Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SRSP_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Интерннің оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өзіндік жұмысы үшін әдістемелік нұсқамалар

1. Тақырыбы:«АҚҚ-н тәуліктік мониторлау принциптері мен мақсаты»

2. Мақсаты: интернді АҚҚ-н тәуліктік мониторлау принциптері мен науқастарға тексеру жүргізуге, және емдеу-тексеру технологиясының қазіргі жетістіктерін пайдалана отырып көмек көрсетуге, терапиялық пән негізінде науқастарға клиникалақ тексеру жүргізу дағдыларын игеруді үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

- АҚҚ-н тәуліктік мониторлау әдісінің негізін түсіну;

- АҚҚ-н тәуліктік мониторлау әдісін жүргізу үшін науқастан анамнез жинау,яғни негізгі көрсеткіштерін анықтау

- Тәуліктік мониторинг жүргізу үшін қолданылатын аппараттың дұрыс қолдану реттілігін түсіну;

- АҚҚ-н ауруларымен зардап шегетін науқастарға Клиникалық хаттамаға сәйкес ем тағайындау дағдыларын қалыптастыру.

4. Оқу және оқыту әдістері:терапиялық бағыттағы бөлімшелерде жұмыс істеу,науқастарды клиникалық талдау,ауру тарихын жазу; таңертеңгілік дәрігерлік конференцияларға,доценттік обходтарға қатысу;функциональды диагностика бөлімшелерінде жұмыс жасау,медициналық іс-қағаздарды жүргізу.Тәжірибелік дағдыларды игеру ( науқастарды клиникалық қарау,шағымдар және анамнез жинау,қарау,пальпация,перкуссия,аускультация),тексеру және емдеу жоспарын құрастыру.Оқу-ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

- кіші топтарда жұмыс жасау: ауру шағымдарын,анамнезін анықтау,курациялаған науқастағы негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтау;

- курациялаған науқасқа тексеру және ем жоспарын құрастыру;

- топпен жұмыстағы дағдыларды жетілдіру.

6. Пайдаланылған материалдар:көрнекті иллюстративті материалдар (лекция тезистері,сілтеме,глоссарий,зертханалық жұмыстарды сипаттау,презентация препараттары,қызметтік ойындар,қысқа баяндамалар,кейстар,рольдік ойындар,клиникалық жағдайлар,тапсырмалар,тесттік тапсырмалар).

7.Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Ішкі аурулар. Тестілер және жағдаяттық есептер: оқу құралы + СД/ В.И. Маколкин (и др.); пер. Қ.А. Жаманқұлов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2014. 296 с.

  2. 2. Ішкі аурулар: оқулық, 2 томдық. Т.1/ ред. В.С. Моисеев (и др.); пер.: Ә.Р. Алина, Г.Ғ. Оспанова. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2015. 768 с.

  3. 3. Ішкі аурулар: оқулық, 2 томдық. Т.2/ ред. В.С. Моисеев (и др.); пер.: Ж.З. Бейсенбекова, З.Қ. Гусейнова. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2015. 720 с.

  4. 5. Маколкин В.И. Ішкі аурулар: оқулық + СД/ В.И. Маколкин, С.И. Овчаренко, В.А. Сулимов; пер. Қ.А. Жаманқұлов. -6-ші бас., өңделген және толық. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2014. -976 с.

  5. 6. Малюченко Н.Г. Клиникалық электрокардиография негіздері: оқу - әдістемелік құрал/ Н.Г. Малюченко, А.Р. Алина, Р.Е. Бакирова. - Алматы: Эверо, 2014. -124 б.

Қосымша:

  1. Дюсупова А.А. Кардиологияның маңызды сұрақтары: әдістемелік құрал/ А.А. Дюсупова, М.Ж. Еспенбетова, Ж.М. Жуманбаева. – Алматы: Эверо, 2014. -328 б.

  2. Жакиева Г.Р. Жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарды емханалық - диспансерлік жағдайда жүргізу негіздері: оқу құралы/ Г.Р. Жакиева. - Актобе, 2009. -58 б.

  3. 9. Жакиева Г.Р. Жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарды емханалық - диспансерлік жағдайда жүргізу негіздері: оқу құралы/ Г.Р. Жакиева. - Алматы: Эверо, 2013. -84 б.

  4. 10. Жаманқұлов Қ.А. Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігі, 1-ші бөлім: А-З/Қ. А. Жаманқұлов, А.С. Досбаев. -Ақтөбе, 2010. -552 б.

  5. 11. Жаманқұлов Қ.А. . Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігі, 2-ші бөлім: И-Р/Қ. А. Жаманқұлов, А.С. Досбаев. -Ақтөбе, 2010. -560 б.

  6. 12. Жаманқұлов Қ.А. . Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігі, 3-ші бөлім: С-Я /Қ. А. Жаманқұлов, А.С. Досбаев. -Ақтөбе, 2010. -560 б.

  7. 13. Ішкі ауруларға шалдыққан науқастардың еңбекке жарамдылығын сараптау: оқу - әдістемелік құралы/ Г.Ә. Дербісалина (и др.). - Караганда: Ақ Нұр, 2014. -100 б.

  8. Фролькис Л.С. Ішкі аурулар мен алғашқы медициналық - санитарлық көмек курсы. Тапсырмалар жинағы : мед. колледж және училищелерге арналған оқу құралы/ Л.С. Фролькис; ред. А.Н. Саржанова; пер.: П.А. Омирбаева, Б.Т. Жумагулова. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2014. -456 с.

  9. Клинические протоколы (№13 от 28.06.2013года)

  1. Қорытынды бақылау: сұрақтар, тесттер, тапсырмалар.

Тақырып:«АҚҚ-н тәуліктік мониторлау принциптері мен мақсаты»

1. Дені сау орта жастағы адамдарда иық артериясының максимальды өлшемі (систолалық)қаншаға тең?

А.60-80 мм.рт.ст.

В.110-125 мм.рт.ст.

С.140-160 мм.рт.ст.

Д.95-100 мм.рт.ст.

Е.90-70 мм.рт.ст.

2. Дені сау орта жастағы адамдарда иық артериясының минимальді өлшемі (диастолалық)қаншаға тең?

А.60-80 мм.рт.ст.

В.35-50 мм.рт.ст.

С.90-95 мм.рт.ст.

Д.105-120 мм.рт.ст.

Е.95-100 мм.рт.ст

3. Қанның максимальды қысымының төмендеуі қайда болады?

А. капиллярларда

В. венада

С.артериолада

Д. Ірі калибрлі артерияларда

4.Жаңа туған балаларда иық артериясының максимальды өлшемі (систолалық)қаншаға тең?

А.35мм.рт.ст

В.80мм.рт.ст.

С.50мм.рт.ст.

Д.100мм.рт.ст.

Е.90мм.рт.ст.

5. Артериялық тамырларды зерттеу әдісі болып табылады?

А.флебография

В.сфигмография

С.плетизмография

Д.пневмография

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]