- •1 Модуль. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •№2 Дәріс. Адамзат дамуының ерте кезеңіндегі тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары:
- •Ежелгі Египет (б.Э.Д. 3-2 мыңжылдық) мектептері:
- •Үнділік (б.З.Д. 1- мыңжылдық) білім берудің касталық жүйесіндегі мектептер:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •№6 Дәріс. Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары:
- •№ 7 Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы
- •К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс жоспары:
- •В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистiк педагогикалық идеялары
- •Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм берудiң iске асырылуы (1960-1980 ж. Ж.)
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •№9 Дәріс. Қазақстан тарихында мектептің тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғ.Ғ. Қазақ хандығы кезеңі)
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •№12 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және оның әртүрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі
- •Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •III модуль.
- •Дәріс жоспары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •№14 Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Дәріс жоспары:
- •Педагогикалық процестегі мұғлім мен оқушының өзара іс-әрекетінің мазмұны.
- •Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№16 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі Жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Дәріс жоспары:
- •Базалық мәдениеттi қалыптастыру жүйесiндегi азаматтық тәрбие
- •Патриоттық тәрбие. Ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№18 Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№19 Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі
- •Жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№20 Сынып жетекшісі –сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Жоспары:
- •Отбасында балалардың және ата-аналардың өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№22 Тұтас педагогикалық үдерістің құрлымындағы оқыту
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№23 Қазіргі мектептегі білім мазмұны
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылуға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •№24 Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін - өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№25 Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •IV модуль. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№30 Қр 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайын басқарудың жаңа тәсілдері
- •Дәріс жоспары:
- •Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:
Алғашқы қауымдастықтың әр кезеңдеріндегі тәрбие мазмұнына сипаттама беріңіз?
Ағашқықоғамдағы тәрбиенің ерекшеліктері қандай?
Алғашқы қоғамдағы тәрбие мазмұны мен формалары қалай анықталған?
Не себептен тәрбие адам іс-әрекетінің басты бір түрі деп саналады?
Алғашќы қоғамның ыдырау жағдайында отбасы тәрбие мазмұнына сипаттама беріңіз?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 35-46 б.
“История педагогика и образования” (Под ред.А.И.Пискунова). - М., 2001.
№3 дәріс. Ежелгі шығыс пен көшпенділер өркениетіндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудегі ерекшеліктері
Мақсаты: Таяау және Қиыр Шығыс мемлекеттеріндегі тәрбиемен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1.Шумерлер тәлім-тәрбиесі.
Шумерлердің «тақта үйлері».
Ежелгі өркениет елдеріндегі мектептердің дамуы.
Негізгі ұғымдар: шумер «сеннар», эддуба , кшатрийлер.
Шумерлер тәлім-тәрбиесі. Тигр мен Ефраттың оңтүстік жағалауында өмір сүрген – Шумерлер («қарабасты халық») – Шумер деген атпен тарихқа Сақ тайпалары ның бір тармағы болып енген халық. Шумер мәдениеті ертеден өз төңірегіне танымал болғандықтан, ежелгі Египет мәдениетінен кем болмағаны тарихтан белгілі.
Ніл мен Ефратта бір мезгілде (б.з.д. 6–мыңжылдықтың соңында) қалалар салынып, жазу өнері және жер суғару жүйесі іске қосылған. Шумер мәдениетінің даму деңгейі көрсеткендей, ғылым саласында аспан әлемі жайлы жаңа ұғымдар түзіліп, шаруашылыққа көптеген техникалық жаңалықтар ашылып, мәдениет саласында тамаша дастандар көркемөнер туындылары дүниеге келді. Жазудың алғашқы үлгілері пайда болды. Діни көзқарастар мен дәстүрлердің негізі қалана бастады. Өркениетті бұл жаңалықтар басқа халықтарға, оның ішінде вавилондықтарға, гректер мен еврейлерге, т.б. өз ықпалын тигізді. Қазіргі күнтізбелер, жер шарының градуске бөлінуі – осының барлығы ежелгі Шумер (Сеннар) мәдениетінде орын алған.
Американдық шумертанушы ғалым С.Крамер: «... шумерлер байырғы түркілер болған және олардың тілі ежелгі түркі тіліне жатады» дей еліп, өз пікірін олар қыш ыдыс-аяқ жасау, дөңгелек арба, соқа-сепкіш, желкенді қайық, күмбез шатырлы құрылыс және мыс пен қоладан бұйым заттар құйып, темір балқыту, тасты қашау, сырлау, әшекейлеу, т.б. өолөнерін меңгерген ел болған деп түйіндейді.
Қосөзендегі алғашқы хат тану. «Тақта үйлерінде (шумерлер тілінде Эдубба)» хат тану, хатшы даярлау жүргізіліп, сазбалшықтан кептіріліп жасалған тақтаға үшкір таяқша арқылы әріп белгілері (б.з.д. 3 -мыңжылдықта) түсірілген. Оқу орнын Эддуба әкесі (мектептің әкесі) басқарып, мұғалімді «үлкен аға», көмекшісін «кіші аға», оқушыларды «мектеп балалары» деп атаған. Оқу бұл мектептерде үлкен отбасы қауымының тәрбие дәстүрі негізінде ұйымдастырылған.
Эдубба (мектеп) біртіндеп дербестік алып, бұл шағын мектепте бір ғана мұғалім мектеп жұмысын басқарумен қатар, жаңа үлгі тақталар дайындап, ондағы жазуларды оқушылар жаттап, жаттығу тақталарына көшіріп жазған. Мектептерде жазу, есептеу, сызу, сурет сабақтарын жүргізетін арнайы мұғалім қызмет атқарған. Мектептегі пәндерді оқыту, тәртіп сақтау мәселелерімен арнайы адам айналысқан.
Мектепте оқыту ақылы болған. Мектептегі оқушыларға қарапайым білім беріп, хатшылыққа немесе шағын шаруашылық қарекеттеріне дайындаған. Мектеп ағарту және мәдениет орталығы болған. Ол мектептердің жанынан кітапханалар (Ниппура кітапханасы, б.з.д. 2-мыңжылдық) ашылып, онда патриархарлы-отбасылық тәрбие берілген., оқушылар қолөнер элементтеріне үйретілген. Өйткені ежелгі Қосөзен мемлекеттерінде бала тәрбиелеуге отбасы жауапты болған. «Хамурапи кодексі» бойынша әкесі баланы өмірге дайындау ісімен айналысқан, өз қолөнерін үйреткен.
Негізгі оқыту әдістері. «Тақта үлгілеріндегі оқу материалдарын есте сақтап, оқушылар
«тақта- жаттығуға көшіріп жазатын, ал негізгі оқыту әдісі – бірнеше рет қайталау, мәтіндерді есте сақтау, жатқа айту және есептерді шешу болатын. Оқудың бірінші кезеңінде оқу, жазу, есепке үйренсе, одан кейін тағлымдық тарихты жаттап, аңыз-ертегілерді, практикалық білім мен дағдыларды игеріп, құрылыс жұмысына қажетті іс құжаттарын дайындайды. Мектептерде жазудан басқа тарих, математика, құқықтанумен қоса әр саладағы өнерді игерді.
Мектептерде (б.з.б. 2-мыңжылдықтың бірінші ширегінде) Аккад және Шумер тілдері оқытылып, кейіннен Шумер тілі ғылым мен дін тіліне айналды. Оқушыларды егістік жерлерді есептеуге, өз иелігіндегі заттарды бөле білуге, тоқуға, темірден бұйымдар жасауға үйрету, қолөнер, мал бағу әрекеттеріне бейімдеу міндеттелген.
Вавилон патшалығының шарықтау кезеңінде (б.з.д. 2- мыңжылдықтың бірінші жартысында) сарайлар мен ғибадатханалар жанаында ашылған мектептер кешенді білім бере бастады. Ассириялық - жаңа вавилондық кезеңде (б.з.б. 1-мыңжылдықта шаруашылық пен мәдениеттің дамуымен бірге Ежелгі Месопотамияда еңбекті бөлу үрдісінде хатшы мамандығы қажеттілігінің артуымен байланысты мектептерде оқытудың сапасы көтерілді. Оқыту мазмұнына философия, әдебиет, тарих, геометрия, заңтану, география пәндері ендірілді. Осы кезеңде бай отбасындағы қыздар жазуға, дінге, есепшотқа және тарихты оқуға үйретілді.
Шумерлердің жазу жүйесі. Олардың жазу жүйесі мыңдаған әріптерден, келе –келе 600- ге дейін қысқартылған Бұл әріп таңбаларды ХХ ғ. басында белгілі ғалымдардың Хоммель мен Бертонулердің ыждахатты еңбегінің арқасында ашылған.
«Құқық кодексінде» жазылғандай шумерлер балаларын құлдыққа сатуға рұқсат алған. Месопотамиядағы отбасы патриархалды болғандықтан, әйелдердің бас бостандығы болмаған, көп әйел алу шектелмеген. Ата-анаға күнкөріс үшін балаларының бірнешеуін сатуға ерік берілген.
Месопотамия (Қосөзен) халқының жартысынан көбі құлдар деңгейінде болды. Оларды топтарға бөліп, үстінен қарайтын адамдар белгіленді, оларға еңбектеріне қарай мемлекеттен бөлінген азық таратылып берілді. Аэық-түліктерге қатал есеп жүргізгендері туралы және хат танитын адамдардың болғаны, оларды арнайы хатшылар дайындайтын мемктептерде даярлап отырғанын дәлелдейді.
Ежелгі Вавилон дәуірінде әдеби шығармалар (Гильмагеш туралы эпос, мақал-мәтелдер, өсиет, т.б.) шумер тілінде жазылғандықтан, іс-қағаздар шумер тілінде толтырылған.
Оқушылар шумер-акад тілдерін игерген. Шығыс елдерінің кітапханаларында шумер-аккад сөздіктері сақталған. Мектептерде шумер тілінде сөйлесу талап етілген.
Шумерлер б.з.б. 2500 жылдары Тигр мен Ефрат өңірінде тіршілік жасап, үздіксіз соғыспен экономикасы мен шаруашылығының құлдырауынан Еуразия даласына қоныс аударуға мәжбүр болғандықтан, олардың ұрпақтары сақтарға қосылып кетті.
Ежелгі өркениет елдеріндегі мектептердің дамуы. Ежелгі Таяау және Қиыр Шығыс мемлекеттерінде тәрбие мен оқыту қалыптасу кезеңін бастан кешірді. Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі қоғамдық құндылықтар жүйесінде адам ерекше орын алды.
Египет және Қосөзен (б.э.д. 2–мыңжылдықтың екінші жартысы б.э.д. 1-мыңжылдықтың бірінші жартысында мектептегі білім беру орнына тәрбие аясында дербес оқыту келді, білім беру орталықтары храмдар бола бастады.
