- •II блок
- •III блок
- •IV блок
- •1.Мейоз кезеңдері, ұзақтығы және сипаттамасы.
- •2.Клетка және ұлпаларды зерттеу әдістері.
- •3.Цитоплазманың химиялық құрамы, құрылысы және қызметі.
- •4.Плазматикалық мембрананың клеткааралық байланыстары және маманданған құрылымы.
- •5.Эндоплазматикалық тор (гранулярлы және агранулярлы) және оның клетка тіршілігінде маңызы.
- •6.Митохондрия құрылысы және қызметі.
- •7.Эпителийдің морфофункциональдық және онтофилогенетикалық жіктелуі.
- •8.Қан. Клеткалық және химиялық құрамы мен қызметі.
- •9.Гемопоэз. Қбк (қанның бағана клеткалары) туралы түсінік.
- •10.Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары, оның ультрақұрылымы мен қызметі.
- •11.Жүрек бұлшық ет ұлпасы. Жиырылғыш кардиомиоциттердің құрылысының ерекшелігі, қалыптасуы. Жүрек бұлшық ет ұлпасының регенерациясы.
- •12.Дәрумендер, организмде атқаратын ролі, жіктелуі. Антивитаминдер.
- •13.Гормондар. Гормондар, құрылысы, қасиеттері, организмдегі биологиялық қызметі, топтастыруы, әсер ету механизмі.
- •14.Көмірсулар, классификациясы, номенклатурасы, стереоизомериясы. Моносахаридтер, олардың туындылары. Фишер және Хеуорс формулалары. Муторотация.
- •15.Олиго- және полисахаридтер. Олиго- және полисахаридтердің жіктелуі, номенклатурасы. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер.
- •16.Липидтер. Липидтердің топтастыруы, қасиеттері, биологиялық қызметтері. Сабынданатын, сабынданбайтын липидтер. Балауыздар. Терпендер. Стероидтар.
- •17.Гликолиз.
- •18. Өсімдіктер клеткасының физиологиясы.
- •19.Өсімдіктердің су алмасу физиологиясы.
- •20.Фотосинтез.
- •21.Өсімдіктердің тынысалу физиологиясы.
- •1.Сүтқоректілердің жыныстық циклы.
- •2.Оогенез және сперматогенез.
- •3.Ұрықтану және оның биологиялық маңызы.
- •4.Гаструляцияның жолдары
- •5.Компетенция және эмбрионалды индукция туралы түсінік.
- •6,Омыртқалылардағы нейруляция процесі.
- •7.Регенерация: физиологиялық және репаративті. Эпиморфоз, морфолаксис, гипертрофия.
- •8.Қартаю кезеңіне жалпы сипаттама
- •9. Жұлын. Жұлыннан таралатын жүйкелер, тармақтары, жүйкелендіру аймақтары.
- •10. Адамның көру мүшесінің құрылысы. Көздің көмекші аппараттары.
- •11. Адамның қанайналым жүйесіне жалпы сипаттама. Қанайналым шеңберлері. Негізгі қан тамырлары.
- •12. Адамның қан жасаушы және иммунитет мүшелеріне жалпы сипаттама.
- •13. Бүйрек үсті безі. Құрылысы, қызметі.
- •14. Бауыр. Беті, бөліктері. Бауыр бөліктерінің құрылысы, бауырдың
- •15. Бүйрек, оның құрылысы, атқаратын қызметі. Нефронның құрылысы.
- •16. Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы, оның табиғаты және кезеңдері.
- •17. Организм функцияларының реттелуінің рефлекторлық принципі. Рефлекс. Рефлекторлық доға.
- •18. Синапстар: жіктелуі, құрылысы, қасиеттері.
- •19. Физиологиялық функциялардың гормональдық реттелуі. Ішкі секреция бездері. Гормондардың қызметтері.
- •21. Термодинамикалық жүйелер және олардың түрлері.
- •22. Заттың иондаушы сәулелерді жұту механизмдері.
- •23. Иондаушы сәулелер және оның түрлері.
- •24. Фотобиологиялық процестер. Анықтамасы, классификациясы.
- •25. Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестер.
- •III блок
- •3.Аналық жыныс безінің препаратында бөлініп жатқан оогониялардың жиынтығын көруге болады. Осы кесіндіде пісіп жетілген фолликулды көруге бола ма?
- •4.Аталық жыныс безінің препаратында бөлініп жатқан сперматогонияларды көруге болады. Осы кесіндіде пісіп жетілген сперматозоидтарды көруге бола ма?
- •5.Бақаның гаструласында бластопордың арқа ернін алып
- •6.Төмендегі а), ә) және б) тізбектерінде неше стоп-кодон (тоқтатушы кодон) бар?
- •8.Неге полимеразалық тізбекті реакциясы жүргізілген кезде геликаза ферменті қажет емес?
- •9.Фотосинтездің жарық және қаранғы фазасының қарқындылығын анықтаңыз.
- •10.Тыныс алуға тигізетін факторлардың әсерін және оның қарқындылығын анықтаңыз.
- •11.Өсімдіктердің қоректенуіндегі макро- және микроэлеметердің мөлшелерін анықтаңыз.
- •12.Термодинамика көзқарасымен түсіндіріп беріңіз, неге ұсақ сүтқоректілер тұрақты азықтануға мәжбүр болады және мұны қандай физикалық факторлар анықтайды?
- •14.Табиғаттағы жабық биофизикалық (термодинамикалық) жүйеге мысалдар келтіріңіздер.
- •15.Түсіндіріп беріңіздер, неге ымырт мезгілдерінде адам көзімен қабылданатын бейнелердің ашықтығы (резкость) жоғалады?
- •16.Бөлінетін тердің мөлшері артқан сайын жылу берілудің жоғарылуын әрдайым тудырады ма? Терморегуляциялық механизмін түсіндіріңіздер.
- •17.Егер қанның жылдамдығы капиллярларда 0,5 мм/с, ал аортада 40 м/с болса, онда аортаның көлденең кескіні капиллярлардың көлденең кескінінен қанша есе кіші болады?
- •18.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының (гормондарының) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне мысал келтіріңіз.
- •19.Дыбыс ырғағын тарылтып, кеңейтіп отыратын бұлшықеттерге мысал келтіріңіз.
- •20.Төменгі қуыс вена адам денесінің қай жерінде қалыптасады және қандай веналар оны түзеді?
- •21.Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахарид формуласын жазыңыз. Осы қасиеттің бар-жоғын түсіндіріңіз.
- •22.Пуриндік азоттық негіздің құрылымдық формуласын жазыңыз. Оның негізінде нуклеозид пен нуклеотид түзіңіз, оларға ат беріңіз.
- •23.Лимон қышқылы циклының бір айналымында атф күйінде қанша энергия бөлінетінін санаңыз.
- •IV блок
- •1. Қозғыш ұлпалардың түрлері мен атқаратын қызметіне сипаттама беріңіз!
- •2. Қозғыш ұлпалардың электрлік құбылысты ашқан ғалымдар жайлы түсіндіріңіз!
- •3. Синапстар, олардың түрлері, адам мен жануарлар ағзасындағы атқаратын рөлі неде?
- •4. Жоғарғы жүйке жүйесінің бөліктері. Сүтқоректілердегі бас миының даму эволюциясына жауап беріңіз!
- •5. Адам мен жануарлар ағзасының функционалдық күйін реттеу жолдары жайлы түсіндіріңіз!
- •6. Гомеостаз дегенімізге анықтама беріңіз. Адам ағзасындағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?
- •7. Қан және қан айналу жүйесіне сипаттама беріңіз. Қандай мүшелер жатады? Адам мен жануарлар ағзасындағы атқаратын қызметін түсіндіріңіз!
- •8. Қанның құрамы. Қанның ұюы, оның физиологиялық ролі неде?
- •9. Физиологиялық үрдістердің гуморальды реттеу жайлы түсіндіріңіз! Гормондардың әсер ету механизмі қалай іске асырылады?
- •10. Қанның буферлік жүйелерін атап, адам мен жануарлар ағзасындағы атқаратын қызметін түсіндіріңіз
- •11. Жүрек, атқаратын қызметі, жүрек автоматизмі дегенді қалай түсіндіресіз? Жүректің жұмысы қалай реттеледі?
- •12. Тыныс алудың тірі ағзалар үшін маңызы. Омыртқалы жануарлардың тыныс алуының адамның тыныс алуынан ерекшелігі.
- •13. Адам мен жануарларда тыныс алуды реттеуші мүшелер тыныс алу орталықтары жайлы баяндаңыз!
- •14. Асқорыту мүшелеріне сипаттама беріңіз. Адам мен жануарлардың ас қорытуына сипаттама беріңіз!
- •15. Сезім мүшелері жайлы түсіндіріңіз. Сезім мүшелерінің түрлері. Биологиялық ролі.
- •16. Қалқанша бездің гормоны. Гипер және гипофункция дегеніміз не? айырмашылығы қандай? Түсіндіріңіз.
- •17. Тыныс алу жүйесін реттеу механизмдеріне сипаттама беріңіз.
- •18. Гемолиз түрлері. Эритороциттердің осмостық төзімділігіне анықтама беріңіз.
- •19. Анализаторлардың түрлері. Есту, көру, сезіну мүшелеріне талдау жасап, маңызын түсіндіріңіз.
- •20. Жылу өндіру және жылу шығару жылу реттеу механизмдері жайлы не білесіз? Гомойотермия, гетеротермия, пойкилотермия дегеніміз не? анықтама беріңіз.
- •1.Биофизика пәніне және оның медицинада мен ауыл шаруашылығында алатын орнына сипаттама беріңіз
- •2.Биофизиканың негізгі бөлімдеріне сипаттама беріңіз.
- •3.Биологиялық жүйелерінің типтеріне сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз.
- •4.Тұйықталған термодинамикалық жүйе және оның негізгі қасиеттерін сипаттап беріңіз. Мысалдар келтіріңіздер
- •5.Жабық термодинамикалық жүйе және оның негізгі қасиеттерін сипаттап беріңіз. Мысалдар келтіріңіздер.
- •6.Ашық термодинамикалық жүйе және оның негізгі қасиеттерін сипаттап беріңіз. Мысалдар келтіріңіздер.
- •7.Термодинамикалық функцияларды сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіздер.
- •8.Термодинамикалық тепе-теңдік дегенді қалай түсінесіз, мысал келтіріңіз.
- •9.Энергия ұғымына анықтама беріңіз. Энергия түрлерінің айтып беріңіз және олардың сипатамасын беріңіз.
- •10.Ағзадағы энергия түрленуінің жалпы схемасын түсіндіріп беріңіз
- •11.Термодинамиканың бірінші заңын түсіндіріп беріңіз және оның биопроцестерге қолданылуын көрсетіңіз.
- •12.Бірінші жылу және алмасу процесінің қарқындылығы мен биопроцестердің пәк-і аралығында қандай байланыс бар?
- •13.Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестердің табиғатын түсіндіріңіз, мысалдар келтіріңіз.
- •14.Термодинамиканың екінші заңын түсіндіріп беріңіз және оның биопроцестерге қолданылуын көрсетіңіз.
- •11.1.Тұйық процестер
- •15.Энтропия түсінігіне анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз.
- •16.Негэнтропия түсінігіне анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз.
- •17.Л.Больцман коэффициенті және жүйе күйінің математикалық ықтималдығы арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •18.Ағзаның тұрақты стационар күйін сипаттаңыз және мысалдар келтіріңіз.
- •2 Биологиялық процестердің п.Ә.К.
- •19.И.Пригожин принципін сипаттаңыз және мысалдар келтіріңіз.
15. Сезім мүшелері жайлы түсіндіріңіз. Сезім мүшелерінің түрлері. Биологиялық ролі.
Сезім мүшелері — сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.
Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:
көру мүшесі - көз,
есту мүшесі - құлақ,
дәм сезу мүшесі - тіл,
иіс сезу мүшесі - мұрын,
сипап сезу мүшесі - тері жатады.
Сезім мүшелерінде сезгіш нейрондардың ұшы (рецепторлар) әр түрлі тітіркенулерді қабылдайды. Дыбыс, температура, химиялық ісер т.б. тітіркендіргіштерге жатады. Әрі қарай сезгіш нейрондардың өсінділері арқылы қозу үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі бір аймағына беріледі.
Рецепторлар орналасуы бойынша 2 топқа бөлінген:
сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттан келген тітіркенулерді қабылдайды. Мысалы, ыстық затқа қолы тиген адам қолын бірден тартып алады.
ішкі -ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.
Сезімнің физиологиялық негізі - тітіркендіргіштерді талғай біліп, ми қыртысы нейрондардарының қозуына байланысты жүзеге асады.
16. Қалқанша бездің гормоны. Гипер және гипофункция дегеніміз не? айырмашылығы қандай? Түсіндіріңіз.
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.
Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады (18, ә-сурет). Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.
Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар.
Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.
Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді
Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.
Белгілі бір гормонның қандағы мөлшері көбейсе, оны бөлетін без қызметі күшейді (гиперфункция), ал азайса, қызметі төменді (гипофункция) деген сөз. Екі жағдайда да эндокриндік ауру дамиды.
