Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диалект практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.65 Кб
Скачать

Лексикалық ерекшеліктер

Жергілікті халық тілінен жиналған лексикалық ерекшеліктер тұрғындардың мәдениет, тұрмыс, салт, әдет-ғұрып, егін, мал шаруашылығымен байланысты қолданылатын сөздерді қамтиды. Мұндай сөздерді жеке-жеке топтарға бөліп қарастырайық.

Киім-кешек, сәндік бұйымдар, мата, кездемемен байланысты сөздер

А т у — мәсі. Өте сирек айтылады.

А р а л ы қ — етік тіккенде қалып пен мұрыншаның арасынақағылатын сыналық ағаш.

Ақзон//ақсүп (ор. мадаполам). Жұка ақ мата.

Байтаба-— жүннен тоқып істелген қалың шұлғау.

Басшұлық— плащтың капюшоны.

Бастырма— костюм, пальтоға тағатын ірі түйме.

Бірдүздеме— матаның бір түрі.

Деңбетбелбеу— бұрынғылардың кең, күміс жалатқан сәнді белбеуі.

Д а л б а й — күн өтпеу, маса шақпау үшін істелетін күләпара тәрізді бас киім. Далбайын шекпенін түріп басқа... («Окт. туы», 18/VII—1958). Мал базарының шетінде ат үстінде тұрған далбайлы керделілер Жайықтың ішкі бетіне ңарай иегімен меңзеп... (X. Есенжанов. Ақ Жайық, 8).

Екшек— кимешек.

Ж а с т ы қ а ғ а ш — жастық астына салатын ағаш.

Жұрын//қырпу— тон немесебөріктің айналасына теріден қаптап істелген жиек. Бұл сүйікті өсімдіктер тонның етегіне ұстаған жұрын сияқты жағалықты көмкеріп қойғандай көрінеді (X. Есен. Ақ Жайық).

Жуырқан(сир.) —көрпе. Төрт қанат киіз үй іші таркөрінеді: Төр алды сірескен жүк, астында текеметтер, одан жоғары қызыл ала, көк ала жуырқандар бүктесіні десте-десте (Ғ. Сланов. Домбыра күйі. — Ақиық,- 131 бет). Көрпенікейде жорыған, жамылғы деп те атайды.

Ж а б ы н — [терезенің] пердесі.

Жағлантыс — плащтың қалпағы.

К е п ш і к — бір кісілік жастық. Жергілікті жерде жастықдеп екі кісілік үлкен жастықты айтады.

Қол орамал//терорамал— мұрын орамалы.

М о й ы н ш ұ л ы қ — мойынға орайтын шарф, бөкебай.

Тегдік— ситсадан қалыңырақ, матрац тігетін мата.

Ш а р қ а т — шашағы төгілген, кең, үлкен жібек шәлі. Әуес қыз иығында шарқатыбар (X. Ерғ. Құрм., 25).

Ш ә п ш ө р — сандал сияқты аяққиім.

Қолғапты жергілікті түрғындар биялай дейді.

Мал атауларынабайланыстысөздер

А у ы т — түйе қамыт.

Ауыттan мініп алған бір үлөкті, .

Сорлы ақын сонадайдан жыры жетті

(X. Ерғ. Құрм., 25)

А д ы р — асау жылқы.

Ақ бақай болғыр! Ақбайпақ келгір! Жыбырлақ болғыр! Қараталақ болғыр!— Жылқыға айтылатын қарғыс сөздер.

А л мас түйе— екі өркеші екі жаққа жығыңқы түйе.

Б і р қ ы р қ а р — кеш, күзге таман туған кенже қозы.

Балқоспақ— лөк пен таза айыр інгеннен туған түйе.

Д ү б ә р ә — ерте туған бұзау.

Ж ә н д і к || жа н д ы қ — ұсақ мал. Бірақ айтып қой, бие десең бие беремін, түйе десең түйе беремін. 23 баланың тәрбиесіне жетерлік жандықбар әзір... (X. Есен. Ақ Жайық, 184).

Жампозы— түйенің асылы.

К ә н ә й — белі қайқы, құлағы ұзын нашар тұқымды жылқы.

Күйеңкімал — көтерем болып, қыстан шыққан арық мал.

Көбдік —уызға жарымай, арық немесе жетім туған қозы. Сауғандықтан барлық фермалардағы қозы көбдік, («Жаңа жол», 15/VII—1938).

Қара түйнек!— ешкіге айтылатың қарғыс сөз.

Т а й ө г і з — бір жасқа толған еркек тайынша. Мешіттен шетірек өзге ауылға шықса, т айөгіз бұқадай сүймеңдеп. түнімен жігітшілік жасап, есіктің сықырлауығын қалай сы-қырлатар еді (X- Есен. Ақ Жайық, 199). Биыл жайып семіртуге 118 бас сиырбөлдік олардың көпшілігі тайөгіздеп («Екпінді жол», 18/V—1958).

Ұшаяқкелгір! — сиырға айтылатын қарғыс сөз.

Шекшекболғыр!— қой, ешкіге айтылатынқарғыс сөз.