11Билет
1) ТМД елдерiнде боз топырақтар Орта Азия тау бөктерi шөлейт-дала зонасында және Закавказьеде тараған. Боз топырақтар шалғынды-боз топырақтар және шалғынды топырақтар мен бiрге 32 млн. га жердi алып жатыр, немесе ТМД елдерiнiң территориясының 1,5%.
Боз топырақтар зонасында топырақ пайда болу үрдiсi ерекше гидротермиялық құбылым жағдайында жүредi. Боз топырақ пайда болуға өсiмдiк әсерi белсендiлiгiнiң қысқа мерзiмдiлiгi тән.
Қыс пен көктемде жауын-шашын әсерiнен топырақ кескiнi аталған қосындылардан шайылып тұрады. Боз топырақтары гумустың мөлшерi және кескiнiң шайылымды болуы территорияның абсолюттiк биiктiгiне тiкелей байланысты болады. Биiктiк жоғарылаған сайын жауын-шашын мөлшерi көбейiп, кескiннiң шайылу тереңдiгi көбейедi, өсiмдiктердiң өсуi жақсарып вегетация мерзiмi ұзарады және гумус түзiлу үрдiсi жақсарады.
Боз топырақтарға келесiдей белгiлер мен қасиеттер тән: кескiн генетикалық қабаттарға әлсiз бөлектенген; гумусты қабат жақсы жетiлгенiмен гумус мөлшерi аз; микроагрегаттар жақсы жетiлгенiмен макро түйiртпек кездеспейдi; қуыстылығы жоғары және құрылымы болбыр; топырақтың бүкiл кескiнi карбонатты; карбонат көп болғандықтан реакция ортасы сiлтiлi; топырақ кескiнiнде топырақ фаунасының белсендiлiгi көрiнiп тұрады.
Боз топырақтарда мақта өсiру мен қатар көптеген құнды күрiш,қант қызылшасы, бидай, көкөнiс ж.т.б. дақылдарды егiп сапалы-мол өнiм алуға болады. Сонымен қатар бұл зонада бақ, жүзiм шаруашылығы, жiбек өндiру салалары жақсы дамыған. Зона егiншiлiгiнiң басты ерекшелiгi суармалы егiстiк
2) Топырақтан ерітіндіні бөліп шығару үшін қысым, яғни оны арнайы престер мен қысып алу, центрифугалық және басқа сұйық заттармен ығыстыру әдістерін қолданады. Бөліп шығарылған ерітіндінің мөлшері топырақтың сутұту қасиеті мен дымқылдану дәрежесіне байланысты.
Центрифуғалау жолымен ерітіндіні топырақтың ылғалдылық деңгейі толык сусыйымдылыққа жеткенде алуға болады.
Ерітіндіні басқа сұйық затпен ығыстырып алу үшін колонканы зерттеуге алынған табиғи ылғалды топырақпен толтырып, одан сығатын сүйық затты (этил спиртін) өткізеді. Сонда, топырақ ерітіндісі колонка астындағы қабылдағышқа жыйналады. Ауыр топырақтың сүзу қасиетін жақсарту үшін оған жуылған кварцты-қүмды араластырады. Осы әдіспен ерітінді бөлініп шығарылған соң, топырақта біраз мөлшерде ылғал сақталып қалады да, ерітінді түгел сүзілмейді және оның карбонаттық тепе-теңдігі мен тотығу және тотықсыздану күйі өзгеруі мүмкін. Бірақ аталған әдістің артықшылығы мынада: вегетациялык кезенде ерітіндіні топырақтан ылғал күйінде алуға толық мүмкіндік бар, соңдықтан да топырақ ерітіндісінің құбылымын осы әдіс арқышы зерттеуге болады.
Топырақ сұйық фазасының құрамын топырақтануда, сондай-ақ лизиметрлік әдіспен де зерттейді. Бұл әдіс белтілі бір топырақ қабатына сіңетін, арнайы қабылдағышка (лизиметр) жинақталатын жаңбыр немесе қар суларын зерттеуге негізделген. Лизиметрдің топырақ үлтісі салынатың контейнерлі, монолитті (кескінді), май құйғыш сияқты түрлері бар. Лизиметрлік қондырғы арқылы ерітіндіні тек топырақтың аса ылғал күйінде ғана алуға болады. Оған қоса лизиметрлік қондырғыларда, әсіресе май қүйғыш сыяқты лизиметрлерде, табиғи үзілу процесі белтілі шамада бұзылады. Сондықтан, топырақтың қайсысы бір компоненттері жайында бұл әдіс дәл сандық сыпаттама алуға мүмкіндік бере бермейді. Міне, сондықтан да, топырақ ерітіндісі құрамының құбылымын зерттеп білу үшін топырақ ерітіндісін лизиметрлік әдіспен бөліп алудың өзгеде (қысымдау т.б.) әдістерін қолданған жөн. Топырақ сүзіндісін талдау негізінде ғана топырақ ерітіндісінің кейбір қасиеттері жайында қосымша пікір айтуға болады. Әйткенмен, топырақ сүзіндісінің оның ерітіндісінен елеулі өзгешелігі бар, сәл себепті ол бізге топырақ ерітіндісінің құрамы мен қасиеті жайында толық түсінік бере алмайды.
Топырақ ерітіндісі құрамындағы сутегі иондары (рН) мен натрий катионы концентрациясын, оның электр өткізтіштіті мен тотығу және тотыксыздану потенциалын тікелей топырақ денесінде анықтайды.
Топырақка сіңген жаңбыр суына ерітілген заттардың, яғни атмосфералық ауа газдарының (О2, СО2, N2, NНз, т.б.), сондай-ақ ауадағы шаңды қосылыстардың бірталай мөлшері кіреді. Топыраққа сіңісімен ол қатты фазамен белсенді түрде әрекеттесіп, кейбір компоненттсрін ерітіндіге айналдырады, содан барып топырақ ерітіндісі түзіледі.
3) Ауа құрамы. Топырақтағы ауа оның газды фазасына (бөлігіне) жатады. Ол қатты және сұйық фазаларымен күрделі қарым-қатынаста болады. Топырақ атмосферамен үнемі ауа алмасатын болғандықтан, атмосфераның ауа құрамына ұқсас, тек оттегі, әсіресе, көміртегі мөлшері өзгеше Топырақ ауасында оттегі тапшы болса, өсімдік дәні мен тамыр дамуы нашарлап, микробиологиялық үрдістер мен органикалық заттар ыдырауы тежеледі және аэробтық (оттегімен) тіршілік ететін кішіжандылар әрекеті бәсеңдейді.Көмірқышқыл газы мен тұздары – карбонаттар топырақтағы күрделі үрдістерге қатысады. Біріншілік минералдар бұзылуы, карбонаттар мен фосфаттар ыдырауы т.б. үрдістер көмірқышқылы қатысуымен өтеді. Әр түрлі реакциялар нәтижесінде бөлініп шығатын көмірқышқыл газының мөлшері – топырақтың микробиологиялық белсенділігінің көрсеткіші. Жаңа жаранды CO2 топырақтан құрлық бетіндегі ауаға тарап, оны өсімдік жапырағы тұтады да, қайтадан фотосинтезге тарайды. Топырақ кескінінің төменгі бөлігінде оттегі кеміп, көмірқышқыл газының мөлшері ұлғаяды. Аса ылғалды топырақта оттегінің мөлшері тіпті 3-5 процентке дейін төмендеуі мүмкін.
Ауаның қасиеттері. Ауа қасиеттеріне топырақтың ауасиымы, ауаалмастыруы (аэрация) және ауаөткізуі жатады.
Ауасиымы деп, топырақтың қуыстарында белгілі мөлшерде ауа ұстап тұру қабілетін айтады. Ауасиымы – түйіртпек аралық және капиллярлық болып екіге бөлінеді. Екеуінің қосынды көрсеткіші топырақтың жалпы ауасиымын сипаттайды. Жалпы ауасиым мөлшері құрғақ түйіртпекті және механикалық құрамы жеңіл топырақтарда болады. Топырақты өңдегенде, қосытқанда оның жалпы ауасиымы артады. Керісінше, механикалық құрамы ауыр, түйіртпексіз, тығыз топырақтардың ауасиым көлемі төмен. Түйіртпек аралық ауасиым деп топырақтың түйіртпектер арасындағы қуыстарда шоғырланған ауа мөлшерін айтады. Топырақ атмосфера мен тұрақты газ алмасып тұрады.
Қылтүтіктік немесе капиллярлық ауасиым деп, топырақтың түйіртпектері ішіндегі қылтүтікшелеріне (капилляр) толған ауа мөлшерін айтады. Мұндағы ауа атмоферамен газ алмасу үрдісіне аз қатысады; бұл көрсеткіш көлемі жағынан капиллярлық сусиым мөлшеріне сәйкес.
Аэрация –ауа алмасу,Топырақта ылғал мол болса, ауа алмасу құбылысы нашарлайды. Аэрация табиғи жағдайда және адам ісіне байланысты (жауын және суару сулары, топырақты өңдеу, қопсыту, құбырлар жүйесін салу т.б.) өзгермелі келеді. Ауа алмасудың негізгі жағдайларына (факторларына) диффузия, температура және атмосфералық қысым, ылғалдылық артуы, жел қуаты жатады. Осылай әсер етуінен топырақ пен атмосфера арасында ауа алмасу құбылысы жүреді – оны топырақтың «тынысы» деп атайды.
Ауа өткізу п, нақтылы уақытта тоыпрақтың өз денесінен ауа өткізу қабілетін айтады. Құрылымы түйіртпекті топырақтарда ауа өткізу қасиеті жоғары, ал тығыз қалыпты ауыр балшықтарда төмен болады. Газдар топырақтың қатты және сұйық фазаларымен әрекеттесіп сіңіріледі немесе еріп кетеді. Құрамында балшықты минералдар мен органикалық заттар мөлшері артқан сайын, топырақтың газдар сіңіру қабілеті де өседі.Топырақта ауа құбылымына орай тотығу-тотықсыздану үрдістері кең дамыған. Ауа құрамында оттегі басым жағдайда тотығу, ол топшыланса тотықсыздану үрдісі артады.
