Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitapkhana_katalogtary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
654.45 Кб
Скачать

2 Кітапхана каталогтары ақпараттық-ізденіс жүйесі ретінде

2.1 Алфавиттік каталог және оны ұйымдастыру

Баспа шығармаларына жазылған сипаттама карточкалар автор фамилиясының, ұжымның авторлар атының және шығарма тақырыбының алфавиттік ретімен орналасатын каталог. Алфавиттік каталогтың мақсаты – анықтама - ақпараттық қызмет атқару. Алфавиттік каталог бойынша: кітапхана нақта бір кітаптың, белгілі бір автордың кітабының, белгілі бір мекеме еңбектерінің бар жоғын, олардың қандай басылымда, қандай тілде жинақталғанын тез анықтауға болады.

Алфавиттік каталогтың құрылымы – қабылданған алфавитпен және каталогтық карточкалардың орналасу ережелерімен белгіленеді және белгілі бір автордың кітапхана қорында бар кітаптарын, қайсібір ұйым басып шығарған еңбекті анықтауға мүмкіндік береді. Бұл каталогты типі мен ерекшеліктеріне қара-мастан кітапхананың барлығы жүргізеді. Алфавитті каталог-кітапханалық каталогтардың бір түрі, каталогтар жүйесінде алатын орны ерекше және ондағы библиографиялық жазбалар қатаң алфавиттік ретпен орналасады.

Алфавиттік каталогтың басты функциясы – кітапхана қорында қандай да бір автордың шығармасының бар жоғын анықтау. Алфавиттік каталогтағы барлық карточкалар бірыңғай автордың және кітаптың атының мазмұнына қарамастан орна-ластырылады. Мұндай орналастыру арқылы бір автордың кітабын тез арада тауып алуға болады. Алфавиттік каталогтағы тағы бір ерекшелік егер де оқырман кітаптың авторын және тақырыбын білсе онда жұмыс істеу қарапайымдылау болып келеді. Алфавиттік каталогтің көмегімен оқырмандардың сұраныс-тарына іздеу жұмыстарын мына бағытта жүргізуімізге болады:

- белгілі автордың шығармасы кітапхана қорында бар-жоқтығы;

- белгілі автордың шығармасы кітапханада бар ма?

- белгілі автордың шығармасы қайта басылып шықты ма?

- Басылымның шыққан жылы, қай жерден басылып шықты.

Алфавиттік каталог кітапханада ақпараттық, іздеу және анықтамалық функцияларды атқарады. Алфавиттік каталогтың оқырмандардың пайдалануына қолайлы болуы, онда ақпараттарды қрапацым жолмен табуға болатындығында. Алфавиттік каталогты құрастыруда көмекші карточкалардың бірнеше түрі қолданылады. Көмекші карточкалар - сілтемелік және анықтамалық болып бөлінеді. Көмекші карточкалардың көмекші си-паттамадан ерекшелігі оларда библиографиялық сипаттама жазылмайды және белгілі бір басылыммен байланысты емес. Сілтемелік карточкалардың: жалпы және жеке түрлері бар. (Кесте -1).

Алфавиттік каталог дегеніміз - библиографиялық жазбалар қатаң алфавиттік ретпен орналасатын кітапханалық каталогтардың бір түрі. Алфавиттік каталог баспа шығармалары-на жазылған сипаттама карточкалар автор фамилиясының,ұжымның, авторлар атының және шығарма тақырыбының алфавиттік ретімен орналасатын каталог

Алфавитті каталогты ұйымдастыру – күрделі процесс. Онда:

1. Каталогтың паспортын құрастыру;

2. Карточкаларды орналастыру;

3. Каталогты безендіру;

4. Каталогта қолдануда көмекші құралдар құрастыру;

5. Каталогты редакциялау т.б. жүйелерден тұрады.

Кез-келген каталогтарды ұйымдастыру үшін ең алдымен паспортын құрастыру керек. Онда каталогты ұйымдастырудың күні, мақсаты, қорды қамтуы, сипаттама әдістемесі, көмекші сипаттаманы қолдану т.б. Каталогты ұйымдастыруда кітапхана-ның мақсат-міндеті ескерілуі керек және әдебиеттерді насихаттау бағыттары, оқырмандарға кітап таңдаудағы көрсетілетін көмек түрлері ескерілуі қажет.

Алфавиттік каталог белгілі бір басылымдардың кітапханада бар екендігін көрсететіндіктен, тек қажетті басылым мен автор жайлы нақты мәліметтер белгілі болған жағдайда ғана оған жүгінуге болады.

Алфавиттік каталог каталогтар жүйесінде үлкен орын алады. Сонымен бірге кітап қорында бар әдебиеттерді оқырмандарға насихаттауда үлкен рөл атқарады. Алфавиттік каталог қордың авторлар құрамын ашып көрсетеді, сондықтан кейде «авторлық каталог» деп те аталады. Алфавитті каталогтың көмегімен жеке шығармаларды ғана емес, оқырмандарды автордың барлық шығармасымен таныстыруға мүмкіндігі мол.

Кітапхана қорында бар әдебиеттерді толық ашып көрсетуге көмектеседі, яғни кез-келген кітапхананың анықтамалық ап-параты болып саналады. Алфавитті каталог арқылы оқырмандардың сұранысынан туспей жүрген әдебиеттер туралы анықтамалар жиналады, оқырман залдары мен абономенттердегі сұраныстарды толығымен қанағаттандыруға көмектеседі және анықтама-библиографиялық жұмыстарға қажетті ұсыныстық және әдебиеттердің көрсеткіштерін құрастыру үшін пайдала-нады.

Кітапхана каталогтарын ұйымдастыруда каталог паспор-тын құрастырудың маңызы зор. Алфавитті каталогтың паспортын құрастырғанда мыналарды ескерген жөн:

- Каталогтың атауы;

- Көлемі (жәшіктегі немесе карточкадағы);

- Қай жылдан бастап ұйымдастырылады;

- Каталогтың кімге арналғандығы (оқырмандарға, қызметтік);

- Библиографиялық жазбалардың топтастырылу әдістері;

- Көмекші аппарат;

- Каталогты жүрзетін жауапты тұлға;

- Каталогтың көлемін және жылдық тексеру туралы белгісі.

Кесте -2.

Алфавитті каталогтың паспорты нақты бір каталог туралы негізгі мәліметтерді қамтитын құжат. Мұнда кітапхананың әрбір каталогіне ол ұйымдастырылған кезде жасалады да, одан кейінгі енгізілген өзгерістер жөніндегі мәліметтермен үнемі толықтырылып отырады. Кітапхана каталогтарын ұйымдастырудағы атқарылатын тағы бір жұмыс ол редакциялау процессі. Каталогты редакциялау дегеніміз - каталогтың мазмұны мен безендірілуіне байланысты оның құрылымына сай келуін тексеру.

Кітапхана каталогін ұйымдастыру процестерінің бірі, оның міндеті – кітапхана каталогтерінің құрылымы мен мазмұнына қойы-латын талаптарға сай болуын үздіксіз тексеріп отыру. Ол ағымды және жоспарлы каталогті редакциялау болып бөлінеді.

Ағымдағы каталогті редакциялау үздіксіз жүргізіліп, мынадай жұмыстарды қамтиды: карточкалардың орналасу тәртібін тексеру, кейбір қателерді түзету, сондай-ақ авторлардың аты-жөнін анықтаусен, ережелердің өзгеруімен байланысты кейбір сипаттамалардың өзгерту және т.б. Жоспарлы алфавитті каталогті редакциялау кітапхананың арнаулы жұмыс жоспары бойынша іріктеліп те, толық түрде де жүргізіледі. Іріктелген жоспарлы каталогті редакциялау кезінде каталогтың алдын – ала белгіленген белгілі-бір бөлімшелері ғана тексеріледі. Толық жос-парлы каталогты редакциялау бүкіл каталогтік құрылымы мен мазмұнын тексеруді көздейді.

Каталогты редакциялау процесінде оқырмандар каталогінен мазмұны жағынан ескірген кітаптардың карточкасы алынып тасталады және баспа өнімі шығармаларының сипатталауы мен жіктелуіне өзгеріс-тер енгізіледі; қажетті көмекші сипаттамалардың алфавиттік каталогта қосымша және көмекші карточкалар тексеріледі. Каталогтағы бөлгіштердің дұрыс толтырылуы қадағаланады.

Алфавитті каталогты безендіруді ішкі және сыртқы деп бөліп көрсетеміз.Бірқатар процестерді, каталог жәшіктеріндегі жиынтықтар мен нөмірлік белгілерді, шкаф сырты жазуларын, тікелей каталог шкафтарындағы орналасқан ақпарат құралдары-ның безендірілуін- сыртқы безендіру деп атаймыз.

Кітапхана каталогың ұйымдастыруда қатысты каталогтар бөлгіштерін толтыруды - ішкі безендіруге жатқызамыз.

Ішкі безендіру – шкафтар мен каталог жәшіктерін безендіру. Барлық жәшіктер араб әріптерімен нөмірленеді, этикеткалар жапсы-рылады. Этикеткада әріптер, буындар мен сөздер көрсетіледі.

Алфавиттік каталогты безендіруде арнайы бөлгіштер қолданылады. Каталогтік бөлгіш - қатты қағаздан немесе жұқа ағаштан, металдан, пластмасса тілімшеден жасалған, каталогтік жәшікте баспа карточкаларынан бөлініп, жоғары шығып тұратын дөңес шеті бар карточка.

Дөңес шетінің үлгісі мен еніне қарай бөлгіш орталық және қапталдық (оң жақ, сол жақ) болып бөлінеді. Каталогтің түріне қарай түрлі бөлгіш қолданылады.

Алфавиттік каталогта авторлық, библиографиялық, әріптік, буындық, сөздік, және анықтамалық бөлгіш қолданылады.

Жүйелік каталогта бөлгіш каталогтік құрылымды бейнелеп, оның бөлімдері арасындағы өзара байланысты ашады.

Пәндік каталогты бөлгіш әрбір рубрика мен кіші рубрикага қойылады. Сыртқы безендіру каталогтық бөлгіштер арқылы жүзеге асырылады. Орташа есептегенде әрбір 60-70 карточкадан сон бөлгіш қойылады. Бөлгіштер формасына және мақсатына қарай бөлінеді. Бөлгіш карточкалар картотекалардың әр тұсынан, оның биіктігі 1 см 7 мм, ені 3 см, 5 мм шамасында көрініп тұрады. Каталогтік бөлгіштерде бірқатар библиографиялық жазбалардың ортақ белгілерін біріктіретін автордың (аты-жөні, мекеме аты, пәндік айдар, жіктейтін индекс, т.б.) мәліметтері көрсетіледі.

Алфавиттік каталогтан қажетті басылымдарды табу үшін, алдымен ондағы карточкалардың орналасу тәртібінің негізгі ережелерін білу қажет.

1.Құжаттың аты немесе автордың фамилиясы екеніне қарамастан, карточканың орны сипаттамалардың бірінші сөздерінің алфавиттік реті бойынша анықталады. Көмекші сөздер жеке сөздер болып есептеледі.

Мысалы:

Давыдова,Н.

Дәстенов Ж.Е.

Дәукенова Г.

Дверняков В.С.

Двелянский М.

Двинская Е.А.

Дебюси, К.

Демченко, А.А

Джаганова, А.

Джакупов К.Б.

2. Егер де сипаттаманың бірінші сөздері бірдей болса, онда карточкалар екінші сөздердің алфавиті бойынша, ал екінші сөздер де бірдей болса, онда үшінші сөздердің алфавиті бойын-ша орналастырылады.

Мысалы:

Қазақ әдеби тілінің тарихы

Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиетінің арнаулы курсы көркем прозасындағы

психологизм

Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиетінің тарихының мәселелері

Қазақ ертегілері

Қазақ онамастикалық мәселелері

Қазақ прозасы

Қазақ совет балалар жазушылары

3. Фамилиясы ұқсас авторладың карточкалары олардың аты-жөнінің алфавиттік реті бойынша орналасады. Алдымен аты-жөні көрсетілмеген фамилиялы карточкалар, кейін аты ғана көрсетілген карточкалар, содан соң аты-жөні толық көрсетілген, ең соңында аты-жөні ашылған фамилиялар жазылған карточ-калар қойылады.

Мысалы:

Омаров

Омаров А.

Омаров Сәтбек Тоғанбекұлы

Омаров Тулеутай Тулубекұлы

Омаров Тулеутай Қанатұлы

Омаров Тулеутай Ұлысбекұлы

Омаров Ұлан Жанатұлы

Омаров Ұлықбеки Бақытұлы

4.Қос фамилиялы авторлардың карточкалары бір фамили-лялы авторлардан кейін қойылады.

8.Бірдей шығармалардың әр жылда шыққан басылымда-рының карточкалары кері хронологиялық тәртіппен орналастырылады, яғни соңғы жылда шыққан басылымның карточкасы ең алдында тұрады.

Алфавиттік каталогта (жүйелі каталог сияқты) тек соңғы екі басылымға ғана карточка болатынын ескерген жөн. Сондықтан да басылымға оқырман талабы парағын толтырарда, сіз басылымның шыққан жылының орнына «кез-келген» немесе «Ең соңғы шыққан басылымды» жазуыңызға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]