- •Диалектологиялық оқу практикасының материалдары
- •5В020500-қазақ филология мамандығының203-топ студенті:Сәрсенбі Айымгүл
- •Фонетикалық ерекшеліктер
- •Грамматикалық ерекшеліктер
- •Лексикалық ерекшеліктер
- •Киім-кешек, сәндік бұйымдар, мата, кездемемен байланысты сөздер
- •Мал атауларынабайланыстысөздер
- •Азық-түлікпен байланыстысөздер
- •Сауыт, ыдыс-аяқпен байланысты сөздер
- •Көлікпен байланысты сөздер
Грамматикалық ерекшеліктер
Жергілікті халық тілінде батыс говорларына тән төмендегі грамматикалық ерекшеліктер кездеседі.
-улы, -улі. Жергілікті халық тілінде барған, барыпты сияқты етістіктің өткен шақ түрімен қатар барулы, келулі сияқты формалар да қолданылады. Мысалы: ОлТекегебарулы, содан сұра. Сырым ұлы жүзге барулы(эксп.). Батысқазақтарының тіліндегі бұл форманы алғаш рет XIXғасырдың орта шенінде Н. И. Ильминский байқаған болатын. «Материалы к изучению киргизского наречия» дегенеңбегінде Н. И. Ильминскийбұл форма өткен шақ есімшенің кызметі мен бара-бар екендігін атап керсеткен («...однозначительно с прошедшим причастием»)15.
Осы -улы, -улі формасы Қазақстанның батысоблыстарындатуыпөскен ақын-жазушылардың тілінде және кейбір баспа нұсқаларда да жиі кездеседі. Мысалы:
Біздің жаққа ке л у лі бөрің қашып,
Үш таганнан қалың құм төрін асып
(X. Ерғалиев. Құрм., 77).
Қақпасына орданың
Емініп жетіп барулы.
Құлаққа дауыс жеткесін
Төрехан төре саналы,
Терезеден қаралы...
(Н. Байғанин. Шығ. жинағы, 65).
Maлды түрлі аурудансақтау үшін һәр жерде мал докторының лауазымы ашылулы. («Қазақстан», 27/1—1913).
-(a)жақ. Бұл жұрнак етістіктің келер шақ формасының қызметін атқарады да, көбіне бару, келу, беру, алуетістіктеріне жалғанып, баражақ, кележақ, бережақ, алажақ сияқты тұлғаларда айтылады. Мысалы, Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін (мақал). Ағылшын патшалығы бүтін патшалықтан кележақ, мал етінеи тиісті салғырт, ақшаны кеміт-кен («Қазақстан», 27/1—1913). Кележақ қонақтарды қабылдауды Раушанға тапсырды (Ж- Тілеков, Қайнар, 224). Алажақ-бережақтардың үздіксіз өсуі бұндай қылықтармен іс жүзінде ешбір күресудің жоқтығын еспаттайды(Батые Қазақстан облысының шаруашылық және мәдениет кұрылысы жөніндегі материалдар, 1932—1934, Орал, 1934, 29 б.). Бұл тұлға сирек болса да баска етістіктерге де жалғанады. Мысалы: Адайлар әлде бүгін шатты ғажап, Әлдебір өліспекке ант қылажақ (X. Ерғалиев. Құрманғазы, 50). Бұл форма кейде Солтүстік-орталық қазақтарының тіліндегідей -шақ
-шек тұлғасында да кездеседі. Мысалы: Алашағын алуға Жалмұқан мен Сараның үйіне Жайнақ барады (X. Есенжанов. Ақ Жайық,1, 240). Бұл тұлға ескі түркі нұсқаларда да кездеседі. Мысалы: barincak — нужное дать (С. Е. Малов. Памятники древ-нетюркской письменности, М., 1951, стр. 370). Бұл жұрнақ әдеби тіліміздегі болашақ, келешек сияқты сөздердің жасалуына негіз болып, сол сөздердің құрамында сақталып қалған. -(a) жақ, -улы/-улі формалы етістіктер Орда және Маңғыстау говорларында да кездеседі.
Етістіктін бұйрық райлы барың формасы жергілікті тұр-ғындардың тілінде өте сирек кездеседі. Етістіктің бұл формасы Н. И. Ильминскийдің Ақтөбе облысында туып-өскен Марабай ақыннан жазып алып, 1861 жылы жеке кітапша етіп бастырып шығарған «Ер-Тарғын» жырында кездеседі. Мысалы: Онда хан айтты ондай шабуға әліңіз жоқ болса үйретің деді (Ильм. «Ер-Тарғын», 27).Бұл форма Гурьев облысында туып-өскен жазушы Ғ. Слановтың шығармаларында да кездеседі. Мысалы: Күшіңді сынап көрелік. Мен Тасеген иесі... Кәне, келе қалың! (Шалқ., 197).
«Дегенмен» деген сөздің орнына кейде «дейтұрғанмен» сөзі қолданылады. Мысалы: дейтұрғанмен, мен барып келейін (эксп.). Дейтұрғанмен, мал азығы қорын жасақтауда және оны мал орындарына тасуда елеулі кемшіліктер орын алып отыр («Колхоз жолы», 16/ІХ—1953). Кейде «Дейтұрса дa» варианты қолданылады. Мысалы: «Дейтұрса да, Микоян атындағы жетіжылдық мектебі жанындағы колхоздың интернаты нашар жабдықталған («Колхоз жолы», 27/ІІ—1954).
Жергілікті тұрғындардьщ тілінде есімдіктермен байланысты кейбір ерекшеліктер бар. Мысалы, ілік септік жалғаулы біздің, сіздің сияқты жіктеу есімдіктері жергілікті жерде біздің, сіздің формасында кездеседі. Қанат Мүқанов жақында әйелі Ғаниды шанымсыздық ретінде фактісіз нақақ көк ала қойдай етіп сабады. Арашалаймын деген адамға араша бер-мей «әйел өзімдікі ғой» деп өлім таяғын соқты. Ендігі біздің айтарымыз — әйел теңдігін аяққа басқан Мұқановты тиісті заң орындары тергеусіз қалдырмасын («Жаңа жол», 28 июль, 1938).
