Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

1.Биофизика пәніне және оның медицинада мен ауыл шаруашылығында алатын орнына сипаттама беріңіз

Биофизика – биологиялық жүйелердің әртүрлі деңгейлері мен негізгі физиологиялық актілерден өтетін, физикалық және физика- химиялық үрдістерді зерттейтін ғылым. Бұл молекулалық өзгерістердің, жасуша, органеллаларының өмір сүру қабілетін анықтайтын,тныс алу және қймыл жасайтын ағзалардың зат және энергия алмасуыфн, сонымен қатар ағзаның құрылымдық және функционалдық негіздерін қарастыратын ғылым. Биофизика ерте кезеңде дамыған теорияның негізінде шыққан;физика және химияның қалыптасқан заңдылықтарының сараптама үшін жеткіліктігі және ағзаның тірі жүйедегі биологиялық құбылстарды молекулалық, мембраналық және жасушалық деңгейде түсіндіру оларды ағзалық, популяциялық биоценоздық және биосфералық деңгейде қарастырып, ондағы физикалық, химиялық және биологиялық заңдылықтардың әрекетін түсіндіруге мүмкіншілік береді. Биофизика ғылымдар саласына қойылытын үш негізгі талапты қамтамасыз етеді, яғни жеке мақсаты мен тапсырмаларды, жеке обьектілері, жеке зерттеу әдістері бар . Биофизика – ең алдымен білім, ұғым, негізгі қарапайым әдістерді ұғынту арқылы ағзаның өмір сүру қабілеті мен функционалдық заңдылықтарын түсіндіретін ғылым саласы. Мысалы медицинада қолданылуы лазерлердің. Лазер сәулесі көзге операция жасау үшін және терапияда кеңінен қолданылады. Хирургияда лазер сәулесі пышақ ретінде қолданылады. Лазер пышағымен денені кескенде ешқандай қан шықпайды. Оның сәулесі бір жағынан пышақ ретінде кессе екінші жағынан оны тігіп отырады. Бұл тігу белоктық молекулалардың коагуляциялануынан жүзеге асады. Лазер сәулесімен көз ішіндегі ісіктерді сылып алып тастайды, көздің қарашығын жөндейді. Лазердің сәулелерінің көмегімен ауыл шаруашылығында өсімдіктердің өсуін жылдамдатуға болады. Биофизика, биологиялық физика (био.. және физика) — тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы Биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды.

  • Молекулярлық Биофизика;

  • Клеткалық процестер Биофизикасы;

  • Басқару және реттеу процесінің Биофизикасы.

Молекулярлық Биофизика тірі организмдерді синтездейтін макромолекула мен молекулалық биобірлестіктердің физикалық-химиялық қасиеттерін, олардағы биохим. процестердің қарым-қатынастары мен энергия сипатын анықтайды.

Клеткалық процестердің Биофизикасы жасушалардың физикалық-химиялық негіздерін, биологиялық мембраналар мен жасуша органоидтарының молекулалық құрылысын, олардың атқаратын қызметіне сәйкес механикалық және электрлік қасиеттерін, жасушадағы биохимиялық процестердің энергиясын, биологиялық процестердің термодинамикасын зерттейді, Биофизикалық факторлардың тірі организмдерге (жануарлар мен өсімдіктерге, микроорганизмдерге және адамға) әсерлерін анықтайды.

Биологиялық жүйелердегі басқару және реттеу процестері Биофизикасы организмдердегі басқару жүйесінің ішкі байланыстарын зерттейді, олардың Биофизикалық моделін жасау арқылы физикалық табиғатын анықтайды.

Биофизика молекулалық биология, биохимия ғылымдарымен тығыз байланысты. Биофизиканың негізгі салалары радиобиология, биомеханика, биоэнергетика, фотобиология, биолюминесценция, т.б. Жалпы, Қазақстанда биофизикалық зерттеулер XX ғасырдың 60-жылдарында басталды. Қазір биофизикамен Онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, “Биоген” жабық акциондық қоғамы, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Алматы мемлекеттік медицина университеті шұғылданады. Қазақстанда, әсіресе, радиологиялық зерттеулер жақсы дамыған (С. Балмұқанов, С. Рысқұлова, А. Сейсебаев, Т. Байбекова). Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде лазер технологиясын ауыл шаруашылығында пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымын, егістіктерді, суды гелий-неон лазерінің сәулесімен өңдеу арқылы астықтың өнімін, өсімдіктің әр түрлі кеселге төзімділігін арттыруға болатындығы дәлелденді (В.М. Инюшин, Қ.Өрісбаев, С. Төреуханов, т.б.).