- •1 Модуль. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •№2 Дәріс. Адамзат дамуының ерте кезеңіндегі тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары:
- •Үнділік (б.З.Д. 1- мыңжылдық) білім берудің касталық жүйесіндегі мектептер:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Ежелгі Египет (б.Э.Д. 3-2 мыңжылдық) мектептері:
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •№6 Дәріс. Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары:
- •№ 7 Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы
- •К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс жоспары:
- •В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистiк педагогикалық идеялары
- •Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм берудiң iске асырылуы (1960-1980 ж. Ж.)
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •№9 Дәріс. Қазақстан тарихында мектептің тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғ.Ғ. Қазақ хандығы кезеңі)
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •№12 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және оның әртүрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі
- •Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •III модуль.
- •Дәріс жоспары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •№14 Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Дәріс жоспары:
- •Педагогикалық процестегі мұғлім мен оқушының өзара іс-әрекетінің мазмұны.
- •Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№16 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі Жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Дәріс жоспары:
- •Базалық мәдениеттi қалыптастыру жүйесiндегi азаматтық тәрбие
- •Патриоттық тәрбие. Ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№18 Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№19 Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі
- •Жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№20 Сынып жетекшісі –сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Жоспары:
- •Отбасында балалардың және ата-аналардың өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№22 Тұтас педагогикалық үдерістің құрлымындағы оқыту
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№23 Қазіргі мектептегі білім мазмұны
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылуға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •№24 Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін - өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№25 Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •IV модуль. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№30 Қр 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайын басқарудың жаңа тәсілдері
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама.
В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистiк педагогикалық идеялары
Василий Александрович Сухомлинский 33 жыл бойы өмiрiнiң соңына дейiн Павлыш мектебiнде директорлық қызмет атқарған жылдарын «ең үлкен, ешнәрсемен салыстыруға келмейтiн бақыт» деп жазды.
1958 жылы В.А.Сухомлинский кандидаттық диссертация қорғап, директорлық қызметiн сол Павлыш мектебiнде жалғастыра бердi. 1968 жылы КСРО Педагогикалық академиясы оны өзiне ғылым корреспондент мүшесi етiп сайлады. Ол педагогикаға саласына арналған 38 кiтап жазып шығарып, бiрнеше басылмаған еңбектердiң қолжазбасын даярлады.
В.А.Сухомлинскийдiң еңбектерi әлемдегi халықтардың 40 тiлiне тәржiмаланды. Ол - тәрбиенiң теориясы мен тәжiрибесiне, дидактика мен мектептануға зор үлес қосқан белгiлi ұстаз. Ол тәжiрибе мен теорияны ұштастырған талантты педагог болды, өмiр бойы селолық мектепте ұстаздық қызмет еттi. Оның қызметiндегi ең маңызды нәрсе - педагогтың өз кәсiбiне шығармашылықпен қарауы әлеуметтiк мәнi зор мәселе болды.
В.А.Сухомлинский басты назары жас ұрпаққа азаматтық тәрбие беру болды. Ол тәрбие үрдiсiнде ұжымды қалыптастыру теориясын жетiлдiрiп, ұжымдағы жеке оқушымен жұмыс жасау әдiстемесiн жасады. Ұжымның бай рухани өмiрiн қалыптастыру өте күрделi: ол әр оқушының рухани өмiрiн қалыптастырып, ұжымдық «рухани байлыққа» айналып, одан жеке оқушыға әсер етiп, үнемi бiр-бiрiнiң дамуына өзара ықпал ететiн терең байланыстар орнатады» деп көрсетеді.
В.А.Сухомлинский – халық дәстүрі мен, фольклорының, табиғаттың тәрбиелiк ықпалын терең зерттеп, педагогикада өзiндiк қолтаңбасын қалдырған педагог. Ол «Балаларға жүрек жылуы» (1969) атты еңбегiнде тәрбиешi қызметiнiң нәтижелi болуы - балаларды жан-жақты дамытуға, олардың рухани өмiрi мен әр баланың даму ерекшелiгiн терең бiлуге байланысты дедi.
Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм берудiң iске асырылуы (1960-1980 ж. Ж.)
1960-1970 жылдар аралығындағы бiлiм саласындағы басты мiндеттер төмендегідей еді: жалпы мiндеттi орта бiлiм берудi жүзеге асыру; мектептегi бiлiм мазмұнын жаңарту; оқу үрдiсiн жетiлдiру және оқушыларға коммунистiк тәрбие беру болды. Жалпы мiндеттi орта бiлiм беру үрдiсiн жүзеге асыру бiрнеше кезеңге бөлiнiп жүргiзiлдi.
Орталық партия комитетi мен КСРО Министрлер Кеңесiнiң 1966 жылғы 10 қарашада «Орта бiлiм беретiн мектептiң жұмысын жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулыда жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң материалдық-техникалық базасын жақсарту (жаңа типтi мектеп үйлерiн салу, жаңа мазмұнды оқулықтар даярлап, басып шығару, мектеп кабинеттерi мен шеберханаларын оқу жабдықтарымен және спорт құралдарымен жабдықтау), жоғары сынып оқушыларын мектепке толық тарту үшiн мектеп жүйесiн тиiмдi орналастыру шаралары қарастырылды. Сегiзжылдық мектептi бiтiрген оқушылар оқуын өз еркiмен кәсiби-техникалық және орта арнайы бiлiм беру оқу орындарында жалғастыруы көзделдi.
Осы қаулыға байланысты оқу-тәрбие үрдiсiн қайта құру қарастырылды: бұрын ғылым негiздерi V сыныптан бастап оқытылса, ендi IV сыныптан бастап оқытылатын болды; мектепте оқытылатын ғылым негiздерiне қосымша оқу жоспарына VII сыныптан бастап кейбiр пәндерден оқушылардың таңдауымен факультативтiк курстар енгiзiлдi.
Кейбiр мектептердiң жоғары сыныптарында физика, математика, кейiннен химия, биология, гуманитарлық пәндердi саралап оқыту жүргiзiлдi.
Жақсы жабдықталған селолық мектептерде жоғары сынып оқушылары машина, трактор, комбайн және ауылшаруашылық машиналарды жүргiзудi игердi. Мектептегi тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыратын педагог штатқа алынды.
Осы жаңалықтардың мектепке енуiне байланысты 1970 жылы Орта мектептiң жарғысы қабылданды. Қорыта келгенде, жастарға орта бiлiм беру халық шаруашылығында жұмыс жасай алатын кәсiби даярлықпен ұштастырылды.
Оқу орындарының жаңа типтерi. 1959 жылдан жалпыға мiндеттi сегiзжылдық мектептiң санының артуына байланысты толық орта мектеп саны да арта түстi. Одақтың географиялық және экономикалық жағдайына байланысты халық сирек орналасқан жерлерде шағын комплектiлi мектептер сақталып қалды, бұл арада бастауыш сынып оқушыларын отбасында тәрбиелеу қажеттiгi ескерiлдi.
Халықтың тұрмыс жағдайының көтеріле түсуіне байланысты балаларды жан-жақты дамыту, бала мен ананы материалдық жағынан қолдау қызметi, қоғамдық бала бақша мекемелері жүйесiнiң өрбуi, балалар ағзасының ертерек жетiлуi, бастауыш мектептiң берілетін бiлiм көлемiн төмендетпей, төртжылдық оқудан үшжылдыққа өтуiне мүмкiндiк бердi. Педагогика, психология ғылымдарының және бастауыш мектепте оқыту әдiстемесiнiң жетiстiктерiнiң арқасында бастауыш сынып оқушыларының бiлiм деңгейi соңғы жылдары артқаны байқалды.
Сегiзжылдық мектеп сол кезеңдегi баланы жан-жақты дамыту, ғылыми бiлiм беру, саяси- идеялық, еңбек, эстетикалық тәрбие мен оқушыларға кәсiби бағдар беру мiндеттерiн шештi. Қалалық және селолық жерлердегі орта мектеп саны өсті, бастауыш және сегiзжылдық мектептердiң саны қысқарды, яғни мектептер iрiлендiрiлдi. Мектеп оқушыларға кәсiби бағдар берiп, еңбекке тәрбиелеу мен оқытуда үлкен жетiстiктерге жеттi. Еңбек пәнiнiң мазмұны мен оқыту әдiстерi жетiлдiрiлiп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Ол үшiн қоғамдық ұйымдар, кеңестiк атқару комиттеттерi, өндiрiс ұжымдары көмек бердi. Жоғары оқу орындарында еңбек мамандарын даярлайтын факультеттер мен индустриялы- педагогикалық техникумдар ашылды. Мектеп аралық оқу-өндiрiстiк комбинаттар (ОӨК) қалыптасып дамыды, олар тұрақты қаржымен қамтамасыз етiлiп, онда қызмет етуге жергiлiктi өндiрiс орындарынан бiлiктi мамандар тартылды. Көптеген өндiрiс орындары оқу-өндiрiстiк комбинаттарды нығайтып дамытуды өз қамқорлығына алды.
Қорыта келгенде, Одақ кеңістігінде халыққа бiлiм беру жүйесi жаңа типтi тәрбие-бiлiм беру жүйесiмен толықтырылды.
Оқытудың белсендi әдiстерiнiң дамуы және бiлiм берудi жетiлдiру. 1970 жылдары қоғамдағы ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мектептегi бiлiм мазмұны мен оқыту әдiстерiн жетiлдiру мәселесiн алға тартты. Сондықтан мектепте оқытылатын ғылым негiздерiн ғылым мен практика жетiстiктерiне сәйкестендiру қажеттiгi туындады.
Оқыту мазмұны мен оқытудың теориялық деңгейiн арттыру жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаңа оқу жоспарын, бағдарламаларын, оқулықтарын қайта даярлау жұмыстарын қажет еттi. Осы жұмысты жүзеге асыру үшiн Кеңес одағының барлық бiлiм саласының iрi ғалымдары, белгiлi әдiскерлерi, озат тәжiрибелi ұстаздары қамтылды.
70-ші жылдары ғылым мен халық шаруашылығының жетiстiктерiн ескере отырып, жалпы бiлiм беретiн мектептiң барлық сатыларындағы ғылым негiздерi жаңа мазмұнда құрылды.
Бастауыш сыныптағы оқу бағдарламалары оқушылардың ойлау қабiлетiн арттыруға бағытталды. Оқу материалдары оқушылардың ойлау қабiлетi мен қорытыды жасау мүмкiндiктерiн дамытуға, өз ынта, қызығушылығымен фактыларды бақылай отырып, шешiм iздеу мақсатын қойды. Бастауыш сынып бағдарламалары мұғалiмдердi оқушылардың өзiндiк жұмыстарын және оқу қызметiн ұйымдастыру мәдениетiн арттыруға бағыттады.
Оқытудың жаңа мазмұнға өтуi оқу жоспарындағы гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің сағаттарын өзгерттi, соңғысының сағаттары көбейдi.
1977 жылы қабылданған мектеп құрылысына байланысты үкімет қаулысында оқу бағдарламалары мен оқулықтарын оқушыларға түсiнiксiз күрделi оқу материалдарынан арылту шаралары ұсынылды. Оқытудың жаңа мазмұнға өту тәжiрибесiнде байқалған мәселе, тиiмдi нәтижеге жетудiң басты құралы - оқытуды ұйымдастыру мен оқыту әдiстерi екенiн көрсеттi.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердiң негiзгi бағыттары. 1960-1970 ж.ж. әлемдегі ғылыми-техникалық жетiстiктер, экономиканы дамытуды және кеңестiк қоғамды демократияландыру жағдайында бiлiм мазмұнын өзгерту мәселесiн алға қойды. Осыған орай 1960 - 1970 ж. ж. жалпы міндетті орта білімге көшу, мектеп саясатының басты мәселелерінің бірі болды.
Жалпы орта білім беру тұжырымдамасындағы басты мақсат – жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені меңгерту болды (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин). Білім мазмұны қоғамның әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс еді.
Дидактикалық теорияларды жетiлдiрiп зерттеген ғалымдар қатарында В.В. Краевский, Лернер И.Я., М.Н. Скаткин, М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, Ю.К.Бабанский, т.б. болды. Бiлiм мазмұнын жетілдіруге байланысты негiзгi идеяларда: бiлiм беру уақыт талаптарына лайық құру, оқытудың ғылыми негізін күшейту; оқу үлгерiмiнiң сапасын арттыру мәселелеріне басты назар аударылды. Өкінішке орай, сол кезең талаптарына лайық белгіленген осы маңызды мәселелер күнделiктi тәжiрибеде өз шешiмiн таппады. Оқушыларға ғылым негiздерiн оқыту практикалық жағынан қиындық тудырды.
Л.В. Занков түсiнiктiлiк принципiн жетiлдiрiп, оқытуды жоғары қиындық деңгейде және материалды жоғары қарқынмен оқытуды ұсынды. Ол оқу жұмысының тиiмдiлiгi оқушының ақыл- ойының дамуын қамтамасыз етумен және кездескен қиындықты жеңе бiлуiмен iске асырады деп
есептеді. Ақыл-ой, таным үрдiсi оқушының зейiн қою қабiлетiн, талдау-жинақтау әрекетiн және ерiк- жiгерiн жетiлдiрудi қажет етедi. Оқытуды жоғары қиындық деңгейiнде жүргiзу - оқушыны белсендi танымдық iс- әрекетке жұмылдыру, бiлуге ынталандыру, қажеттi мөлшерде шығармашылық жаттығулар берiп, ақыл-ойын жаттықтыру, яғни жақсы және нашар оқитын оқушыларды оқу еңбегiне бiрдей жаттықтыру.
Л.В.Занков ұсынған түсiнiктiлiк принципiн практикада кең мағынада қолдану, оқу мазмұнының көлемiн ұлғайтып, теориялық деңгейiн күрделендiрдi. 60-70-ші жылдары дамыта оқыту теориясы оқушының ақыл-ой қабiлетiн дамыту әдiс- тәсiлдерiне барынша көңiл бөлгенімен, оқыған материалды есте сақтатуға жете назар аудармады. Дидактикада оқу материалын есте сақтау деген мүлде естен шығарылып, ол механикалық жаттау ұғымымен теңестiрiлдi. Оқу-танымдық үрдiс барысында оқушының материалды игеруi үшiн есте сақтау қабiлетi қалыптасуы тиiс, өйтпесе ешқандай бiлiм көлемiн игеруге болмайтыны белгiлi.
Сонымен, үлкен үмiт артқан дамыта оқыту теориясы тиiмдi нәтиже бермедi. Оқушылардың оқу үлгерiмi төмендеп, оқу үлгерiмiн пайызға шағу, бағаны көтермелеп қоюға әкелiп соқты. Дидактикада И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқушылардың оқу-танымдық әрекетiн арттыру үшiн оқыту әдiстерiнiң маңызына назар аударып, оларды топтастыруға ат салысты. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында оқу материалдарын түсiндiрiп - көрсететiн немесе ақпаратты - рецептивтi (рецепция - қабылдау) әдiстер: әңгiме, лекция, түсiндiру, оқулықпен жұмыс, суреттердi қолдану, диафильмдердi пайдалану; репродуктивтi (бiлiмiн практикада қолдана бiлу, алгоритм бойынша жұмыс жасау, бағдарламалау) әдiстері; оқытылатын материалды педагогикалық жағдаят тұрғысынан сипаттау әдiсi; жартылай-iзденiске түсiру немесе эвристикалық әдiс; зерттеу әдiсi, оқушыларға танымдық мiндет қойылып, алға қойған мәселені оқушылардың өздiгiнен шешуіне қажеттi басқа да әдiстер ұсынылды. Ю.К.Бабанский көптеген оқыту әдiстерiн үш негiзгi топқа бөлдi: оқу-танымдық iс-әрекеттi ұйымдастыратын әдiстер; оқу-танымдық iс-әрекетке белсендiретiн және түрткi тудыратын әдiстер; оқу-танымдық iс-әрекеттiң тиiмдiлiгiн тексеретiн және өзiн-өзi тексеретiн әдiстер.
М.Н.Данилов пен Б.П.Есипов оқыту әдiстерiн дидактикалық мақсат пен мiндеттердi шешетiн топтарға бөлдi: жаңа бiлiмдi игертетiн әдiстер; бiлiк пен дағдыларды қалыптастыратын және бiлiмiн практикада қолдана бiлу әдiстерi; бiлiм, бiлiк, дағдыларды тексеру және бағалау әдiстерi.
Г.М.Щукинаның зерттеу еңбектерінде оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетi белсендiлігін көтеру, көптеген құнды пікірлер айтылды.
Жалпыға бірдей және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары (1984). Мектептегi оқытуды жетiлдiру реформасы мектептi қайта құрудың негiзгi бағыттарын белгiледi, олар: оқытылтын пәндер мен олардың мазмұнын анықтау, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды күрделi және артық материалдардан арылту; - оқу пәндерiнiң негiзгi түсiнiктерi мен жетекшi идеяларын анықтап, ғылым мен техника жетiстiктерiн көрсету; еңбек тәрбиесi мен жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушыларға кәсiби бағдар берудi түбегейлi өзгерту; оқытудың политехникалық бағытын күшейту; зертханалық және практикалық сабақтарды молынан жүргізу; физика, химия заңдылықтарын технологиялық жағынан көрсету арқылы еңбекке баулу және жастарға кәсiби бағдар беру; оқушыларды есептеу техникалық құралдарымен жұмыс жасай бiлуге үйрету оқу үрдiсiнде компьютерлердi қолдану; әр пән, әр сынып бойынша берілетін бiлiм, бiлiк, дағдылардың көлемiн анықтау; мектептерде, кәсiби-техникалық училищелерде, арнайы орта бiлiм орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету.
Өкінішке орай, мектепті тоқыраудан шығаруды көздеген реформа (1984) белгілеген мақсатын толық жүзеге асыра алмады. Жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік білім беретін мектепті біріктіру, мектеп жұмысының мазмұнын кәсіби білім берумен толықтыру, кәсіптік- техникалық білім беру жүйесін бір арнаға түсіру - орта кәсіби техникалық училищелер ашу, білім беру жүйесінің жұмысын онан ары әлсіретті.
Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi орта бiлiм беру тұжырымдамасы (1989) қабылданды. Онда жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң негiзгi принциптерi анықталды: - гуманитарландыру (iзгiлендiру) - әр оқушы тұлғасын әлеуметтiк құндылық деп танып, оның адамгершiлiк, интеллектуальдық (зияттық) және тәндiк жағынан жетiлуiн қамтамасыз ету; индивидуалдандыру (даралық сипатын ескеру) - әр оқушының интеллектуальдық (зияттық), эмоциялық-жiгерлiк және iс- әрекет, практикалық жағын дамытуда оқушының тәндiк және психикалық ерекшелiгiн ескеру; дифференциациялау (саралап оқыту) - әр оқушының қабiлетiн дамыту үшiн оның ынта-талабын, дарын-қабілетін анықтау; демократияландыру - мектептегi оқушылар мен педагогтардың белсендiлiгiн арттыру, өзiндiк бастама және шығармашылық қызмет атқаруға бағыттау, көпшiлiктiң бiлiмдi басқаруға қатысуы; интеграциялау (кiрiктiре оқыту) - қоғамның барлық мүмкiндiгiн жас ұрпаққа коммунистiк тәрбие беруге, «мектеп-халықтық iс» деген iс-шараларды өмiрге енгiзуге жұмылдыру.
Жалпы орта бiлiм беру үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi өзегi болғандықтан, оқушыларға табиғат, қоғам, адам, техника, өндiрiс туралы ғылым негiздерiнiң белгiлi көлемiн, бiлiк, дағдыларын ғана игертiп қоймай, ең бiрiншi жан-жақты дамыған тұлға, жоғары адамгершiлiк азаматтық ұстаным негiздерiн қалыптастыру мақсаты қойылды.
Әлеуметтiк тәжiрибеге сүйене отырып, оқушының интеллектуалдық, жоғары адамгершiлiк қасиетiн, тәндiк жағынан жетiлген, диалектикалық-материалистiк дүниетаныммен, ауқымды рухани қажеттiлiктермен қаруландыратын, жеке бастық және қоғамдық қажеттiлiктi үйлестiретiн негiздердi айқындау; оқушылардың жалпы мәдени деңгейiн, бiлiмiн, политехникалық деңгейiн қамтамасыз ету арқылы еңбек, танымдық, қоғамдық, отбасылық және басқа да әлеуметтiк қызметтi атқаруы үшiн, яғни қоғамды өзгертуге белсендi араласуы, өздерiнiң әлеуметтiк орнын дұрыс айқындау арқылы келешек мамандығын таңдай бiлуге көмектесу, өздiгiнен бiлiмiн, тәрбиесiн, жеке бас қасиеттерiнiң дамуын қамтамасыз ету үшiн оқуға ынталы және бiлiмiн өздiгiнен толықтыруға ықпал ету мiндеттерi белгiлендi.
Орта мектептiң әр кезеңiндегі оқушыны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаты нақтыланып анықталды. Осы мiндеттердiң iске асуы оқу-тәрбие үрдiсiнiң сапалы жүруiн, оның нәтижесiн бақылау тиiмдiлiгiн, әр кезеңдегi оқу-тәрбие үрдiсiнiң сабақтастығын, оқу орындарының жетiстiкке жетуiн қамтамасыз ететiн құралдарға айналады.
Орта бiлiм берудiң құрылымы тұтастық, сабақтастық, вариативтiк (баламалы), адаптациялық (бейiмделушiлiк) принциптер негiзiнде құрылды.
Мектепке дейiнгi тәрбие орта бiлiм беру құрылымына қосылды. Әр отбасы 6-7 жасар бала үшiн мектепке даярлықтың үш түрiнiң бiреуiн таңдауға ерiктi болды: отбасында тәрбилеу; қоғамдық (мектепке дейiнгi балалар мекемсiнде): аралас (үйден келiп, шет тiлi, сурет , музыка, дене тәрбиесiнен ақылы тәрбие алады), т.б. Даярлықтың осы үш түрiне баланы мектепке даярлау мiндеттелдi.
Денсаулығы жақсы дамыған 6-7 жасар бала ата-анасының тілегі бойынша мектепке қабылданатын болды. Мектептегi орта бiлiм үш сатыдан құрылатын болды: I саты – бастауыш мекеп (I-IV сыныптар); II саты - негiзгi мектеп (VI-X сыныптар); III саты – орта жалпы бiлiм беретiн мектеп (X-XI сыныптар).
Бастауыш мектеп балалардың интеллектуалды дамуын қамтамасыз ету үшiн ғылым негiздерiн ең бастапқы мәліметтермен таныстыруды оқу еңбегiнiң дағдыларын мен жалпы еңбек бiлiктерi мен дағдыларын меңгертуді, көркем және техникалық шығармашылыққа баулуды және қоғамдық пайдалы еңбекке араластыруды белгiледi. Оқу-тәрбие үрдiсiн дифференциациялап (саралап) оқыту баламалы (вариативтiк) түрде жүргiзiлу: оқу материалдарын қарқынды оқыту, балаларға iс-әрекет түрлерiн таңдату, оқу орындарын балалардың мүмкiндiгiне лайықтау, дәрiгерлер мен психологтардың ұсыныстарын оқу-тәрбие барысында қолдану, 6-7 жастан бастап оқытудың ерекшелiктерiн ескеру ұсынылды.
Негiзгi мектеп бастауыш мектепте қалыптасқан бiлiм негiздерiн онан ары жетiлдiрiп, бiр- бiрiмен сабақтастықта, жүйелi және кешендi түрде дамытты. Оқушылардың ғылыми танымын, шығармашылығын, ойлау қабiлетiн арттыру әдiстерiн кеңінен пайдалануға назар аударылды.
Негiзгi мектепте оқу-тәрбие жұмысының әлеуметтiк өмiрге қажеттiлiгiн ескерумен бiрге, оның мазмұны сараланады. Негiзгi мектептiң басты қызметi – оқушыларға кәсiби бағдар беру деп аталды. Орта бiлiм берудiң жоғары сатысына вариативтiк (баламалық) құрылым, дифференциация (саралау), жастардың өмiрлiк бағдары мен ынтасын ескеру тән екені ескертілді.
Оқушы негiзгi мектептi бiтiрген соң, орта бiлiм алудың мына түрлерiн таңдай алатын болды: жалпы бiлiм беретiн жоғары сыныптар; орта кәсiби-техникалық училищелер; орта арнайы оқу орындары; кешкi мектептер мен экстерн типтi оқу орындары. Орта бiлiм алудағы осы жолдары жалпыға бірдей мiндеттi деп есептелінді.
Орта бiлiм берудiң жоғары сатысында (X-XI сыныптар) индивидуалды (даралап) және диференциация (саралап) оқыту мынадай бағыттарда жүрдi: бiлiм мазмұны бойынша ( оқу пәндерiн бiрыңғай базалық деңгейде дайындауды таңдау); әр оқушының қабiлетi мен шығармашылық мүмкiндiгiн ескеру (дарынды балаларға пәндердi тереңдетiп оқыту сыныптарын, топтарын ұйымдастыру және жеке бағдарламалар даярлау); оқушылардың ынтасы мен қабiлетiне қарай (факультатив курстар, үйiрмелер, секциялар) ұйымдастыру; жеке стильмен оқыту (қарқынды оқыту,
тиiмдi оқыту әдiстерi арқылы бiлiм мен оқу материалдарын игерту). Жалпы орта бiлiм беру мазмұны әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық жетiстiкке жетудi қамтамасыз етуге тиiстi болды.
Педагогикалық үдерiс - мұғалiм мен оқушы iс-әрекетiнiң күрделi және көпқырлы қызметiнен құралады. Дәстүрлi оқытуда қабылдау, саналы түсiну, алғашқы есте сақтау, оқу материалын қайталап айтып беруге баса назар аударылып, педагогикалық үрдiсте оқушының шығармашылық мүмкiндiгiн дамыту, дүниеге эмоциональды-құндылық қатынасын қалыптастыру тәрiздi маңызды бiлiм мазмұнының компоненттерi ескерiлмей келдi. Сабақтың тәрбиелiк қызметi төмен болды. Қазiргi дидактикалық тұжырымдамалар (оқу мазмұнын түйiндеу, ақыл-ой iс-әрекетiн сатылы қалыптастыру, дамыта және проблемалы (жағдаят тудыру арқылы) оқыту, оқытуды оңтайландыру және интенсифтендiру, т.б., сонымен бiрге оқушылардың танымдық iс-әрекетiн арттыратын озат мұғалiмдер тәжiрибесi жинақталып, оқушыны оқуға ынталандыру, педагогикалық үрдiстi жетiлдiрудi қажет еттi.
Проблемалы оқыту әдiсi оқушыны iзденiске, пiкiрлеусге бағыттап, дидактикалық ойындар өткізуді, жеке шығармашылық тапсырмалар орындауды, әр түрлi жастағы балалармен жұмыс жасауды, фронталды, топтық және жеке сабақтарды педагогикалық үрдiсте ретiмен қолдануды талап ететін болды. Жоғары сынып оқушыларын жоғары оқу орындарында оқытатын стильге, оқу еңбегiне даярлау белгiлендi. Шығармашылыққа үйрету үшiн проблемалық iзденiске бағыттау, оқытуда зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерiн қолдануды ұсынылды.
Оқушының белсендiлiгiн арттыру үшiн оның жеке бас қабiлетi мен қажеттiгiн бiлу шарт. Даралап және саралап оқыту үшiн оқушыны жан-жақты бiлу керек. Жеке тұлғаны дамыту мектепте психологиялық қызметтi жүргізуді, оқушы психикасын зерттеудi ұйымдастыруды қажет еттi.
Педагогикалық үрдiстi жаңарту оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесiн тексерудi талап еттi. Бiлiмдi тексеру жүйесiнiң бұрынғыдан ерекшелiгi - оқушының бiлiм мен бiлiктерiн тексерумен қатар, шығармашылық тұрғыдан дамуын және оқушының жеке бастық тұлғалық құндылықтарын тексеру белгiлендi. Педагогикалық үрдiстiң нәтиже көрсеткiшi ретiнде оқушының оқу мазмұнын шығармашылықпен игеруi және белгiлi құндылықтар жүйесi мен оқу ынтасын қалыптастыруға тиiстi болды.
Мектептi қайта құруды iске асыратын басты мәселе кәсiби шеберлiгi мен педагогикалық мәдениетi жоғары мұғалім даярлау болғандықтан, олардың педагогика мен психолгияны жетiк меңгеруiн талап етiлді.
Болашақ мамандарды даярлау студенттердiң үздiксiз педагогикалық практикасын ұйымдастыруды белгiледi. Мұғалiмнiң бiлiктiлiгiн көтеру мәселесi теорияны алдыңғы қатарлы, озат тәжiрибемен ұштастыруды қажет еткендіктен, жаңашыл педагогтардың тәжiрибесiн, авторлық мектептердiң, мектеп-зертханалардың жұмысын зерттеу мұғалiм бiлiктiлiгiн көтеретiн институттар, педеагогикалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен жүргiзілетін болды.
Халыққа бiлiм берудi демократиялық принцип негiзiнде қайта қараудың шаралары жан-жақты зерттелiп, оны iске асырудың жолдары көрсетiлдi.
Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi базалық орта бiлiм беру тұжырымдамасын (1989ж.) бiлім саласында iске асыру шаралары жүргiзілдi. Дегенмен де тұжырымдамада белгіленген шаралар кеңестiк кезеңдегi саяси-идеологиялық және экономикалық жүйенiң тоқырауына байланысты қоғамдық сұранысты қамтамасыз ете алмады.
Жаңашыл педагогтардың ғылыми-теориялық және әдістемелік ізденісі. Теория мен практиканы өзара кіріктіре отырып жүргізуде жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амоношивили, В.Ф.Шаталов, Н.Лысенков, И.П.Волков, И.П.Иванов, т.б. іргелі педагогикалық мәселелерді шеше білді.
Ш.А.Амоношивили мектеп практикасында алты жасар балалармен жұмыс істеудің мазмұны мен принциптерін ғылыми негіздеп тексерді. “Мектепке алты жастан“ атты еңбегінде алты жасар баланың бойында болатын қасиеттерді саралап көрсетті. Ол алты жасар балалармен қарым- қатынаста төмендегі қасиеттер негізге алынуы керектігіне тоқталады: біз мейірбанды болуға тиіспіз, балаларды қаз қалпында сүюге тиіспіз, біздер балаларды түсіне білуіміз керек. Балаларды түсіну – олардың позициясында тұру, олардың сезімін қадырлеу, қам-қарекеті мен ісін елеу, олармен санасу. Педагогикалық, тәрбиенің жасампаз күшіне сенуіміз керек. Біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды қалыптастыруға міндеттіміз.
Ш.Аманошивили мектептің міндеті білім беру арқылы тәрбиелей отырып, мұғалім балаларды бұрынғы және қазіргі ұрпақтардың материалдық және рухани байлықтарымен таныстыру деп санайды.
Т.И.Гончарованың әдістемесі тарихи материалдар негізінде жастардың өзін-өзі және бүгінгі күнді танып-білуіне көмектесу мәселесін көтереді. “Тарих тағылымы - өмір сабағы“ атты еңбегінде: “Нағыз сабақ – дегеніміз мұғалім мен оқушылардың ақиқатты бірлесе іздестіруі, ойлау мәдениетінің лабораториясы. Бұл жоқ жерде көңілсіздік, селсоқтық, рухани жұтаңдық орын алады… Ғалымның алдына қойған негізгі мақсаты – жеке адамды қалыптастыру. “Жеке адам болу дегеніміз өзін адамзаттың адамы ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасына, күнделікті тұрмысқа енгізу деген сөз. Жеке адам – болмыстың жаңа формасын жасау жөніндегі өз халқының жасампаз істеріне, бұқараның творчествасына белсенді және саналы түрде қатысатын, қоғамға пайдалы болуға деген ішкі
қажеттілікті сезінетін адам“, дейді.
В.Ф.Шаталов педагогикадағы ең қиын міндеттердің бірін - әр оқушыны күнделікті қажырлы ой еңбегіне қатыстыру, жеке бастың сапасы ретінде танымдық дербестікті тәрбиелеу, әр оқушының өзіндік адамгершілік сезімін, өзінің күш жігері мен қабілетіне деген сенімділігін нығайту мәселелерін ойдағыдай шешу жолдарын ұсынды.
С.Н.Лысенкова балаларды оқытудың, оқу-таным қызметін өздігінен реттеудің тәсілдерін ұсынумен бірге төменгі сынып оқушыларының оқуын басқарудың пәрменді жүйесін жасады.
Қорыта айтқанда педагогтардың бiлiм мазмұны мен оқыту әдiстерiн жетiлдiру бағытындағы педагогтардың шығармашылық iзденiстерi дидактиканы теориялық және әдiстемелiк жағынан жаңа мағынадағы түсiнiктермен толықтырды.
