Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitapkhana_katalogtary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
654 Кб
Скачать
☆

2.3 Пәндік каталог

Баспа шығармаларына жазылған сипаттамалар мазмұны бойынша, нақты пәні немесе зерттеу обьектісі бойынша қойылып, пәндік комплекстер жасайтын рубрикалар мен кіші рубрикалардың алфавиттік қатары бойынша орналасқан каталог. Пәндік каталогтың құрылымы пәндік рубрикалар тізімімен белгі-ленеді. Оның негізгі функциясы – анықтама-ақпараттық қызмет.

Пәндік каталогтегі негізгі бір ерекше нәрсе - құжаттың мазмұнын сипаттау дәлдігі, мұндағы пәннің аталымы, парадигматикалық қатынастар мен синтагматикалық қатынастардың есебі нақты дәл берілуі керек, олар пәндік рубрикалар мен кіші рубрикаларды құрау ережелерінің көмегімен жасалады. Материалды оның зерттеу аспектісіне, білім саласына байланысты жинақтай отырып, сол арқылы пәндік каталог едәуір толықтырылады., сөйтіп саларалық және пәндік тұрғыдан іздестіру ісін жүргізуге мүмкіндік береді. Пәндік каталогты ұйымдастыру қай типтегі кітапханаларға болмасын міндетті нәрсе емес, ол тек кейбір ірі кітапханаларда ғана басты каталогтың бірі болып саналады.

Пәндік рубрика. Баспа шығармсындағы пәнді, оның негізгі зерттеу аспектілерін және формасы мен кімге арналғанын қысқа сөзбен бейнелеу. Пәндік рубрика - пәндік комплекстің негізгі құрылымдық бөлімшесі. Пәндік каталогтары негізгі функциялары: ақпараттық қызмет (баспа шығармаларының мазмұнын қысқа ғана ашып беру), эвристикалық қызмет (белгілі бір пән бойынша ақпарат іздестіру), комплекстеу (баспа шығармаларының тақырып бойынша каталогтың бір жеріне топтастырылуы), терминологиялық қызмет (қабылданған ғылыми терминология-мен таныстыру). Пәндік рубрикаға қойылатын талаптар – ол баспа шығармаларының мазмұнын өзіне барабар түрде, қысқа және нақты формада беруі керек, ол терминологиялық нормаларға барынша сәйкес болуы керек.

Пәндік рубриканың комплекстеу функциясын қамтамасыз ету үшін бірінші орынға жетекші сөз шығарылады. Пәндік рубриканың өзі онда табиғи тілдің пайдалануына қармастан, ол арнау шартты сөз түзілісі, сөйте тұра ондағы сөздердің логикалық-грамматикалық категория-лары белгіленген ережелер мен талаптарға сәйкес келетін, ерекше жағдайдағы сөз тіркестері болып саналады.

Пәндестіру –бұл білімді ұйымдастырудың бастапқы әдістерінің бірі. Бұл көп - мағыналы ұғым болғандықтан түрлі процестерде қолданылу ая-сына байланысты түсіндіріледі.

Пәндестіру – баспа шығармаларын кітапханалық өңдеу әдісі, мұның мәні – баспа шығармасының пәнін анықтау, онда қаралған мәселенің аспетісін біліп, басқа пәндермен байланысын ашу және оның пәндік руб-рикадағы аталуын белгілеу.

Пәндестіру пәндік каталог пен түрлі пәндік көрсеткіштерді қарастырудағы кітапханалық-библиографиялық және ғылыми-ақпараттық жұмыстарды кеңінен қолданылады. Пәндестіру баспа шығармаларын, өңдеудегі ғылыми процесс, бұл процесстер барысында пәндеуші пәндік рубрикалар тізімін негізге ала отырып, баспа шығармаларына өздерінің пәндік рубрикаларын белгілейді және пәндік кешендерді ұйымдастырады. Баспа шығармаларының мазмұнын оның өзімен тікелей таныса отырып, зерттеу – пәндеу процесті орындаудың міндетті шарты болып табылады. Оның тәсілдері мен ережелері – пәндестіру әдістемесі бойынша белгіленеді.

Пәндестіру ғылыми пән, пәндестіру процесінің тарихын, теориясын, әдістемесі мен тәжірибесін зерттейтін және пәндік каталогты ұйымдастыру мәселелерін шешетін, кітапханатану ғылымының құрамды бір бөлігі. Пәндестіру жөніндегі алғашқы құралдың бірі – Ч.Э.Кеттердің сөздік каталогтар құрастыру жөніндегі еңбегі.

Пәндеудің теориясы мен әдістемесінің одан ары қарай даму барысы дүние жүзінің түрлі елдерінде пәндік каталог пен пәндік көрсеткіштерді жасау және жүргізу тәжірибесімен тығыз байла-нысты болды.

Пәндестіру әдістемесі - пәндеу принциптерінің, тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы. Мұның екі түрі бар : пәндестіру әдістемесінің жалпы түрі – баспа шығармаларын олардың білім саласына және тақырыбына байланыссыз пәндеудің жалпы принциптерін, жолдары мен ережелерін зерттейді. Пәндестіру әдістерінің жеке түрі – белгілі бір білім саласына, белгілі бір тақырыпқа немесе мамандыққа жататын әдебиеттерді пәндеудің ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Алдына қойған мақсатына қа-рай пәндестіру әдістемесі сонымен бірге, әмбебап және салалық болып бөлінеді. Әмбебап пәндестіру әдістерінің пәндік каталог мазмұны жағынан әр түрлі шығармаларды бірдей қамтитын кі-тапханаларда қолданылады да, салалық арнаулы пәндестіру әдістерінің аранулы кітапханадағы пәндік каталогтың өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.

Пәндестіру әдістемесінің негізгі мәселесі көп жағдайда жіктеу әдістемесімен бірдей болып келеді, бірақ пәндестіру әдістемесінің негізгі басты нәрсесі – баспа шығармасының пәндік ерекшелігін, оның түрлі аспектілерін, пәндік рубрикасы мен қосымша рубрикасының аттарын, пәндік ката-логтағы пәндік кешеннің жасалу жолдарын анықтау және бел-гілеу болып табылады.

Пәндік рубрика – баспа шығармасындағы пәнді, оның не-гізгі зерттеу аспектілерін және формасы мен кімге арналғандығын қысқа сөзбен бейнелеу. Пәндік рубрика – пәндік кешен-нің (комплекс) негізгі құрылымдық бөлімшесі.

Пәндік комплекс – пәндік каталогта белгілі бір пәннің, тақырыптың, мәселенің, проблеманың мазмұнын жан-жақты ашып көрсететін, солардың жалпылама ұғымы бойынша біріктірілген рубрикалардың жиынтығы. Мазмұнына қарай, салалық және салааралық пәндік комплекс жасалады. Пәндік комплекстің тар және кең ұғымды түрлері бар. Тар ұғымды пәндік комплекс дегеніміз - өзіне қатысты барлық қосымша рубрикаларды қамтитын пәндік рубрика.

Кең ұғымды пәндік комплекс екі типті болады, біріншісі – бір жетекші сөзден басталып, комплекстеу қызметін атқаратын пәндік рубрикалардың алфавиттік қатары.

Екіншісі – пәндік каталогтың әр жерінде орналасқан, бірақ арасы пәндік каталогтың анықтама - сілтеме аппаратының көмегімен байланысып, үйлесетін пәндік рубрикалардың жиынтығы.

Пәндік рубрикаға қойылатын талаптар – ол баспа шығармаларының мазмұнын өзіне барабар түрде, қысқа және нақты формада беруі керек, ол терминологиялық нормаларға сәйкес болуы керек. Пәндік рубриканың комплекстеу функциясын қам-тамасыз ету үшін бірінші орынға жетекші сөз шығарылады.

Пәндік рубриканың өзі онда табиғи тілдің пайдалануына қарамастан, ол арнау шартты сөз түзілісі, сөйте тұра ондағы сөз-дердің логикалық-грамматикалық категориялары белгіленген ережелер мен талаптарға сәйкес келетін, ерекше жағдайдағы сөз тіркестері болып саналады. Пәндік рубриканың көлемі мен баспа шығармасының мазмұны арасындағы қатынастарға қарай адекватты жалпылама пәндік рубрика түрлері болып бөлінеді.

Адекватты пәндік рубрика – белгілі бір басылымдағы пән ұғы-мының аумағына сәйкес келеді. Ал жалпылама пәндік рубрика –басылымдағы пән ұғымының көлемінен гөрі кеңірек. Формасы мен құрылымына қарай пәндік рубрика қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]