- •1 Кітапхана каталогтарының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Каталогтануда каталогтар сапасы
- •1.2 Каталогтардың даму тарихы
- •2 Кітапхана каталогтары ақпараттық-ізденіс жүйесі ретінде
- •2.1 Алфавиттік каталог және оны ұйымдастыру
- •2.2 Жүйелі каталог және оны ұйымдастыру
- •2.3 Пәндік каталог
- •2.5 Электронды каталог - ақпарат іздестірудегі басты құрал
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Кітапхана каталогтарының жалпы сипаттамасы..............................................5
1.1 Каталогтануда каталогтар сапасы..................................................................5
1.2 Каталогтардың даму тарихы............................................................................7
2 Кітапхана каталогтары ақпараттық-ізденіс жүйесі ретінде...........................17
2.1 Алфавиттік каталог және оны ұйымдастыру...............................................17
2.2 Жүйелі каталог және оны ұйымдастыру.......................................................24
2.3 Пәндік каталог.................................................................................................32
2.5 Электронды каталог - ақпарат іздестірудегі басты құрал...........................35
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................37
Кіріспе
Бүгінгі таңда ақпараттық қоғам немесе білім қоғамын құру ел дамуының стратегиялық ресурстары ретінде Қазақстан дамуындағы аса маңызды мақсаттардың бірі болып табылады.
Осы пікірлер қоғам дамуында кітапхана саласына берілетін ерекше рөлді растай түседі. Кітап – адамзат руханиятының алтын сандығы. Әр ұлт өз тарихында жинақталған барлық тағылым-тәжірибесін, ақыл-ойының асыл қазынасын кітап арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Ал сол рухани байлықты шашау шығармай сақтайтын қазына қоймасы –кітапхананың ұлттық рухани өміріндегі мән-маңызы өлшеусіз.
Кітапхана каталогында адам танымына жақсы әсер ететін және оған нақты бір идеялық бағыт беретін баспа туындылары мен кітаптар көрініс алады. Сондықтан да, кітапханалардағы каталог қызметі тек бір баспа туындыларын іздестіру мен олар жөнінде хабарлама берумен шектелмейді. Кітапхана каталогтарының сонымен қатар, тәрбиелік, ағатушылық функцияларды орындау, кітаптарды насхаттап, оны тиімді пайдалану, оқырмандарға ғылыми және көркемдік жағынан бағалы туындыларды таңдауға көмектесу сияқты талаптарды жүзеге асыруда да айтарлықтай маңызды болып табылады.
Сонымен кітапхана каталогтары дегеніміз - кітап қорын жария ететін, оны насихаттайтын, кітап таңдауда оқырмандарға көмектесетін кітапхананың ғылыми-ақпарттық, мәдени-ағарту, тәрбиелік міндеттеріне сай оқу салаларына басшылық беретін белгілі бір тәртіппен жүйеленген кітаптардың, баспа туындыларының, тізбегі болып табылады. Кітапхана каталогтарын ұйымдастырудың тарихын, теориясы, әдістемесі және тәжірибесі туралы мәселелерді – кітапханатанудың құрамдас бөлімі болып табылатын ғылыми пән баспа туындыларын каталогтандыру зерттейді.
Кітапханада каталогты ұйымдастыру оңай шаруа емес. Ол өз кезегінде, кітапханашыдан жоғары мәдениеттілікті, кітапты білуді, каталогтар жөнінде нақты білімді қажет етеді.
Каталогтар кітапхана қорын әр алуан тұрғыдан ашып көрсетеді және анықтамалық, ақпараттық-библиографиялық жұмыста кеңінен қолданылады. Кітап қорын барынша терең және жан-жақты түрде тек каталог қана айқындап береді.
Кітап сөрелерінде әдетте қордағы бүкіл кітап қойылмайды, сондай-ақ оқырманға қажетті әдебиеттің де үнемі орнында тұрмауы мүмкін және кітап сөрелерінде де кітаптар мазмұны әр-қилы түрде жинақталуы мүмкін. Міне, осындай жағдайларда каталог мәні тағы айқындала түспек.
Каталог – кітапхананың негізгі анықтама және ақпараттық – іздестіру аппараты. Каталог – кітпхана қорының мазмұнын көрсетуде, оқырмандардың қажетті кітаптарды тауып алуында, кітапхана міндеттерін шешуде көмекші құрал болып табылады.
Кітапхананың кітап қорын жасайтын түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының әрқилылығы каталогтаудың күрделі жүйесін құруды қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты - халықаралық деңгейге сай келетін жаңа стандарттар негізінде каталогтар мен картотекалар жүйесі және каталогтеу технологиясын қарастыру.
Міндеттері:
кітапхана каталогтарының пайда болуы және қалыптасу
жолдарын баяндау, олардың теориясы, әдістемесі және ұйымдастыру тәжірибесімен егжей-тегжейлі таныстыру, тиісті әдіс-тәсілдерін меңгерту.
каталогтардың мәні, теориялық негіздері, типтері, ұйымдастыру принциптері, ерекшеліктері қарастырыру;
қалың оқырмандарға білім алу, ғылыми-зерттеу жұмысы,
біліктілігін арттыру, өз бетінше білім алу бойынша барынша үлкен көмек көрсету.
1 Кітапхана каталогтарының жалпы сипаттамасы
1.1 Каталогтануда каталогтар сапасы
Кітапхана каталогтары – кітапхана саласында серпінді түрде дамып келе жатқан саланың бірі. Кітапхана ісінде жаңа технологияның дамуына байланысты каталогтау ісінде де елеулі даму жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы салаға байланысты 90 жылдардың өзінде оңға жуық мемлекеттік стандарттар бекітілді.
Каталогтануда каталогтар сапасының мәселесі мен оларды тиімді пайдалану оқытыла бастады, басқа елдермен іс-тәжірибе алмасуға үлкен қадам жасалды.
ГОСТ 7.26-80 де берілген каталогтаудың «Кітапхана каталогтарының құрылуы мен қызметін қамтамасыз ететін үрдістер жиынтығы» деген анықтамасы қазіргі кезде кеңінен тараған.
Аталмыш стандартта анықтамаға қоса, каталогтаудың элемент-тері: библиографиялық сипаттаудың құрылуы, жүйеленуі, пәндестірілуі, ұйымдастырылуы, кітапхана каталогтарын редакциялау жұмыстары ашып көрсетілген. Бұл тізімге кітапхана каталогтарының үрдісі де енуі тиіс еді.
Теориялық жоспарда көптеген мәселелер дұрыс шешілмейді. Сөйтіп, үрдістер мен оның соңғы нәтижесі - каталогтар арасындағы байланыс дәстүрлі түрде бекітіледі. Мысал ретінде, Алфавиттік каталог пен жүйелі каталогты салыстырып көрейік.
Мәселені қарастыра келіп, екеуіне ортақ библиографиялық сипаттау, ал ерекшелігі карточкаларды топтастыру тәртібі екенін айта келе, осы мәселелерге толығырақ тоқталайық.
Каталогтау мәселесі, әсіресе құжаттарды ортақ каталогтау шешілмей тұрған кезде яғни 50 жыл бұрын Н.В.Русинов айтқан «Индекстеу мен кітаптың сипатын біріктіру – жүйелік және алфавиттік каталогтау тәсілдерін зерттеуді қажет санайды»,- дегені сол кезде дұрыс қабылданған еді. Егер біз осы екі каталог
Ак және ЖК мен шектелетін болсақ, онда Е.И.Шамуриннің құ-рылымын көз алдымызға келтіре аламыз. Бұл өзі жеке төрт бөліктен тұрады: библиографиялық жазбаның құрылуы, жүйелен-діру, алфавиттік каталог, жүйелік каталог.
Алғашқы үрдіс – кітапты сипаттау, яғни библиографиялық жазба құру. Кітапхана каталогтарының жұмысы екінші сала – каталогтау, яғни каталогта библиографиялық жазба қою, олардың өзара байланысы. Кітапхана каталогын құру үшін каталогтау техникасын игеру, библиограф жазған барлық карточкаларды байланыстыра білу, библиографиялық сипаттауда толықтырып отыру қажет. АК мен ЖК өзара байланысты мәселесі ұзақ жылдар кітапханашы-практиканттарды назарын аударып келеді.
АК карточкаларларында ЖК-тың толық индексі қойылу керек делінген. Егер оқырман өзіне керекті авторды білсе, бірақ өзінің тематикалық сұранысын қалыптастыра алмаса, алфавиттік каталогке жүгініп, индексті тауып алса болды, жүйелі каталогтың мәселесін шеше алады. Осы аталған екі каталог та жүйелік көрсеткіш қызметін атқара алады. Есімнамалардың бейнеленуі туралы біз шешімді бұрын тек жүйелі каталог ар-қылы қабылдадық. Бүгінгі таңда біздің КБЖ - ға барлық жағынан мүмкіншілігіміз бар. Көптеген кітапханаларда осы уа-қытқа дейін есімнмаларға қосымша сипаттама сақталуда.
Каталогтаудың жүйелі –құрылымдық жағы оның жан-жақтығын қайтадан ұғынуға мүмкіндік береді. Осы бағыттаға теория нақтылы практикалық нәтиже шығаруға көмектеседі.
Сондықтан талдауды жалғастырып, тереңдете түсу қажет. Соңғы жылдары каталогтарды редакциялау типологиясын нақтылау үшін біршама жұмыстар жасалынды. Біз каталогтарды редакциялаудың толық және ішінара, жоспарлы және ағымдық, техникалық және әдістемелік болатынын білеміз.
Кейбір каталогтар үшін редакторлаудың арнайы түрлері қолданылады: салалық, салааралық, категориялық т.б. Бірақ, редакциялаудың типтері мен түрлерінің өзара әрекеттерінің қандай тәсілдері бар? Бұл мәселе толық зерттелген жоқ. Ол ката-логтау саласында мамандардың библиографиялық жазбалар құру, жүйелендіру, пәндестіру, каталогтардың түрлерін ұйымдастыруда кәсіби құзіреттілігіне қатысты мәселелерді дамытады.
Каталогтаудың кеңінен тараған терминдер жүйесі бар және арнайы стандартқа сай жүргізіледі. Сондықтан каталогтау принциптері мен ережелерін баяндау белгілі бір ұғымдар мен терминдер арқылы қолданылады. Каталогтаудың бірнеше терминдеріне тоқталып кетейік.
Библиографиялық ақпарат –құжаттарды сәйкестендіру мен пайдалануға қажетті ақпарат. Библиографиялық ізденіс – биб-лиографиялық мәліметтер негізінде жүзеге асырылатын ақпарат іздеу.
Библиографиялық ізденіс – библиографиялық мәліметтер негізінде жүзеге асырылатын ақпарат іздеу.
Библиографиялық жазба – құжатты арнайы түрде белгіленген, құжат жөнінде мәліметтерді сәйкестендіріп, оның құрамын көрсететін, библиографиялық іздеу мақсатында мазмұнын ашатын библиографиялық ақпарат элементі. Оның құрамына библиографиялық сипаттама, индекстеу, терминдер, пәнайдарлары, аннотациялар, құжатты сақтау шифры, құжатты өңдеудің аяқтау мерзімі, қызметтік сипаттағы мәліметтер енеді. Библио-графиялық жазбаның әрбір компонентінің белгілі бір жүктемесі бар.
Библиографиялық сипаттама – құжат жөнінде белгілі бір ереже бойынша мәлімет беретін библиографиялық жазбалардың негізгі бөлімі.
Мұндағы мәліметтер мемлекеттік стандартқа және баспа өнімі – шығармаларына сипаттама жазу ережелеріне сәйкес берілген жүйе бойынша келтіріледі.
Кітапханалық каталог - ақпараттық орталықтар немесе кітапхана қорының мазмұны мен құрамын ашып көрсететін, оқырмандардың кітапты іріктеп алуына көмектесуге арналған тізбегі.
Каталогтау – кітапхана каталогтарын құрамын, қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін процесстер жиынтығы. Каталогтау құрамына библиографиялық өңдеу, индекстеу, каталогтық карточкаларды тираждау немесе мәліметтер енгізу, каталогпен жұмыс істеу, ұйымдастыру жатады.
Әртүрлі кезеңде каталогтау термині алуан түрлі толықтырулармен дамып отырды. Каталогтау тарихы – оның барлық құрамының тарихы болып табылады.
