Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

6. Гомеостаз дегенімізге анықтама беріңіз. Адам ағзасындағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?

Сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарамастан тірі ағзалардың өздеріне тән ішкі ортасының тұрақтылығын, морфологиялық, функционалдық біртұтастығын сақтап қалу қасиетін гомеостаз деп атаймыз.

Гомеостаз — ағзалардың ең негізгі қасиеттерінің бірі және ол ағзалардың қалыпты тіршілік етуі үшін өте маңызды, себебі тек гомеостаз нәтижесінде ағза құбылмалы сыртқы ортаға бейімделіп тіршілік ете алады. Тірі ағзалардың мұндай қасиетінің маңызын алғашқы рет 1878 жылы француз ғалымы К. Бернар байқаған. Бірақ гоместаз деген терминді биологияға 1929 жылы америка физиологі В. Кеннон енгізген болатын.

К. Бернардың айтуынша сыртқы орта факторларының әсер-лері саддарынан әр түрлі ағзалар және тіршіліктің түрліше формалары қалыптасады. Ол тіршілікті 3 түрге бөлген: тіршіліктің жасырын (латентті), тәуелді және тұрақты не еркін формала-ры.

Тіршіліктің жасырын формасында тіршілік процестері байқ-алмайды, зат алмасу толық тежеледі. Бұған мысал ретінде өсімдіктердің тұқымдарын алуға болады. Тұқымдар жүздеген, мыңдаған жылдар бойына тіршілікті байқатпай сақталады, қолайлы жағдай туса өніп, өсіп жеке өсімдікке айнала алатыны белгілі. Жануарлар дүниесінде тіршіліктің жасырын түрі қарапайымды-ларда циста күйінде байқалады. Қолайлы жағдайларда циста қалыпты ағзаға айналады.

Тіршіліктің тәуелді формасы сыртқы орта факторларына тәуелді болып келеді. Оларға салқын қанды — пойкилотермді жануарлардың бәрі, яғни омыртқасыздар жөне кейбір омырт-қалылар жатады. Олардың тіршілігі сыртқы орта факторларына (су, жылылық т.с.с.) тәуелді болады.

Тіршіліктің тұрақты не еркін формасы жоғары сатылы жануарларға тән. Бұл жануарлардың тіршілігі сыртқы орта факторлары күрт өзгерген күнде де тоқтамай жалғаса береді, себебі оның мүшелері мен ұлпаларының қызмет активтілігі ай-тарлықтай өзгермейді. Оның басты себебі мүшелерді, ұлпаларды қоршаған ағзаның ішкі ортасы өзгермейді. Нәтижесінде ағза жылыжайда тіршілік еткен сияқты болып, тұрақты, еркін өмір сүреді. Сонымен К. Бернардың айтуынша кез келген жоғары сатылы жануарлардың тіршілігі 2 ортада жүреді: ағзаны қоршаған сыртцы орта және ұлпаларды, мүшелерді қоршаған ішкі орта К. Бернар ағзаның ішкі ортасы деп ұлпаларды үнемі жуып-шайып тұратын сұйықтықтарды — қан сұйықтығын, лимфа және ұлпа сұйықтықтарын айтқан. Қорыта келгенде ол ағзаньщ ішкі орта тұрақтылығы тіршіліктің тұрақты, еркін фор-масының негізі болады.

7. Қан және қан айналу жүйесіне сипаттама беріңіз. Қандай мүшелер жатады? Адам мен жануарлар ағзасындағы атқаратын қызметін түсіндіріңіз!

Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.

Қанайналымның қызметі[өңдеу]

тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);

терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);

қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);

гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау).

Қанайналым жүйесінің құрамы

Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.

Қан тамырлары:

қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға,

қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға және

оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.

Жүрек - Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан.

Қанайналым шеңберлері

Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі

Үлкен қанайналым шеңбері

Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

Кіші қанайналым шеңбері

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады.Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері —> жүректің оң жақ қарыншасынан басталып —> өкпеге қан тартады —> жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді.

Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.

Электрокардиография

Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантмырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне инфаркт миокарда шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23—27 секунд.Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде - қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газдан тазартылады.

Қан қысымы

Қан қантамырлардың бойымен ағу кезінде қантамырларына және жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең жоғары қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия қантамыры - қолқада болады. Жүректен алшактаған сайын артерия қантамырларында кан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы жүрекке қан әкелетін жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы сынап бағанасымен өлшегенде 150 мм. Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105-120 мм. Ұсақ артериялар мен қылтамырларда 20-25 мм. Қан қысымын өлшейтін құралды тонометр дейді. Қанның жалпы қантамырлар бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Одан:

1. Жүректің ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан қысымының түрліше болуы.

2. Тынысалу және тыныс шығару кезінде кеуде қуысында қысымның үнемі өзгеруі.

3. Веналық қантамырлардың ішінде болатын қақпақшалар қанның кері бағытта ағуына кедергі болуы.

4. Веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшықеттер жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуы пайда болады.