Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

I БЛОК

1.Мейоз кезеңдері, ұзақтығы және сипаттамасы.

2.Клетка және ұлпаларды зерттеу әдістері.

3.Цитоплазманың химиялық құрамы, құрылысы және қызметі.

4.Плазматикалық мембрананың клеткааралық байланыстары және маманданған құрылымы.

5.Эндоплазматикалық тор (гранулярлы және агранулярлы) және оның клетка тіршілігінде маңызы.

6.Митохондрия құрылысы және қызметі.

7.Эпителийдің морфофункциональдық және онтофилогенетикалық жіктелуі.

8.Қан. Клеткалық және химиялық құрамы мен қызметі.

8.Гемопоэз. ҚБК (қанның бағана клеткалары) туралы түсінік.

9.Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары, оның ультрақұрылымы мен қызметі.

10.Жүрек бұлшық ет ұлпасы. Жиырылғыш кардиомиоциттердің құрылысының ерекшелігі, қалыптасуы. Жүрек бұлшық ет ұлпасының регенерациясы.

11.Дәрумендер, организмде атқаратын ролі, жіктелуі. Антивитаминдер.

12.Гормондар. Гормондар, құрылысы, қасиеттері, организмдегі биологиялық қызметі, топтастыруы, әсер ету механизмі.

13.Көмірсулар, классификациясы, номенклатурасы, стереоизомериясы. 14.Моносахаридтер, олардың туындылары. Фишер және Хеуорс формулалары. Муторотация.

15.Олиго- және полисахаридтер. Олиго- және полисахаридтердің жіктелуі, номенклатурасы. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер.

16.Липидтер. Липидтердің топтастыруы, қасиеттері, биологиялық қызметтері. Сабынданатын, сабынданбайтын липидтер. Балауыздар. Терпендер. Стероидтар.

17.Гликолиз.

18.Өсімдіктер клеткасының физиологиясы.

19.Өсімдіктердің су алмасу физиологиясы.

20.Фотосинтез.

21.Өсімдіктердің тынысалу физиологиясы.

II блок

1.Сүтқоректілердің жыныстық циклы.

2.Оогенез және сперматогенез.

3.Ұрықтану және оның биологиялық маңызы.

4.Гаструляцияның жолдары.

5.Компетенция және эмбрионалды индукция туралы түсінік.

6.Омыртқалылардағы нейруляция процесі.

7.Регенерация: физиологиялық және репаративті. Эпиморфоз, морфолаксис, гипертрофия

8.Қартаю кезеңіне жалпы сипаттама.

9.Жұлын. Жұлыннан таралатын жүйкелер, тармақтары, жүйкелендіру аймақтары.

10.Адамның көру мүшесінің құрылысы. Көздің көмекші аппараттары.

11.Адамның қанайналым жүйесіне жалпы сипаттама. Қанайналым шеңберлері. Негізгі қан тамырлары.

12.Адамның қан жасаушы және иммунитет мүшелеріне жалпы сипаттама.

13.Бүйрек үсті безі. Құрылысы, қызметі.

14.Бауыр. Беті, бөліктері. Бауыр бөліктерінің құрылысы, бауырдың қызметі.

15.Бүйрек, оның құрылысы, атқаратын қызметі. Нефронның құрылысы.

16.Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы, оның табиғаты және кезеңдері.

17.Организм функцияларының реттелуінің рефлекторлық принципі. Рефлекс. Рефлекторлық доға.

18.Синапстар: жіктелуі, құрылысы, қасиеттері.

19.Физиологиялық функциялардың гормональдық реттелуі. Ішкі секреция бездері. Гормондардың қызметтері.

20.Тұрақты және айнымалы токтарға биожүйелердің электрөткізгіштігі.

21.Термодинамикалық жүйелер және олардың түрлері.

22.Заттың иондаушы сәулелерді жұту механизмдері.

23.Иондаушы сәулелер және оның түрлері.

24.Фотобиологиялық процестер. Анықтамасы, классификациясы.

25.Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестер.

26.Моногибридті шағылыстыру. Мендельдің моногибридті шағылыстыруды талдау барысында белгілердің негізгі тұқымқуалау заңдылықтарын орнатуы. “Гаметалар тазалығы” заңдылығының цитологиялық негізі. Ажырау заңдылықтары.

27.Кумулятивті және кумулятивті емес полимерия. Трангрессия. Ажыраудың статистикалық сипаты.

28.Жынысты анықтау. Жынысты анықтаудың эпигамды, прогамды, сингамды түрлері. Жынысты анықтаудың типтері. Аталық және аналық гетерогаметалық. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқымқуалауы. Жыныс хромосомалары ажырамаған кезіндегі тұқым қуалау. Хромосомалардың бірінші және екінші реттік ажырамауы.

29.Нуклеин қышқылдарының генетикалық рөлі. Гриффитс, Эйвери және Херши и Чейз тәжірибелері.

30.ДНҚ репликациясы. Репликацияның негізгі принциптері. ДНҚ репликациясының жартылай консервативтілігі механизмінің тәжірибелік дәлелдемесі. Мезельсон және Сталь тәжірибесі.

31.Генетикалық код. Оның негізгі қасиеттері. Кодон құрылымы.

32.Амин қышқылдары – белоктардың құрылымдық компоненті. Амин қышқылдардың құрылысы, олардың физико-химиялық қасиеттері, жіктелуі. Алмасатын және алмаспайтын аминқышқылдары. Амин қышқылдарының стереохимиясы.

33.Ферменттер. Ферменттердің номенклатурасы мен жіктелуі, атқаратын қызметі. Коферментердің түрлері, қызметі. Фермент молекуласындағы активті және аллостериялық орталықтары. Ферменттердің тежегіштері. Бәсекелес және бәсекелес емес тежегіштер.

III блок

1.Адамда Rh гені эритроциттің формасын анықтайтын генмен тіркескен, және одан 3 морганида ара - қашықтығында орналасқан. Резус оң және эллиптоцитоз доминантты гендермен анықталады. Ерлі - зайыптылардың біреуі екі белгісінен де гетерозиготалы. Оң резусты ол, ата- аналарының біреуінен, ал эллиптоцитозды басқасынан тұқым қуалаған. Резус теріс қан тобымен екінші ата- ана, қалыпты эритроциттерімен сипатталады. Жанұядағы балаларының ықтималды генотиптері мен фенотиптерінің проценттік қатынастарын анықтаңыз.

2.Құрылықтардың біреуінен 10 000 түлкі атып алған, олардың 9991 жирен және 9 ақ особьтер болған. Жирен түс ақ түске доминантты. Жирен гомозиготты, жирен гетерозиготты және ақ түлкілердің пайыздық қатынасын анықтаңыз.

3.Аналық жыныс безінің препаратында бөлініп жатқан оогониялардың жиынтығын көруге болады. Осы кесіндіде пісіп жетілген фолликулды көруге бола ма?

4.Аталық жыныс безінің препаратында бөлініп жатқан сперматогонияларды көруге болады. Осы кесіндіде пісіп жетілген сперматозоидтарды көруге бола ма?

5.Бақаның гаструласында бластопордың арқа ернін алып тастаған. Ұрықтың әрі қарай дамуы жүреді ме?

6.Төмендегі а), ә) және б) тізбектерінде неше стоп-кодон (тоқтатушы кодон) бар?

а) 5’-ЦАТАТГАГГГТААГГЦАЦ-3’

ә) 5’-ЦАТАТААТАГТГАГГЦЦТ-3’

б 5’-ЦАТААААТГАЦАТЦАГГГ-3’

7.кэп – 5’- трансляцияланбайтын аудан – АУГ- кодирующий участок – УАГ – 3’- трансляцияланбайтын аудан – поли-(А)-блогы.

Жоғарыдағы сызба-нұсқада қандай құрылым көрсетілген?

8.Неге полимеразалық тізбекті реакциясы жүргізілген кезде геликаза ферменті қажет емес?

9.Фотосинтездің жарық және қаранғы фазасының қарқындылығын анықтаңыз.

10.Тыныс алуға тигізетін факторлардың әсерін және оның қарқындылығын анықтаңыз.

11.Өсімдіктердің қоректенуіндегі макро- және микроэлеметердің мөлшелерін анықтаңыз.

12.Термодинамика көзқарасымен түсіндіріп беріңіз, неге ұсақ сүтқоректілер тұрақты азықтануға мәжбүр болады және мұны қандай физикалық факторлар анықтайды?

13.Физикалық еңбектенетін жұмысшы күнделікті қоректенетін тағамымен 17 МДж жуық энергия қабылдайды. Күні бойы ол 10 МДж жұмысты атқарады. Тамақпен қабылданатын энергияның қандай үлесі пайдалы жұмысқа түрленеді?

14.Табиғаттағы жабық биофизикалық (термодинамикалық) жүйеге мысалдар келтіріңіздер.

15.Түсіндіріп беріңіздер, неге ымырт мезгілдерінде адам көзімен қабылданатын бейнелердің ашықтығы (резкость) жоғалады?

16.Бөлінетін тердің мөлшері артқан сайын жылу берілудің жоғарылуын әрдайым тудырады ма? Терморегуляциялық механизмін түсіндіріңіздер.

17.Егер қанның жылдамдығы капиллярларда 0,5 мм/с, ал аортада 40 м/с болса, онда аортаның көлденең кескіні капиллярлардың көлденең кескінінен қанша есе кіші болады?

18.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының (гормондарының) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне мысал келтіріңіз.

19.Дыбыс ырғағын тарылтып, кеңейтіп отыратын бұлшықеттерге мысал келтіріңіз.

20.Төменгі қуыс вена адам денесінің қай жерінде қалыптасады және қандай веналар оны түзеді?

21.Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахарид формуласын жазыңыз. Осы қасиеттің бар-жоғын түсіндіріңіз.

22.Пуриндік азоттық негіздің құрылымдық формуласын жазыңыз. Оның негізінде нуклеозид пен нуклеотид түзіңіз, оларға ат беріңіз.

23.Лимон қышқылы циклының бір айналымында АТФ күйінде қанша энергия бөлінетінін санаңыз.