- •1 Модуль. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •№2 Дәріс. Адамзат дамуының ерте кезеңіндегі тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары:
- •Ежелгі Египет (б.Э.Д. 3-2 мыңжылдық) мектептері:
- •Үнділік (б.З.Д. 1- мыңжылдық) білім берудің касталық жүйесіндегі мектептер:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •№6 Дәріс. Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары:
- •№ 7 Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы
- •К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс жоспары:
- •В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистiк педагогикалық идеялары
- •Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм берудiң iске асырылуы (1960-1980 ж. Ж.)
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •№9 Дәріс. Қазақстан тарихында мектептің тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғ.Ғ. Қазақ хандығы кезеңі)
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •№12 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және оның әртүрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі
- •Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •III модуль.
- •Дәріс жоспары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •№14 Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Дәріс жоспары:
- •Педагогикалық процестегі мұғлім мен оқушының өзара іс-әрекетінің мазмұны.
- •Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№16 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі Жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Дәріс жоспары:
- •Базалық мәдениеттi қалыптастыру жүйесiндегi азаматтық тәрбие
- •Патриоттық тәрбие. Ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№18 Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№19 Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі
- •Жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№20 Сынып жетекшісі –сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Жоспары:
- •Отбасында балалардың және ата-аналардың өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№22 Тұтас педагогикалық үдерістің құрлымындағы оқыту
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№23 Қазіргі мектептегі білім мазмұны
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін-өзі бақылуға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •№24 Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
- •Дәріс жоспары.
- •Өзін - өзі бақылау сұрақтары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№25 Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •IV модуль. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару
- •Дәріс жоспары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •№30 Қр 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайын басқарудың жаңа тәсілдері
- •Дәріс жоспары:
- •Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеңіздер.
“Дамыту” ұғымы мазмұнын ашып көрсетіңіздер.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет мәнін ашыңыздар.
Педагогикалық процестегі негізгі қарама-қайшылықтарға сипаттама беріңдер.
Педагогикалық процестегі қозғаушы күштің рөлін ашып-көрсетіңіздер.
Дамытудың қайнар көзі, қозғаушы күші не?
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама беріңіздер.
Оқушылардың социометриялық статусын, өзін-өзі бағалауын түзету үшін ұжымдық сипаттағы жұмыстар түрлерін пайдаланудың маңыздылын дәлелдеңіздер.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белсенді оқу топтарының рөлін көрсетіңіздер.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2008; 2009.
4. Майғаранова Ш., Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2006.
№21 Отбасы тәрбиесінің негіздері Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Жоспары:
1.Қазiргi отбасы тәрбиесiнiң даму бағыттары, қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың отбасы тәрбиесiне ықпалы.
2. Отбасы тәрбиесiнiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, құралы, формасы. Отбасында балалардың және үлкендердiң өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру.
Негiзгi түсiнiктер: отбасы, отбасы тәрбиесі.
Қазiргi отбасы тәрбиесiнiң даму бағыттары, қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың отбасы тәрбиесiне ықпалы. Отбасы қоғамның бір бөлігі болғандықтан, ондағы әлеуметтік-эконмикалық өзгерістер отбасында көрініс береді. Жаңа қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі. Отбасының өзгеріске ұшырауына қоғамдық-экономикалық жағдайдан басқа да биологиялық, психологиялық және демографиялық жағдайлар әсер етеді. Отбасындағы моральдық құндылықтар бірден жаңарып кетпейді, сондықтан да бұрыннан қалыптасқан отбасылық психология тұрақты болады.
Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады. Отбасының қоғамға қатысты қызметі:
өмірге ұрпақ әкеліп, халық санын арттыру;
тәрбиелік қызметі – білім, білік, дағды, адамгершілік құндылықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау;
отбасының өндірістік-шаруашылық қажеттігін өтеуі;
отбасындағы бос уақытты өткізу - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру. Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:
ерлі-зайыптылық. Олар біріне –бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тірек көрсетеді;
ата-аналық. Өмірге үйлесім әкеліп, ата-аналарының үмітін ақтау, оларға қамқор болу;
тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму бағыттарына ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері:
Ауыл мен қала отбасыларының ерекшеліктері. Ауыл балалары үнемі ауылдастарының көз алдында болып, олардың қатаң бақылауын сезінеді. Бір жағынан оқушы бақылау аясында болса, екінші жағынан психологиялық тәуелділікті сезінеді. Қалада ондай бақылау жоқ, үлкендер бір үйде тұратын балаларды да біле бермейді.
Ата-ананың білімі неғұрлым жоғары болған сайын оның балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналардың көпшілігінің орта білімдері бар. Олар өндірістік-шаруашылық орындарда жұмыс атқаруына байланысты бала тәрбиесімен көбіне ата мен әжелері айналысады. Сондықтан тәрбиеші отбасындағы тәрбие мәселесінің қыр-сырын білуі тиіс. Бұл жағдайда тәрбиеге екі түрлі көзқарас орын алады.
Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады. Біреулер мейілінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.
Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкершілігін арттырумен қатар, үлкендердің бала тәрбиелеу тәжірибесіне құлақ салып, түсіністікпен бала тәрбиелеуге көмектеседі. Жас отбасыларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойылмауы, бала тәрбиесіне қиындықтар келтіреді.
Отбасындағы балалар санының азаюы, қазір қалаға да, ауылға да тән. Оның түрлі обьективті себептері бар. Осыған орай, аз балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесі зерттеу қажет.
Ерлі-зайыптылардың отбасының ыдырауы, бірінші жылы өмірге дайын болмауы салдарынан болады.
Бір балалы отбасылардың көбеюі. Мұндағы басты мәселе баланың өзінен үлкен және кіші балалармен, ұжыммен қарым-қатынас орнату тәжірибесінің жоқтығы және отбасы назарының тек бір бала төңірегінде шоғырлануынан болатын кемшіліктердің көбеюі.
Отбасы тәрбиесiнiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, құра-лы, формасы.
Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке, өмірде өз орнын таба білуге, алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге, белсенді, өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу көзделеді.
Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы зор. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
- баланың өзін-өзі тануын дамыту, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, айналасымен мәдени қарым-қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылықтарын санасына сіңіру;
- адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру, денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,
Отбасы тәрбиесінің мазмұны: жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу, жеке басының мүмкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымдылық, қамқорлық қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланылатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту.
Отбасындағы тәрбие формасы екі түрлі болады: ұжымдық және жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. Ұжымдық тәрбиеге отбасы мүшелерінің қатысуымен атқарылатын іс- шаралар, ал жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуге балалардың жеке жауапкершілігімен орындалатын істері жатады.
Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары орасан зор. Ата-ананың, үлкен-кішілердің, тарихи тұлғалардың, айналасындағылардың өнеге-үлгісі, көркем сөз туындылары, музыка, бейнелеу өнері, табиғат, қоғамдық өмірдегі, спорттағы шығармашылық жетістіктер, т.б.
