Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диалект практика.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.65 Кб
Скачать

Сауыт, ыдыс-аяқпен байланысты сөздер

Б ө р д е к — құдықтан су алуға арналып, кенеп не теріден істелген шелек сияқты ыдыс.

Бал қасық— шай қасық. Моншақ, ана бал қасықты әперші!

Долық— құдықтың лайын, балшығын сыртқа шығаратын қап тәрізді теріден істелген ыдыс.

Жұмыр — ешкі, кой терісінен не қойдың қарнынан жасалған ыдыс. Шөлдеп барып едім жұмырын шайқап берді.

Көзгелдек— кішкентай тостаған. Қ а з и е к — шелектүбінің айнала шығып тұрған жиегі. Қылдықазан— кішкентай казан. М е с к е й — кастрюля. Бүрын мескей деп аузы кең үлкен аяқты айтатын едік.

Сүзекі//сүзгі-— тесік ожау.

С а м а р ыдыс — ағаштан істелген үш аяқты үлкен ыдыс. Бұрынғы уақытта дырау самар ыдыстар болатын.

Тас құман— шай қайнататын тас құман. Түсіне қарап ақ құман, көк құман болып атала береді.

Ұ ш а я қ — үш аяқты, ұзын сабы бар, ішіне шоқ салып үетіне шәйнек коятын аласа, дөңгелек темірден жасалған ыдыс.

Ш е р е — фанерадан істелген жәщік. Бөтелкені шыны (жиі) шөлмек (сир.) дейді.

Ұн елейтін елеушті жергілікті түрғындар елек дейді. Қазақговорларында електің 10 шақты аты бар (елгезер, елеуіиі. елеме, қалбыр т. б.).

Көлікпен байланысты сөздер

Бақалақ— шананың шабағы.

Дығырлақ— арбаға шөп үйгенде арқан байлап тартатын ағаштьщ тесігі.

Ш а ң ы р а қ //т о ғ ы т — арбаның дөңгелегі.

Ш а ң ғ ы — кішкентай балалардың үш аяқты арбасы. Мұны солтүстікте (Көкшетау т. б.) итарба дейді.

Ш а қ а — арбаның мұрындығы.

Азық-түлікпен байланыстысөздер

Ақ май — күздігүні қураған шөпті жеген малдын сүтіненалынған ақ май. Ал, көктем, жаз айларындаалынатын майды сары май дейді. ,. .

А ш ы м а қ — ашытқы (ор. дрожжи).

А с т ы қ — үн. Қара астық — қара бидайдың ұны. Машинаменқырманнан астык, тасығанды «астықmenжатыр», демейді, «жарна (орыстың зерно сөзі болу керек) тиеп жатыр» дейді.

Ақ түймеш || аң құрт — айранды ашытып, сүзіп, тұз салып жасаған құрттың бір түрі.

Ж ұқы н а — жұғын, сарқыт. Тамақтан жұқына-мұқына қалған шығар.

Жаламы қ — сүтке үн салып, қант қосып пісірілген быламык сияқты ас.

Жарысқазан— әйел босанардың алдында қасына жиналған абысын-ажындарының ырым қылып пісіріп жейтін та­мағы. Бұрын жарысқазанды көп пісіретін едік. Бұл сөз солтүстік қазактарының тілінде де бар:

Келін де ұмытады біз ұмытсақ,

Деп күлісіп, пісіріп жарысқазан,

Кіндік кесер жабдығын жүр дұрыстап

(С. Мұқ. Таңд. шығ., 138).

К ү р п і — кебек. Ұнның күрпісі жиналып қалды.

Собалақ—балаларға пісіріп беретін ұзынша келген бауырсақ.

С а л м а — кеспе. Қемпір-шал қояр да қоймай дәмді етіп пісірген етті салмамен сыйлады (X. Есеи. Ақ Жайық, 95). ,

Төңкерме— үн мен майды араластырып, қуырып пісірілетін майлы, тәтті тамақ.

Т о ғ а ш — кішкене дөңгелек нан (ор. сушки).

Жергілікті халық қант, секер сөздерінен көбіне секер сөзін көбірек қолданады