отыр.
1.3
Өлшем тізбегінің есептері
Өлшем тізбегі
A1=10 ± 0,04 A6=10 ± 0,03
0,02
A2=11± 0,04 A7=10 ± 0,08
0,06 0,01
A3=102 ± 0,06 A8=10 ±0,02
0,03
A4= 11 ± 0,02
A5=14 ± 0,02
0,06
T
A
Δ
=
0,2 (T
A
Δ
=
)
T Ai =0,2/8 =0,025 (T Ai = T A Δ/n+p)
Δ0 AΔ=TAi/2=0,1
A7 - ?
Δ 0 A Δ =Δ 0 A1+Δ 0 A2+Δ 0 A3+Δ 0 A4+Δ 0 A5+Δ 0 A6+Δ 0 A7+Δ 0 A8
0,1=0,01+0,015-0,01+0+0,02+0+Δ 0 A7+0
Δ 0 A7= - 0,065
Δ B A7 = A7 + TA7/2 = 0,065 + 0,01/2 = 0,07
Δ H A6 = A7 – TA7 /2 = 0,065 + 0,01/2 = 0,06
Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
2.1 Төлкелер
Цилиндрлік немесе конустық формадағы, тесігі бар тетік –«төлке» деп аталады. Бұл тетіктер механикалық құрылғыларда аралық көмекші қызметін атқарады. Машина жасау саласында, төлкелер үйкелiс мойынтiректерi ретiнде қолданылады.
Геометриялық формасы бойынша төлкелер 3 түрде дайындалады:
Конустық
Цилиндрлік
Біріккен
Ең көп таралған цилиндрлік төлкелер. Олар механизмнің әр түрлі бөліктерінің өзара орналасуын шектейтін тетік. Цилиндрлік төлкелер үйкелiс мойынтiректерi ретiнде қолданылады.
Біліктерде тірек қызметінде атқарады. Резеңке төлкелер дірілді өшіру үшін және жылжымалы қозғалыстарды герметизациялау үшін, электротехникада тығыздағыштар ретінде пайдаланылады.
Конструктивті ерекшеліктері бойынша төлкелер клесі түрге бөлінеді:
бұрандалы
мойынтіректі
бекітпелі
өтпелі
жаппай престеу үшін
Бұрандалы– тесіктердегі үйкелісті төмендету үшін және механизмнің механикалық бөлімдерінің қозғалысын тежеу үшін арналған.
2.1.1-сурет.Бұрандалы.
2.1.2-сурет. Бұрандалы төлкенің сызбасы
Мойынтіректік – механизмнің осі мен айналмалы біліктерде қолданылады.
2.1.3-сурет. Мойынтірек
2.1.4-сурет. Мойынтіректік төлкенің сызбасы
Бекітпелі – механизмнің осіне және тегіс біліктерде бекіту үшін қолданылады.
2.1.5-сурет.Бекітпелі
2.1.6-сурет.Бекітпелі төлкенің сызбасы
Өтпелі – тетіктер мен жабдықтарды бекіту үшін арналған.
2.1.7-сурет. Өтпелі
2.1.8-сурет.Өтпелі төлкенің сызбасы
Жаппай престеу үшін- тетіктердің орнықтыру орындарын престеу үшін қолданылады.
2.1.9-сурет.Жаппай престеу үшін
2.1.10-сурет.Жаппай престеу үшін арналған төлкенің сызбасы
Мойынтiректiк төлкелердiң конструктивтi түрлерi 1–суретте көрсетiлген. Төлкелердi сипаттайтын негiзгi үш өлшемi: ұзындығы – L, сыртқы диаметрi – D, iшкi диаметрi – d. Машина құрылысында, көбiрек тарағандары, қысқа төлкелер. Төлкелерге қойылатын техникалық шарттар: тесiгiнiң диаметрiнiң дәлдiгi – 7 – 8-шi квалитет (шек арнасы Н6, Н7, Js7, К7 мойынтiректер үшiн); сырт базалық бетiнiң дәлдiгi – 6 – 8-шi квалитеттер (h6, к6 және т.б.); мойынтiрекке арналған беттерiнiң дөңгелектiгi мен цилиндрлiгi 5 – 6 дәлдiк дәрежесiнде (мөлшермен 0,01 – 0,02 мм); сырт бетiмен iш бетiнiң бiростiлiгi 5 – 6 дәлдiк дәрежесiнде (мөлшерме 0,01 – 0,03 мм); түп бетiнiң соғу шегi (түп беттiң перпендикуляр-лық шегi) тесiктiң осiне қарағандағы 6 – 8 дәлдiк дәрежесiнде (мөлшермен 0,03 – 0,05 мм). Сыртқы айналмалы беттерiнiң кедiр-бұдырлығы Rα=2,5–1,0 мкм, түп беттерiнiкi - Rα=12,5–5,0 мкм, ал остiк жүктелмеде Rα=2,5–0,5 мкм. Төлкенiң қызметiне қарай, оның материалы ретiнде болаттар, шойындар және неше түрлi түстi қорытпалар пайдаланылады.
Төлкенiң дайындамасын, оның қызметiне, өлшемдерiне, жылдық шығару ауқымына және материалының маркiсiне қарай прокаттан (шыбықтар және трубалар), құймадан жасайды.
Тесiгiнiң диаметрi 20 мм-ге дейiнгi төлкелердi калибрленген немесе ыссықақталған шыбықтардан жонады. Кейде, құйма стерженьдер де қолданылады.
Тесiгiнiң диаметрi 20 мм-ден жоғары төлкелердi трубалардан немесе қуыс құймалардан жонады. Құйманың төмендегi дей әдiстерi кең орын алған: машиналық құмдық қалыптарға құю, тұрақты темiр қалыптарға құю, центрден тепкiш және қысым арқылы құю әдiстерiмен.
Қусырылған жұқа қабырғалы төлкелердi, жез материалынан жасалған табақшалардан немесе биметаллдық ленталардан жасайды. Металкерамикалық материалдардан жасалған дайындамаларды, алдымен престеу онан кейiн жасыту әдiсiне салады. Пласмассадан жасалынатын дайындамаларды престеу әдiсiмен жасайды.
