- •II блок
- •III блок
- •IV блок
- •1.Мейоз кезеңдері, ұзақтығы және сипаттамасы.
- •2.Клетка және ұлпаларды зерттеу әдістері.
- •3.Цитоплазманың химиялық құрамы, құрылысы және қызметі.
- •4.Плазматикалық мембрананың клеткааралық байланыстары және маманданған құрылымы.
- •5.Эндоплазматикалық тор (гранулярлы және агранулярлы) және оның клетка тіршілігінде маңызы.
- •6.Митохондрия құрылысы және қызметі.
- •7.Эпителийдің морфофункциональдық және онтофилогенетикалық жіктелуі.
- •8.Қан. Клеткалық және химиялық құрамы мен қызметі.
- •9.Гемопоэз. Қбк (қанның бағана клеткалары) туралы түсінік.
- •10.Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары, оның ультрақұрылымы мен қызметі.
- •11.Жүрек бұлшық ет ұлпасы. Жиырылғыш кардиомиоциттердің құрылысының ерекшелігі, қалыптасуы. Жүрек бұлшық ет ұлпасының регенерациясы.
- •12.Дәрумендер, организмде атқаратын ролі, жіктелуі. Антивитаминдер.
- •13.Гормондар. Гормондар, құрылысы, қасиеттері, организмдегі биологиялық қызметі, топтастыруы, әсер ету механизмі.
- •14.Көмірсулар, классификациясы, номенклатурасы, стереоизомериясы. Моносахаридтер, олардың туындылары. Фишер және Хеуорс формулалары. Муторотация.
- •15.Олиго- және полисахаридтер. Олиго- және полисахаридтердің жіктелуі, номенклатурасы. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер.
- •16.Липидтер. Липидтердің топтастыруы, қасиеттері, биологиялық қызметтері. Сабынданатын, сабынданбайтын липидтер. Балауыздар. Терпендер. Стероидтар.
- •17.Гликолиз.
- •18. Өсімдіктер клеткасының физиологиясы.
- •19.Өсімдіктердің су алмасу физиологиясы.
- •20.Фотосинтез.
- •21.Өсімдіктердің тынысалу физиологиясы.
- •1.Сүтқоректілердің жыныстық циклы.
- •2.Оогенез және сперматогенез.
- •3.Ұрықтану және оның биологиялық маңызы.
- •4.Гаструляцияның жолдары
- •5.Компетенция және эмбрионалды индукция туралы түсінік.
- •6,Омыртқалылардағы нейруляция процесі.
- •7.Регенерация: физиологиялық және репаративті. Эпиморфоз, морфолаксис, гипертрофия.
- •8.Қартаю кезеңіне жалпы сипаттама
- •9. Жұлын. Жұлыннан таралатын жүйкелер, тармақтары, жүйкелендіру аймақтары.
- •10. Адамның көру мүшесінің құрылысы. Көздің көмекші аппараттары.
- •11. Адамның қанайналым жүйесіне жалпы сипаттама. Қанайналым шеңберлері. Негізгі қан тамырлары.
- •12. Адамның қан жасаушы және иммунитет мүшелеріне жалпы сипаттама.
- •13. Бүйрек үсті безі. Құрылысы, қызметі.
- •14. Бауыр. Беті, бөліктері. Бауыр бөліктерінің құрылысы, бауырдың
- •15. Бүйрек, оның құрылысы, атқаратын қызметі. Нефронның құрылысы.
- •16. Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы, оның табиғаты және кезеңдері.
- •17. Организм функцияларының реттелуінің рефлекторлық принципі. Рефлекс. Рефлекторлық доға.
- •18. Синапстар: жіктелуі, құрылысы, қасиеттері.
- •19. Физиологиялық функциялардың гормональдық реттелуі. Ішкі секреция бездері. Гормондардың қызметтері.
- •21. Термодинамикалық жүйелер және олардың түрлері.
- •22. Заттың иондаушы сәулелерді жұту механизмдері.
- •23. Иондаушы сәулелер және оның түрлері.
- •24. Фотобиологиялық процестер. Анықтамасы, классификациясы.
- •25. Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестер.
- •III блок
- •3.Аналық жыныс безінің препаратында бөлініп жатқан оогониялардың жиынтығын көруге болады. Осы кесіндіде пісіп жетілген фолликулды көруге бола ма?
- •4.Аталық жыныс безінің препаратында бөлініп жатқан сперматогонияларды көруге болады. Осы кесіндіде пісіп жетілген сперматозоидтарды көруге бола ма?
- •5.Бақаның гаструласында бластопордың арқа ернін алып
- •6.Төмендегі а), ә) және б) тізбектерінде неше стоп-кодон (тоқтатушы кодон) бар?
- •8.Неге полимеразалық тізбекті реакциясы жүргізілген кезде геликаза ферменті қажет емес?
- •9.Фотосинтездің жарық және қаранғы фазасының қарқындылығын анықтаңыз.
- •10.Тыныс алуға тигізетін факторлардың әсерін және оның қарқындылығын анықтаңыз.
- •11.Өсімдіктердің қоректенуіндегі макро- және микроэлеметердің мөлшелерін анықтаңыз.
- •12.Термодинамика көзқарасымен түсіндіріп беріңіз, неге ұсақ сүтқоректілер тұрақты азықтануға мәжбүр болады және мұны қандай физикалық факторлар анықтайды?
- •14.Табиғаттағы жабық биофизикалық (термодинамикалық) жүйеге мысалдар келтіріңіздер.
- •15.Түсіндіріп беріңіздер, неге ымырт мезгілдерінде адам көзімен қабылданатын бейнелердің ашықтығы (резкость) жоғалады?
- •16.Бөлінетін тердің мөлшері артқан сайын жылу берілудің жоғарылуын әрдайым тудырады ма? Терморегуляциялық механизмін түсіндіріңіздер.
- •17.Егер қанның жылдамдығы капиллярларда 0,5 мм/с, ал аортада 40 м/с болса, онда аортаның көлденең кескіні капиллярлардың көлденең кескінінен қанша есе кіші болады?
- •18.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының (гормондарының) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне мысал келтіріңіз.
- •19.Дыбыс ырғағын тарылтып, кеңейтіп отыратын бұлшықеттерге мысал келтіріңіз.
- •20.Төменгі қуыс вена адам денесінің қай жерінде қалыптасады және қандай веналар оны түзеді?
- •21.Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахарид формуласын жазыңыз. Осы қасиеттің бар-жоғын түсіндіріңіз.
- •22.Пуриндік азоттық негіздің құрылымдық формуласын жазыңыз. Оның негізінде нуклеозид пен нуклеотид түзіңіз, оларға ат беріңіз.
- •23.Лимон қышқылы циклының бір айналымында атф күйінде қанша энергия бөлінетінін санаңыз.
- •IV блок
- •1. Қозғыш ұлпалардың түрлері мен атқаратын қызметіне сипаттама беріңіз!
- •2. Қозғыш ұлпалардың электрлік құбылысты ашқан ғалымдар жайлы түсіндіріңіз!
- •3. Синапстар, олардың түрлері, адам мен жануарлар ағзасындағы атқаратын рөлі неде?
- •4. Жоғарғы жүйке жүйесінің бөліктері. Сүтқоректілердегі бас миының даму эволюциясына жауап беріңіз!
- •5. Адам мен жануарлар ағзасының функционалдық күйін реттеу жолдары жайлы түсіндіріңіз!
- •6. Гомеостаз дегенімізге анықтама беріңіз. Адам ағзасындағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?
- •7. Қан және қан айналу жүйесіне сипаттама беріңіз. Қандай мүшелер жатады? Адам мен жануарлар ағзасындағы атқаратын қызметін түсіндіріңіз!
- •8. Қанның құрамы. Қанның ұюы, оның физиологиялық ролі неде?
- •9. Физиологиялық үрдістердің гуморальды реттеу жайлы түсіндіріңіз! Гормондардың әсер ету механизмі қалай іске асырылады?
- •10. Қанның буферлік жүйелерін атап, адам мен жануарлар ағзасындағы атқаратын қызметін түсіндіріңіз
- •11. Жүрек, атқаратын қызметі, жүрек автоматизмі дегенді қалай түсіндіресіз? Жүректің жұмысы қалай реттеледі?
- •12. Тыныс алудың тірі ағзалар үшін маңызы. Омыртқалы жануарлардың тыныс алуының адамның тыныс алуынан ерекшелігі.
- •13. Адам мен жануарларда тыныс алуды реттеуші мүшелер тыныс алу орталықтары жайлы баяндаңыз!
- •14. Асқорыту мүшелеріне сипаттама беріңіз. Адам мен жануарлардың ас қорытуына сипаттама беріңіз!
- •15. Сезім мүшелері жайлы түсіндіріңіз. Сезім мүшелерінің түрлері. Биологиялық ролі.
- •16. Қалқанша бездің гормоны. Гипер және гипофункция дегеніміз не? айырмашылығы қандай? Түсіндіріңіз.
- •17. Тыныс алу жүйесін реттеу механизмдеріне сипаттама беріңіз.
- •18. Гемолиз түрлері. Эритороциттердің осмостық төзімділігіне анықтама беріңіз.
- •19. Анализаторлардың түрлері. Есту, көру, сезіну мүшелеріне талдау жасап, маңызын түсіндіріңіз.
- •20. Жылу өндіру және жылу шығару жылу реттеу механизмдері жайлы не білесіз? Гомойотермия, гетеротермия, пойкилотермия дегеніміз не? анықтама беріңіз.
- •1.Биофизика пәніне және оның медицинада мен ауыл шаруашылығында алатын орнына сипаттама беріңіз
- •2.Биофизиканың негізгі бөлімдеріне сипаттама беріңіз.
- •3.Биологиялық жүйелерінің типтеріне сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз.
- •4.Тұйықталған термодинамикалық жүйе және оның негізгі қасиеттерін сипаттап беріңіз. Мысалдар келтіріңіздер
- •5.Жабық термодинамикалық жүйе және оның негізгі қасиеттерін сипаттап беріңіз. Мысалдар келтіріңіздер.
- •6.Ашық термодинамикалық жүйе және оның негізгі қасиеттерін сипаттап беріңіз. Мысалдар келтіріңіздер.
- •7.Термодинамикалық функцияларды сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіздер.
- •8.Термодинамикалық тепе-теңдік дегенді қалай түсінесіз, мысал келтіріңіз.
- •9.Энергия ұғымына анықтама беріңіз. Энергия түрлерінің айтып беріңіз және олардың сипатамасын беріңіз.
- •10.Ағзадағы энергия түрленуінің жалпы схемасын түсіндіріп беріңіз
- •11.Термодинамиканың бірінші заңын түсіндіріп беріңіз және оның биопроцестерге қолданылуын көрсетіңіз.
- •12.Бірінші жылу және алмасу процесінің қарқындылығы мен биопроцестердің пәк-і аралығында қандай байланыс бар?
- •13.Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестердің табиғатын түсіндіріңіз, мысалдар келтіріңіз.
- •14.Термодинамиканың екінші заңын түсіндіріп беріңіз және оның биопроцестерге қолданылуын көрсетіңіз.
- •11.1.Тұйық процестер
- •15.Энтропия түсінігіне анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз.
- •16.Негэнтропия түсінігіне анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз.
- •17.Л.Больцман коэффициенті және жүйе күйінің математикалық ықтималдығы арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •18.Ағзаның тұрақты стационар күйін сипаттаңыз және мысалдар келтіріңіз.
- •2 Биологиялық процестердің п.Ә.К.
- •19.И.Пригожин принципін сипаттаңыз және мысалдар келтіріңіз.
14. Асқорыту мүшелеріне сипаттама беріңіз. Адам мен жануарлардың ас қорытуына сипаттама беріңіз!
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалықлық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ас ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас.
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты, ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma — ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды.
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.
Адамның асқазаны,
Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. (Абай атамыздың: «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» деген ой тұжырымы естеріңде болар.) Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі қабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады .
Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі - улта-бар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін от қабының өзегі және үйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық әскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.
Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бу йен деп аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді түйық өскін соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (лат.«арреndіх» - қосалқы) деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру - сокырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның сілемейлі қабыкшасында жарты ай пішінді ірі өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (өсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдердісинтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды өсер етуі мүмкін. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек өрігердің кәңесі бойынша пайдалану керек.[1]
Ішек-қарын жолы
Ауыз қуысына түскен тағам шайналып, ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы птиалин ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ауыз куысындағы тағам тіл мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы жұтылады. Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа, одан өңеш аркылы қарынға өтеді. Жұту кезінде көмекей кақпағы жабылады. Тамақ жеп, не ішіп отырған кезде адам сөйлейтін болса, тамақ түйірлері көмекейге түсуі мүмкін. Тамақ түйірлері көмекейге түссе, адам шашалады, кейде тұншығады.
Ересек адамдар қарынының сыйымдылығы 1,5-2 литр. Қарынның пішіні мен мөлшері астың түсуіне байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Ұсақ бездерден бөлінетін қарын сөлінің құрамында су, тұз қышқылы, ферменттер және т.б. заттар болады. Қарында тағам 3 - 6 сағаттай уақыт қорытылады да, жартылай қоймалжың сұйық жентекке айналады. Жартылай сұйықжентек белгілі бір мөлшерде оқтын-оқтын аш ішекке өтіп тұрады.
Қарында жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі. Ұлтабарға бауырдан келетін өт өзегі жөне ұйқыбездің өзегі ашылады. Бауырдан келетін өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар - аминқышқылдарына, крахмал - қантқа, майлар - май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырайды. Ұлтабардан ас белгілі мөлшерде оқтын-оқтын аш ішектің келесі бөліміне өтеді. Мұнда тағамдық заттар ішек сөлінің әсерінен толық қорытылып, еріген қосылыстарға айналады.
Аш ішектің ішкі сілемейлі қабықшасында өте ұсақ көптеген тұйық өскіндер - бүрлер болады. Бүрлердің сырты бір кабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған аминқышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларына өтеді де, тері астындағы шел қабатқа жиналады. Аминқышқылдары мен қант бауырға барып, қайта өзгерістерге ұшырап, бүкіл денеге таралады.
