Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

2.Клетка және ұлпаларды зерттеу әдістері.

Цитололгияда негізгі колданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы жылдары клетканы зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлері қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы карама-карсы, электронды микроскопты). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5—7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бәлінеді: материал алу және оны бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге құю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту. Клетканың жалпы морфологиясын оқып үйрену - зерттеу әдістерінің дамуына байланысты. Цитологияның негізгі зерттеу әдісі - микроскопиялық әдіс. Казіргі кездің өзінде де жарық микроскопы зерттеу құралы ретінде өзінің маңызын жойған жок.Оптикалық микроскопия Биологиялық микроскоптың бірнеше модельдері бар (МБИ-1, МБИ-2, МБИ-3, т.т.). Бұл микроскоптар клеткалық кұрылымдарды және олардьң функциясын жан-жақты зерттеуге мүмкіншілік береді. Ең жақсы деген оптикалық микроскоптың шешуші кабілеті айтарлықтай жоғары емес. Микроскоптың шешуші кабілеті дегеніміз жеке көрінетін екі нүктенің ең кіші ара кашықтықтары. Жарық микроскопы екі нүктенің ара қашықтықтарын өсіріп көрсетеді. Бұл әйнек линзаларының немесе линзалар жүйесі көмегімен іске асады. Әйнек жүйелерінің бірі объектив, карайтын нәрсенің (обьектінің) көрінісін кұрайды, ал окуляр деп аталатын екінші жүйе оны қайтадан үлкейтеді. Окуляры көзге жақын орналасқан линза дейді. Микроскопта жарықты жинаушы конденсор болады. Оптикалық микроскоптың шешуші кабілеті 0,2 мкм немесе 200 нм (нанометрге) тең, ал адам көзінің шешуші кабілеті 0,1 мм. Жарық көзі ретінде ультракүлгін сәулелерді қолданған кезде оптикалық микроскоптың шешуші қабілетінің шегі 0,1 мкм жетеді, яғни екі есе артады. Ультракүлгін сәулелерді адамның көзі кабылдай алмайтын болғандықтан, клетка кұрылысының көрінісі фотоға немесе эқранға түсіріледі.Микроскоптың үлкейту дәрежесі объектив пен окулярдың үлкейтуіне тәуелді, сан жағынан олардың үлкейту шамаларының көбейтіндісіне тең. Казіргі оптикалық микроскоптың үлкейту шегі 1500 еседен артпайды.

Тірі  материал  мөлдір  және  жеке  клеткалардың  қалың   болуына байланысты зерттеуге қолайсыз. Сондықтан көбінесе фиксацияланған (бекітілген) материалмен жұмыс істелінеді. Одан жұқа кесінділер дайындап, түрлі бояғыштармен бояйды. Калындығы 5-10 мкм-дей кесіндіні арнайы микротомдар арқылы дайыңдайды. Сапалы бекіту объектінің тірі күйіндегі құрылымын айтарлықтай өзгертпейді.  Бекітуі ұлпаны тығыздайды  және  автолиз  процестерін  тоқтатады.   Кейбір  бекітуші сұйықтар белгілі кұрылымдардың бояулар мен боялу кабілетін арттырады. Жиі қолданылатын бекіткіштер формальдегид, қосхромдық қышқыл калий, сірке, пикрин және осмий қьшқылдары мен этил, спирті.  Сұйық қоспалар жақсы бекіткіштер деп саналады. Олардың көпшілігі   ұсынған   зерттеушілердің   аттарымен    аталған.  Бекіткеннен кейін объектіні ұлпаға сіңетін ортаға батырады . Тығыздаушы заттар жақсы сіңу үшін ұлпаның бөлшегінен этил спиртінің көмегімен суды ығыстырып шығарады, содан кейін ксилолға немесе толуолға салады. Алдын ала істелетін бұл екі кезең ұлпаға парафин сіңу үшін кажет. Жылы сүйық парафин сіңеді де катып қалады. Микротомның көмегімен   парафин   блогінен   шыныға   бекитін   жұқа   кесінділер дайындайды. Кесіңдіден парафинді ксилолдың көмегімен ығыстырып шығарады. Осыдан кейін кесіңдіні бояйды.  Көбінесе ұлпаны гемотоксилин және эозинмен бояйды. Гемотоксилинмен боялатьш құрылымдарды базафильдік деп атайды. Эозин қышқыл бояу сондықтан оны байланыстыратын клетканың компоненттерін ацидофилдік немесе эозинафильдік дейді. Осы кұрылымдарды тірі клеткаларда белсеңділік күйіңде көру үшін әр турлі микроскоптарды шығарған: фаза - контрастық, поляризациялық, флуоресценттік тағы баскаларын. Бұл микроскоптардың бәрі жарықты пайдалануға негізделген.

Ивтерференииялық микроскопия Интерференциялық микрокопиялық әдіс фазалық-контрасты  микроскопия өдісіне ұксас. Боялмаған мөлдір Іірі клеткалардьщ анық көрінісін алуга мүмкіншшк береді. Жарық көзінен шығатын параллель жарық  сәулелерінің шоғы екі бұтаққа  бөлінеді