Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

16.Негэнтропия түсінігіне анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз.

.Энтропияға қарама- Негэнтропия – кері энтропия (-dS). Негэнтропияны біз қоршаған ортадан аламыз. Негэнтропияны бос қуат деп те атайды. Бұл биожүйелерде жұмысқа жұмсалатын, пайдалы қуат. Негэнтропияға байланысты экология ғылымы пайда болған. Мысалы: адамның жолдасы

Энтропияға қарама- Негэнтропия – кері энтропия (-dS). Негэнтропияны біз қоршаған ортадан аламыз. Негэнтропияны бос қуат деп те атайды. Бұл биожүйелерде жұмысқа жұмсалатын, пайдалы қуат. Негэнтропияға байланысты экология ғылымы пайда болған. Мысалы: адамның жолдасы. Негэнтропия қоршаған ортада болады. Өмірімізді жалғастырып тұрған негэнтропия. Негэнтропия – тағам, биожүйелер, өсімдіктер, жануарлар, күн сәулесі, желдер, өзен, көлдер, таулар. Табиғаттан үлкен ұғым жоқ. Теріс энтропия, реттілік, күші, сапасы бар.

Энтропия (грек. еntropіa – бұрылыс, айналу) – тұйық термодинамикалық жүйедегі өздігінен жүретін процестің өту бағытын сипаттайтын күй функциясы. Энтропияның күй функциясы екендігі термодинамиканың екінші бастамасында тұжырымдалады. Энтропия ұғымын термодинамикаға 1865 ж. Р.Клаузиус енгізген Энтропия – термодинам. тепе-тендік күйдегі макроскоп. денелерге тән қасиет. Ол бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) Дж/К арқылы өрнектеледі. Энтропия ұғымы ғылымның көптеген салаларында (физика, химия, т.б.) маңызды рөл атқарады.

Еркінше алынған қайтымды циклды қарастырсақ. Циклды бөлшектеу көмегімен, элементарлы Карно циклын шексіз көп санды теңдікті, мына түрде жазуға болады:

dq1T1= dq2T2

Тұйықталған пішін бойынша, интегралдау кезінде және dq2 теріс таңбаларын есептеп табамыз.

ʃdqқайтT1 = 0.

17.Л.Больцман коэффициенті және жүйе күйінің математикалық ықтималдығы арасындағы байланысты көрсетіңіз.

Л. Больцман энтропия мен термодинамикалық ықтималдылық арасындағы байланысты тауып, оны мына формуламен өрнектеді:

Мұндағы: - Больцман тұрақтысы

-жүйе күйінің термодинамикалық ықтималдылығы.

Бұл Больцман формуласы деп аталады. жүйе белгілі бір макро күйге түсу үшін бірнеше микро күйден өтеді. Жүйені макрокүйге түсіру қанша микро күйден өткенін көрсететін санды жүйе күйінің термодинамикалық ықтималдылығы де атайды.

Больцман Людвиг (1844 ж. Вена - 1906) – аустрия физигi, классикалық статистикалық физиканың негiзiн құрушылардың бiрi. 1866 ж. Вена университетiн бiтiрген, Грац (1869-1873), Вена (1873-1876), Мюнхен (1889-1894), Лейпциг (1900-1902) университеттерiнiң профессоры болған.

Оның негiзгi жұмыстары газдардың кинетикалық теориясы, термодинамика және сәуле шығару теориясы салаларына байланысты.

1866 ж. газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралу заңын қорытты (Больцман статистикасы).

Идеал газдардың кинетикалық теориясына статистикалық әдiстердi қолданып, 1872 ж. физикалық кинетиканың негiзi болып табылатын газдардың негiзгi кинетикалық теңдеуiн қорытып шығарды. 1872 ж. физикалық жүйенiң энтропиясын оның күйiнiң ықтималдығымен байланыстырып, термодинамиканың екiншi бастамасын статистикалық түрде дәлелдедi.

Больцман алғаш рет сәуле шығаруға термодинамика принциптерiн қолданды. Дж.Максвеллдiң жарық қысымы туралы болжамын пайдаланып, 1884 ж. абсолют қара дененiң сәуле шығару энергиясы дененiң абсолют температурасының төрт дәрежесiне пропорционал болатыны туралы жылулық сәуле шығару заңын теория жүзiнде ашты. Бұл заңды тәжiрибе жүзiнде 1879 ж. Й.Стефан дәлелдедi. (Стефан-Больцман заңы).