- •Бірлескен кәсіпорындарды бірегейлендіру (қехс(ifrs)3). Сатып алу әдісін қолдану. Ұйым-сатып алушыны бірегейлендіру. Кәсіпорындарды біріктіру құны
- •Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну (қехс(ifrs)27). Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы. Шоғырландыру процедуралары.
- •Бухгалтерлік балансты және пайдалар мен залалдар туралы есептілікті шоғырландыру үдестері.
- •Бөлек қаржылық есептіліктердегі еншілес, бірлесіп бақыланатын жәіне тәуелді ұйымдарға инвестициялардың есебі.
- •Пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есептілік.
- •Сатуға арналған айналамнан тыс активтердің танылуы және жіктелуі (қехс(ifrs)5).
- •Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді бағалау. Сатуға арналған активтердің тобы.
- •Дисконттық құн түсінігі. Жай және күрделі пайыздар. Ақшаның болашақ құны. Ақшаның ағымдағы құны. Аннуитеттер, олардың түрлері
- •1.2.Жалға берушінің қаржылық есептілгіндегі жалгерліктің танылуы
- •Жал алушылардың және жал берушілердің қаржылық есептілігінде қаржылық жалгерлік: бастапқы танылуы мен бағалануы, кейінгі бағалануы (қехс(ifrs17)
- •Кері жал бойынша операциялардың есебі. Кері операциондық және кері қаржылық жал.
- •Пайдаланылмаған салықтық зияндар және салықтық несиелер.
- •Қаржылық құралдардың бастапқы танылуы. Меншік және тартылған капиталға бөлу. Қаржылық міндеттемелердің жіктемесі.
- •Акциядан базалық пайда. Пайда. Акциялар. Акцияға сусыздандырылған пайда(қехс 33)
- •Өндірілген өнім түрлері, оларды бағалау және септе көрсету. Ауыл шаруашылығы өнімін тауарлы өнім мен енбек құраддарына бөлу (тұқім,азық т.Б.).
- •Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері түсімі мен шығындарының бастапқы есебін ұйымдастыру. Негізі өндіріс жұмысшыларына, қоғамдық тамақтануға, балалар ұйымдарына өнімді сату есебі.
- •Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау. Өсірудегі және бордақылаудағы малдар есебі.
- •Туроператорлық қызмет есебі.
- •Бөлінбеген табыс жабылмаған зиян есебі
Қонақ үй қызметін көрсету шығындары есебі. Қонақ ұй қызметінің өзіндік құны калькуляциясы. Қонақ үй қызмет көрсету шығындарының есебін жүргізілу үшін 8010 Негізгі өндіріс шотын пайдаланамыз. Қонақ үй қызметін пайдаланушылармен есеп жүргізу үшін арнайы рəсімделген үлгідегі қызмет көрсету құжаты немесе қысқаша толтырылған келісім шарт пайдаланады. Келісім шарт қызмет көрсетуші қонақ үйдің заңды мекен- жайы, орындаушының аты-жөні, пайдаланушылардың аты-жөні, орналасқан бөлмесінің нөмірі мен қай қабатта екені жəне құны көрсетілуі тиіс. Келісім шарт пайланушының жеке басын куəландыратын құжат бойынша толтырылып, пайдаланатын күн санына бөлме- дегі орын бағасын көбейткендегі құнын төлеуі тиіс. Қонақ үйде тұру бағасы тəуліктің жергілікті уақыт бойынша 12 сағатына есептеледі. Егер пайдаланушы төлеген күндерінен асып тұратын болса, онда 6 сағатқа төлейді. Ал пайдалану уақыты одан артса онда əрбір сағатқа есептелген бағамен төлеуі тиіс. Кезекші жауапты қызметкер күнделікті кассалық есепті жүргізе отырып, кассалық аппараттың лентасында көрсетілген төленген ақша қаражатының төлемін есептеп бухгалтерлік бөлімге өткізуі керек. Қызмет түрін пайдаланушыға толтырып берген бланкілер қатаң есептемеден туристік фирманың кас- сирінің есебі бойынша жүргізіледі. Егер қонақ үй қызметін пайдаланушының тарапынан мүлік не тағыда басқа ішкі ережені бұзу байқалса, жауапқа тартылып бүлінген мүліктің құнын кінəлі тұлғадан өндіріліп алынуы керек. Қонақ үй шығындарын біз төмендегідей классификация- лаймыз: 1. Материалдық шығындар; 2. Еңбекақы шығындары; 3. Əлеуметтік аударымдар; 4. Негізгі құралдардың тозу шығындары; 5. Күрделі жөндеуге кеткен шығындар; 6. Тағы да басқа шығындар. Туристерді орналастыруға қызмет көрсетулер — қонақ үйлермен, пансионаттармен, санаторийлермен, демалыс үйлер- мен жəне т.б қызмет көрсету, оның шығынын туристік фирма- лар серіктестік туралы келісім-шартқа сілтеме жасай отырып, тариф бойынша орнын толтырады жəне төмендегідей бухгалтер- лік жазба беріледі: а) тұрғаны үшін: 8400 «Үстеме шығыстар» шот дебеті, 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиті; ə) орналастыру жəне тұрғызу бойынша көрсеткен қызметі үшін берешектерді төлеу: 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кре- диторлық берешек» шоты дебеті, 1030 «Ағымдағы банктік шот- тардағы теңгемен ақша қаражаты», 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», «Чек кітапшасындағы ақша», 2150 «Қызмет- керлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттар кредиті жазылады
Қонақ үй көрсететін қызметтерді сату есебі ерекшіліктері. Қонақ үй қызметін сатудан табыстар есебі. Қосымша ақылы қызмет көрсетуден табыстар есебі.
Өнімнің өзіндік құны құрамында шығындар кұрамы, олардың қырылымы мен жіктелуі (ХҚЕС 2). Қонақ үй қызметі есебі.
Қонақ үй шығындары құрамы ерекшеліктері және оның бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға ықпалы.
Туристік қызмет құқықтық реттеу пәні ретінде. Туризм халықаралық саласындағы келісім-шарттарды контрактілер толтырудың талаптарды, туристык ұйымның туристпен қарым қатынасын құжаттық толтыру.
Турист ұйымдарының қөлік ұйымдарымен, қызметтерді көрсетушілермен және шетел серіктестерімен қарымөқатынастарын контракт арқылы толтыру
Туроператорлық қызметтің өнімінің құрамына кіретін шығындар құрамы, олардың құрылымы мен жіктелуі
Туроператорлық қызмет есебі.
Туризмдегі агенттік қызмет заңды жəне жеке тұлғалардың осы қызмет көрсетуге лицензиялау арқылы жүзеге асырылады. Олар жеке кəсіпкер ретінде немесе комиссиялық сыйақы алу мақсатында жұмыс істеуге мүдделі. Турагент қызмет көрсету құқығын сатып алуға кеткен шығынын жолдама құнына қосу арқылы туристік жолдама бағасын көтеріп пайда табу мақса- тында қызмет етеді. Турагенттің балансының активінде сатып алған жолдама құны көрсетіледі. Осы жағдайда туристік мекеме кірістеу арқы- лы төмендегідей бухгалтерлік жазбалар беруге тиіс: а) турөнімді сатып алып құнын кірістегенде 1350 «Өзге қор- лар» шоты дебеттеліп, 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» немесе 4140 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді бере- шек» шоттары кредиттеледі; б) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебет- теледі, ал 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзім- ді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі; в) туроператорға төленетін ақы сомасына 3310 «Жеткізу- шілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты дебеттеледі, ал 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» жəне 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоттары кредиттеледі. Турөнімді өткізу кезінде бірқатар шығындар пайда болуы мүмкін, мысалы жарнама шығыны, маркетингтік шығындар, делдалдық мекемелерге төленетін төлем, комиссиялық жиын- тықтар жəне де өткізуге байланысты шығындар, яғни оларды төмендегідей қарастыратын болсақ: 7110 «Өнімдерді сату жəне қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі, ал 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кре- диторлық берешек» шоты кредиттеледі. а) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебет- теледі, ал 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзім- ді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі;
б) өнімді өткізуге кеткен басқа шығындар бойынша 7110 «Өнімдерді сату жəне қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі, ал 3390, 3540, 4170, 4430 шоттары кредит- теледі. Делдалға төленген ақша сомасы Қазақстан Республикасы- ның Салық Кодексінің 92 бабына сəйкес азайтылады. Турөнімді өткізу кезінде төмендегідей бухгалтерлік жазба көрсетіледі: а) өткізілген турөнімнің өзіндік құнына 7010 «Өткізілген өнімнің жəне көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шоты дебеттеледі, ал 1350 «Өзге қорлар» кредиттеліп жатқызылады; ə) турөнімнің бағасы төленсе 1210 «Сатып алушылармен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шо- ты дебеттеліп, 6010 «Өнімдерді сатудан жəне қызмет көрсету- ден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі; б) ҚҚС сомасына 1250 «Сатып алушылармен тапсырыс- шылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дебет- теліп, 3130 «Қосылған құн салығы» кредиттеледі; в) қолма-қол ақшаға сатылған турөнім сомасына 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі, ал 6010 «Өнімдерді сатудан жəне қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі; д) ҚҚС сомасына 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қара- жаты» шоты дебеттеледі, ал 3130 «Қосылған құн салығы» кре- диттеледі. Кезең шығындары төмендегідей көрініс табады: а) əкімшілік қызметкерлерге еңбекақы төленгенде 7210 «Əкімшілік шығыстар», 7400 «Басқа да шығыстар» шоттары де- беттеліп, 3350, 4170 шоттары кредиттеледі; б) əлеуметтік салық сомасына 7210 «Əкімшілік шығыстар», 7400 «Басқа да шығыстар» шоттары дебеттеліп, 3150 «Əлеумет- тік салық» шоты кредиттеледі; в) өзге де шығындар сомасына 7210 «Əкімшілік шығыстар», 7400 «Басқа да шығыстар» шоттары дебеттеліп, 3310, 4110 шоттары кредиттеледі; г) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебет- теледі, ал 3310, 4110 шоттары кредиттеледі. Есепті кезеңнің соңында шаруашылық операцияларының жағдайына келетін болсақ:
а) табыстан шығындар көлемі азайтылып көрсетіледі де, 6010 «Өнімдерді сатудан жəне қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті кезеңдегі бөлінбеген пайда жабылмаған зиян» шоты кредиттеледі; б) қорытынды табысқа түскен табысты қосып, төмендегідей жазбада көрсетеміз: 3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты дебеттеледі, 6010 «Өнімдерді сатудан жəне қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі; в) корпоративтік табыс салығына 7710 «Корпоративтік та- быс салығы» шоты дебеттеледі, ал 3110 «Төлеуге тиісті корпо- ративтік табыс салығы» шоты кредиттеледі; г) қорытынды табыстан табыс салығы бойынша шығындар шегеріледі де, 6010 «Өнімдерді сатудан жəне қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты дебеттеліп, 7710 «Корпоративтік табыс салығы» шоты кредиттеледі; д) таза табыс анықталғанда: 6210 «Активтердің шығуынан түскен кірістер» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті кезеңдегі бө- лінбеген пайда жабылмаған зиян» шоты кредиттеледі.
Туристтік өнімнің шығындарының құрамымының ерекшеліктері, оның бухгалтерлік есепті ұйымдатыруға ықпалы.
Туристік өнімдердің өзіндік кұнына қосылатын шығын құ- рамы БЕС №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» жəне оған əдіс- темелік ұсыныспен реттелінеді. Осы құжаттарға сəйкес туристік өнімдер өзіндік құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі кұрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді. Туристік өнімдердің өндірістік өзіндік құнына тікелей жəне жанамаға бөлінген шығындар қосылады. Тікелей шығындар — бұл туристік өнімдердің өзіндік құнын тікелей қосылуы мүмкін шығындар (туристік өнімдерді жəне өткізумен байланысты қызметкерлердің еңбекақысы, аударым (21% əлеуметтік салық) жəне əдеттегінше шығын элементтері- нің аумағында ескеріледі. Жанама шығындар — бұл туристік өнімдердің өзіндік құны- на оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық телефонмен сөйлесу шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет көрсету төлемі; жарнамалық (каталогтар) жəне сувенирлік өнім- дерді дайындау, жылдық ақы). Өндірістегі процестегі қызметтік ролі бойынша айрықшаланатын, олар кешенді баптарды (бірне- ше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады. Туристік өнімдерді өндіру шығындарын топтастыру эконо- микалық мазмұнына жəне БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» мен оған əдістемелік ұсынысқа сəйкес жүзеге асырылады: а) экономикалық элементтермен: — материалдық шығындар; — еңбекақы шығындары; — аударым; — құралдардың тозуы; — басқадай шығындар; ə) шығын баптары бойынша: — материалдар; — еңбекақы; — аударым; — үстеме шығындар. Турөнімді сатып алушы немесе турист белгілі бір көрсе- тілетін қызмет түрі пайдаланады. Толық кешенді көрсетілетін қызмет түрі екіге бөлінеді. Біріншісі — инклюзив-тур деп аталады, немесе авиа тасы- малдау қызметінде барар жəне қайтар жүру жолының ақысы арнайы тарифпен есептелу арқылы пайдаланушы туристке жеңілдікпен ұсынылған турөнімнің жалпы бағасының түрі. Екіншісі — пэкидж-тур деп аталады немесе тасымалдау қыз- метінің бағасы турөнімнің құрамынан тыс жеке сатылған түрі. Турөнімнің өзіндік құнын анықтау үшін арнайы калькуля- циялық құжат толтырылады. Калькуляциялаудың мақсатына қа- рай төмендегідей түрлері қарастырылады: 1. жоспарланған кезең ішіндегі мөлшер мен смета бойынша жасалынған баға. 2. нақты баға турөнімге кеткен шығындардың нақты сомасы. 3. сметалық немесе жаңа турөнімдерге сметалық құжат ар- қылы жасалған жобалық баға. Туристік өнімдерді өндірудің шығын есебіне 8110 «Негізгі өндіріс», 8300 «Қосалқы өндіріс» калькуляциялық шоттар, 8400 «Үстеме шығындар» жинау — бөлу шоты жəне «Алдағы кезең шығындары» 1620 бөлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойын- ша бұл шоттармен бір элементті шоттарға алдын-ала жиналған шығындар ескеріледі, ал кредит бойынша есептен шығарылады. 8110, 8300, 8400 шоттарының сальдосы жоқ жəне есепті айдың бітуі бойынша бұл шоттарда дебет бойынша жиналған шығын- дар «Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік кұны» 7010 шоттың дебетінде есептен шығарылады. БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі», ХҚЕС 2 «Қорлар» оған əдістемелік ұсынысқа сəйкес туристік өнімдердің өзіндік құнына мыналар қосылады
— туристік кəсіпорындарды туристік өнімдерді қалыптасты- ратын жұмысшы күшімен (қызметкерлермен) қамтамасыз ету шығындары; — аударым (əлеуметтік салық); — көлік шығындары: тасымалдап қызмет көрсетулер (əуе, темір жолдары, су жолы); — туристік фирмалардың асырау, қызмет ету жəне басқару шығындары; — жаңа туристік өнімдерді əзірлеу жəне игеру шығындары; — турды жүзеге асыру бойынша қызмет көрсеткені үшін басқа жақтағы кəсіпорындарға (тұлғаларға) төлемақылар; — контрагенттерге комиссиялық сыйақылар; — басқадай шығындар мен төлемдер. Туристердің өнімдерді өткізумен түскен табыстар мен шығындар есебі 22.02.02 ж. №296 — II «Қазақстан Республика- сында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей, қызмет көрсету қолданыстағы заңға сəйкес жазбаша түрде бекітілген келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туристтік өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
Туристтік өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістері мен тәсілдері.
Турөнімнің бағасын қалыптастыру саясаты. Туристтік оператор құрған турөнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар құрамы.
Өнімнің өзіндік құны құрамына кіретін шығындар құрамы, олардың құрылымы мен жіктелуі.
Туроператорлық қызмет есебі. Туристтік өнімнің шығындарының құрамының ерекшеліктері, оның бухгалтерлік есепті ұйымдатыруға ықпалы.
Туристтік өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Туристтік өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістері мен тәсілдері.
Туристтік өнімді сатудың ерекшеліктері
Өзіндік туржолдамаларды резиденттерге қазақстандық туристтер мен ұйымдарға сату есебі.
Өзіндік туржолдамаларды бейрезиденттерге шетелдік туристтер мен уйымдарға сату есебі.
Туристтік өнімді сатумен байланысты есеп айырысулар есебі. Қосылған құнға салыктың ерекшеліктері.
Қонақ ұй қызметінің өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Қонақ ұй қызметінің өзіндік құнын калькуляциялауәдістері мен тәсілдері
Кейіннен сату үшін туроператормен құралған туристтік жолдаманы турагенттің сатып алу есебі.
Сатып алынған туржолдамаларды бағалау және есебі.
Сатып алынған туржолдамаларды резиденттер мен бейрезиденттерге сату есебі. Сатып алынған туржолдамаларды сатумен байланысты шығындар есебі
Туристтік өнімді сатудан табыс есебі.
Делдалдық қызметтен табыс есебі.
Делдалдық қызмет атқарған турагенттердің мақсаты — тур- өнімдерді өткізуден түсетін табыстың келісімде көрсетілген мөлшеріне орай пайда табу. Бұл іс-əрекеттің міндетті түрде келісім шарты болуы тиіс. Өнімді өткізген уақытта турагенттің пайдасына шешілетін бірыңғай тұстары бар. Мысалы, туристік ұйымның делдалдық қызметінің кең та- раған түрлерінің бірі əуе көлігінің билеттерін сату болып табы- лады. ҚР-ның Көлік жəне коммуникация Министрлігінің азамат- тық авиация Комитеті Төрағасының 25.04.2003 жылғы №182 бұйрығымен бекітілген ҚР-ның əуе жолдарында жолаушылар- ды, жүктерді тасымалдау ережесінде төмендегідей анықтамалар берілген: Тасушы (тасымалдаушы) — меншік құқығында немесе басқа да заң негізінде көліктік (транспорттық) құралы бар, жолаушы, жүк жəне поштаны тасымалдау қызметін көрсететін жəне осы қызметті көрсетуге рұқсаты немесе лицензиясы бар заңды не- месе жеке тұлға. Агент — экипаж, жолаушылар, жүктер жəне поштаның ке- луімен, жіберілуімен олардың рəсімделуімен байланысты бар- лық іс-əрекетерді орындауда тасушы атынан қызмет көрсетуге өкілеттілік берілген заңды немесе жеке тұлға. Билеттерді сатуды тасушы (тасымалдаушы) өзінің кассасы арқылы жеке өзі де, сондай-ақ билеттерді сату бойынша агент- тердің көмегімен жүзеге асыра алады. Турфирма немесе жеке не заңды тұлға тасушымен (тасымал- даушымен) билеттерді сату қызметін көрсетуге агенттік келісім шарт жасасқанда тасымалдаушының билеттерді сату бойынша агенті бола алады. Агент қызметінің төлемақысы — агенттік сыйақы деп аталады. Агенттік келісім шарт жазба нысанында құрылады жəне төмендегідей шарттардан тұрады: агенттің өкілеттілігі; билеттерді сату орнының жабдықталуына техникалық жəне басқа да талаптар; агентке квалификациялық талаптар; екі жақтың құқықтары мен міндеттері; агентке сыйақы төлеу тəртіптері жəне сыйақы мөлшері; билеттерді сату туралы агенттік есептіліктің нысаны, есеп- тілікті ұсынудың мерзімі мен тəртібі; қызмет ету мерзімі. Сонымен билеттерді сатумен айналысатын туристік ұйым- дар өздерінің негізгі туроператорлық жəне турагенттік қызмет- терімен қатар агенттік рөлін атқарады. Тасымалдауды орындау бойынша қызметтер тасымалдаушы- ның айналымы болып табылады. Салық кодексінің 224-бабына сəйкес, тасымалдауды рəсімдеу бірыңғай тасымалдау құжатта- рымен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдауды орындау бойынша қызметтерге нөлдік ставкамен ҚҚС салынады, ал ҚР- ның аумағында жүзеге асырылатын тасымалдау бойынша қыз- меттерге жалпы тəртіппен ҚҚС салынады. Билеттерді өткізетін агент үшін билеттерді өткізу бойынша оның көрсеткен қызметінің құны, яғни агенттік сыйақы салық салынатын айналым болып табылады. Халықаралық рейстер билеттерін өткізу бойынша агенттіктердің көрсететін қызметтері халықаралық тасымалдаумен байланысты қызметтерге жатпай- ды. Сондықтан билеттерді өткізу үшін төленетін агенттік сыйақыға бекітілген тəртіппен ҚҚС салынады. Салық Кодексінің 92-бабына сəйкес шегерімге салық тө-леушінің жылдық жиынтық табысты алумен байланысты шы ғындары жатады. Егер тасымалдаушы-фирма тасымалдау қыз- метін көрсетуден табыс алатын болса, билеттерді сатумен бай- ланысты барлық шығындар шегерімге жатады. Бір мысал келтірейік: «А» фирмасы туристік қызметпен айналысады жəне авиациялық ұйыммен жасаған келісім-шарт бойынша туристерге əуе билеттерін броньдау мен сатып алуды жүзеге асырады. Əуе билеттерінің құнын фирма алдын ала туристерден қабылдайды. Бұл операциялар ақша-қаражаттары шоты мен басқа да кредиторлармен есеп айырысу шоттарының корреспонденциясымен көрініс табады, салық салынатын айна- лымға билеттерді өткізгені үшін авиациялық агенттіктердің тө- лейтін комиссиондық сыйақыларының құны жатады. Бұл жағ- дай төмендегідей бухгалтерлік жазбалармен көрсетіледі: а) туристің авиабилеттердің құнын төлеуінде 1010, 1030 шоттары дебеттеліп, 3440 шоты кредиттеледі. ə) билет құнын авиаагенттікке төлесе 3440 шоты дебеттеліп, 1010, 1030 шоттары кредиттеледі. б) авиагенттікке төленетін комиссиялық сыйақы бойынша табыс есептелінгенде 1210 шоты дебеттеліп, 6010 шоты кредит- теледі. в) комиссиялық сыйақы сомасының ҚҚС-на 1210 шоты де- беттеліп, 3130 шоты кредиттеледі. г) авиаагенттіктен комиссиондық сыйақы төлемі келіп түс- кенде 1030 шоты дебеттеліп, 1210 кредиттеледі. Əуе билеттерінің құны табыстар жəне шығындар бойынша жалпы айналымға жатпайды
