15Билет
1) Климат өзінің элементтерімен топырақұралу процесінің бағытына және қарқынына әсер етеді. Метеорологиялық элементтердің (жағдайлардың) ішінде топырақұралуда басты рөлді жауын-шашын, температура және жел атқарады.һ.Топырақ ылғалының сарқылмас көзі және топырақ құнарлылығының элементі - жауын-шашын. Топырақтың ылғалдылығын, оның режимін (құбылымын), жылдық жауын-шашынның жалпы саны емес, олардың жыл маусымдарындағы мөлшері мен қарқындылығын анықтайды. Жауын суларының бір бөлігі қүрлық бетінен буланатын болса, екінші бөлігі ылдиға қарай ағып кетеді. Тек үшінші бөлігі ғана топырақа сіңеді..
Ауаның температурасы топырақтағы физикалык, химиялық бүзылудың карқынына және биохимиялық процестердің шапшандығына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге топырақтағы ылғал мөлшері, оның булануы да температураға байланысты.Температура жоғарылаған сайын, топырақтағы барлық химиялық және биологиялық процестер үдеп, химиялық реакциялар тездетіледі, топырақтағы микроорганизмдердің белсенділігі артады.Желде топырақтың құралуына қатысады. Ол топырақтың әртүрлі бөлшектерін ұшырып әкетеді немесе үшырып әкеледі. Жел көбінесе өсімдіктер жамылғысы мен қорғалмаған үстірттердегі борпылдақ жыныстарды ұшырады (дефляция немесе жел эрозиясы). Бір жерден жел ұшырған шаң, тозаң және құмды заттар басқа ойлы жерлерге жиналады.
Жауын-шашын, температура және жел бірлесіп жалпы топырақтық су және жылулық құбылымын анықтайды. Солардың бірлескен нәтижесінде кейбір топырақтар жеткілікті, басқалары жеткіліксіз ылғалданып, кей жер жылынып, кей жер жылынбай, өсімдіктердің дамуына әртүрлі қолайсыз жағдайлар туады.Территориялық жағынан климат макро (үлкен) және микро (кіші) болып бөлінеді. Макроклимат табиғи аймақтарға сәйкес белгілі тұрақты элементтерден қүралады. Солтүстік-температурасы төмен, ылғалы көп климат аймағы болса, оңтүстік-жоғары температуралы, ылғалы аз қүрғақ аймақа жатады. Бірінші аймақта булану жауын-шашын мөлшерінен төмен болса, екінші аймақта булану жауын-шашын мөлшерінен 5-9 есе артық болады.Микроклимат деп әр аймақтағы жергілікті (жер бедеріне, өсімдік жамылғысына т.б.) жағдайларға байланысты көлемі шағын жерде байқалатын температураның, ылғалдың және желдің өзгешіліктерін айтады. Мысалы, дала аймағында көлемі кішкентай ойпаң жерлерде ылғал көбірек жиналып, топырақ жақсы ылғалданып, шабындық өсімдіктер жамылғысы пайда болады да, айнала дала реңінен ерекшеленіп түрады. Бүл жердің ылғалы жазда аса көп буланбай, тұрақты сақталады.
Жер бедері (рельеф) топырақұраушы басты факторлардың бірі болып есептеледі. Рельеф деп құрлық беті құрылысының түрлері мен ерекшеліктерін айтады. Жер бедерінің негізгі екі түрі бар: макро (үлкен) және микро (кіші) рельеф.
Жалпы жер бедерінің ойлы-қырлы немесе тегіс жерінің көлемі үлкен (бірнеше жүз шақырымға созылған) болатын бөлігін макрорельеф дейді. Микрорельеф деп көлемі шағын жер бөлігінің ойпаң немесе дөңес жерлерінің тіктік айырмашылығы бірнеше метрден аспайтын бедерін айтады.
Бұл екі рельеф түрінің арасында мезорельеф бар. Мүндай жер бедерінің ойпаттары мен дөңестері кезекесіп келеді, бірақ макрорельефтен айырмашылығы - құламалы беткейлері болмайды. Мезорельефке дөңесті дала, шағыл қүмдар, макрорельефке таулы, тегістік өлкелер, микрорельефке шұқанақтар мен төмпешіктер жатады.Топырақұралу процесіне рельефтің қатысы жанамалы болады. Оның рөлі - климат элементтерінің әсерлерін топырақа жеткенше өзгертіп отыруын
2) Магмалық үрдістер балқыған отты - сұйық магманың сууынан тау жыныстарының түзілуіне байланысты құбылыстарды қарастырады. Қозғалу сипатына және магманың жер қыртысына ену дәрежесіне байланысты беткі және тереңдегі магмалық үрдістер ажыратылады.
Бөтен материалдың магмамен еруі және балқуы үрдісін ассимиляция деп атайды.
Магманың сууы, қатуы нәтижесінде пайда болған тау жыныстары құрамы бойынша әр түрлі болып келеді. Олардың қышқыл, орташа, негізді және ультранегізді түрлері ажыратылады.
Жанартаулар дегеніміз – Жер бетіне лаваның (магманың) төгілуі немесе газдардың шығуы, немесе газдардың күшімен кесекті материалдардың шығуы. Жер бетіне лава, газдар және минералды кесектер жер қабатында пайда болған жарықтар арқылы немесе жер қабығының әлсіз аймақтарында газ бен лаваның әсерінен пайда болған каналдар арқылы шығады. Жанартаулардың жарықшақты және орталық типтері болады. Қазіргі кезде жанартаулардың негізінен орталық типі таралған..
Жанартаулар келесі типтерге бөлінеді: гавайлық, стромболиандық, везувийлік, пелейлік, кракатаулық және маар (жарылыс түтігі)..
Жанартау атқылауының өнімдері газ тәрізді, сұйық және қатты болып келеді. Газ тәрізді өнімдер көмір қышқылымен, су буларымен, оттегімен, сутегімен және құрамында фтор, хлор, күкірт, т.б. элеметтері бар газдармен сипатталады. Газ тәрізді өнімдердің немесе фумаролдардың химиялық құрамы атқылау температурасына байланысты болады. Олар құрғақ, қышқыл, сілтілі, күкіртті және көмірқышқылды болады.
Сұйық өнімдер әр түрлі құрамды, температурасы 10000 асатын лавалармен сипатталады. Лавалардың физикалық күйі олардың химиялық құрамына байланысты. Олар негізінен кремний тотығынан, алюминийден, натрийден, калийден, магнийден, кальцийден, темірден тұрады. Лавалар қышқыл және негізді болып бөлінеді.
Қышқыл лаваларда көп мөлшерде кремний тотығы болады. Түсі ақшыл немесе сұр, жеңіл және жабысқақ, баяу суиды, құрамында көп мөлшерде газ болады.
Негізді лаваларда кальций, магний, темір тотығы көбірек, ал кремний, натрий, калий тотығы аз болады. Түсі қара, тығыздығы жоғары, сұйық, тез суиды және құрамында газ аз болады.
Қатты өнімдер – жанартаулы бомбалар, лапиллалар, жанартаулық құм және күл. Қатты өнімдердің сыртқы түрі шынылы масса түрінде кездеседі. Құрамында дала шпатының, авгиттің, лейциттің, магнетиттің және басқа минералдардың кристалдары болады.
Жанартау атқылауынан кейінгі құбылыстарға сальзалардың, бу мен ыстық сулардың (гейзерлердің), термальды және термоминералды сулардың, әр түрлі газдардың оқтын-оқтын шығуы жатады. Сальза – биіктігі 1-2 м-ге жететін конус тәрізді көтерілген, балшықты жанартау. Гейзерлер – мезгіл-мезгіл фонтан болып шапшып ататын ыстық су көздері. Ыстық су көздері – бұлар гейзерге қарағанда кең тараған. Құрамында минералды заттар бар ыстық су көздерін термоминералды су көздері деп атайды
3) Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі. Географиялық жағынан алып қарағанда таулы аймақтар бір алқапта орналасқанымен жоғары қарай өрлеген сайын табиғатының, климатының өзгешелігі байқала береді. Осындай өзгерістерді топырақтан да көруге болады. Топырақтың былай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп атайды. Кеңбайтақ ТМД елдерінің әр аймақтарында топырақтардың көлденең зоналықтары да және олардың тік (белдеулік) зоналықтары тараған алқаптары кездеседі. Дегенмен жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланысты негізінен топырақтың көлденең зоналық таралуы басым. Соған байланысты біздер ТМД елдерінің жазық территориясындағы негізгі зоналық (ендік) топырақтардың қысқашасипаттамасына тоқталамыз. Оны солтүстіктен оңтүстікке қарай келтіреміз. (Топырақтың барлық түрлері кітаптағы қосымшада келтірілген Топырақ пішіндерінің суреттері ҚСРО топырақ атласынан алынған
