Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс.doc педагогика.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Педагогикалық процестегі қарама-қайшылықтарды атаңыз.

  2. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама жасаңыз.

  3. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің мәнін ашыңыз.

Ұсынылған әдебиеттер

1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

  1. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.

  2. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003

27 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалім әрекетіндегі педтехнологиялар

Дәріс мақсаты: Педагогикалық технологиялар туралы толық білім қалыптастыру.

Дәріс жоспары:

1. Технология ұғымына түсінік 2 . Педагогикалық технология.

  1. Педагогика технологиясының түрлері.

  2. Жаңа педагогикалық технология ерекшеліктері.

  3. Дәстүрлі оқыту технологиялары.

Негізгі ұғымдар: технология, инновация, педагогикалық технология.. интерактив пікірсайыс.

«Интерактив» сөзі ағылшын тілінен енген, «интеракт» - өзара әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Интерактив - өзара әрекет ету, пікірлесу, сұқбаттасу.

Тәрбиеде интерактивті әдістерді қолдану – субьект пен субьект арасындағы пікірлесу, өзара іс-әрекетке түсу. Бұл әдісті қолдану барысында барлық оқушылар педагогикалық үдеріске қамтылып, өздерінің белгілі мәселе төңірегіндегі түсініктері мен ойларына сырт көзбен қарауға мүмкіндік алып, өзінің зияттық әлеуетін анықтайды.

Тәрбие үдерісіндегі оқушылардың өзара әрекеттесу қызметіне қойылған мақсатқа сай, әр қайсысы өзіндік пікірін білдіріп, пікір алмастырып, түрлі іс-әрекет тәсілдерін игереді. Осының бәрі өзара бірлесу, бір-біріне қолдау көрсету атмосферасын орнықтырады. Сөйтіп, олар жаңа түсінікті қабылдап, танымдық қызметін дамытып, өзара ынтымақтастықтың жоғары формасын қалыптастырады.

Тәрбие барысындағы интерактивті қызмет – пікірлестік қарым-қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды қажет етеді. Сонан әр оқушы жүктелген міндетті өзара түсіністікпен шешіп, ортақ шешім қабылдауға жаттығады.

Интерактивті әдісте барлық оқушылардың пікірі бірдей ескеріледі, онда жеке пікір басымдылық танытпауы тиіс.

Пікірлестік қарым-қатынас барысында оқушы сындарлы ойлайды, кез келген күрделі мәселені, ақпаратты талдау, баламалы пікірлерді шамалау, дұрыс шешім қабылдауға, сұқбаттасуға қатысып, өзара үйлесімді қарым - қатынас орнатуға үйренеді.

Пікірсайысты ұйымдастыру үшін нақты тақырып белгіленуі шарт. Пікірсайыс барысында мұғалімге жетекші рөл жүктеледі.

Тұлғалық бағдарлы тәрбие технологиясында дара, жұптық, топтық жұмыстар, зерттеу жобасы, имитациялық әдістер, рөлдік ойындар, әр түрлі ақпаратпен танысып талдау, шығармашылық жұмыстар кең ауқымда қолданылады.

Мимен батыл әрекет ету әдісі. Мимен батыл әрекет ету үшін мұғалім не істеу керек? Мимен батыл әрекет етудің педагогикалық мақсаты – оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру.

Алғашында топты мимен батыл әрекет етудің ережесімен таныстыру керек. Мақсатты қысқа сөзбен немесе сөйлем түрінде айтып, тақтаға немесе плакатқа жазып қою қажет.

Қатысушыларға мимен батыл әрекет етудің уақыты мен ережесін, қадағалау ескертіледі.

Ережені көрнекті етіп жазып, іліп қоюға болады.

Қатысушылардың ұсынған идеяларының тізімін жазып болғаннан соң, әр қатысушыға тізімдегі ұсынысқа өз пікірін білдіруге, сын айтуына мүмкіндік беріледі. Сын пікір айтылғанда қарсы сөйлеуге тыйым салынады.

Ұсынылған идеялардың қорытындысын, айтылған сын пікірлерге жауапты мимен батыл әрекет ету тобының жетекшісі түйіндейді.

Мамандар осы әдісті қолданғанда қатысушылардың тиімді ойлануы үшін оларды психологиялық тұрғыдан дайындап, музыкалық әуен қосып, талқыланатын мәселеге қатысты суреттерді пайдалануды ұсынады.

Мимен батыл әрекет ету әдісінің жетістіктері:

1.Мимен батыл әрекет ету барысын да шығармашылық тұрғыдан ойлауға мейілінше мүмкіндік беріледі.Ойды жинақтау көңілді, шығарма шылық ортада өтеді. Ереженің сақталуы тиімді қызмет етеді.

    1. Қатысушылардың белсенділігі артады, өздерін тең санайды, талқылауға қатысады, жаңа идеяларды игереді. Бұл әдіс оқушының қиялы мен интуициясын жетілдіріп, шектеулі ойлау жүйесінен шығарады, көңіл-күйі жақсарады, өзіне сенімі артады.

    2. Қалыпты ойлау жүйесінен шығарады. Өзара әрекеттесу синергетикалық эффект береді. Бөтен идеялар толықтырылып, шығармашылық идеялар іріктеледі.

    3. Мимен батыл әрекет ету көп идеяларды ұсынатындықтан қалыпты ойлау жүйесінен шығарады, тиімді идеяларды бөліп алады.

    4. Мимен батыл әрекет ету – қарапайым әдіс, оны тез түсініп қолдануға болады. Бұл әдіске күрделі құралдар, арнайы орта ұйымдастыру қажет емес.

Кемшіліктері :

  1. .Қатысушылар әр түрлі идеяны ұсынуына байланысты, берілген тақырыптан алшақтық байқалады.Түрлі идеялардың басын біріктіріп, қажетті идеяны анықтау қиынға соғады. Бұл әдіс белгіленген идеяны толығымен ашпайды.

  2. .Қатысушылардың саны көп болғандықтан соңғы нәтижеге бәрі жауапты. Егерде ұсынатын идея болмаса, уақыт зая кетеді. Ал бәрін де идея болса, оны талқылауға көп уақыт кетеді.

  3. .Қатысушылар топтық жұмыста ынтымақтасып жұмыс жасауға үйренбегендіктен, тыңдаушылар олардың жауаптарына қанағаттан байды. Кейбіреулері шығармашылық үдерісте дайындығы төмендерді пайдаланып, идеяның авторы болғысы келетіндер де болады

  1. Ұсынылған көп идеялардан белгілі мақсатты шешуге арналған идеяны бөліп алу қабілеті төмен болғандық тан қиындық тудырады.

  2. Егерде бұл технологияны дайын дығы төмен мұғалім немесе тәрбие жетекшілері жүргізсе, көріп, тыңдап отырған топ мүшелерінде өзінің әлсіз тұстарын көрсетіп қаламын ба, деген қорқыныш пайда болып, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

Мимен батыл әрекет ету әдістерінің түрі көп, оларды әр түрлі жағдайда қолдануға болады.

Брейнрайтинг. Бұл терминді неміс ғалымдары енгізген. Бұл әдіс мимен батыл әрекет ету техникасына негізделген. Топтың мүшелері өз ойларын ауызша емес, жазбаша түрде білдіреді. Олар жазған парақтарын өзара ауыстырып, толықтырады. Көршісінің идеясы оған ой түрткі болып, өз идеясын жазады. Сөйтіп, топ мүшелері 15 минөт аралығында идеяларын жинақтайды.

Ойды қағазға жазудың ережесі бар: мейілінше көп идея жазу, жазылған идеяны сабақ соңына дейін сынға алмау және ой түрткіге қолдау көрсету.

Белсенді тәрбие әдістерінің белгілері: тәрбиеленушінің ойы мен іс-әрекетін белсендіруге міндеттеу; кері байланыстың болуы; жұптық немесе топтық пікірлесу; жоғары көңіл-күйдің болуы; рефлексия.

Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде қолданылатын педагогикалық технологиялар жіктемесі.

2-кесте . Педагогикалық технологиялар жіктемесі (М. Новик)

Имитацияға жатпай тын технологиялар

Имитациялық технологиялар

Ойынға жатпайтын технологиялар

Ойын технологиялары

Проблемалық дәріс

Нақты жағдаятты талдау

Ойын арқылы жобалау

Проблемалық семинар

Имитациялық жаттығу лар

Іскерлік ойындар:

оқу, өндірістік, зерттеушілік

Тақырыптық пікірсайыс

Тренинг

Рөлдік ойындар

Дөңгелек үстел

-

Ұйымдастырушы ойын

дар: жаңашыл (проблемалық-іскер лік ) ойды дамытуды ұйымдастыратын

Мимен батыл әрекет ету

-

-

Имитация - латын сөзі, бір нәрсеге, үлгіге, өлшемге ұқсату, қоғамдағы немесе табиғаттағы белгілі бір құбылысты ұқсату арқылы бейнелеу, сипаттау.

Педагогикалық үдеріс әдістерінің бірі – дәріс оқу. Дәріс оқуда проблемалық әдістің екі жақты қыры бар екенін ескерген абзал:

ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни қойылатын проблеманы шешу амалдарына шәкірттердің назарын аудару;

шәкірттің жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу іс-әрекетінің белсенділігін арттыру.

Проблемалық оқытуда оқытушының басшылығымен проблемалық ситуацияларды жасай отырып, оны шешу жолында оқушылардың дара іс- әрекетін қалыптастыру, соның нәтижесінде білім, біліктер мен дағдыларды шығармашылықпен игеру, ақыл- ой қабілеттерін дамыту іске асады.

Проблемалық оқытудың мақсаты ауқымды: ғылыми таным нәтижелерін және оның жолдарын меңгертеді; оқушының танымдық даралығын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады; білім, білік, дағды жүйелерін меңгертіп, дүниетанымын қалыптастырады.

Проблемалық жағдаяттар белсенді әрекет барысында, материалдың танымдық жаңалығын, маңыздылығын баса көрсететін оқытушының қоятын сұрақтарының көмегімен туады. Проблемалық жағдаят педагогикалық үдерістің барлық кезеңдерінде түсіндіру, бекіту, бақылау барысында қолданылады.

Тақырыптық топтық пікірсайыс технологиясының мүмкіндіктері:

  1. Пікір сайысқа қатысушылар мәселенің әр түрлі қырын көреді.

  2. Жаңа ақпаратты қабылдау үшін пікірталасқа қатысушылардың өзіндік ұстанымдарын анықтау қажет.

  3. Ашық пікір білдіру барысында эмоциядан арылу арқылы шиеленіске жол бермеу.

  4. Топтық шешім қабылдау (қатысушы топ өкілдерінің пікірі ортақ, өйтпесе қайшылық туады).

  5. Барлық қатысушылардың жауапкершілігін арттыру арқылы топтық шешім қабылдау.

  6. Пікр сайысқа қатысушылардың шешімін құрметтеу, біліктілігі мен мәдени қарым- қатынастарын бағалау арқылы топтық шешім жасауға қызығушылықтарын арттыру.

Имитациялық ойынға жатпайтын нақты жағдаятты талдау технологиясының негізгі белгілері: күрделі мәселенің болуы; топтардың мәселені шешуі; мәселені тексеру сұрақтары; әр топтың шешімін талдау; - қорытынды жасау.

Имитациялық ойындар: ойын арқылы жобалау, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, тренингтер, т.б. Мысалы, ойын арқылы жобалау технологиясының негізгі белгілері:

күрделі мәселенің немесе мақсаттың болуы; рөлдерді бөлу; топтардың түрлі шешім қабылдауы; топтардың түрлі шешімдерін кеңес отырысында қорғауды бейнелеу.

Рөлдік технологиялық ойындардың белгілері: күрделі мақсат немесе мәселенің болуы;

- қатысушылардың түрлі қызығушылықтарының болуы; рөлдерді бөлу; пікірлесуді ұйымдастыру; түзету мүмкіндіктерін ендіру; қорытындылау.

Оқу-әдістемелік құралдың келесі бөлімінде тұлғалық бағдарлы тәрбие технологиясының сабақ үлгілері берілген. Онда оқушы жастарды ойландыратын және белсенді іс-әрекетке бағдарлайтын проблемалық мәселелер қойылып, оларды шешу, өзіндік пікірін көпшілік талқысына салу, өз мүмкіндіктерін бағалау, яғни субьектілену үдерістерін ұйымдастыру жолдары көрсетілген.

Бүгінгі қоғамдағы өзекті проблемаларға жеке тұлғаның тұлғалық бағдары алынып, олардың өзіндік ұстанымын ізгілік, демократиялық, жауапкершілік принциптер негізінде қарастыру жүзеге асырылады.