Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топырак ответы на билеты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.91 Кб
Скачать

1билет

1) Топырақтану – топырақ және оның құрлымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зертейтін ғылым.Топыраққа, табиғи дене санасында, бірінші анықтаманы В. Докучаев берген: «Топырақ деп - тау жыныстарының (қандай да болмасын) сыртқы ауа, су және түрлі тірі және жансыз организмдердің әсерінен табиғи өзгерген горизонттарын атау керек». Н. Сибирцев 1902 жылы оны былай деп толықтырған: «Табиғи топырақ тау жыныстарының беткі горизонтарында жалпы жылжымалы тыс құбылыстар мен организмдер әсерінен немесе биосфера элементтерімен байланысты құбылыстар арқылы жаралған». П. Костычев бойынша топырақ деп, тау жыныстарының жоғарғы, өсімдік тамырлары тараған қабаты аталады. В. Вильямс оны сапалы толықтырған: борпылдақ тау жыныстарының жоғарғы, өсімдіктерді қажетті су және қоректік элементтермен қамтамасыз ететін, құнарлы қабаты топырақа жатады деген.Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.

2)Топырақтың минералогиялық құрамы. Топыраққұраушы жыныстар мен топырақ құрамына біріншілік және екіншілік минералдар кіреді. Біріншілік минералдар магмалық жыныстарды түзетін болса, борпылдақ жыныстар мен топырақта бастапқы жыныстардың бұзылуынан қалған материал санасында кездеседі. Екіншілік минералдар болса, биоклиматтық жағдайлар әсерінен біріншілік минералдардан құралады. Біріншілік минералдар көбінесе 0,001 мм-ден ірі, ал екіншілік минералдар - 0,001 мм-ден майда түйірлерден тұрады.

Біріншілік - минералдарға (жыныс пен топырақтағы) кварц (магмажыныста Ф. У. Кларкше - 12,0), дала шпаты (59,5), амфиболдар (мүйіз жалатпасы) мен пироксен (16,8), слюда (3,8 проц.), т.б. жатады. Біріншілік минералдардың бұзылу тұрақтылығы бірдей болғандықтан, жанамалы мөлшері топыраққұраушы жыныстар мен топырақта, магмалық жыныстарға қарағанда, өзгеше болады. Борпылдақ жыныстарда, бұзылуға тұрақтылығы берік кварц (SіO2) мөлшері басым келеді (40-60), екінші орынды дала-шпаты алады (20 проц. дейін). Кең тараған бұл минералдың механикалық беріктігі жоғары болғанымен, химиялық бұзылуға тұрақтылығы төмен жатыр. Дала шпаттары арасында ең тараған біріншілік минерал-ортоклаз (KAІSІ3O8), сирек кездесетіні-натрий-калийлі дала шпаты немесе плагиоклаздар. Кварц пен дала шпаттары бұзылуға төзімді болғандықтан ірі дәнді келеді де, көбінесе құм және шаңды түйірлерді құрайды. Амфиболдар, пироксендер және слюдалар бұзылуға тұрақсыз болғандықтан, борпылдақ жыныстар мен топырақ құрамында аз мөлшерде майда кристалл күйінде кездеседі. Минералдардың бұзылуға тұрақтылығы, олардың табиғаты, химиялық құрамының айырмашылығы және кристалдық құрылымына байланысты болады.

Біріншілік минералдар мағынасы:оларға топырақтың агрофизикалық қасиеттері байланысты;

Екіншілік минералдар құрамы (біріншіліктердей) да көп емес. Олар арасында қарапайым тұздар, су тотықты және тотықты минералдар мен балшықты минералдар ажыратылады.

Қарапайым тұзды минералдар біріншілік минералдар бұзылуы және топыраққұралу процесі нәтижесінде жаралады. Оларға кальцит - СаСОз, магнезит - MgСОз, доломит - Са, Mg (СОз)2, сода - Na2СОз • 10Н2О, гипс - СаSO4 • 2Н2О, мирабилит – Na2SO4 • 10Н2О, галит - NaСІ, фосфаттар, нитраттар, т.б. жатады. Бұл минералдар құрғақ климат жағдайында топырақта көп мөлшерде шоғырлануы ықтимал. Олардың санды және сапалы құрамы топырақтың тұздану деңгейі мен бағытын анықтайды.

3) Су зрозиясы көлденең немесе беткі және тік немесе жыралық болып екі түрге бөлінеді. Сондай-ақ ағын сулар түрлеріне қарай еріген, жаңбыр немесе суару аркылы келетін сулар себеп болған эрозия түрлерін боледі.

Су эрозиясы құрлық бетінде су ағыны әсерінен және бедір жағдайларына (беткейлердің 6ұзындығына, еңістігіне, мүсініне және экспозициясына) байланысты өтеді. Топырақтың шайылуы беткей ылдыйлығының 1,5-20 –нан басталады, ал 30 –тан жоғары ылдыйларда ол айқын жүре бастайды. Беткей ұзындығы өскен сайын, одан ағатын сулар мөлшері көбейіп, топырақтың шайылу қаупі арта түседі. Сондықтан беткейлер еңістігі мен ұзындығына қарай эрозия дамуын болжауға болады. Сонымен бірге, жауын-шашын құбылымын, өсімдік пен топырақ жамылғысын ескеру керек.Беткейлер мүсініне қарай түзу, ойысты, дөңесті және баспалдақты болып келеді. Түзу және дөңес беткейлерде топырақ шайылуы төменгі етегінде орын алған; ойысты беткейлер топырағының шайылуы көбінесе жоғары тіктеу бөлігінде жүреді де, төменгі бөлігінде шайылып келген материалдар шоғырланады. Баспалдақты беткейлерде (террасалық участкелер) су ағыны бәсең болғандықтан, эрозия сәл жүреді. Оңтүстік беткей топырағы, солтүстіктегіге қарағанда, шайылуға бейім.Таулы және тау етегіндегі бедер жағдайында, қар ерігеннен және нөсерлі жаңбырдан соң күшті су ағындары пайда болады да, соның әсерінен қатты тау жыныстары құрлық бетіне жақын орналасқан жұқа топырақ кескінінің эрозияға шалдығуы өте қауіпті.Флювиогляциалды (мұз суынан) және ежелгі аллювийлі шөгінділер, су өткізгіштік қаблеті жоғары болғандықтан, су эрозиясына берік болады, бірақ дефляцияға осал келеді.Қатты тау жыныстары (гранит, әктас және т.б.) үстінде қалыптасқан, кескінінің қалыңдығы 30-50 см-ден аспайтын, борпылдақ топырақтарда эрозия қаупі өте үлкен. Бұл топырақтар су немесе желмен тез бұзылып, кескінін түгел жоғалтады.Топырақтың су немесе жел эрозиясына тұрақтылығы оның су өткізтігіне, ал соңғы қабілет болса,топырақтың гранулометриялық құрамына, түйіртпектілігіне, гумус жиегінің қалыңдығына, тығыздығына және жоғары қабаттар дымқылдығына байланысты. Суды жеңіл сіңіретін топырақтар (түйіртпекті, механикалық құрамы жеңіл, құрылысы осал) шайылуға берік тұрады. Түйіртпекті топырақ эрозияға берік, ал түйіртпектілігі төмен, қалың қабатты тығыз топырақтар осал келеді.

Су эрозиясына ең тұрақты-қара топырақтар, ал тұрақсыздарына шымды күлгін және сұр орман топырақтарда жатады.

uu

2билет

1)Құнарлық түрлері. Топырақ құнарлылығын, оның қоғамдық табиғатын және түрлерін бірінші К. Маркс (1875) ашқан. Маркс езінің «Капитал» атты іргелі еңбегінде топырақ құнарлылығын табиғи (тың топырақ коры), яғни пөтенциалды, тиімді (эффективті), экономикалық салыстырмалы (дифференциалды) түрлерін бөлген.

Табиғи құнарлылықтың топыраққа тен, ол кескін құрамындағы жалпы қоректік заттар қорымен сыпатталады.

Эффективті(тиімді) құнарлылық жылжымалы және өсімдік ( тиімді қоректік заттар мөлшерімен анықталады. Егіншілікте тиімді құнарлылық табиғи (табиғи жағдай) және жасанды (адам еңбегінің нәтижесі) құнарлылықтан құралады, яғни құнарлылықтың бір бөлігі топырақтың тегіне тән болса, екіншісі жасанды құнарлылыққа жатады. Эффективті құнарлылық топырақтануда қоректік заттар мөлшеримең (мг/кг, процент, т/га) сыпатталса, егіншілікте өсімдік өнімінің көрсеткіші арқылы (ц/га, теңге) экономикалык құнарлылық, айналады.

Потенциалды құнарлылыққа топырақ құрамындағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қоры жатады. Ол топырақ құралу процесі барысында қалыптасады және адамның ондірістік орекетімен де толыктырылады. Сондықтан, топырақта бастапқы табиғи және жасанды потенциалды құнарлылық қалыптасады. Кеңес үкіметі тұсында ежелті топырақ құнарлылыгына арналған ізденістер жалғастырылды. С. Кравков (1926) топырақ, құнарлылығын былады түсіндірген: ңБіріншіден топырақта өсімдікке тиімді формада және жеткілікті мөлшерде азот, фосфор, калий, темір, магний, күкірт, кальций болу керек, екіншіден онда өсімдікке қолайлы физика-мехникалық факторлар (ылғал, ауа, жылу, т. б.) калыптасканы, үшіншіден — өсімдікке қолайлы және тиімді микробиологиялык процестер жүргені керек. Егер осыларға топырақтағы өсімдіктерге зиян және улы заттар болмауын қоссақ, ңқұнарлылықң деген сез өзінен өзі түсінікті болар едің.Топырақ құнарлылығын зерттеуге В. Вильямс көп көңіл аударған (1914-1939ж.) Вильямсше топырақ және оның құнарлылығы туралы түсініктер біртұтас, өйткені құнарлылық топыраққұралу процесімен бірге қалыптасады.

Өсімдікке қолайлы жағдайларды Вильямс екі топқа бөлген ғарыштық (жарық, жылу) және жергілік (су, қоректік заттар)..

Құнарлылық элементтері атмосфералық заттар (азот, оттегі, көмір қышқыл газ) және топырықтық элементтер (макро-азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, микро-бор, молибден, мыс, цинк, кобальт т.б.) кіреді. Құнарлылық жағдайларына атмосферадан келетін күн сәулесі, жарық, жылу, жауын-шашын жатады да, топырақтың құрамы, қасиеттері және заттар құбылымы кіреді. Биологиялық тұрғыдан құнарлылық жағдайларына микробтық және ферменттік белсенділік пен өнім беретін сорттар ерекшеліктері жатады.Топырақ құнарлылығының маңызды көрсеткіштеріне (параметрлеріне) заттар құбылымы (су, жылу, ғаз, қоректік элементтер т.б.) солар көрсеткіштерінің мезгілді өзгеруі, заттар мөлшерінің көбеюі, орын алмасуы, т.б. жатады.

2) Органикалық зат және оның өзгеру процестері топырақтың негізгі қасиеттері мен белгілеріне және оның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар, өсімдіктердің қоректенуіне, топырақтың жақсы су-физикалық қасиеттерін дамытуға, әртүрлі элементтердің топырақ пен биосферадағы миграциясына (қозғалысына) қатысады. Топырақта жүретін барлық негізгі процестер органикалық заттардың тікелей немесе қосалқы қатысу нәтижесінде асады.Топырақ және биосфера органикалық заттарының негізгі көзі болып, өз бетімен минералды қосындылардан органикалық заттарды синтездейтін бірікшілік продуценттер немесе автотрофтылар саналады. Жер бетінде органикалық заттарды өндіретін негізгі көзі - жасыл өсімдіктер екені белгілі.

Органикалық заттар функциясы үш топқа (А, Б, В) біріктірілген:

А. Органикалық заттардың топырақкұралуы, морфологиялық белгілерінің қалыптасуы мен құрамы және қасиеттерімен байланысты фракциясы. Оған: 1) арнайы өзіне тән органикалық топырақ әлпетінің қалыптасуы, 2) балшықтық және гумустық қосындылардың қатысуымен топырақ агрегаттарының (түйіртпектер) пайда болуы, сондай-ақ гумустың минералдық бөлікпен әрекеттесіп және микробиологиялық термодинамикалық тұрақты түйіртпектерді түзуі, 3) топырақ құрылымының қалыптасуы және гумустық заттардың су-физикалық қаситтеріне тигізетін әсері, 4) миграцияға (қозғалыс) бейімді жылжымалы қосындылардың түзілуі және минералдық топырақ компонеттерінің биохимиялық айналымға тартылуы, 5) топырақтың сорбциялық, қышқылды-негіздік және буферлік қасиеттерінің қалыптасуы жатады.

Б. Органикалық заттардың өсімдіктер қоректенуіне тікелей байланыс функциясы. Оған: 6) жоғарғы өсімдіктердің минералдық қорегінің көзі (N, Р, К, Са, т.б., микроэлементтер), 7) органикалық заттардың гетеротрофты белсенділігіне ықпалы, 8) құрлық бетіне таяу СО2 газының көзі және фотосинтез өнімділігіне тигізетін әсері, 9) топырақтағы биологиялық белсенді заттар көзі болатыны жатады.

В. Органикалық заттардың санитарлық қорғау функциясы. Оған: 10) пестацидтердің микробиологиялық деградациясы мен ыдырауын жылдамдату әсері, 11) топырақты ластайтын заттарды тұту (сорбция, кешенді қосындылар түзу) және өсімдіктердің улы заттарды сіңіруін азайтуы, 12) улы заттардың жылжымалылығын жоғарылатуы жатады.

Органикалық заттың рөлі. Топырақты ауылшаруашылығы мұқтажына пайдаланудағы бастапқы кезде, аэрация жақсаруы, минералдану процесінің үдеуі және топыраққа түсетін органикалық заттар мөлшерінің азайуы салдарынан, гумусты заттардың минералдануынан босап шыққан азоттың рөлі жоғарылайды. Содан барып гумустық заттардың мөлшері төмендеуі байқалады. Сондықтан, ауылшаруашылығында пайдаланатын топырақтағы гумустық заттардың мөлшерін қадағалап отыру керек, оның органикалық және минералдық бөлшектерінің тепе-тендігін сақтайтын шаралар жүйесін қолдану қажет.

Топырақ гумусының мөлшері мен құрамын реттеудің негізгі шаралары келесідей: жүйелі және үлкен нормалы органикалық тыңайтқыштар (көң, торф - шымтезек, компост, биогумус) мен топырақты тыңайту, жасыл тыңайтқыштарды пайдалану, шөптер егу, қышқыл топырақтарды әктеу және кебір топырақтарды ғаныштау, топырақты өңдеу жүйелерін жетілдіру және мелиорациялау (жақсарту).

Органикалық тыңайтқыштар гумустың негізгі көзі болса, торфты компостар құрамында гумин қышқылдары көп мөлшерде жиналады. Органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде қолданғанда топырақтағы гумус мөлшері артып, оның құрамындағы гумин қышқылдары жаңарады. Сонымен қатар, топырақтың су-физикалық қасиеттері жақсарып, ондағы пайдалы микрофлора саны өседі.

Жоғары өнімді шөптер егу арқылы топырақтың жыртылатын қабатында тамырлар қалдықтарын көбейтуге, гумус құралатын материалдар жинауға болады, сондай-ақ топырақтың түйіртпектілігі, ауа-су және қоректік құбылымы жақсарады. Әктеу және ғаныштау шаралары топырақтағы сіңірілген негіздер құрамын өзгертіп, ортасын бейтараптайды, сәл арқылы кішіжандылар тіршілігіне жақсы ықпалын тигізеді.

Топырақты мелиорациялау - оның ауа-су құбылымын түбегейлі өзгертіп, құнарлылығын көтереді. Әр табиғи аймақтарда топырақтағы гумус мөлшері мен құрамын реттейтін, өздеріне ғана сай шараларды қолдану кажет

2) Сор топырақтар.Сор топырақтарда суда жақсы еритiн тұздар беткi қабатынан бастап көп мөлшерде кездеседi (көп жағдайда 1 жоғары).

Сор топырақтар пайда болу үшiн келесi екi үрдiстiң болуы қажет- ландшафта бос тұздың пайда болуы және олардың топырақ бойына жиналуы.

Сор топырақтар минералданған ыза судың жер бетiне жақын орналасқан жағдайында және тұзды аналық тау жыныстары кездесетiн климаты құрғақ жерлерде пайда болады. Топырақта су буланып ұшқанда топырақтың беткi қабатында суда жақсы еритiн тұздар жинақталады. Топырақта тұздың жиналуына өсiмдiктердiң де тигiзетiн әсерi зор, олар төменгi қабаттардан сумен бiрге тұздарды да топырақтың беткi қабатына көтередi. Өсiмдiк қалдықтары құрғақ климат жағдайында минирализацияланған кезде құрамындағы тұздар топырақтың беткi қабатында жинақталады. Сонымен қатар, сор топырақтар тұздардың желмен ұшып келуi салдарынан да пайда болуы мүмкiн (импульверизация) және топырақты дұрыс суармау кезiнде де пайда болады (екінші ретте сортаңдану).

Сор топырақтар көбінесе әртүрлi ойпаң-өзен жайылмаларында, теңiздер маңындағы ойпаттарда, кепкен көлдердiң орнында кездесуі* мүмкін.

Сор топырақта тұздардың көп болуына байланысты өсiмдiктер жамылғысы сирек болады. Өте көп тұзды сор топырақтарда өсiмдiктер мүлде өспейдi.

Сор топырақтардың негiзгi белгiлерi және қасиеттерi. Сор топырақтардың кескiнiн гранулометриялық немесе бимиялық құрамы бойынша айқындалып, бөлектенбейдi. Сор топырақ кескiнi гумусты – аккумулятивтi А1, алмаспалы В және аналық жыныс С қабаттарына бөлектенедi. Бүкiл кескiн бойында, әсiресе кескiн бойы кепкенде тұз дақтары ақтаңданып көрiнiп тұрады. Көбінесе кескiннiң төменгi жағында, кейде бүкiл кескiн бойында татты-сарғыш немесе күлгiн дақтар кездесiп гiлейлену үрдiсiнiң белгiсiн көрсетедi.

Сор топырақтардың беткi қабатында гумустың мөлшерi аймақ топырақтарымен салыстырғанда әрқашанда төмен 1-3,5 жетедi, азот пен күлдi қоректiк элементтер аз болады. Жылжымалы фосфордың мөлшерi 2-5 мг 100 г топыраққа, ал сiңiру сиымдылығы төмен- 10-20 мг экв. Алмаспалы негiздердiң құрамында кальций мен магний басым, сонымен қатар натрий катионы да кездеседi.

Сор топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану. Сор топырақтардың табиғи құнарлық көрсеткiштері төмен. Топырақ бойындағы жақсы еритiн тұздардың жоғары концентрациясы мәдени өсiмдiктердiң өсiп жетiлуiне керi ықпалын тигiзедi. Сондықтан сор топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану шектелген. Сор топырақтарды игеру үшiн күрделi мелиоративтiк шараларды жүзеге асыру қажет (дренаж салу арқылы ыза су деңгейiн төмендету, тұзды топырақ кескiнiн тұщы сумен шаю ж.т.б.).

Сор топырақтардың органикалық затын көбейту, түйiртпектiтiгiн жақсарту және биологиялық белсендiлiгiн арттыру үшiн игеру кезiнiң басында тұзға төзiмдi дақылдар, әсiресе азықтық бұршақ шөптердi сепкен жөн. Сор топырақтардан суда жақсы еритiн тұздардың артық мөлшерiн шайып бiткеннен кейiн мәдени дақылдар себуге болады. Қазiргi кезде мелиорацияланған сор топырақтар Қазақстанның оңтүстiк, оңтүстiк-шығысында суармалы жағдайда күрiш, мақта,көкөнiс өсiруде пайдаланады. Басқа аймақтардағы сор топырақтар өнiмi аз болғандықтан жайылымдарға қолданады

3билет

1) Еліміздің топырақ қоры-халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес. Бұған жер кадастрын жасау мен жүргізуге арналған жұмыстар жатады. Кадастр француз тілінде сасіазіге — регистрация, тіркеу деген ұғым. Жер кадастры-жердің табиғаттық, шаруашылык. және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы және керек мәліметтер жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға, халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруға. жерді мелиорациялауға және ауылшаруашылығын (бей) химияландыруға, тағы басқа халық шаруашылық шараларын іске асыруға керек (қара — Респубпикалық жер заңы негіздерін)..

Топырақтарды сапалы бағалаудағы ең басты жұмыстарға топырақтарды агроөндірістік топтау және оларды бонитеттеу (бағалау) жатады. Қазіргі нарыктық экономика жағдайында топырақтарды санды-сапалы санау ауылшаруашылығына жеке шаруашылықтардан бастап бригадаларға дейін-өте қажетті материал.

Бонитеттеу (латынша bоnіtоs — жақсы) — топырақтар сапасын ауыл және орман шаруашылығында салыстырмалы бағалау. Ол санды көрсеткіштермен белгіленді және топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген.

Топырақ бонитетін анықтайтын жұмыстар Ресейде ерте кезде тізілген. Бұл жайындагы мәліметтер ХV-ХVП ғ. ғ. қолжазба кітаптарда келтірілген: егістік, шабындық, орман, батпақтар, т. б. коныстар аталған. Егістік топырақтарға сипаттама. берілген, сапасына карай олар жақсы, орташа, нашар және жарамсыз категорияларға бөлінген.Топырақтарды сапалы бағалаудағы ең басты жұмыстарға топырақтарды агроөндірістік топтау және оларды бонитеттеу (бағалау) жатады. Қазіргі нарыктық экономика жағдайында топырақтарды санды-сапалы санау ауылшаруашылығына жеке шаруашылықтардан бастап бригадаларға дейін-өте қажетті материал.

Агроөндірістік топтау деп топырақтарды бірыңғай агрономиялық қасиеттері мен экологиялық жағдайлары жақын, құнарлык деңгейі мен сапалық ерекшеліктері ұқсас, сондай-ақ бір типті өңдеуте қажет агротехникалық және мелиорациялық шаралары жақын топырақ түрлері мен түршелерін агроөндірістік топтарға біріктіруді айтады. Бұл жұмыс материалдары әдеттегіде топырақ қорын санауға және жерді бағалауға пайдаланылады; ауылшаруашылық дақылдарды дұрыс орналастыру мен ауыспалы егістерді мамандандыруға, агротехникалық және мелиоративтік шараларды белгілеуге кажет.Агроөндірістік топырақ топтауының жалпы б. одақтық, аймақтық және шарушылықтық түрлері болады.

2) Жердің мантиясы

Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы югославиялық сейсмолог А. Мохоровичич анықтаған. Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды.Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу,тұтқыр қабат орналасқан,оныастеносфера деп атайды. Астеносфераны құрайтын жыныстар онша тығыз емес, тұтқыр әрі майысқақ болып келеді; сол себепті жер қыртысында болатын қозғалыстарды және магматизм мен метаморфизм құбылыстарын күшейтеді. Астеносферадан жоғары орналасқан жоғарғы мантия мен жер қыртысы литосфераны құрайды. Литосфера қабығыжекелеген литосфералық тақталар жиынтығынан құралады. Олар неміс геофизигі А. Вегенердің литосфералық тақталар теориясына сәйкес, үнемі қозғалыста болады; бұл қозғалыс астеносфераның тұтқыр бетінде сырғу нәтижесінде жүзеге асады.Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегіз сейсмикалық қабатқа бөлінеді: А, В, С, D´, D˝, Е, Ғ, G. Сонымен қатар Жерде жоғары қатты қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат астеносфера бөлінеді.

Жердің ядросы.Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6371 км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады. Күшті жер сілкінулер нәтижесінде Жердің ішкі өзегі арқылы өтетін сейсмикалық толқындардың таралу сипатын зерттеген америкалық геофизиктер Р. Кохе мен Л. Штихруде ішкі ядроның біртұтас қатты темір шар екендігі туралы болжам жасады. Электрөткізгіштігі жоғары болатын темір, температураның күрт айырмашылығы әсерінен сыртқы ядроны да жылдам айналымға түсіреді. Соның нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады. Бұл магниттік өріс Жер шары шеңберінен шығып, ғарыш кеңістігіне де таралады, тіпті Күннен келетін зарядталған бөлшектерді кері тебеді.

Құрамы мен қасиеттері түрліше болатын Жер қабаттарының жіктелуі — бастапқы "салқын" заттың ұзақ геологиялық уақыт аралығында біртіндеп күшті қызуы мен балқуы нәтижесінде жүрді. Яғни, неғұрлым ауыр элементтер (темір, никель және т.б.) төмен шөгіп, ядроны құрады, ал салыстырмалы түрде жеңіл элементтер (кремний, алюминий) қалқып шығып, жер қыртысын түзді. Балқу нәтижесінде бөлініп шыққан газдар мен су булары атмосфера мен гидросфераның негізін құрады.

3) Топырақтан ерітіндіні бөліп шығару үшін қысым, яғни оны арнайы престер мен қысып алу, центрифугалық және басқа сұйық заттармен ығыстыру әдістерін қолданады. Бөліп шығарылған ерітіндінің мөлшері топырақтың сутұту қасиеті мен дымқылдану дәрежесіне байланысты.Центрифуғалау жолымен ерітіндіні топырақтың ылғалдылық деңгейі толык сусыйымдылыққа жеткенде алуға болады.

Ерітіндіні басқа сұйық затпен ығыстырып алу үшін колонканы зерттеуге алынған табиғи ылғалды топырақпен толтырып, одан сығатын сүйық затты (этил спиртін) өткізеді. Сонда, топырақ ерітіндісі колонка астындағы қабылдағышқа жыйналады. Ауыр топырақтың сүзу қасиетін жақсарту үшін оған жуылған кварцты-қүмды араластырады. Осы әдіспен ерітінді бөлініп шығарылған соң, топырақта біраз мөлшерде ылғал сақталып қалады да, ерітінді түгел сүзілмейді және оның карбонаттық тепе-теңдігі мен тотығу және тотықсыздану күйі өзгеруі мүмкін. Бірақ аталған әдістің артықшылығы мынада: вегетациялык кезенде ерітіндіні топырақтан ылғал күйінде алуға толық мүмкіндік бар, соңдықтан да топырақ ерітіндісінің құбылымын осы әдіс арқышы зерттеуге болады.

Топырақ сұйық фазасының құрамын топырақтануда, сондай-ақ лизиметрлік әдіспен де зерттейді. Бұл әдіс белтілі бір топырақ қабатына сіңетін, арнайы қабылдағышка (лизиметр) жинақталатын жаңбыр немесе қар суларын зерттеуге негізделген. Лизиметрдің топырақ үлтісі салынатың контейнерлі, монолитті (кескінді), май құйғыш сияқты түрлері бар. Лизиметрлік қондырғы арқылы ерітіндіні тек топырақтың аса ылғал күйінде ғана алуға болады. Оған қоса лизиметрлік қондырғыларда, әсіресе май қүйғыш сыяқты лизиметрлерде, табиғи үзілу процесі белтілі шамада бұзылады. Сондықтан, топырақтың қайсысы бір компоненттері жайында бұл әдіс дәл сандық сыпаттама алуға мүмкіндік бере бермейді. Міне, сондықтан да, топырақ ерітіндісі құрамының құбылымын зерттеп білу үшін топырақ ерітіндісін лизиметрлік әдіспен бөліп алудың өзгеде (қысымдау т.б.) әдістерін қолданған жөн. Топырақ сүзіндісін талдау негізінде ғана топырақ ерітіндісінің кейбір қасиеттері жайында қосымша пікір айтуға болады. Әйткенмен, топырақ сүзіндісінің оның ерітіндісінен елеулі өзгешелігі бар, сәл себепті ол бізге топырақ ерітіндісінің құрамы мен қасиеті жайында толық түсінік бере алмайды.

Топырақ ерітіндісі құрамындағы сутегі иондары (рН) мен натрий катионы концентрациясын, оның электр өткізтіштіті мен тотығу және тотыксыздану потенциалын тікелей топырақ денесінде анықтайды.

Топырақка сіңген жаңбыр суына ерітілген заттардың, яғни атмосфералық ауа газдарының (О2, СО2, N2, NНз, т.б.), сондай-ақ ауадағы шаңды қосылыстардың бірталай мөлшері кіреді. Топыраққа сіңісімен ол қатты фазамен белсенді түрде әрекеттесіп, кейбір компоненттсрін ерітіндіге айналдырады, содан барып топырақ ерітіндісі түзіледі.

4билет

1) Республиканың қиыр солтүстігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды –далалы зонаша алып жатыр. Ауадан түсетін ылғалдықтың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшеімен шамалас, ылғалдану коэффициенті 1 тең. Жер беті жазық ойпатты келеді, соңдықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғында қаратопырағы және сілтізіденген қара топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жарамды жерлердің бәрі жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстанның территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн (республика жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі, солтүстіктегі Ресей жерінде.

) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) орташа ылғалданған дала; б) ылғалы жеткіліксіз қуаң дала. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі. Ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары қара топырақты зонаның батыс сібір провинцияларында кездесетін кәдімгі қара топырақ (2) ( орташа ылғалданған далада) және оңтүстік қара топырағы (3)( ылғалы жеткіліксіз қуаң далада) .

Кәдімгі қара топырақты зонаша республикалық 11,7 млн гектарын, ягни барлық жерлердің 4,3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330мм. Негізгі топырақтары –кәдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.

Оңтүстік қара топырақты зонаның қөлемі 13,7 млн гектар, республика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм.топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.

2)Анатомиялық белгілерінен мүлдем айырылған топырақ органикалық заттарының негізгі бөлігі-гумус (қарашірінді). Ол үлкен екі топтағы заттарға бөлінеді. Топырақ құрамынан бөліп, мөлшерін анықтауға болатын спецификалы (тән) емес органикалық қосындылар - қанттар, аминқышқылдары, ақуыздар, органикалық негіздер, илі заттар, органикалық қышқылдар және т.б. Көптеген минералды топырақтарда олар жалпы органикалық заттардың ондық проценті мөлшерінде кездеседі.

Жалпы органикалық заттардың 80-90%-ін құрайтын арнайы спецификалық-топырақтың өзіне тән бөлігі - гумустық қосындылар.

Гумустық заттар - әртүрлі құрамды және қасиетті, жоғары молекулалы азотты, органикалық қосындылардан тұратын, пайда болудағы кейбір қасиеттерінің, құрылысының ортақтылығы және органикалық табиғаты бар заттар. Олардың негізгісі келесілер: 1) өзіне тән түсі қара-қоңырдан караға, кызғылт-қоңырдан сарғыштауға дейін ауытқуы; 2) карбоксилдер тобы әсерінен туған қышқылдылығы; 3) көміртегінің мөлшері - 36-дан 62 %, азот 2,5-нан 5 %-ке дейін; 4) 3-6 %-тей гетеро-(түрлі) циклді азоты бар; 5) барлық топтарда циклді фрагменттердің (қайтарылымды буындардың) болуы; 7) 700-800-ден жүздеген мыңға жететін молекулалық массасы бар әртүрлі заттар.

Көрсеткіші

Қамтамасыз етілуі

Көрсеткіштер

Гумус мөлшерi, %

Өте жоғары

>10

Жоғары

6-10

Орташа

4-6

Төмен

2-4

өте төмен

<2

Гумус типi, Сгкфк

Гуматты

Фульватты-гуматты

Гуматты-фульватты

Фульватты

<2

1-2

0,5-1

<0,5

Гумустық заттар ерімталдығы мен экстракциялануы (ыдырауы) бойынша келесі топтарға бөлінеді: фульвоқышқылдар (Фқ), гумин қышқылдары (Гқ) және гумин; кейде ерекше гиматомелан қышқылдар тобы.

Фульвоқышқылдар - гумустық қосындылардың суға ең ерімтал тобы, жылжымалы, жалпы гумустық заттардың молекулалық шамасына қарағанда, молекулалық массасы көп төмен болатын зат. Гумустық заттардың басқа тобына қарағанда, көміртегі мөлшері де аз болуына бейімді келеді. Күлгін, қызыл тропиктік, боз топырақтарда көбірек кездеседі.

Гумин қышқылдары - минералдық және органикалық қышқылдарда ерімейтін гумустық қосындылар тобы. Молекулалық массасы жоғары, көміртегінің мөлшері 62 %-ке дейін, қышқылдылық сипаты басымдау зат. Қара, қара-қоңыр, кейде орманды сұр, жақсы өңделген шымды-күлгін топырақтарда көбірек мөлшерде кездеседі.

Гумин - гумустың экстракцияланбайтын (ыдырамайтын) бөлігі. Шамамен екі типті қосындылар түрінде кездесуі мүмкін: балшықты минералдармен берік байланған гумустық заттар (балшық - гумусты гумин); анатомиялық құрылысын жоғалтқан және берік компоненттермен, соның ішінде лигнинмен, байыған жартылай шіріген өсімдік қалдықтары (детритті гумин).

Гиматомелан қышқылдары - фульво және гумин қышқылдарының орташа қасиеттерімен сипатталған гумустық заттар тобы. Бұрын гумин қышқылдары тобына біріктірілетін. Бірақ олардан полярлы қышқылдарда еруі және басқа қасиеттерімен ерекшеленеді.

3) Жер қыртысын құрайтын негізгі денелер — тау жыныстары болып саналады. Олардың пайда болуын, түзілу жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін, құрамы мен құрылысын, таралуы мен шоғырлануын және т. б. қасиеттерін зерттеп білмейінше, кен-орындарын іздеп-табу және барлау жұмыстарын тиімді түрде жүргізу мүмкін емес. Тау жыныстарын зерттейтін геологияның жеке бір саласын—петрография (грекше “петрос” — тас, жыныс, “графо” — жазамын деген мағынада) деп атайды.

Тау жыныстары дегеніміз табиғи жағдайда, әр түрлі геологиялық үдерістер нәтижесінде жер қыртысында құралған бір тектес минералдық агрегаттардық парагенетикалық (біріге жаратылу деген мағынада) тұрақты ассоциациясы (бірігуі, бірге кездесуі). Олар жер қыртысында өзіндік пішіндерімен сипатталатын көлемі әр түрлі денелер (үлкенді-кішілі) түрінде кездеседі. Қолдан жасалған (жасанды) агрегаттарды (цемент, шлак, керамика және т. б.) тау жыныстары деуге болмайды. Сол сияқты қазіргі кездегі жас шөгінділер де (мысалы, өзен арналары мен теңіз жағалауларында кездесетін құмдар мен саздар) тау жыныстарына жатпайды. Өйткені, олар қазіргі кезде жүріп жатқан, әлі толық аяқталмаған геологиялық үдерістердің өнімі болып есептеледі.

Тау жыныстарының түзілуіне әкеліп соғатын геологиялық әрекеттерді петрогенездік үдерістер деп атайды. Мұндай үдерістер үшке бөлінеді:

1. Жер қойнауынан жоғары көтерілген, құрамы силикаттық балқымалардың (магманың немесе лаваның) табиғи жағдайда суынып, кристалдық денелер түрінде қатаюы. Соның нәтижесінде магмалық жыныстардың түзілуі.

2. Бұрын (ертеректе) пайда болған тау жыныстарының жердің беткі қабаттарында бұзылып, үгіліске ұшырауы және үгілу заттарынын, тасымалданып әр түрлі шөгінді қабаттардың, жиналуы (сулы ортада). Кейінірек, олардың тығыздала келе әр түрлі ерітінділермен цементтеліп, шөгінді жыныстардың түзілуі (диагенез).

3. Физикалық-химиялық жағдайлардың (р, Т) өзгеруі нәтижесінде алғашқы магмалық немесе шөгінді жыныстардың қайтадан кристалданып, жаңа типті (метаморфтық) тау жыныстарынын, құралуы.

Тау жыныстарының құрамы мен құрылыс ерекшеліктерінің және сыртқы көрінісінің қалыптасуына әсерін тигізетін ерекше жағдай фациальдық жағдай (латынша “фацио” — түр, бейне, сыртқы пішін деген мағынада). Басқаша айтқанда, фация дегеніміз, белгілі бір табиғи ортада бір-біріне ұқсас жағдайда түзілген тау жыныстарының біртектес комплексі. Сонымен, жер қыртысын құрайтын барлық жыныстар генетикалық үш топқа: магмалық, шөгінді және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың ішінде тек магмалық жыныстар ғана (жаратылысы жағынан алғанда) алғашқы (ювенильдік) жыныстар болып, ал қалғандары (шөгінді және метаморфтық) ең алғашқы көне жыныстардың әр түрлі жағдайда өзгерістерге ұшырауынан кейін барып пайда болады. Сондықтан да, магмалық жыныстардың неліктен жер қыртысында көп болатындығы түсінікті. Мысалы, жер қыртысының 16 км-лік тереңдігіне дейінгі аралықта тау жыныстарының 95%-і магмалық жыныстар, тек 5%-і ғана метаморфтық және шөгінді жыныстардан түзіледі. Ал жер бетіндегі көрініс басқаша: шөгінді жыныстардың үлесіне — 70—75%; магмалық және метаморфтык жыныстардың үлесіне — 25—30% ғана тиеді.

5билет

1)Құнарлық түрлері. Топырақ құнарлылығын, оның қоғамдық табиғатын және түрлерін бірінші К. Маркс (1875) ашқан. Маркс езінің «Капитал» атты іргелі еңбегінде топырақ құнарлылығын табиғи (тың топырақ коры), яғни пөтенциалды, тиімді (эффективті), экономикалық салыстырмалы (дифференциалды) түрлерін бөлген.

Табиғи құнарлылықтың топыраққа тен, ол кескін құрамындағы жалпы қоректік заттар қорымен сыпатталады.

Эффективті (тиімді) құнарлылық жылжымалы және өсімдік ( тиімді қоректік заттар мөлшерімен анықталады. Егіншілікте тиімді құнарлылық табиғи (табиғи жағдай) және жасанды (адам еңбегінің нәтижесі) құнарлылықтан құралады, яғни құнарлылықтың бір бөлігі топырақтың тегіне тән болса, екіншісі жасанды құнарлылыққа жатады. Эффективті құнарлылық топырақтануда қоректік заттар мөлшеримең (мг/кг, процент, т/га) сыпатталса, егіншілікте өсімдік өнімінің көрсеткіші арқылы (ц/га, теңге) экономикалык құнарлылық, айналады. Ол табиғи жағдайлармен қатар, ұйымдастыру-экономикалық себептерге тәуелді; топырақты дұрыс өңдеп, тұқым сеуіп, тыңайтса, өсімдікті жақсы күтсе, өнім жинауды механикаландырса, т.б. жұмыстар дер қезінде нақтылы орындалса, мол өнім жыйнауға және жоғары таза пайда табуға болады. Сонымен, Маркс айтқандай ңЭкономикалық құнарлылық қоғамдық арақатынасқа тығыз байланыстың. Екі құрлық бөлігі топырақтарының құнарлылығы негізінде алынған өнімнің мөлшеріне қарай салыстырмалы құнарлылық анықталады.

Потенциалды құнарлылыққа топырақ құрамындағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қоры жатады. Ол топырақ құралу процесі барысында қалыптасады және адамның ондірістік орекетімен де толыктырылады. Сондықтан, топырақта бастапқы табиғи және жасанды потенциалды құнарлылық қалыптасады. Кеңес үкіметі тұсында ежелті топырақ құнарлылыгына арналған ізденістер жалғастырылды. С. Кравков (1926) топырақ, құнарлылығын былады түсіндірген: ңБіріншіден топырақта өсімдікке тиімді формада және жеткілікті мөлшерде азот, фосфор, калий, темір, магний, күкірт, кальций болу керек, екіншіден онда өсімдікке қолайлы физика-мехникалық факторлар (ылғал, ауа, жылу, т. б.) калыптасканы, үшіншіден — өсімдікке қолайлы және тиімді микробиологиялык процестер жүргені керек. Егер осыларға топырақтағы өсімдіктерге зиян және улы заттар болмауын қоссақ, ңқұнарлылықң деген сез өзінен өзі түсінікті болар едің..

2) Ауа құрамы. Топырақтағы ауа оның гзды фазасына (бөлігіне) жатады. Ол қатты және сұйық фазаларымен күрделі қарым-қатынаста болады. Топырақ атмосферамен үнемі ауа алмасатын болғандықтан, атмосфераның ауа құрамына ұқсас, тек оттегі, әсіресе, көміртегі мөлшері өзгеше.

Атмосфера мен топырақ ауасының құрамы, %

Ауа

оттегі

азот

көмірқышқыл газы

асылтекті газдар

Атмосфера

20,47

78,1

0,03

1,0

Топырақ

11-21

78-86

0,3-8,0

Топырақ ауасында оттегі тапшы болса, өсімдік дәні мен тамыр дамуы нашарлап, микробиологиялық үрдістер мен органикалық заттар ыдырауы тежеледі және аэробтық (оттегімен) тіршілік ететін кішіжандылар әрекеті бәсеңдейді. Зерттелген мәліметтер бойынша топырақтағы ауа мөлшері бидай, сұлы дақылдары үшін - 10-15, арпа мен қант қызылшасы дақылдары үшін – 15-20 процент аумақ аралығында болғаны керек. Топырақ ауасы құрамындағы оттегі көзі негізінен атмосфера болса, көмірқышқыл газы ауадан және өсімдік пен топырақтағы ірі – кішіжандылар тынысы, органикалық заттар ыдырауы мен тотығу процестері нәтижесінде пайда болады. Көмірқышқыл газының 1/3 бөлігін орта есеппен өсімдік тамырлары шығарады.

Көмірқышқыл газы мен тұздары – карбонаттар топырақтағы күрделі үрдістерге қатысады. Біріншілік минералдар бұзылуы, карбонаттар мен фосфаттар ыдырауы т.б. үрдістер көмірқышқылы қатысуымен өтеді. Әр түрлі реакциялар нәтижесінде бөлініп шығатын көмірқышқыл газының мөлшері – топырақтың микробиологиялық белсенділігінің көрсеткіші

Ауа қасиеттеріне топырақтың ауасиымы, ауаалмастыруы (аэрация) және ауаөткізуі жатады.

Ауасиымы деп, топырақтың қуыстарында белгілі мөлшерде ауа ұстап тұру қабілетін айтады. Ауасиымы – түйіртпек аралық және капиллярлық болып екіге бөлінеді. Екеуінің қосынды көрсеткіші топырақтың жалпы ауасиымын сипаттайды. Жалпы ауасиым мөлшері құрғақ түйіртпекті және механикалық құрамы жеңіл топырақтарда болады. Топырақты өңдегенде, қосытқанда оның жалпы ауасиымы артады

Қылтүтіктік немесе капиллярлық ауасиым деп, топырақтың түйіртпектері ішіндегі қылтүтікшелеріне (капилляр) толған ауа мөлшерін айтады. Мұндағы ауа атмоферамен газ алмасу үрдісіне аз қатысады; бұл көрсеткіш көлемі жағынан капиллярлық сусиым мөлшеріне сәйкес.

Аэрация – ауа алмастыру, топырақтың жалпы ауасиымы мен көлемдік ылғал мөлшерінің айырмасымен сипатталады (процент):

Топырақта ылғал мол болса, ауа алмасу құбылысы нашарлайды. Аэрация табиғи жағдайда және адам ісіне байланысты (жауын және суару сулары, топырақты өңдеу, қопсыту, құбырлар жүйесін салу т.б.) өзгермелі келеді. Ауа алмасудың негізгі жағдайларына (факторларына) диффузия, температура және атмосфералық қысым, ылғалдылық артуы, жел қуаты жатады. Осылай әсер етуінен топырақ пен атмосфера арасында ауа алмасу құбылысы жүреді – оны топырақтың «тынысы» деп атайды.

3) Қазақстан батысынан шығысына дейін созылып құрғақ және шөлді далалы қара қоңыр топырақты аймақ жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай (республика территориасының 33,3%), яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Повлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағының біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, шығыс қазақстан, қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтұстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара топырағына өте ұқсас, күңгірт қара-қоңыр топырақ. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%. Зонаның орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп, топырақтың қара шірігі азаяды, топырақтың түсі жәй қара қоңырға айналады. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%. Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді далада топырақ түсі тіпті ашық қара қоңырға ауысады. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері не бары 1,5-2%. Ауадан түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы

6билет

1)Түйіртпектердің маңызы. Топырақта механикалық элементтер (түйірлер) бытыранды күйінде немесе әр мүсін мен мөлшердегі біріккен бөлшектер (агрегеттар, кесектер, дән) түрінде кездеседі.Топырақ массасының агрегаттарға бөлшектену қабілетін түйіртпелік (структурность), ал агрегаттардың мөлшерін, мүсінін, сапалы құрамын топырақ түйіртпегі (структура) дейді.Құм және құмайт топырақтарда механикалық элементтер бытыранды, ал құмбалшық пен балшық топырақтар түйіртпекті, түйіртпексіз және шамалы түйіртпекті күйінде кездеседі.Топырақтануда морфологиялық және агрономиялық түйіртпектілік ажыратылады.

Түйіртпектілік топырақтың физикалық және су-физикалық қасиетіне, су-ауа құбылымына, өңдеу жағдайына байланысты болғандықтан құнарлылық пен өсімдіктер өсіп-өнуіне әсерін тигізеді.

Түйіртпекқұралу ілімін П. Костычев, К. Гедройц, В. Дояренко, И. Антипов-Каратаев, Н. Качинский, Н. Саввинов, А. Тюрин, Д. Хан, Э, Рассел т.б. дамытқан.

Түйіртпектің сапасы оның мөлшері, қуыстылығы, механикалық беріктілігі және суға төзімділігімен анықталынады. Агрономиялыкқ ең құнды ірі агрегаттардың мөлшері 0,25-10 мм шамада, олардың қуыстылығы (>45 %), механикалық беріктілігі және суға төзімділігі өте жоғары болады. 0,25-10 мм мөлшердегі түйіртпектер мен олардың 55 проценті суға төзімді болса, ондай топырақ түйіртпекті болып саналады.

С.А.Захаров бойынша түйіртпек үш негізгі типке бөлінеді:

1) Куб тәріздес  түйіртпек бөлшектері  бағытында бірдей дамыған;

2) Призма тәріздес  бөлшектер екі көлденең бағытта жақсы дамыған;

3) Плита тәріздес.

Түйіртпектің мөлшеріне қарай келесі топтарға бөлінеді:

1) Мегатүйіртпектілік (сеңді)  мм көп;

2) Макротүйіртпектілік ,25 мм;

3) Тұрпайы микротүйіртпектілік -0,75-0,01мм;

4) Майда макротүйіртпектілік - 0,01мм аз.

Кез келген түйіртпектер агрономиялық құнды емес. Ең маңыздылары - суға төзімді агрегаттар - олардың құрылымы борпылдақ, қуыстары суды жеңіл сіңіріп, оны ұзақ уақыт ұстап тұра алады және де тамырлар мен микроорганизмдер өнуіне жеңіл келеді. Агрегаттар тығыздалса, олардың қуыстылығы төмендеп (30-40 процентке дейін), түтікшелері жіңішкеріп кетеді де, су-бу қозғалысы нашарлап, тамырлар мен микроорганизмдер таратылуына кедергі жасайды. Суға төзімді мұндай тығыз түйірлердің агрономиялық сапасы төмен.

Түйіртпектер құрамы. Топырақтың ірі (макро) түйіртпектерін қалыптастыратын негізгі екі процесті ажыратады: топырақ массасының механикалық түйірлерге бөлшектеуі мен суда ыдырамайтын, яғни берік бөлшектер құралуы. Бірінші процесс топырақтың шашыранды бөлігін құрса, екіншісі - оның массасына түйіртпектілік қасиетін береді. Топырақта түйіртпекқұралу процестері физика-механикалық және биологиялық факторлар әсерімен жүреді

2) Тау жыныстарының түзілуіне әкеліп соғатын геологиялық әрекеттерді петрогенездік үдерістер деп атайды. Мұндай үдерістер үшке бөлінеді:

1. Жер қойнауынан жоғары көтерілген, құрамы силикаттық балқымалардың (магманың немесе лаваның) табиғи жағдайда суынып, кристалдық денелер түрінде қатаюы. Соның нәтижесінде магмалық жыныстардың түзілуі.

2. Бұрын (ертеректе) пайда болған тау жыныстарының жердің беткі қабаттарында бұзылып, үгіліске ұшырауы және үгілу заттарынын, тасымалданып әр түрлі шөгінді қабаттардың, жиналуы (сулы ортада). Кейінірек, олардың тығыздала келе әр түрлі ерітінділермен цементтеліп, шөгінді жыныстардың түзілуі (диагенез).

3. Физикалық-химиялық жағдайлардың (р, Т) өзгеруі нәтижесінде алғашқы магмалық немесе шөгінді жыныстардың қайтадан кристалданып, жаңа типті (метаморфтық) тау жыныстарынын, құралуы.

Тау жыныстарының құрамы мен құрылыс ерекшеліктерінің және сыртқы көрінісінің қалыптасуына әсерін тигізетін ерекше жағдай фациальдық жағдай (латынша “фацио” — түр, бейне, сыртқы пішін деген мағынада). Басқаша айтқанда, фация дегеніміз, белгілі бір табиғи ортада бір-біріне ұқсас жағдайда түзілген тау жыныстарының біртектес комплексі. Сонымен, жер қыртысын құрайтын барлық жыныстар генетикалық үш топқа: магмалық, шөгінді және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың ішінде тек магмалық жыныстар ғана (жаратылысы жағынан алғанда) алғашқы (ювенильдік) жыныстар болып, ал қалғандары (шөгінді және метаморфтық) ең алғашқы көне жыныстардың әр түрлі жағдайда өзгерістерге ұшырауынан кейін барып пайда болады.

7билет

1)Жылу құбылымы. Топырақ температурасының жылдык құбылымы екі кезеңдік айқындылығымен сыпатталады: жазғы кезенде жылу топырақтың жоғарғы кабаттарынан төмен түсіне қарай жылжыса, қыста жылу төменгі қабаттардан суыған жоғары қабаттарға көтеріледі. қоңыр салқын белдеуде орта тәулік ең жоғары топырақ температурасы шілде-тамыз айларына да, ал ең тементі қаңтар-ақпанда қалыптасады. Жаз айларында ең жоғары температура топырақтың беткі қабатында болса, кескін терендеген сайын ол төмендейді, керісінше қыста ең суық температура беткі қабаттарда болса, топырақ кескіні терендеген сайын температура жоғарлайды. Температураның жылдық ауытқуы топырақтың беткі кабаттарынд жүреді де, оның кескіні тереңденген сайын, температураның ауытқуы бәсеңдейді. Топырақтың 0-20 см тереңдіктегі орта жылдык. температкрасына қарағанда біршама жоғары (ондық бөліктен бес градусқа дейін, кейде одан да жоғары) болады. Өсімдік жамылғысы топырақтың беткі қабатының температурасын ауытқудан сақтайды. Еріген заттарына байланысты топырақ ерітіндісі 00 С-тан төмен температурада қатады. Солармен қатар, топырақ тоңдануына ондағы ылғал түрлері де үлкен әсерін тигізеді. Мәселен, еркін су теріс 0,1-0,50С та қататын болса, байланысты су теріс — 1,5-4,О0С -та қатады. Сонда-ақ. топырақтың тондануына қар мен өсімдіктер жамылғысы, жер бедері, топырақ қасиеттері мен ылғалдылығы және өңдеу әдістері әсерін титізеді.

Топырақ тондануының екі бағыты болады: біріншісі-жібуі тереңнен басталып, қар кеткенше аяқталады. Бұл жағдайда топырақтың беткі қабатының тоңы тез жібіп, еріген қар суы топыраққа жеңіл сіңеді. Екіншісі-төменгі және беткі қабаттар тоңы бірден жіби бастайды. Бұл жағдайда кейбір терендікте тонданған қабат сақталады да, судың темен қарай сіңуі қиындайды.Температуралық құбылым топырақтың беткі 0-20 см кабатындағы белсенді температуралык. (>100С) кезең ұзақтылығымен сыпатталады. Бұл қабатта негізінен ауылшаруашылык, дақылдары мен табиғи өсімдіктер тамырлары тарағандықтан, оңдағы белсенді температура қосындысы топырақтың жылумен қамтамасыздалған корсеткіші болып саналады. Топырақтың жылумен қамтамасыздануы негізгі топырақ-климаттық аймақтарда батыстан шығысқа қарай нашарлайды, керісінше, солтүстіктен оңтүстікке жылжығанда жақсарады.

Жылу құбылымын қалыптастыру. Ауылшарушылық өндірісінде жылу құбылымын қалыптастыру өсімдіктер дамуына өте қажет, ол топырақ бетіне түсетін күн сәулесі қуатын реттеуге нетізделген. Жаз айларында ылғалды солтүстік облыстарда күн радиациясы босең, соңдықтан жылуды реттеу шаралары негізінен топырақ, температурасын жоғарылатуға бағытталады. Ал оңтүстік қуаң аудандарда агрошалар керісінше топырақ температурасын төмендетуге арналады. Топырақ бетіне түсетін күн сәулесін реттеудің шараларына топырақ бетінде өсімдік жамылғысын сақтау, арнайы өндеу төсілдері (топырақты қопсыту, тығыздау және т. б., дестелеп егу, т. б .) жатады.

2) Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне түйіртпектілік: көлемдік және үлестік салмақ пен қуыстылық, функциялар физикалық қасиеттеріне су, ауа, жылу құбылымдары және физика-механикалық қасиеттеріне жабысқақтық, ісіну, шөгу, т.б. жатады. Олардың мөлшері құбылмалы, топырақтың қатты, сұйық, газды және тірі фазалар бөліктерінің құрамына, қарым-қатынасы мен өзгерісіне байланысты.

Физикалық қаситтердің топырақ құралу процесіне, құнарлылыққа және өсімдіктер дамуына тигізетін әсері зор. Топырақтың физикалық қасиеттері туралы ілім П. Костычев, В. Вильямс, А. Дояренко, Н. Качинский, И. Антипов-Каратаев, С. Астапов, А. Лебедев, П. Вершинин, Ф. Колясьева, А. Тюлин, А. Роде, С. Долгов, И. Ревут және т.б. ғалымдар еңбектерімен дамыған.

Жалпы физикалық қасиеттерге табиғи қалыптасқан топырақтың тығыздығы мен қатты фазасының тығыздығы және қуыстылығы жағады.

Қатты фаза тығыздығы деп, топырақтың қатты фазалық массасы мен сәл көлемдегі (40С) су массасы салмақтарының арақатынасын айтады. Ол топырақтағы органикалық және минералдық бөлшектер құрамының қарым-қатынасымен анықталады. қатты фазалық органикалық заттар (органикалық қатты түсім, шымтезек, шала-шірінді) тығыздығы 0,2-0,5-тен 1,0-1,4-ке, ал минералдық қосындылар 2,1-2,5-нан 4,0-5,18 г/см3-ге дейін өзгереді..

Топырақтың қуыстылығы

қуыстылық топырақтардың органикалық заттары мен механикалық құрамына, түйіртпектілігіне, ондағы жандылар (құрттар мен құрт-құмырсқаларға т.б.) әрекетіне және өңдеу тәсілдеріне байланысты қалыптасады. Ол топырақтағы механикалық элементтер және агрегаттар арасы мен ішіндегі бос орындар жиынтығы болып саналады. қуыстардың жалпы қыл түтіктік және қыл түтіксіз түрлері ажыратылады, олар әдеттегіде су немесе ауамен толған. қуыстарды еркін және берік су, сондай-ақ ауамен толған түрлері де бөлінеді. Топырақтарда қыл түтіктерсіз ірі қуыстар су өткізу және ауа алмасуды қамтамасыз етсе, қыл түтікті қуыстар оның су ұстау қабілетін анықтайды, оның мөлшеріне өсімдікке қажет су қоры байланысты. Топырақтағы тұрақты су қорын толтыру үшін, жақсы ауа алмасулығымен (аэрация) қатар, жалпы қуыстылықтан қыл түтіктерсіз оның мөлшері 55-65 процент болғаны керек. Егер соңғы көрсеткіш 50 проценттен төмендесе, топырақта ауа алмасу нашарлайды да, анаэробты (оттегісіз) процестер дамиды. Агрономиялық тұрғыдан топырақта қыл түтіктік қуыстылықтың артқаны керек. Ондағы кеңістік сумен толып тұрады, қалған бөлігі (15 процент минералды, 30-40 проценті шымтезекті топырақтарда) - аэрация жолы..

3)Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігінде кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Аөмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.

Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэфициенті 0,1-0,05-ке дейін кемиді.Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм. Үссіксіз уақыттың ұзақтылығы 170-220 күнге тең. Күні бұлтсыз, ыстық. Бұл аймақ шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның 1 қыстың суық, 2 жаздың құрғақ кезіңде болады. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалр, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топыраққа бейімделген шөптер. Қара шірік мөлшері 1-1,5%. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр құба топырақтар, орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада да тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көп кездеседі.

Аймақ негізінен мал шаруашылығына қолайлы. Мұнда тек суармалы егістіктен ғана өнім алуға болады. Өзен бойларында орналасқан тақыртүстес топырақтар күріш егуге жарамды. Топырақ құнарлығы аз болғандықтан азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштар қолданған дұрыс.

Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн.га, яғни республика территориясының 44%на жуық

8билет

1) Агроөндірістік топтау деп топырақтарды бірыңғай агрономиялық қасиеттері мен экологиялық жағдайлары жақын, құнарлык деңгейі мен сапалық ерекшеліктері ұқсас, сондай-ақ бір типті өңдеуте қажет агротехникалық және мелиорациялық шаралары жақын топырақ түрлері мен түршелерін агроөндірістік топтарға біріктіруді айтады. Бұл жұмыс материалдары әдеттегіде топырақ қорын санауға және жерді бағалауға пайдаланылады; ауылшаруашылық дақылдарды дұрыс орналастыру мен ауыспалы егістерді мамандандыруға, агротехникалық және мелиоративтік шараларды белгілеуге кажет.

Агроөндірістік топырақ топтауының жалпы б. одақтық, аймақтық және шарушылықтық түрлері болады.

Жалпы б. одақтық топырақ топтарын құрғанда құрлықтағы топырақтардың сапалық және сандық есебін алған, агрономиялық топырақ, қасиеттерінің ұқсастығын және ерекшелігін қалыптастыратын аймақтық және өлкелік (провинциялық) табиғи жағдайларын ескерген. Алынған есептік деректер, көлемі бүкіл елдік ауылшаруашылық қоныстар есебіне кіреді. Бұрынғы КСРО топырақтары 350 санды топтарға, ал олар механикалық құрамына карай оз алдына кіші топшаларға бөлінген. Аймақтық кешенді агроөндірістік топырақ топтары да (республикалық, аймақтық, облыстық) аталған принциптерде құрылады.

Шаруашылық агроөндірістік топырақтар топтары агрономиялық дәлелденудің формасына және шаруашылық территориясындағы ірі масштабы топырақ, зерттеулерінің нақтылы қортындысына жатады, бұлар кешенді және мамандандырылған түрлеріне бөлінеді. Шаруашылықтағы кешенді агроондірістік топырақ топтары ауылшаруашылық дақылдарының біркелкілігіне және агромелиоративтік шаралар бір тұтастығына қарай бөлінеді.

Топырақтарды топтарға бөлгенде мынандай критериялық принциптерге сүйенеді; топырақтардың тектік негізімен агрономиялық қасиеттерінің ұқсастығы; топырақтарды пайдаланудағы жер бедерінің біртұтастығы; топырақтар жамылғысы құрамының біркелкілігі.

Арнаулы агротехникалық және мелиореативтік шараларды тікелей топырақтарды топтағанда әдеттегі оларды кескін құрлысына, шаралар қарқыны (интенсивтік) және қаржылық шығын көлеміне байланысты келесі 4 топқа біріктіру орынды: шаралар қарқынына және оларды жүргізу үшін арнаулы агротехника арқылы жақсартылатын; жеңіл (ғаныштау, әктеу т.б.) және ауыр мелиорациялар (топырақта құрғату, тұщылау, кебірсіздендіру, тастарды жию, т.б.) арқылы жақсартылатын және практикада жақсартуға келмейтін топырақтар. Бір агроөндірістік топқа біріктірілген топырақтардың ауылшаруашылығында пайдалану бағыты (мысалы көкөністі ауыспалы егіс және басқа үдемелі дақылдарға) ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы (жасыл тыңайту, әктеу), эрозияға қарсы немесе мелиоративтік шаралар қолдану жолы бір болады.

2) Физика-механикалық қасиеттерге топырақтың иленгіштігі, созылғыштығы, жабысқақтығы, ісінуі, отыруы, байланыстылығы, қаттылығы және жыртуға қарсылық етуі жатады. Аталған топырақ бойындагы құбылыстар оның технологиялық қасиеттерін, яғни өңдеу әдістемесін, техникалық агрегаттар жұмысын анықтайды.

Созылғыштық деп, топырақтық сыртқы күштер әсерінен біртұтастығын жоғалтпай, көлемін өзгерту және әсерден кейін құрылымын қалпына келтіру кабілетін айтады. Бұл қабілет топырақтың лай фракциясына және ылғалдылығына тәуелді. құрғақ топырақта созылғыштық жоқ болады, артық ылғалды топырақ болмайды. Аттербергше топырақтың ылғалдылығына қарай, мынандай созылғыштық константасын (шегін) анықтайды:

Ең жоғарғы созылғыштық сан (17-ден артық) балшық, жоғарғы - 7-17 құмбалшық, аз > 7-құмайт топырақта болады, ал құмда жалпы созылғыштық болмайды - ол 0-ге тең.

Жабысқақтық деп, ылғал топырақтың басқа денелерге жабысу қасиетін айтады. Ол топырақтың технологиялық қасиеттеріне теріс әсер етеді - ауылшаруашылық машиналар бөлшектеріне топырақ жабысып, топырақ өңдеуге жұмсалатын трактор куаты мен жанармай мөлшері артып, жұмыстар сапасы төмендейді.

Топырақтың байланыстлығы деп, массасын бытыратуға арналған сыртқы күштерге қарсы тұру қабілетін айтады, оның көрсеткіші - кг/см2. Бұл құбылыс түйірлерді біріктіретін күшке байланысты және топырақтың механикалық, минералогиялық құрамына, түйіртпектшік күйіне, ылғалдану мен гумус мөлшеріне, сондай-ақ егіншілікте пайдалану ерекшеліктеріне сәйкес өзгереді. Жоғары байланыстылық қабілет балшықты, төменгі – құм топырақтарға тән. Жоғары байланыстылық қасиет өсімдік солуына жақын ылғал мөлшерінде байқала бастайды, топырақтағы сіңірілген натрий да оны өсіреді, өйткені бұл катион топырақ түйіртпектерін ыдыратып, түйірлерінің беткі салыстырмалы аумағын арттырады, содан барып олардың бір-бірімен тұтасуы күшейеді. Топырақты түйіртпектілігі артқан сайын, оның байланыстылығы нашарлайды. Байланысқан топырақ массасын жыртқанда түйірлер байланысы үзіледі де, ол эрозияға шалдығады. Байланыстылығы күшті топырақты өңдеу қиынға түседі, яғни оған көп күш пен куат жұмсалады.

3) Шөгінді тау жыныстары — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу үдерісі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:

Шөгінді тау жыныстары құраушыларына байланысты аутигендік және аллотигендік деп бөлінеді.

Аутигендік шөгінді тау жыныстары – шөгу процесі кезінде түзілген минералдар тобы. Оларға: каолинит, гидрослюда, монтмориллонит, гиббсит, бемит, диаспор, гетит, гематит, пиролюзит, псиломелан, манганит, апатит, коллофан, кварц, халцедон, опал, кальцит, доломит, сидерит, родохрозит, гипс, ангидрит, галит, сильвин, карналлит жатады.

Аллотигендік шөгінді тау жыныстарына – магмалық және метаморфтық тау жыныстары мен олардың минералдары, ғарыштық тозаңдар, организм қалдықтары, жанартау өнімдері (пирокластар) жатады. Шөгінді тау жыныстарының бітімі қалыптасу жағдайына қарай: көлбеу, арналық, теңіз-жағалық, эолдық, тасқындық, толқындық, қабаттастық, су асты көшкіндік, ұсақ қатпарлы, биогендік, тасберіштік, т.б. болып келеді. Олардың құрылымы да жаралу түріне қарай әр түрлі: псефиттік, псаммиттік, алевриттік, пелиттік, литокластық, кристалкластық, витркластық, пизолиттік, оолиттік, сферолиттік, биоморфтық, детритустық, кристалл түйірлі, жасырын кристалды, аморфты, т.б. болады.

Шөгінді тау жыныстарының түзілуі. Магмалы таужыныстардың барлығы шөгінді таужыныстармен жамылған, бірақ бұл таужыныстар жатысы қалың емес, сондықтан олар 5% мен 25% салмағы жер қыртысын құрайды, бірақ жер қыртысының үстіңгі бетінің 75% шөгінді таужыныстар көп тараған.

Қаралып отырған тау жыныстар 2 туындылы. Олар мору салдарынан магмалы және метаморфты тау жыныстардан түзілген. Олардың ерекшелігі - қабаттылығы.

Барлық шөгінді таужыныстарды 3 үлкен топқа бөлуге болады (класқа):

  1. Механикалық немесе сынықты тау жыныстар;

  2. Химикалық (хемогенді ) тау жыныстар;

  3. Органогенді (биогенді) тау жыныстар.

Механикалық немесе сынықты тау жыныстар. Сынықты тау жыныстар жер бедеріне судың, мұздың т.б. механикалық әсер етуінен пайда болған. Сынықты тау жыныстар классификациясы сынықты үлкендігіне және керіштегіне заттарға байланысты негізделген. Кейбір сынықты тау жыныстарға мінездеме 2-кестеде берілген.

Малтатас және гравий – сынықтардың су тасқынының арқасында орын ауыстыруына байланысты пайда болады. Жылжу үдерісі кезінде сынықтар жұмырланып, жақсы жылтырланып, дөңгеленген пішін береді. Малтатас 10 нан 100 мм дейін, гравий 1 ден 10 мм дейін өлшемді.

Конгломерат – гравийлер мен малтатас жиынтығы. Әктаспен және темір саз қышқылдарымен керіштелген.

Құмдар – 0,1 ден 1 мм дейінгі қөнді сынықтар жиынтығы. Минералды құрамы мен түсі алуан-түрлі. Көп тараған минерал кварц, кварцты құмдар да жиі кездеседі. Кварц құрамды құмдар дала шпаты, басқаша аты аркозды. Басқа да құм түрлері көп кездеседі. Құмды шөгіндер материктің көптеген орындарында топырақ түзуші тау жыныстар, сондықтан топырақ түзілуінде олар үлкен роль атқарады.

Саздақтар және құмдақтар. Механикалық құрамы құмдар мен саздар арасындағы бос орынды алады. Саздақтарда шаңды фракциялар басым, ал құмды фракциялар бағыныңқы мағынада, құмдақтарда сияқты үлкен салмақты материктер арасында, сонымен қатар Солтүстік Қазақстанда.

Алевриттер (гр. “алеврит” – ұн) - шаңды, ұнтақты (крахмалды) тау жыныстар. 0,1 –0,01 мм бөлшектерден тұрады. СҚО олар саз деген атпен белгілі. Бірақ сазбен салыстырғанда, алевриттер сумен пластты массалы болмайды. Кейбір мамандар алевритке лөссты жатқызады.

Лөсс – диаметрі 0,05 –0,01 мм тұратын щаңды бөлшектерден құралған шөгінді тау жыныс. Бұл тау жыныс ақшыл-сары, сарғылт-күлгін түсті. Лөсс пышақпен оңай кесіледі, тез үгітіледі, өте жұмсақ. Кеуекті лөссты суға тастасақ, ол көпке дейін ауа көпіршіктерін бөліп шығарады. Лөсс коректі минералдарға бай карбонатты зат, сонымен бірге үлкен өнімділігімен ерекшеленеді. Ферганда лөсс тыңайтқыш ретінде қолданылады. Қытайда лөсс кеңістікті алып жатады және жақсы өнімді топырақ болып есептелінеді. Олар лөссқа ауыл шаруашылық өнімдерін егіп, одан 2 есе үлкен өнім алады. Лөссты түзілістің қалыңдығы 500 м. Лөсс үстіңгі қабаттың 4 алып жатыр. Бұдан басқа Қазақстан орманды дала жолағында Украинада көп тараған лесс тәрізді саздақтар кездеседі. Мұнда олар көптеген көңдерге құрылысты тау жыныстар болып табылады.

Саздар - өлшемі 0,01 мм. Минералды бөлшектерден тұратын нәзік дисперсті тау жыныстар. Сазды тау жыныстар сазды минералдардың 3 негізгі тобынан тұрады: каолинит, монтмориллонит және гидрослюдалар. Құрғақ күйінде олар оңай үгітіліп, ұнтақты құрылысты болады. Ылғалды жағдайда майлы, созылмалы, яғни оңай созылып тез жиырылады. Қандай да бір минералдың басым болуына байланысты саздар бірнеше топқа бөлінеді.

Каолинит – бұл каолин минералдары басым саздар; монмориллонитті (бентонитті), сіңіруі биік және монтмориллонитті көп карбонатты саздар. Тығыз саздар құрамында 40 – 80 дейін әктас бар. Олар мергель деп аталады. Ақшыл түсті, жамырлары әр-түрлі және формасы да алуан түрлі. Жасыл-сұр және ласты-сұр саздақтар бетінде және тереңдігі онша емес Солтүстік Қазақстанның Петропавл аймағында кездеседі. Егер мергель шоғырлары бос болса, онда әктелген уақытта олар үгітусіз-ақ қолданылады. Ал мергельдің тығыз түрлерін далаға шығарып үгінді түрінде қысқа уақытқа қалдырған және жауын-шашын әсерінен ұнтақ массаға айналады. Саздар түрнегiздi тау жыныстар болып табылады, сапасы жағынан жақсысы саздақтар мен саздар, ал нашары құмдар мен құмдақтар.

Аллиттер - диаспора тобы мен гидраргиллиттен тұратын тау жыныстар. Бұған боксит пен латерит жатады. Вернардский бойынша латериттер магмалы тау жыныспен және глиноземмен қаныққан үстiңгi түзiлім: Al2O3, Fe2O3, SiO2 және H2O. Латерит құрамы болып табылады. Латериттер жердiң субтропиктi және тропиктi аймақтарында жиi кездеседi.

2-кесте. Сынықты шөгінді жыныстардың жіктемесі

Сынықты жыныстар

Түйірлер мөлшері, мм

Сынықты жыныстардың болбыр да борпылдақ түрлері

Сынықты жыныстардың шымыр

(қатты) түрлері

өңделмеген өңделген

өңделмеген өңделген

Ірі түйірлі

100 мм-ден артық

тасжақпар тасдөңбек (глыба) (валун)

ірі сынықты тасдөңбекті

брекчия конгломерат

100 – 10 мм

тасшақпа малтатас (щебень) (галечник)

байырғы байырғы

брекчия конгломерат

10 – 0,1 мм

тасшемір тасжентек (хрящ) (гравий)

ұсақ түйірлі жантақтас

брекчия (гравелит)

Орташа түйірлі

1,0 – 0,1 мм

құмдар

құмтастар

Ұсақ түйірлі

0,1 – 0,01 мм

құмайттар (алевриттер)

құмайттастар (алевролиттер)

Сазды

D 0,01 мм

саздар (глины)

сазтастар (аргиллиты)

Химиялық шөгiндi жыныстар. Химиялық жолмен пайда болуы шөгiндi жыныстар ерітіндiлермен, континентальды судың тұнбаларында жүзеге асады. Олар 1 шақпақтасты; 2 карбонатты; 3 темiр тау жыныстар; 4 әр түрлi тұздар – хлорид, сульфит, нитрат т. б. бөлiнедi. Бұлардың iшiнен калийлi тынайтқыштар алу үшiн карналлит және сильвинит қолданылады. Физика - химиялық қасиетiн жақсарту үшiн карбонатты және сульфатты (гипстi) тау жыныстарды қолдануға болады.

Органогендi тау жыныстары. Әртүрлi жануарлар мен өсiмдiктердiң өмiр сүру барысында пайда болған. Мысалы, көмiр.

Күлгiн көмiр – ағашты өсiмдiктердiң көмiрленуінiң нәтижесi. Көмiртегi мөлшерi 70 % дейiн. Тығыз, қара-күлгiн негiзi қара, ұнтақ масса. Жылтыр емес.

Тас көмiр – өсiмдiк қалдықтарының ауасыз жиналуының нәтижесi. Көмiртегi мөлшерi 82 %. Күлгiн көмiрден де тығызырақ, қара, қолды кiрлететiн, жарқылы жоқ, ұнтақ.

Антрацит – көмiртегi мөлшерi 95%. Өте қатты, сұр-қара түстi, күштi, жартылай металды жарқылы бар таужыныс. Тығыз, қолды былғамайды.

Мұнай – майлы сұйықтық, майлы қолға жұғады. Қоңыр, негiзi қара түстi. Көмiр, газ, мұнай т б жанатын органикалық жолмен пайда болған тау жыныстарды – каустобиолиттер деп атайды. Өңдеуден өткен соң бұлардың кейбiреулерiнен ауыл шаруашылығы техникасына қажеттi жанармай алынады. Көптеген органогендi тау жыныстар агрорудалар болып табылады.

Торф – су астындағы өсiмдiктердiң анаэробты жиналуынан пайда болған. Каустобиолиттер тобына жатады. Кеуектi, әр түрлi сатыдағы өсiмдiк қалдықтарынан тұратын түзiлiстер. Торфты қимен бiрге және минералды тыңайтқыштармен колдану бiрден ауыл шаруашылық дақылдарының өнiмiн арттырады. СКО торфты батпақтарында және орманды-дала аймағындағы көлдерде: Двоеденное көлi, Черное батпағында т. б. кездеседi.

Сапропели – торф сияқты орманды даланың көлдерiне тән, сұйык, сұйық органикалык немесе органикалык емес заттардың күрделi құралының, яғни құрамына 25 элементке дейiн кіретiн түзiлiс. 15% сапропелдi тыңайтқыш картоппен қатар ол минералды – витаминдi қорек ретiндi кұстар мен басқа жануарларға пайдалы. Торф пен сапропели жергiлiктi тыңайтқыштар. Көптеген шаруашылықтар әкелiнетiн тыңайтқыштарды колданады, олардың шикiзаты келесi агрорудалар.

Фосфориттер. Көп ғалымдар пайда болуын өткен геологиялық дәуiрдiң қалдығына жатқызады. Кристалды фосфориттерде 65 –80% дейiн фосфорқышқылды кальций болады. Бұған ҚР-дағы Қаратау фосфоритi жатады. Аморфты фосфориттерде фосфорқышқылды калий 20 –60%, олар суда еридi. Тыңайтқыш ретiнде қышқылды, ақшыл-күлгiн орманды-дала топырақтарында қолданылады. Бұл жерде фосфориттi 2-3 мөлшерде гектарына колдану биiк өнiм бередi.

Вивианит – фосфат, темiр қышқылы. Таза күйiнде сирек кездеседi. Әдетте басқа қосылыстармен бiрге кездеседi. Бұл қосылыстарды «батпақты фосфаттар» деп атайды. Көбiне торфпен бiрге кездеседі, торфовивианит деген тыңайтқыш түзедi. Вивианит шоғырлары шымтезектік батпақтарда, сонымен қатар глеевті батпақтарда және топырақта кездеседі. Олардың шоғыры 0,5 тереңдікте батпақтарда жиналады. Вивианит “көк темір руда” түрінде жиі кездеседі. Шымтезек батпақтарында батпақ фосфаттарын кездестіруге болады.

Әкті агрорудалар.

Әктастар. Тау жыныстың түсі әдетте ақ немесе ақшыл-сары, бірақ араласып келуіне байланысты әртүрлі, тіпті қара да болуы мүмкін. Тау жыныс организмдер қалдықтарынан түзілгенін айқын аңғаруға болады. Егер организмдер қалдығынан түзілген әктасты анықтауға болса, онда осыған қарап оған ат қойылады. Әктастың келесі түрлері бар.

Ракушечник әктастар – негізінен бүтін және сынған моллюскалар бақалшақтарынан тұрады. Әктен басқа, бұл тау жынысты құрылыста және әбзерлеуші материал ретінде қолданады. Мысалы, онымен СҚМУ №4 корпусы және т.б. Петропавл қаласындағы ғимараттар зерленген.

Маржанды (кедертасты) әктастар – кедертасты маржанды құрылыс.

Фузулинді әктас ұсақ тамыраяқ бақалшақтардан тұрады. Яғни, фузулиндердің пішіні бидайға ұқсас. Әктастың басқа да түрлері бар: Бор ақ түсті таужыныс. Саусақты кірлетеді және тұз қышқылында қайнайды. Бор карбонат кальциінен және көптеген ұсақ қабықты – тамыраяқтар – фораминифердер және т.б. тұрады. Әкті тыңайтқыш жасау үшін әктаспен борды үгітеді. Олар биологиялық қышқыл топырақты нейтрализациялаудың радикалды құралы болып есептелінеді.

9билет

1)Магмалық тау жыныстары.Магмалық тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабаттарында) және эффузивтік (жердің беткі қабатында) болып екіге бөлінеді.

Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.

Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте.) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.

Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.

Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буының қатысуымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардың кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.

Эффузивтік жыныстар жердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы өте тез. Оның құрамындағы газдар мен су буы тез ұшып кетеді де, ал минералдық қосындылар кристалдар құрап үлгермейді. Сондықтан эффузивтер көпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекеленген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мұндай жағдайда порфирлі құрылым құралады.

Эффузивтік тау жыныстары кеуек түтіктер мен қуыстар түріндегі (көбікті, миндалинді-тасты) және флюидалдық текстуралар құрайды..

Кристалдану дәрежесіне қарай магмалық тау жыныстары толық кристалданған және жартылай кристалданған болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің (ірілі-ұсақты) салыстырмалы көрсеткіштеріне қарай, олар біркелкі түйіршікті (минералдық түйіршіктері бірдей болып келген жағдайда) және әркелкі түйіршікті құрылымдар болып бөлінеді. Сонымен қатар, минералдық түйіршіктердің ірілі-ұсақты абсолюттік мөлшері бойынша:

  • ірі (>5 мм),

  • орта (2—5 мм)

  • ұсақ түйіршікті (2 мм-ге дейін) құрылымдарға ажыратуға болады.

Магмалық жыныстарды түр-түсіне қарай да ажыратуға болады. Мысалы қышқыл жыныстар — ашық түсті (лейкократты); негізді және ультранегізді жыныстар қою көк немесе қара түсті (меланократты); орта қышқылды жыныстар ашық сұр және сұр түсті болып келеді. Тау жыныстары тығыздығына қарай да ажыратылады. Олар қышқыл жыныстарынық ультранегізді жыныстарына қарай 2,6—2,7-ден 3,3-ке дейінгі аралықта өзгереді.

Интрузивтік тау жыныстары. Жердің ішкі терең қабаттарында кристалданған магмалық тау жыныстары (интрузивтік) ең алдымен құрылымдық (толық кристалданған) және орналасымдық ерекшеліктерімен (тығыз орналасқан массивты ерекшеліктерімен) ажыратылада. Одан ары қарай, олар химиялық (кремний тотығының мөлшеріне қарай) және минералдық құрамы бойынша жеке топтарға жіктеледі.

Желілік жыныстар (мысалы, аплит, пегматит) тамыр-секілді тарамдалып, интрузивтік массивтердің, маңайында (көпшілік жағдайда) жер қыртысынын, жарықтары мен жарықшақтарын бойлай түзіледі.

Интрузивтік тау жыныстарының жіктелуі.

Авгит өте ұсақ түйіршіктерден тұратын, тақталанып жұқа плиталар түрінде құралған, құрамы граниттік (кварц, дала шпаттары және слюдалар) ашық түсті жыныстар. Ал пегматит дала шпаттары, кварц және слюдалардың (мусковит, кейде биотит) өте ірі кристалдарынан тұратын, өзіндік (пегматиттік) ерекше құрылымымен сипатталатын тау жынысы.

Эффузивтік тау жыныстары. Жер бетіне шығып ақтарыла төгілген вулкандық лаваның суынып - қатаюынан пайда болған эффузивтік тау жыныстары жартылай кристалданған құрылымымен және кеуек - қуысты (көбікті, миндалинді-тасты) флюидальдық орналасымымен ажыратылады.

3) Су зрозиясы көлденең немесе беткі және тік немесе жыралық болып екі түрге бөлінеді. Сондай-ақ ағын сулар түрлеріне қарай еріген, жаңбыр немесе суару аркылы келетін сулар себеп болған эрозия түрлерін боледі.

Су эрозиясы құрлық бетінде су ағыны әсерінен және бедір жағдайларына (беткейлердің 6ұзындығына, еңістігіне, мүсініне және экспозициясына) байланысты өтеді. Топырақтың шайылуы беткей ылдыйлығының 1,5-20 –нан басталады, ал 30 –тан жоғары ылдыйларда ол айқын жүре бастайды. Беткей ұзындығы өскен сайын, одан ағатын сулар мөлшері көбейіп, топырақтың шайылу қаупі арта түседі

Орман мелиоративтік шараларға әр мақсатта ағаш отырғызу жатады, олар мыналар: егістікті желден корғайтын орман жолақтары; беткейлі құрлық бетіндегі су ағындарын бөгейтін бұталар өсіру; жарлы беткейлерді орман ағаштарымен бекіту; өзендер, көлдер және каналдар бойына, лай басып немесе орып кетпеу үшін, ағаштар отырғызу; аса эрозияланған немесе эрозиялық кауіпі бар жерлерді (құмдар, ылдыйлау беткейлер және т.б.) ормандармен бекіту.

Гидротехникалық шараларды тек басқа эрозиялық әдістер нәтиже бермеген жағдайда қолданады. Олар гидротехникалык құрылыстар: беткейлерді сатылау, жарлар дамуын тоқтату үшін беткі және жар етегіндегі суларды бетонды лотоктармен (қалақпен) жүргізу, жарларды жайпақтау және т.б.

Топырақ қорғаушы шаралар жүйесі аймақтар егін шаруашылығы мен табиғат жағдайы ерекшеліктеріне сәйкес жасалынады. Эрозияға қарсы шаралар құрамы территория дымқылдығына, өніп-өсу кезеңінің ұзындығына, құрлық бедеріне, басым эрозия түрлеріне және топырақты пайдалану бағытына карай аныкқталады. Дымқылды аймақтағы агромелиоративтік шаралар жүйесінде фитомелиоративтік әдістің маңызы зор. Көпжылдық өсімдікті сүрі өсімдікпен тосқауылданған белдеу, топырақты арнаулы әдіспен өңдеу және оның су эрозиясына шалдығу қауіпін азайтатын гидромелиоративтік әдістер қолдану керек. Топырақ эрозиясымен күресуде фитомелиоративтік әдіс жетекші орын алады.

Суармалы топырақтарды ирригациялық (жасанды) эрозиядан қорғауда егін суару мен өңдеу әдістерінің мәнісі зор.Топырақ қорғау шараларының нақты әдістерін, аймақтық ылғалдану жағдайлары, топырақ эрозиясының түрі мен дәрежесіне (беткі немесе тік эрозия, қар суы немесе нөсер жаңбыр әсерінен болатын эрозия, дефляция) сәйкес қолданған тиімді. Сондай-ақ, нарыққа көшуге байланысты уақ жеке шаруа шаруашылықтар жер үлесінде өтелетін эрозияға қарсы топырақ өңдеу әдістерін ұсыну алымдар міндеті