20 Билет
1) Кебiр топырақтар. Кебiр топырақтар деп иллювиалды қабаттың сiңiру кешенiнде көп мөлшерде сiңген натрий кейде магний бар топырақтарды айтады.Кебiр топырақтарда суда жақсы еритiн тұздарда кездеседi,бiрақ олар сор топырақтардағы сияқты жоғары қабаттан бастап жинақталмай,бiраз тереңдiкте иллювиалды(В1) қабатының астында кездеседi. К.К.Гедройцтың коллоидты-бимиялық теориясы бойынша кебiр топырақтар натридiң бейтарапты тұздарымен тұзданған сор т Афтоморфты кебiр топырақтар (далалық кебiр) ыза су деңгейi терең орналасқан (6м.терең) жағдайда қалыптасады. Олардың пайда болуы негiзiнен тұзды аналық немесе төсенiштi жыныстарға байланыстыопырақтардың тұзсыздану кезiнде пайда болады. Далалы кебiрлерде содалы тұздану өте сирек кездеседi. Жартылай гидроморфты шалғынды – далалы кебiр топырақтар (шалғынды далалы) жайылма үстiндегi бiрiншi немесе екiншi кертпектерде (террасалар), дөңдер ортасындағы және көлдер маңындағы ойпаңдарда ыза судың қосымша әсерiмен немесе аралас ылғалдану салдарынан пайда болады. Ыза су деңгейлерi 3-6 матр тереңдiкте ауытқиды. Көп кездесетiн өсiмдiктер: қара жусан, Шренк жусаны, кермек және бетеге. Гидроморфты шалғынды кебiр топырақтар (шалғынды, шалғынды-батпақты) өзен жайылымдарында, көлдер маңындағы және дөңестер араларындағы, басқадай да, ойпаң жерлерде шалғынды өсiмдiктер астында қалыптасады. Шалғынды кебiр топырақтар ыза су деңгейi жер бетiне жақын орналасқан (3 метрге дейiн) жағдайда пайда болады, сондықтан тұзды-сулы ерiтiндiнiң әсерiне тап болып тұрады. Сол себептi бұл кебiрлер иллювиалды қабаттың астында көп мөлшерде суда жақсы еритiн тұздарды жинайды. Шалғынды кебiр топырақтар тұздардың сапасы бойынша текке бөлiнедi, олардың содалы және содалы-блоридтi тұздану типi басым болады. Кебiр топырақтарды химиялық мелиорациялау негiздерiн қалаған академик К.К.Гедройц. Сіңірілген натрийі – жоғары және топырақ ортасы сілтілі содалы тұзды кебір топырақтарды жақсартудың ең тиімді жолы оған ғаныш беру. Ғаныш бергенде кебір топырақтардыың су физикалық және химиялық қасиеттері күрт жақсарады. Мелиорациялау зат ретінде тек қана ғаныш емес, басқада кальций тұздары, мысалы хлорлы кальцийді топырақты жақсылар шайғаннан кейін беруге болады. Сонымен қатар, оңтайлы мағлұматтар күкіртті қышқылды темір мн басқада ғанышты жыныстарды бергенде байқалады
2) Гранулометриялық құрам – топырақтың қатты бөлiгi мен топырақ құрушы жыныстар құрылымындағы салыстырмалы бөлшектер жиынтығы. Пайда болу жағдайына байланысты механикалық құрам минералды, органикалы және органды-минералды бөлшектерден тұрады. Олар тау жыныстарының сынықтарынан, минералдардың бөлшектерiнен (бiрiншi және екiншi), гумустық заттардан, органикалық және минералдық заттардың өнiмдерiнен тұрады.Гранулометриялық құрам бойынша топырақтар бөлiнедi: бос құм, байланысқан құм, жеңiл құмбалшық, орташа құмбалшық, ауыр құмбалшық және балшық Гранулометриялық құрамына байланысты топырақ жеңіл және ауыр деп бөлінеді. Жеңіл топырақ (құмды, құмдауыт) суды жақсы сіңіреді, оның ылғалды ұстау мүмкіндігі аз, олар құрылымсыз, құрамында қарашірік, қоректік элементтер аз. ауыр топырақ (ауыр сазды, саз балшықты) суды нашар өткізеді, ылғалды ұзақ уақыт ұстап тұрады. Ауыр топырақта қоректік элементтер мен қарашірік мол жиналады, олар жақсы құрылым түзуге көмектеседі. Мұндай топырақты өңдеу қиын, өйткені ылғал күйінде ол иеленіп қалады, бір-бірімен байланысы берік, әрі жабысқақ келеді.
3) Топырақтарды жіктеу – топырақтанудың басты және ең күрделі теориялық проблемаларының бірі болып саналады, себебі А. Н. Соколовский айтқандай кез келген жіктеудің мақсаты номенклатурлық тізім жасау емес, және құралдар мен құбылыстарды реттеу, олардың арасындағы байланыстарды анықтау, оларды басқару заңдылықтарын айқындау. Топырақтың типі. Бұл топырақтың тобы, ол органикалық зат, минералдық массаның түсу және трансформациялауының, миграция және жиналу процесі мен жалпы топырақ режимінің бір типтілігін, топырақ қимасы құрылысы мен топырақ құнарлығын өсіру шараларының ұқсастығын сипаттайды.Бұл топырақ түзілу процесінің бір типті жағдайларда дамитын топырақтың тобы және жетекші немесе басқарушы топырақ түзілу процестерімен айқын сипатталады. Топырақ типтірне жатады: күлгіндер, қара топырақ, сортаңдар, солодтар және т.б.Топырақ типтер ішінде типшелері бөлінеді. Топыратар типшесі. Бұл топырақ тобы топырақ типтері арасындағы көшпелі немесе өтпелі, аралық топырақ түзілімдері болып саналады. Типшелерге бөлгенде аймақастындағы және территорияның фациялық ерекшеліктерін есепке алады. Топырақ тегі. Типшелер шегінде топырақтар тегін көрсетеді, олар топырақтың генетикалық сипатын анықтайды, әртүрлі жергілікті жағдайлардың әсерлерін есептейді (топырақ түзу тау жыныстарының құрамы, грунттық сулардың құрамы және тереңдігі, топырақ түзілуде реликтік немесе көне және антропогендік сипаттардың болуы және т.б.).Топырақ түрі. Топырақ тегі шегінде түрге бөлінеді, олар негізгі топырақ түзілу процесініндегі санды айырмашылықтарды анықтайды. Топырақтарды сортаңдану, күлгіндену және басқада процестердің даму дәрежесі, гумусты немесе күлгінді горизонттердің қалыңдығы, гумустену деңгейіне және т.б. байланысты бөледі. Топырақ түршесі. Топырақ түрі шегінде түршеге бөлінеді, олар топырақтардың үстіңгі горизонттарының гранулометриялық құрамы жағынан айырмашылығын көрсетеді. Топырақтар әрсаптылығы. Ең дәл және иерархиялық жағынан төмен таксондық бірлік болып топырақтар әрспаптылығы саналады, олар топырақтарды топырақ түзу тау жыныстарына қарай бөледі.
