Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топырак ответы на билеты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.91 Кб
Скачать

19 Билет

1)Тақырлар - шөл аймағында кездесетін ерекше топырақ типі. Олар Сырдария өзені сағасында, Қызылқұм, Үстірт, Бетпақдала аумағында кездесетін тегістелген табақша тәрізді ойпаттармен, ойпатша жерлерде кездеседі. Тақырлар көбінесе гранулометриялық құрамы балшықты көне дәуірдің аллювий шөгінділерінде, пролювиальді, делювиальді аналық тау жыныстары үстінде пайда болады. Осы аналық тау жыныстары карбонатты және тұзды болып келеді. Тақырдың үстінде жоғары сатыдағы өсімдіктер өспейді. Оның бетінде тек қысқа мерзімді дамитын балдырлармен қыналар қоныстанады.Тақырлардың жаратылуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде И.П.Герасимов пен Е.Н.Иванова тақырларды гидроморфты топырақтар қатарына жатқызып, топырақ түзілу, сортаңдану кебірлену үдірістері әсерінен қалыптасып және топырақта қайталанып кезектесіп жүретін сортаңдану мен тұздардың шайылуы құбылыстарының топырақ түзілуіне ықпал тигізетінің көрсетеді. Ал Ө.Оспанов пен А.Н. Розанов тақырлардың жаратылуын кескінінің және физикалық қасиеттерінің қалыптасуын олардың аналық тау жыныстарының балшықты болып келуі мен байланыстырады. Шөл аймағының гидротермиялық жағдайлары және аналық тау жыныстарының гранулометриялық құрамы тақырлардың нашар қасиеттерінің қалыптасуына әдетте үлкен ықпал жасайды. Тақырлардың басты морфологиялық белгілері келесідей:Оның құрылысы ерекше болады. Үстінде тарамдалып жарылған, қатты, қызғылттау сарғыш түсті, қуысты қабыршық қабат бар. Қуаты 2-3 см болып келеді. Құрғақ күйінде бұл қабат өте қатты, ал дымқылданғанда тығыздалып, жабысқақ болады. Жарықтардың тереңдігі 15-20см-ге жетеді. Кеуіп қалған балдырлар топырақ бетіне қызғылттау түс береді. Қабыршақ қабаттан кейін, қабыршақ асты қабаты орналасқан, қуаты 6-12см-ге жетеді. Өте қатты, түйіршіктері де тығыздалған, ал дымқылданғанда біртекті тығыз жабысқақ күйге көшеді. Бұл қабаттан кейін құрылымсыз, тығыздалған тоң кесекті қабат орналасады және ол аналық тау жынысына өте ұқсас болып келеді.Тақырлардың өте тығыздалып, қатуы оның құрамында–коллоидты бөлшектердің мол болуымен байланысты, ал үстінде қабыршақтың пайда болуы құрамындағы натрий иондарының ылғалды топырақтың түйіршіктерін ірітіп, бұзуы және өте құрғақшылық жағдайда топырақ бетінің кебуімен байланысты болып келеді.Тақырлар сортаңдануына, ылғалдылығына және қабыршақ қабаттың даму дәрежесіне байланысты екі типшеге бөлінеді:-нағыз тақырлар (балдырлы);шөлейттенген тақырлар (қыналы);Нағыз тақырлардың келесідей типтері бар:кәдімгідей;сортаңдаған-кебірленген-тығыздалып кебірленген;-құмданғанТақырлардың гранулометриялық құрамы әдетте балшықты болып келеді, ал кескінінің төменгі қабаттарында құмдардың жиналып жеңілдеу гранулометриялық құрамға көшуі байқалады.Тақырларда өте аз мөлшерде қарашірінді бар (0,3-0,8%). Қарашірінді заттары ішінде фульвоқышқылдар басым (СГ:СФ=0,4-0,5) Қарашіріндінің қоры 1 м топырақ қабатында 85т/га –дан артық емес. Жалпы азоттың қоры 0,03-0,06% болып келеді. Жылжамалы фосфордың және алмаса сіңген калийдің мөлшері аз. Сіңіру сыйымдылығы 100г топырақта 5-10 м-экв. Сіңіру кешені құрамында Са2+,Mg2+иондарымен бірге, көбінесе Naиондарыда мол болады (>20%). Топырақ ерітіндісінің реакциясы өте сілтілі (рН 8-10). Тақырлардың көпшілігі сортаңданған. Тұздар әсіресе қабыршақ астындағы қабатта жиналған. Карбонаттар тақырлардың үстінгі бетінен бастап кездеседі. Тақырлардың ылғалдылық және физикалық қасиеттері нашар. Олардың ылғал өткізгіштігі шамалы, байланыстылығы үлкен, қуыстылығы нашар. Құрғақ күйінде өте тығыздалған. Бұл топырақтың құрамында әрқашанда ылғалдың тапшылығы байқалады.

2) Геология –Жер туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, тарихын және дамуын зерттейді.

Жер бірнеше қабаттардан тұрады, олардың химиялық құрамы, физикалық түрі мен маңызы әр түрлі. Геология жердің беткі қабатын – жердің қабығын – басқа пәндермен: биологиямен, топырақтанумен, геохимиямен, геофизикамен және географиямен тығыз байланыста зерттейді.

Геология – табиғи – тарихи ғылымдардың ішінен қорытынды шығаратын білім. Оның өзі жеке салаларға бөлінеді, ал кейбір бөліктері екі немесе бірнеше бөлімінің түйісер жерінен өріс алады.

Олардың негізгілері мыналар: минералогия – минералдың жер қыртысында пайда болуына байланысты физикалық – химиялық маңызы мен үрдістерін қарастырады.

Петрография – жердің қыртысын алып жатқан қатты және борпылдақ жыныстардың минералдық құрамы мен құрылуын, олардың пайда болуын, алып жатқан орнын және геологиялық, географиялық таралуын зерттейді.

Геохимия – жер қыртысының қимылын, құрамын зерттейтін ғылым, химиялық элементтермен олардың изотоптарының таралуын, қозғалысын және әртүрлі термодинамикалық, физико – химиялық жағдайлардың тигізетін әсерін зерттейді.

Минерология, петрография және геохимия жердің материалдық құрамын зерттейді.

Осы бөлімге топырақтану ғылымы да жатады, ол жер қыртысының ең беткі қабатын зерттейді, бұл қабат құнарлы топырақ деп аталады.

Динамикалық геологияда – геологиялық құбылыстарды қарайды (вулканизм, жер сілкіну, теңіздермен өзендердің әрекетінің т.б.) осы құбылыстардың жер тағдырының бұрынғы тарихындағы орнын көрсетеді.

Тарихи геология – жер қыртысының өзгерісінің уақыт бағдары мен кеңістікте зерттейді, органикалық өмірдің дамуын жер қыртысының дамуымен бірге байланыстырып көрсетеді.

Геология ғылымының аса маңызды саласының бірі – полеонтология – ол жер бетінде бұрын тіршілік еткен жан – жануарлармен өсімдіктердің әлемін, онда сақталып қалған қазба қалдықтардан, яғни өсімдіктермен жануарлардың тас мүсіндеріне және қалдырған іздерімен байланыстыра зерттейді.

Биология пәні – полеонтология, геология ілімінің негізінде дамып, жер тарихының даму бағдарына жаңа маңыз бен түсінік енгізді.

Тарихи геология, жер шарының тарихи дамуын және оның соңғы, төртінші кезеңнен аса маңызды салаға бөлініп – төртінші кезеңнің геологиясы деп атайды. Төртінші кезеңнің шөгінділері ең жас және жер бетінде жатқандықтан, адамдар оларды ауыл шаруашылығы мен инженерлік бағыттағы негізгі құрал ретінде қолданады. Олардан топырақ пайда болды және жер асты суларының орны. Бұдан басқа тағыда мынадай геология бөлімдері бар: геоморфология – ол жер мүсінінің пайда болуын, таралу және оның түрлерінің құрылу заңдылықтарын зерттейді (жер бедері – рельеф); геотектоника – жер қыртысының қозғалуын және майысуын, жылжуын, тау жыныстарының қарым – қатынастары, жер үрдісінің дамуындағы және оның жердің сыртқы қабатына әсерін қарастырады. Геотектоника әр түрлі геологиялық структураны, жыныстардың мүсін түрлерін, олардық қарым – қатынастарын және заңдылықтарын, үдерістерді тудыратын құбылыстарды зерттейді.

Гидрогеология – жер астындағы сулар туралы ғылым, олардың пайда болуы, тарихи құрамы мен бағдары, динамикасы және бөлініп тарауы, жер қыртысындағы, жер астындағы химиялық, механикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым.

Инженерлік геология – геологиялық үдерістер мен тау жыныстарының маңызын, құрылыс жүргізгенде пайда болатын өзгерістерін, бұлардың тигізетін әсерін зерттейтін ғылым.

Қазбалы байлықтар туралы ғылым – геологияның бір саласы, қазба байлықтарының жер қыртысында пайда болуын, тарауын зерттейді. Бұл геология саласының ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор (құрылыс материалдары, агрохимиялық кендер, жаңа қазба байлықтар т.б.).

3)Топырақтың жылу құбылымы климат пен кұрлық бедері, өсімдік жамылғысы және қар қалындылығына орай қалыптасады. Топырақтың жылу жағдайын сыпаттайтын жылу күбылымының негізгі корсеткіші — топырақ температурасы. Ол күн радиациясы және топырақтың жылу қасиеттерімен анықталады. Температура да, климаттан басқа, құрлық бедеріне, топырақ қасиеттеріне, өсімдік жамылғысына және қар қалыңдылығына тәуелді. Күн сәулесі көтеріңкі, ойпаң, жазык жерлерге және беткейлерге әр мөлшерде түседі. Мысалы, беткейлердің ең жылысы — оңтүстікке, жылысы — батыс және шығысқа ең суығы — солтүстікке караған жағы. Сондай-ак, әртүрлі бедер жағдайында қалыптасқан топырақтар суықтылығы мен ылғалдылығы ор мөлшерде болады. қар қабаты топырақты жылу жоғалтудан және төменгі температура әсерінен сақтайды. Жылулық қасиеттер. Топырықтың жылу қасиеттеріне жылуену, жылусыйымы және жылу өткізу жатады. Топырақтың жылыну қабілетіне күн сәулесінің қуатын кабылдай алуы жатады, ол альбедомен сыпатталады. Альбедо деп-жер бетіне жеткен жалпы қүн радиациясынын (сәулеттік куаттың) проценттік мөшерінен шағылысқан қысқа толқынды бөлігін айтады. Альбедо көрсеткіші азайса-топырақ күн энергиясын көп жүтқанының белгісі. Ол топырақ түсіне, алғалдылығына, түйіртпектік құрамына, топырақ бетінің тегістігіне және өсімдік жамылғысына қарай озгереді. А, Чудиновскийдің (1959) деректерінше құрғақ қара топырақтың альбедосы 14, ал ылғал қара топырақтікі 8 процент болса, құрғақ боз топырақтікі 25-30, ал ылғалдысында 10-12% болады, яғни қара түс пен ылғалдылық, алібедоны төмендетеді. әсіресе, қара түсті, гумусқа бай топырақ, ақшыл түстіт топырақтарға қарағанда, күн соулесін өзіне көп тартады.

Жылусыйымы деп — топырақтың жылуды қабылдау қасиетін айтады. Ол 1 г топырақ массасын немесс 1 см3 көлемін 10С-қа жылытатын калориямен өлшенеді. Сол себепті топырақтың екі — үдестік және көлемдік жылу сыйымы түрлерін ажыратады.