- •1 Модуль. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •№2 Дәріс. Адамзат дамуының ерте кезеңіндегі тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары:
- •Үнділік (б.З.Д. 1- мыңжылдық) білім берудің касталық жүйесіндегі мектептер:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Ежелгі Египет (б.Э.Д. 3-2 мыңжылдық) мектептері:
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •№6 Дәріс. Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары:
- •№ 7 Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы
- •К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс жоспары:
- •В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистiк педагогикалық идеялары
- •Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм берудiң iске асырылуы (1960-1980 ж. Ж.)
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •№9 Дәріс. Қазақстан тарихында мектептің тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғ.Ғ. Қазақ хандығы кезеңі)
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •№12 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және оның әртүрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі
- •Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •III модуль.
- •Дәріс жоспары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •№14 Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Дәріс жоспары:
- •Педагогикалық процестегі мұғлім мен оқушының өзара іс-әрекетінің мазмұны.
- •Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№16 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі Жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Дәріс жоспары:
- •Базалық мәдениеттi қалыптастыру жүйесiндегi азаматтық тәрбие
- •Патриоттық тәрбие. Ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№18 Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№19 Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі
- •Жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№20 Сынып жетекшісі –сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Жоспары:
- •Отбасында балалардың және ата-аналардың өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№22 Тұтас педагогикалық үдерістің құрлымындағы оқыту
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№23 Қазіргі мектептегі білім мазмұны
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылуға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •№24 Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін - өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№25 Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •IV модуль. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№30 Қр 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайын басқарудың жаңа тәсілдері
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары
Оқыту формасы дегеніміз не?
Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.
Сабақтың негізгі түрлері, оның құрылымы.
Мұғалімнің сабаққа дайындалу тәсілдері. 5.Репродуктивті әдіс дегеніміз не?
.Оқыту әдістерінің түрлеріне сипаттама беріңіз. 3.Қазіргі оқыту әдістеріне қандай талаптар қойылады? 4.Оқытудағы ауызша түсіндіру әдістеріне не жатады? 5.Әдістерді таңдауда нені басшылыққа алу керек?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009. 3.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1985
4. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003. 5.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1985
№25 Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу
Біртұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау, бақылау, есепке алу
Дәріс мақсаты: Білім спасын бақылау, бағалау және есепке алуды қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Оқыту процесінде білімді бағалау, бақылау, есепке алудың маңызы.
Оқыту процесінде білімді бағалау, бақылау, есепке алу – тәрбиелік құрал ретінде.
Кредиттік оқыту жүйесімен оқитын студенттердің білімін бақылау және бағалау
Негізгі ұғымдар: бақылау, мотивациялық бақылау
Білім беру саласында білім сапасын күнделікті бақылау, мотивациялық бақылау, білімді бағалау (өзін-өзі бағалау) үшін қолданысқа ыңғайлы жүйенің бірі - дәстүрлі бес балдық бағалау жүйесі болып келді. Бес балдық бағалау жүйесі диагностикалық және аттестациялық бағалау үшін де қолайлы болып табылады. Тіпті кредиттік оқу жүйесінің ең соңғы нәтижесін алсақ та “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық” деген “бес балдық жүйе” қолданылады.
Кредиттік оқытудың сапасын 100 балдық рейтингтік бағалауға көшірудің өзі де, студенттерді білім алуға бағыттауы тиіс десек те, ол студенттерді жалаң баға бағдарын ұстануға мәжбүр етеді. Рейтингтік бағалау жүйесін қолданғанда да дәстүрлі бағалаудың кемшіліктерін ескеру керек.
Психологтар мен педагогтардың зерттеулеріне сүйенсек, студенттердің көпшілігі білім алуға емес, баға алуға талпынады. Оқушы білім емес, бағаға бағдар алу себебінен, оның өзін-өзі реттеу тетіктері бүлініп, өзіндік санасының дамуы мен көңіл-күйіне теріс әсер ететінін көруге болады. “Бес балдық жүйенің” кемшілігі, студенттің мотивациялық сферасына кері әсер етіп, “ішкі мотивті”, яғни білімге деген ынтасын тежейді, бағаның түрткілік ықпалын жояады, баға оқушының жеке бір сипатымен алмастырылады, оқушылардың өзінің білімін сырттай бақылау мен бағалау әрекетінің қалыптасуын тежейді.
.В.П.Беспальконың пікірі бойынша тәжірибеде оқыту процесіндегі студенттердің өздігінен оқу дағдысы қалыптаспау себебінен, міндетті түрде оқытушы тарапынан білімді бақылауды және оның оқу-танымдық іс-әрекетін басқарып, түзетуді қажет етеді. Осының салдарынан көпшілік оқушылардың оқу үлгерімі төмен болатынына тоқталады.
.Білім нәтижесін жылына екі рет тексеру, оқушының оқуға ынтасын арттырмайды. 4.Емтиханда қойылатын баға кездейсоқ жағдайларға: емтихан қабылдаушының
психологиялық көңіл-күйіне, сынақ кітапшасындағы бағаларына, оқытушының оқушыға деген жеке қатынасына байланысты болады.
Рейтингтік жүйені практикалық жағынан іске асыру - білім сапасын арттыруды, студенттің өзін-өзі басқаруын, адамгершілік-құқықтық санасын қалыптастыруды көздейді. Ол үшін төменгі жағдайлар сақталуы тиіс:
студенттің өз алдына мақсат қоюы, алдын-ала оқуға мотив туғызуы, өзін-өзі реттеудің негізі рейтинг карточкасын - силлабусты ендіруге байланысты болады, онда тақырыптар мен сұрақтар беріліп, студентердің оқу үлгерімі көрсетіледі;
білім сапасын арттыру үшін (жүйелілік, жалпылық, беріктілік, саналылық, тереңдік) студенттерді жүйелі танымды іс-әрекетке үйрету, оқылатын ақпарат құрылымын талдау, белсенді оқыту әдістерін (зерттеушілік, проблемалық, моделдеу) қолдану, интерактивті әдістер арқылы жүйелі ойлауға, өзіндік танымдық дағдыларды қалыптастыру;
оқыту процесінің барлық кезеңдерін тегіс бақылау; күнделікті бақылауды өзіндік бақылауға, өз еңбегінің сапасын жұмыстық бақылауға айналдыру; рейтингті анықтау үшін ағымдық және қорытынды бақылау қорытындысын жасау;
оқыту мақсатына қарай, білім сапасының деңгейін анықтау;
жоғары сапалы білім берудің мақсаты - өзін- өзі бақылау, өзінің білімін жүйелеп реттеу, өз білімін бағалау арқылы оқытудың тәрбиелік қызметін арттыру;
өзін-өзі басқару деңгейін арттыру мақсатында - адамгершілік-құқықтық санасын қалыптастыру: алдындағы мақсатты анықтап, оқылатын ақпаратты талдап түсіну, шығармашылық ізденіске түсу, басқалармен қарым-қатынас орнату арқылы өзін-өзі жетілдіру, топтың қоғамдық өміріне қатысу – озат студенттердің тәжірибесін қорыту; оқытушының, студенттің оқу қызметін бақылап, оқу курсынан түйген тұжырымдарын бекіту;
жалаң бағаның білімді тежеуін тоқтату үшін, оқушының жетістікке жету құқын қалпына келтіру, қабілеттерін жүзеге асыру, оқыту қарқынын арттыру үшін оқыту және бақылау барысында түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану, сонымен қатар әр деңгейлі тапсырмалардың сапасын, күрделілігін көтеру;
оқытудың диагностикалық деңгейін және аттестациялық бағасын анықтау үшін тест қолданылады. Бұл тестілік бақылау өткен материалдарды қорытындылауға, оны терең түсінуге қызмет етеді. Қорытынды тест ( аралас) білім сапасының деңгейін (жүйелілік, тереңдік, саналылық, толықтық, жалпылық, беріктік) арттыруды көздейді және оқытылған курстың негізгі тұжырымдарын, пәнаралық байланыстарын, нақты фактілерді, блоктарды, кредит көлемін ескереді. Қорытынды тест жүргізілгеннен кейін жақсы оқитындарды автоматтық аттестацияға жіберуге шешім қабылданып, нашар оқушылардың төмен рейтингі анықталады.
Студенттің семестрдегі рейтингі. Студенттің рейтингі СӨЖ екі ағымдық бақылау балы (30% - ке дейін) және екі аралық бақылаудың балы (30% - ке дейін) және емтихан (40% - ке дейін), осылардың қосындысынан қорытынды балл санмен және әріппен белгіленеді.
Пән туралы алынатын білім сапасы рейтинг бойынша есептеледі. Кеңінен тараған рейтинг жүйесі мынадай: 90-100 % балл болса - білім нәтижесі өте жоғары деңгейді, 75-89 % балл болса - жақсы деңгейді, 60-74% болса - қанағаттанарлық, 59 % балдан төмен болса - төмен деңгейді көрсетеді.
3. Кредиттік оқыту жүйесіндегі тестілеу
Тесті сессия алдындағы бақылау үшін, сол сияқты диагностикалық бақылау үшін (оқытушылардың оқыту қызметінің сапасын тексеру, министрлік тестілеуге даярлық, оқытылған пән туралы білімін тексеру), білімі жоғары студенттерге автоматты түрде бағалау арқылы оқыту процесінің үлгерім сапасын арттыру үшін қолданылады.
Тестілеу мына жағдайларды ескергенде ғана нәтижелі болады:
білім мазмұны блок жүйесі арқылы жүйелі берілу тиіс; тест тапсырмалары мен тест сұрақтарының саны бақылау мақсатына сәйкес болуы керек; тест әр модульдің, тақырыптың, курстың маңызды сұрақтарын қамтуы тиіс; тест-тапсырмаларда меңгерілген терминдер мен қысқаша, нақты жауаптар берілуі қажет; тестілердің мақсатына қарай (оқығанын еске түсіру, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тестілер түрін қолдану (В.П.Беспалько бойынша).
1 деңгейлі тесттер – тану, салыстыру, іріктеу, баламалық (тану, салыстыру, жіктеу); 2 деңгей – еске түсіру, толықтыру тесттері ( есіне түсіру);
деңгей - себебін, жағдайын, пәнаралық байланысын ескеретін тесттер; толық жауап беретін немесе толықтыруды қажет ететін тесттер; жартылай ізденіске түсіретін тесттер;
деңгей – мәселе шешетін, жаңа танымдық әрекеттерді таңдайтын, алған білімін қолдана білетін ( шығармашылық, ізденіс ) тесттер.
Тест әр студентке түсінікті және үнемі қолданыста болуы қажет, өйткені тесттер студенттерге нақты талаптар қойып, үнемі ізденіске түсіріп, өздерін бақылау құралына айналуы керек.
Оқу жылының басында студенттерге рейтинг картасы - силлабус қолдарына берілуі тиіс. Онда оқитын кредит саны, модульдердің атауы, тақырыптар, білімін тексеретін сұрақтар, СӨЖ тапсыру есебі, бақылау түрі, формасы мен күні көрсетіледі. Бастапқы бақылау – семестрдің басында, аралық бақылау модуль соңына қарай, қорытынды бақылау - сесия алдындағы бақылау. Кредит саны көрсетіледі.
Бастапқы бақылауды пән оқытушысы жүргізіп студенттердің өткен пәндері бойынша дайындық деңгейін, сөйлеу қабілеттерін анықтайды. Оқытушы үшін бұл маңызды, өйткені студенттердің өзіндік жұмысында қолданылатын тапсырмаларда ескереді.
Ағымдық бақылауда оқытушы дәріс, семинар, өзіндік жұмыстарын бақылайды. Студенттердің жеке сұрақтарды меңгеру деңгейін бақылайды. Оқытылатын пәнге байланысты баяндама жазу, сұрау-тапсырмалар мен қойылған мәселелерге жауап беру, түрлі кестелер құрастыру, ізденіс жұмыстарын жүргізу.
Аралық бақылау белгілі модульді, тақырыпты бітіргеннен кейін жүргізіледі. Студенттердің алдыңғы игерген модульді кейінгі модульмен байланыстыра білуі анықталады. Студенттердің ойлай білуі, оқу материалдарын талдауы, салыстыра білуі, тұжырым жасауы ескеріледі. Аралық бақылау түрлері: тесттер, рефераттар, шығармалар, СӨЖ, ситуациялық мақсаттарды шешу, пікірталас жүргізу, т.б.
Қорытынды бақылау барлық курс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Қорытынды бақылау оқытушы мен студенттердің еңбек нәтижесін көрсетеді. Жоғары үлгерім сапасын көрсеткен студенттер автоматты түрде бағаланады.
Сессия дәстүрлі түрде өтеді, оның формасы әр түрлі болады: қорытынды тест, ауызша емтихан билет бойынша, жазба емтихан, курстық жұмысты қорғау, педагогикалық практика есебін қорғау.
Кейбір оқу орындарында мынадай тәжірибе қалыптасқанын байқауға болады. Педагогикалық практика мысалы төрт апта өтетін толса, әр апта студент нені игеретінін нақты білсе, оған “5 балл “ белгіленсе, онда практика соңында әр студент 4x5=20 балл алуға талаптанады. Педагогикалық практиканы осылай нақты талаптарды меңгеруге бағыттаса, онда практика сапасы нәтижелі болар еді.
Курстық және дипломдық жұмыстардың орындалуына да осындай талаптар қойылса, онда студентердің өзіндік жұмыс жасауға деген ынтасы мен жауапкершілігі артып, белгілі жетістікке ие болар еді.
4. Студенттерді “сессиясыз” автоматты түрде аттестациялау.
Жетекші жоғары оқу орындарында “Автоматтық” сессия студенттердің оқуға мотивациясын арттыратын кезең болып табылады. Студент сесияға дейін барлық модуль бойынша және қорытынды бақылау бойынша 85-100% балл (өте жақсы) алатын болса, сессиясыз аттестациядан өтуіне мынадай жағдайларды орындаса болады:
Барлық тапсырмалар мерзімінде тапсырылса;
Сабақ беретін мұғалімдердің келісімі болса;
Кафедра меңгерушісі мен деканның рұқсаты болса.
Егер автоматты түрде аттестация жүргізілсе, емтихан тіркеу қағазында студенттің рейтингі мен “өте жақсы” деген бағасы қойылады.
Автоматты түрде аттестация жүргізу үшін кафедра меңгерушісі деканатқа кафедраның шешімін жазба түрінде тапсырады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1.Оқыту процесінде білімді бағалау, бақылау, есепке алудың маңызы қандай?.
Оқыту процесінде білімді бағалау, бақылау, есепке алу – тәрбиелік құрал ретінде екенін қалай түсінесіз?.
Кредиттік оқыту жүйесімен оқитын студенттердің білімін бақылау және бағалаудың ерекшеліктері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003
№26 Оқушылардың педагогикалық үдерістегі танымдық белсенділігі
Дәріс мақсаты: Жеке тұлғаны дамыту үшін педпроцеске қатысушылардың өзара әрекеттесулерінің маңызды құралы ретінде ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін анықтау.
Дәріс жоспары:
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің бөлігі.
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері.
Сабақтағы топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
Негізгі ұғымдар: Танымдық іс-әрекет, белсенділік, алгоритмдеу, компьютендірлендіру, саралау, (проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, профильдік оқыту).
Педагогикалық процесс – “Педагог-оқушылар” жүйесінің үздіксіз қызметі, бұл жүйенің өзгерісте болатынын білдіруші. Мүмкіндігінше оған қажетті жағдай жасау, орын алып отырған қарама-қайшылықты дұрыс біліп бағыттап отырудың қозғаушы күші. Қарама-қайшылық туындамайынша даму мүмкін емес.
Оқушылардың танымдық іс-әректі адам танымының әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланысты болатын жеке қарама-қайшылықтармен сипатталады.
Педагогика ғылымында жинақталған тәжірибе қарама-қайшылықтың қозғаушы күші туралы бірнеше теориялық қорытынды жасалған.
қарама-қайшылық үстіріт жасалмайды, ол зерттейтін обьектінің негізінен туындайды, және өзін жүйе деп - педагогикалық процесті нақты жүйе етіп көрсетеді;
қарама-қайшылықты белгілі сатылық қалыпта жасау қажет, онда педагог пен оқушының іс- әректі ашып көрсетіледі.
Қарама-қайшылықтар “оқушы (адам)” жүйесінде пайда болып, “адам- адам”, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі.
Жеке тұлға әлеуметтік ортаға сіңіп жоғалып кетпейді, педагогикалық процестің мақсаты әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Оқу тәрбие процесінде қарама-қайшылықтарды оқушыны оқу танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды жою үшін оған мұғалімнің көмегімен құрбылары мен қарым-қатынас қажет болғандықтан, мұғалімнің оқушылармен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтаста болуы қажет.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешуде мүмкіндігі мол.
Мысалы: Сабақта жеке-жеке жүргізілген жұмыстарда оқу материалының 60-70 % меңгерілсе, ал өзара әректтесуі арқылы 80-90 % меңгеріледі (А.Синицкая). Оқушылардың өзара әрекеттестігі нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділіктері, ізденімпаздықтары артатыны тәжірибеден көрінуде, сонымен бірге ұжымдық психологияның қалыптасуына да көмектеседі. Ұжымдық- танымдық іс-әрекет тұлғаны дамытуда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің де құралы болып табылады.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін түрлері болады, іс-әрекет оқушыдан белсенділікті талап етеді. Оқушының әртүрлі танымдық іс-әрекетте, әртүрлі жағдайда дамиды.
Оқыту процесі – мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірдей оқытуы болғанымен, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысы. Жеке дара жұмыс оқушыларды білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтеді, оқуға ықыласын арттырады.
Ал топтық жұмыс, оқыту процесін байытады, оқу жұмысын даралауға жол ашады, дидактикалық, тәрбиелік міндеттерді шешеді. Топпен жұмыс істеудің бірнеше түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс.
Бірыңғай топтық жұмыста барлығы бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған жұмыста берілген тақырып бойынша әртүрлі тапсырмалар орындалады. Ғалымдар зерттей келе, бес оқушыдан құралған топтар тиімді екендігін айтады, оларды орналастыруда да бір-біріне қарама- қарсы отырған оқушылардың арасында белсенді байланыс орнайтындығына көз жетуде.
Ұжымдық оқу жұмыстары әрбір оқушының өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі, әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
