Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitapkhana_katalogtary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
654.45 Кб
Скачать

1.2 Каталогтардың даму тарихы

Кітапхана қорынын көлемі, құжаттар тақырыптамасының кеңдігі мен сан алуандығы, оқырмандар сұраныстарындағы айырмашылықтар, анықтамалық-библиографиялық аппарат құру мен оны ұдайы жетілдіре түсу қажеттілігін туындатты, кітапхананың каталогтар жүйесі оның аса маңызды бөлігі болып табылады.

Кітапхана каталогтары мен картотекаларының жүйесі кітапхананың корын жан-жақты ашады.

Мемлекеттік көпшілік кітапханасының каталогтар жүйесін жасау 1933 жылдан бастау алады. Ұлы Отан соғысының соңына қарай кітапхана каталогтардың дамыған жүйесін меңгерді: орыс тілінде, КСРО халыктарының тілдерінде алфавиттік каталогтар, оқырмандардың жүйелі каталогы, соның ішінде «Қазақстантану» каталогы, сирек қор мен шетел әдебиетінің каталогтары болды. Сонымен қатар қызметтіқ-топографиялық каталог пен сериялық басылымдардың каталогтары да бар еді.

Кітапханаға түсетін барлық әдебиет-кітаптар, карталар, ноталар, изографиялар, журналдар, газеттер, ғылыми еңбектер өңдеу және каталог бөлімінде өңделді. Әдебиеттің міндетті данасын өңдеу кезінде бөлім Бүкілодактық кітап палатасының баспалық карточкаларын пайдаланды.

Мемлекеттік көпшілік кітапхана каталогтар арқылы өзінің негізгі міндетін орындады: қалың оқырмандарға білім алу, ғылыми-зерттеу жұмысы, біліктілігін арттыру, өз бетінше білім алу бойынша барынша үлкен көмек көрсету.Соғыстан кейінгі жылдар өңдеу және каталогтар бөлімінің айтарлықтай нығаюы-мен, ұйымдастыру жұмысының жақсаруымен сипатталады. Баспа басылымдарының жыл сайын өсуі, оқырмандар санының арта түсуі қорларда жүйелі каталогтарды барынша көп ашуға және оларды оқырмандарға жақындатуға бағытталған іс-шаралар жүргізуді талап етті. Каталогтар секторының жұмысы жыл сайын дирекция мен мамандар назарында болды. Әдебиетті жүйелендіру, каталогтарды ұйымдастыру мәселелері кітапхананың Ғылыми кеңесінің отырыстарында жиі талқыланып тұрды, осы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін комиссиялар, жұмысшы топтар құрылды. Мамандардың кәсіптік деңгейі ғана емес, сонымен бірге каталогтарды жүргізуге қатысты ғылыми тәсілдің маңыздылығы да осыдан көрінді.

Кітапхананың қорлары мен каталогтарына қойылатын идеологиялық талапты ескерусіз қалдыруға болмайды. 1953 жылы 12 желтоқсанда өткен өнідірістік жиналыста Мемлекеттік көпшілік кітапханасының директоры Е.Н.Шмелева каталогтарды ұйымдастыру мен жүргізу жұмысының маңыздылығын атап өтті. «Өңдеу бөлімі кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады, өйткені ол біздің каталогтарымыздың жай-күйіне жауап береді, ал кітапхана қорларын насихаттау каталогтардың жай-күйіне байланысты болады».

Оқырмандардың жүйелі каталогтарының, соның ішінде «Қазақстантану» каталогының жай-күйін комиссия зерделеді және олар Мемлекеттік көпшілік кітапханасы ғылыми кеңесінің отырыстарында талқыланды. Өлкетану матералдарын жүйелендіру түрлі республикалық кітапханаларда әркелкі шешілді. Мәселен, Өзбекстанның А.Навои атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы оқырмандардың өлкетану сипатындағы әдебиетке өте көп сұраныстарын ескере отырып, Өзбекстан туралы әдебиет жалпы жүйелі каталогта болса, ал Қазақстан Мемлекеттік көпшілік кітапханасы «Қазақстантану» каталогы 1931 жылдан өз бетінше дербес жұмыс істей бастады.

1948 жылы желтоқсанда Ғылыми кеңесте Марксистік-Лениндік ілімге негізделген жіктелімнің жаңа схемасын шығарғанға дейін, Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жалпы жүйелік каталогтік реттеу мақсатымен, барлық гуманитарлық ғылымдар бойынша схеманы қайта қарау, түзету және редакциялау туралы қаулы қабылдады. Мемлекеттік көпшілік кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ф.В.Жизневский төраға-лық ететін, Мемлекеттік көпшілік кітапханасы бөлім меңгерушілері қатысатын комиссия құру ұсынылды, комиссия 1949 жылдың 1-ші тоқсанының ішінде жоғарыда аталған бөлімдердің жүйелі каталогының схемасын Ғылыми Кеңеске бекітуге береді.

Библиограф Г.П.Царев көп айдарларды Марксизм-Ленинизм классиктерінің материалдарымен және кейінгі жылдарда шық-қан кітаптармен толықтыруды ұсынды.

1949 жылы оқырмандардың жүйелі каталогының схемасын қайта ұйымдастыру және өзгерістерді бекіту мақсатымен мына құрамдағы комиссия тағайындалды. Е.С.Айтбаев-комиссия төрағасы, мүшелері-В.К.Пак, Г.П.Царев, М.К.Шнейдер, З.П.Журавлева, В.В.Андронникова, В.ПЧестных. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті кітапханасының директоры Ф.И. Медведчиков консультант ретінде шақырылды.

Жүйелі каталогты жақсарту, оның идеологиялык орталығы мен керек емес әдебиеттен тазарту мәселелері бірінші кезекке қойылды. Әдебиетті алу бойынша нұсқаулық әзірленді.

1950 Каталогты идеологиялық тұрғыдан тазарту үшін кітапхананың жетекші қызметкерлерінен бригада құрылды. Каталогты тазалау үшін сондай-ақ басқа мекемелердегі мамандар да тартылды. Жүйелі каталогты ескірген әдебиеттен жедел тазарту қажеттілігіне байланысты, қыруар сандағы қайта басылымдардан арылу, каталогтан идеологиялық зиянды әдебиетті шығару ұйғарылды. Алынған әдебиеттің барлығын қызметтік каталогқа қою керек болды. Жұмысшы топтың 15 отырысы өтті, оларда жүйелі каталогтың әр бөлімінің схемасы талқыланды.

Жұмыс аякталған бойда комиссия каталогты толықтыруды қайта қарады. Өкінішке қарай, зиянды әдебиетке көбіне кеңестің де, сондай-ақ шетелдің де дарынды ғалымдары мен жазушыларының ресми идеологияның қасаң қағидалары мен таптаурындарына сәйкес келмейтін тамаша шығармалары жатқызылды.

Оның үстіне, 1940-шы жылдары және 1950-ші жылдардың бас кезінде Сталиннің жеке басына табынудың шырқау шегіне жеткенін ұмытпау керек.«Қазақстантану» жүйелі каталогының схемасы толығымен қайта жасалды. Басылым айдарлары Марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларымен толықтырылды, ол үшін көптеген талдамалық карточкалар көшірмеленді және қайта жазылды.

Жеке бөлімдермен жұмыс істеу кезінде мамандардың ескертулері ескерілді, ал схемалар мен карточкаларды тексеру үшін ҚазМУ тарих пәнінің оқытушысы Зубков консультанттыққа ша-қырылды.

1951 жылы маусымда «Қазақстантану» жүйелі каталогының схемасы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы бөлім меңгерушілерінің кеңесінде тағы да талқыланды. Талкылаудан кейін ескертулер қабылданды және ұсыныстар берілді, Г.П.Царевке Қазақстан тарихын кезеңдендіруге қатысты В.П.Шахматовпен ақылдасуға тапсырма берілді. Кітапхана дирекциясының 1952 жылы сәуірде өткен кеңесінде анықтамалық-библиографиялық бөлімнің картотекасын өңдеп, бөлімнің картотекасымен маркстік-лениндік философия жэне саяси экономика бойынша қосу туралы мәселе қаралды. Оқырмандардың жүйелі каталогы осы мәселелер жөніндегі материалды толык көрсетпейтін еді.

Анықтамалық-библиографиялық бөлімнің картотекалары да сондай-ақ оқырманға бүкіл әдебиетті ұсынбайды. «Маркстік-лениндік философия» және «Саяси экономика» бөлімдері бойынша библиографиялық картотекалардың жүйелі каталогтарымен қосылуын, мамандар өзін-өзі толық ақтады деп есептеді. Соғыстан кейінгі жылдарда кітапхананың өңдеу және каталогтар бөлімінің жұмысы жүйелі каталог, оқырмандар каталогы және қызметтік каталог болып екіге бөлінді. Арнайы құрылған комиссия каталог бөлімдерінің схемаларын қарады және бекітті.

Комиссияның жұмысына Мемлекеттік Көпшілік кітапхананын барлық білікті кадрлары және басқа кітапханалардын бірнеше қызметкері тартылды.

Жүйелі каталогтың қазақ тіліндегі схемасы орыс тіліндегі айдарлармен салыстырылып тексерілді және сәйкестікке келтірілді. Ескірген әдебиет алынғаннан кейін әзірбайжан, ұйғыр, қырғыз, қарақалпак, түркімен, тәжік және өзбек тілдеріндегі каталогтар ретке келтіріліп, оқырмандарға ұсынылды. Қытай, корей, поляк, румын, болгар, француз (революцияға дейінгі әдебиетпен қоса), ағылшын (революциядан кейінгі әдебиет) тілдеріндегі каталогтардың схемасы да қайта қаралып, оқырмандарға арналған жүйелі каталогтың схемасына сәйкес-тікке келтірілді. Неміс тіліндегі және кейбір шығыс тілдеріндегі каталогтармен ғана мұндай жұмыс жүргізілмеді.

1945-1995 жылдар – МЕМЛЕКЕТТІК КӨПШІЛІК КІТАПХАНАСЫ каталогтар жүйесінің даму кезеңі. Осы кезеңде жана каталогтардың саны өсе түсті. Оқырмандардын негізгі каталог-тарына бірқатар жаңа каталогтар косылды: 1948 жылы қазақ тілінде алфавиттік каталог жасала бастады, 1949 жылы 1917-1938 [жылдарда орыс тілінде шыққан журналдарға қызметтік және оқырмандардың алфавиттік каталогтары жасалды. 1954 жылы бөлім қызметкерлері орыс тіліндегі жүйелі каталогка қатысты алфавиттік-пәндік көрсеткішті аяқтады. Көрсеткіш 5 мыңнан аса карточканы қамтыды. 1955 жылы қазақ тіліндегі журналдарға жаңа каталог жасалды (оқырмандар және қызмет-тік). 1957 жылы қазақстандық газеттердің каталогы жасалды.

1959 жылы қазақ тіліндегі жүйелі каталогқа «Алфавиттік-пәндік көрсеткіш» құрастырылды.1955 жылдан әдебиеттің әркелкі түрлерін топтық өңдеу енгізілді, бұрын тек изографика, плакаттық және табақтық ма-териалдар ғана топтық өңдеуге жататын еді. КСРО В.И.Ленин атындағы Мемлекеттік кітапхананың әдістемелік нұсқаулары,

Салтыков-Щедрин атындағы МЕМЛЕКЕТТІК КӨПШІЛІК КІ-ТАПХАНАСЫ нұсқаулықтары мен Новосибирск облыстық кітапханасының топтық өңдеуі туралы мақалалар пайдала-нылды. Осы мәселе бойынша В.И.Ленин атындағы кітапханада мамандар тікелей консультадиялар берді. Әдебиетті іріктеу және оны топтық тәсілмен өңдеу туралы нұсқаулық әзірленіп, бекітілді. Топтық өңдеуден өткен эдебиет жүйелі каталогта көр-сетілді.Сол жылы өңдеу бөлімі қазақ тіліндегі авторлық кес-телерді басылымға даярлап, ол 1959 жылы жарық көрді, сондай-ак барлық қазақстандық ерекшеліктерді ескеру арқылы «Кітап-ханалық жіктелімнің схемасын» жасады.

Идеология мәселелері каталогтау жұмысының басты ар-қауы болды. Мәселен, КОКП XXI съезінін материалдарын толық көрсету үшін кітапхана каталогтарына орыс, қазақ және т.б. тілдердегі 1000-нан аса карточка кіріктірілді. Каталогтарды ұйымдастыру мәселелері партия жиналыстарында да қаралды.

Мәселен, 1956 жылғы 10 сәуірдегі жиналыста оқырмандар каталогында КОКП XX съезінің материалдарын көрсету, техника мен экономика жөніндегі жаңа айдарлар енгізу, сондай-ақ ескірген және ғылыми құндылығын жоғалтқан әдебиеттен арылу бойынша жұмысты ұйымдастыруға әкімшілікті міндеттеу тура-лы шешім қабылданды.

Тіпті КОКП ОК жеке басқа табынудан және оның залалдарынан арылу туралы қаулысы қаралған партия жиналысы да каталогтарды біршама қозғады. Жиналыста КОКП ОК жеке басқа табыну туралы нұскаулықтарды қатаң басшылыққа алу, осы каулыға сүйене отырып, каталогтар мен картотекалардың тиісті бөлімдерін қайта қарау жөнінде қаулы шығарылды. Каталогтар елдегі саяси өмірдің окиғаларын көрсетумен ғана шек-телген жоқ. Кеңестік ғылым мен техникаға, қоғамдық өмірге ен-гізілген және әдебиетте жарияланған жаңалықтардың барлығы

МЕМЛЕКЕТТІК КӨПШІЛІК КІТАПХАНАСЫ каталогтарында көрсетілді. Каталогта «Жердің жасанды серіктері», «Ғарыштық зымырандар», «Радиоактивті изотоптарды ауыл шаруашылыгында қолдану»; «Металдарды суықпен өңдеу» сияқты тақырыптарға арналған жаңа айдарлар, оқырмандарға арналған алфавиттік ка-талогта Лениндік сыйлық лауреаттарының, казақстандық Лениндік және Сталиндік сыйлықтардың лауреттарының шы-ғармаларына арналған карточкалар даярланды.

Бұрын оқырмандар каталогында көрсетілмеген шығармаларға каталог карточкаларын анықтау мен толыктыру бойынша жұмыс жүргізілді. «Библиографиялық сөздікті (1958 ж.) алфа-виттік каталогпен салыстырып тексеру кезінде, оқырмандарға арналған алфавиттік каталогта көрсетілмеген, бірақ кітапхана қорында бар, 1500-ден аса шығармалардың аты анықталды».Қазақ әдебиетін өңдеудің сапасын арттыру мен қазақ тіліндегі каталогтарды жақсарту мақсатымен «қазақ әдебиеті жөніндегі бас кітапханашы» штат бірлігі бөлінді. Соның арқасында ката-логтын аса маңызды бөлімдері мен айдарлары қазақ тіліне ауда-рылды. Өлкетану әдебиетін өңдеу кезінде, каи жерде басылса да, Қазақстан туралы әр кітапка «К» әрпімен «Казахстаника» -белгісі койылды.

Шетел әдебиетінін каталогы да жетілдіріле түсті. Бөлім шығыс тілдеріндегі (моңғол және қытай) қазіргі әдебиетті өңдеуде үлкен қиындықтарға кездесті, өйткені осы тілдерді білетін қызметкер болмады Шетел әдебиетінің жиынтық каталогын жүргізу үлкен ұйымдастыру жұмысын талап етті, себебі түсетін шетел әдебиеті туралы мәліметтер беретін кітапханалардың саны 10-нан 33-ке дейін көбейіп, каталогтың көлемін күрт ұл-ғайтуға көмектесіп, оқырмандарға шетел әдебиетін кеңірек пайдалануға мүмкіндіқ туғызды. 1959 жылы сирек кітаптар қорында өңдеу бөлімінің қызметкерлері араб қарпімен басылған, қазақ, татар, өзбек тілдеріндегі қолжазбаларды, журналдар мен газеттерді қайта каталогтады. Барлығы 381 дана өңделді. Солар-дың қатарында, қолжазбалар – 53 дана, сирек журналдар – 268 сан және газет тігінділері – 60.

Қорларды каталогтау мәселелері жоғары билік органдарында да каралды. Мәселен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюросының 1960 жылғы 10 акпандағы отырысында «Республика кітапханаларының жұмысын жақсарту туралы» мәселе қаралды. Қазақ ССР Мәдениет министрлігіне 3 мың данадан артық данамен шығатын республикалық басылымдарға орталықтандырылған жіктелім мен каталог жасауды ұйымдас-тыру міндетін жүктеу туралы шешім қабылданды. Мәдениет

Министрлігі мен Қазкеңкәсіподаққа 1960 жылы барлық қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларды каталогтауды аяқ-тау ұсынылды.А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жұмысын тексерген Москвалык комиссияның 1965 жылғы мамырдағы анықтамасында, Мемлекеттік көпшілік кітапхана-сында үш миллионнан аса каталогтык карточкалары бар екені, 40-тан көп каталогтар мен карточкалардың ұйымдастырылғаны айтылады. Комиссия сондай-ақ өңдеу бөлімінің кітапхананың барлық каталогтары (патенттік-техникалық әдебиеттен басқа) үшін әдебиетті бір орталықтан (ұйымдаскан түрде) өңдегенін атап өтеді. Каталогтар Бүкілодақтық кітап палатасының баспа карточкасының және орталықтандырылған каталогтаудың баспа карточкасының негізінде ұйымдастырылды, каталогтауды Мемлекеттік көпшілік кітапханасы мен Қазақ ССР Кітап палатасы республикалык міндетті тегін дана басылымдарына жүргізді.

Баспа шығармаларының барлық түрлерін сипаттау кезінде «Аса ірі кітапханаларға арналған кітаптарды сипаттаудын бірыңғай ережелері» басшылыққа алынды. Комиссия мынадай ұсыныстар берді: жүйелі және алфавиттік оқырмандар каталогына редакция жүргізу; ескірген басшылықтарға жасалған сипаттамаларды алып тастау; бір автордың шығармаларына жасалған сипаттамаларға бірыңғай редакция жүргізу (мәселен: Абай Құнанбаев Абай, Абай Құнанбаев, Құнанбаев (Ибрагим) Абай; ұжымдык авторлармең шығуын жалғастырған шығармаларға бірыңғай алфавиттік каталог жасау. Өңдеу бөлімінің, сондай-ақ басқа бөлімдердің осы тақырып бойынша қызметін регламенттейтін барлық қажетті кұжаттаманы, каталогтар жүйесін кайта қарау және қайта жасау ұсынылды.

Бөлімнің ғылыми-әдістемелік жұмысының қазақ тіліндегі әдебиеті, қазақ тіліндегі кітаптардыШпщ тайтын ережелері көп ҚазССР ҒА, ҚазМУ кітапханаларымен бірлесу жэне үйлесімді жұмыс жүргізу. ҚазССР А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхананың маңызды функцияларының бірі-облыс-тык кітапханаларға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету болды.

Өндеу бөлімі каталогтар-ды ұйымдастыру, жасау жэне жаксарту бойынша облыстык кітапханаларга ұдайы көмек көрсетіп отырды. Кітапхана қызметкерлері Шымкент, Семей және баска да облыстарға іссапарларға сан қайтара шығып, семинарлар, кон-сультациялар өткізді. 1965 жылы казан айында өткен аудандык және аймактық (өнірлік) кітапханалардың меңгерушілері қатыс-қан бірінші республикалык семинарда өңдеу бөлімінің меңгерушісі В.Г.Честных «Өлкетану каталогтарын ұйымдастыру», бас кітапханашы В.К.Пак «Облыстық кітапханалардағы каталогтар-дың жай-күйі туралы» баяндама жасады.

Әдістемелік көмск көрсету максатымен Мемлекеттік көпшілік кітапханасы қазақ тілінде «Авторлық белгі» (1959), «Кітапхана жіктелімінің кестелері» (1962), «Ауыл кітапханаларында каталогтар ұйымдастыру» оқу кұралдарын шығарды. Республикалык кітап палатасымен жэне ҚазССР ҒА ОҒК-мен бірлестікте көпшілік кітапханаларға арналған «Қазақ тіліндегі кітаптарды сипаттау Ережелері» оку құралын даярлау бойынша жұмыс жүргізілді. Қазақстан КОКП тапсырмасымен 1973 жылы мамырда ҚазССР А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік кітап-хананың жұмысына кезекті тексеру жүргізілді, соның негізінде өңдеу бөлімінің жұмысы тура-лы анықтама жасалды. Комиссия кітапханадағы каталогтар жүйесінің негізгі (жалпы) каталогтар-дан тұратынын белгіледі: оқырмандар каталогтары (жүйелі және алфавиттік); қызметтік каталогтар (жүйелі жэне алфавиттік); өлкетану каталогтары.

Бұлардан бөлек басылымдардың жеке түрлеріне арналған каталогтар да бар: техникалык әдебиеттің арнайы түрлерінің ка-талогы (стандарттар); ноталардың, дыбыс жазбаларының, диафильмдердің каталогы (жүйелі және алфавиттік) арнайы әде-биеттің басқа түрлеріне арналған каталогтары (изографика, шағын фильмдер, карталар). Соларға косымша жеке қорларға және қор бөліктеріне арналған каталогтар бар: оқу залдарының қо-салқы қорларына арналған каталогтар; қызметтік бағыттағы ка-талогтар (айырбас корының алфавиттік, арнаулы қордың топо-графиялык каталогтары). Каталогтардың сырт көрінісі жақсы безендірілген, каталогтардың редакциясы жоспарлы, бірақ баяу жүргізіледі.

Алфавиттік-пэндік көрсеткіштің оқырмандардың жүйелі каталогына қатысты жұмысы тұрақты жүргізілмейді, сондықтан көрсеткіштің құндылығы төмендейді. Кітап Палатасынан карточкамен түскен кітаптар 10-14 күннің ішінде өңдеуден өтеді. Кітап Палатасының карточкалары жоқ кітаптар бір айдан бір жарым айға дейін өңдеу бөлімінде сакталады. Кітапханада әдебиеттің жаңа түсімдерінің картотекалары жоқ, сондай-ақ 43 жәшік каталогты бас тақырыпқа редакциялау жэне басылым-дарды ұжымдык авторларды сипаттау ережелеріне сәйкес көрсету қажет. Ғылыми кітапхана оқырмандарынын ұдайы өсе түс-кен сұраныстарын канағаттандыру кітап қорларының мазмұнын барынша ашуды талап етті. Осы міндетті ғылымның казіргі деңгейіне сай жіктелімнің негізінде жасалған, жаксы ұйымдас-тырылған жүйелі каталогтың көмегімен ғана шешуге болатын еді.

Кеңес кітапханатанушы-мамандарының пікірі бойынша, Салтыксв-Щедрин атындағы көпшілік кітапхананың және КСРО Ғылым Академиясы кітапханасының қатысуымен В.И.Ленин атындағы Мемлекет-тік кітапхана әзірлеген кітап-ханалық-библиографиялық жіктелім (КБЖ) осы талаптарға сай келеді. 1974 жылдың бас кезінде-ақ А.С.Пушкин атындағы

Мемлекеттік кітапхананың дирекциясы жүйелі каталогты кітапханалык-бңблиографиялық жіктеуге (КБЖ) ауыстыру туралы мәселені козғады. МК ди-рекциясының 1974 жылғы 14 қаңтар-дағы отырысында Н.К.Дәулетова КБЖ-ге ауысуды колдады.

Оның себебі, кітапханада Е.Н.Добржинскийдің жіктелімі бойынша пайдаланылатын схема кітапхананың қажеттіліктерін қанағаттандырмады, яғни оны жетілдіруге тура келді. Осы жіктелім бойынша жасалған жүйелі каталогтар оқырмандарға ақпаратты толық көлемде жеткізе алмады, өйткені оның мазмұны жағынан да, рәсімі бойынша да кұрылымы шала еді. МК жүйелі каталогтарын кітапханалык-библиографиялык жіктелімге ауыстыру, мамандар айткандай, орынды болды.

КБЖ-идеологиялық және ақпараттык мекеме ретіндегі кітапханалардың идеология-лық бағыттылығы мен құрылысына сәйкес келетін жалғыз-ақ әмбебап жіктелім. Марксизм-ленинизм іліміне негізделгені, құрылымының диалектикалық және тарихи материализмнің принциптеріне (қағидаттарына), табиғат пен қоғамның даму заң-дылығына дәйектелегені **КБЖ ең басты құндылығы болды.

Кітапхана жіктелімінде тұңғыш рет марксизм-ленинизм кіріспе бөлім ретінде бірінші орынға койылды. Авторлардың оны барынша дәйекті әзірлегені соншалық, марксизм-Н лени-низм іліміне, сондай-ак оның кұрамдас бөліктерін-философия-ны, саяси экономиканы, ғылыми коммунизм теориясын бір жиынтыкка топтастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа жіктелімнің ең үлкен артықшылығы оның партия-лылығы болып табылады. Осы жіктелім КОКП ОК «Еңбекшілерге коммунистік тәрбие беру мен ғылыми-техникалық про-грестегі кітапханалардың рөлін арттыру туралы» каулысын өз қызметінде басшылыққа алған кітапханалардың міндеттеріне сәйкес келді (мамыр, 1974 ж.). КБЖ енгізу жөніндегі міндеттің маңыздылығы мен жауапкершілігін ескере отырып, МК-де 1975 жылы өңдеу бөлімінің бас мамандарынан жұмыс тобы кұрылды, оның құрамына З.Ю. Гильмутдинова, Р.С.Собкина, Д.Х.Қалдыбаева, С.И.Хасанова, А.И.Плешкова енді. Олар КБЖ мазмұны, прин-циптері мен құрылымын зерделеді. КБЖ-ны МК-ге енгізудің нормалары мен мерзімдеріне сүйене отырып, каталогтар мен қорларды ауыстыру және қайта жіктеу бойынша перспективалы жоспар жасалды. Жұмыс тобының ұсынысы бойынша КБЖ енгізуге катысты қолданыстағы жүйелі каталог токтаталып, 1978 жылдан КБЖ негізінде кұрылған, оқырмандар жүйелі ката-логының жаңа катары ашылды.

Каталогтарды КБЖ-ге ауыстыру үшін кітапхана кызметкерлеріне тұракты сабақтар жүргізіліп, КБЖ мазмұны мен құрылымы және әр шығарылған кестеге қа-тысты эдістемелік нұсқаулар зерделенді, өңдеу бөлімімен бірге қосалкы қорларды КБЖ-ге ауыстырудың перспективалы жоспары жасалды. Дирекцияның отырыстарында КБЖ енгізу бойынша республикалық базалар құруға байланысты КБЖ-ны қазақ тіліне аудару туралы мәселе қойылды. Кеңестік КБЖ-ны енгізу кезінде назар аударылған проблема, казак әдебиетінің ка-талогтарына жіктелімді бейімдеу болды.

Көпшілік кітапханалар үшін Кітапханалық-Библиографиялық жіктелімді қазақ тіліне аударуды және казақ әдебиетінің такырыптамасын ескеру арқылы КБЖ-ны бейімдеуді ғылыми-әдістемелік бөлімнің қызметкерлерімен бірге өңдеу бөлімінің мамандары 1980 жылдың бас кезінен жүзеге асырды Дирекция-ның 1979 жылғы 21 желтоксандағы № 64 бұйрығы бойынша, ка-талогтарды КБЖ қазақ тіліне аудару үшін комиссия кұрылды, ол қазақ тіліндегі әдебиет каталогтарына талдау жүргізді. Қазак ті-ліндегі әдебиеттің каталогы 1931 жылдан жүргізілді жэне Қазақ ССР А.С.Пушкин атындағы МК қазак тіліндегі әдебиет қорын көрсетті.

Каталог өңдеу бөлімі сонау 1960-шы жылдарда әзірленген жіктелімнің схемасы бойынша жүргізілді («Кітапханалық жіктеу таблицасы» Көпшілік кітапханаларға арналған, редакцияла-ған Е.Айтбаев Алматы, 1962). «Кітапханалық жіктеу таблица-сы» жіктелімінің жаңа кестелері пайдаланылған жок. (Көпшілік кітапханаларға арналған, толықтырылып, түзетілген, қазакша 2-басылымы. Алматы: Мектеп, 1997 ж.).

Каталог Қазақ ССР Кітап палатасының баспа карточкаларының, өңдеу бөлімінде құрастырылған мәшіңкеге басылған және қолжазбалык карточкалардың негізінде жасалды. «Кітап-хана каталогтары үшін баспа шығармаларын сипаттау жөніндегі бірыңғай - ережелер», «Бірыңғай ережелерге қатысты толыкты-рулар мен өзгерістер» сипаттауды реттейтін негізгі құжаттар бо-лып табылады Каталогтарға жүйелі редакция жүргізілмеген. Қазақ тіліндегі каталогтар туралы арнайы әзірленген ережелер мен нұскаулықтар жоқ. Жүйелі және алфавиттік каталогтардың көп-теген бөлімдері мұқият ғылыми редакцияға мұқтаж, ол оқырмандарғы қызмет көрсетудің сапасына эсерін тигізді. Комиссия қазақ тіліндегі каталогтардың жай-күйін жақсарту бойынша нак-ты ұсыныстар жасады.

1982 жылы жүйелі каталогты КБЖ-ге ауыстыру жұмысы әрмен қарай жалғасты. 50000 карточканың орнына 78 000 кар-точка ауыстырылды. 1983 жылы өңдеу және каталогтар бөлімінін бас кітапханашысы З.Ю.Гильмутдинова кеңестік Кітапханалық-Библиографиялық жіктелімді енгізуді одан сайын жетілдіре түсу проблемалары жөніндегі семинарға-Москваға барып келгеннен кейін бірқатар ұсыныстар енгізілді: Республикада КБЖ-ны енгізуге қатысты тәжірибе алмасу бойынша семинар-кеңес өткізу; КБЖ бойынша ұйымдастырылған жүйелі каталогты насихаттау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар эзірлеу; практикалық көмек көрсету үшін сапарлар ұйымдастыру. Мемлекеттік көпшілік кітапханасы үшін 1970-1990 жылдар ең маңызды кезеңдердің бірі болды, өйткені 1978 жылдан бастап МК жаңа жіктелім-Кітапханалық-Библиографиялык жіктелімге ауысты: барлық түсетін әдебиет КБЖ бойынша жіктелді, каталогтарды кайта жіктеу жоспарлы және ретті жүргізілді, оқу залдарының қосалкы қорлары жаңа жіктелімге ауыстырылды.

Кітапханалық-Библиографиялық жіктелім қазақ тіліне аударылып, 1987 жылы баспадан шықты. ҚазССР А.С.Пушкин атындағы МК республика кітапханаларына Кітапханалық-Библиография-лық жіктелімді енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің кітапханалары толығымен жаңа жіктелімге ауысты. Республикадағы басқа жүйелер мен ведомстволар кітапханаларының да каталогтарды КБЖ-ге ауыстырғанын атап өту кажет: Республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы кітапханасы, кейбір ЖОО кітапханалары. КБЖ

социалистік елдердің кітапханаларына да кеңінен тарады, олар: Болгария, Венгрия, ГДР, Куба, Монғолия, Чехословакия кітапханалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]