- •Диалектологиялық оқу практикасының материалдары
- •5В020500-қазақ филология мамандығының203-топ студенті:Сәрсенбі Айымгүл
- •Фонетикалық ерекшеліктер
- •Грамматикалық ерекшеліктер
- •Лексикалық ерекшеліктер
- •Киім-кешек, сәндік бұйымдар, мата, кездемемен байланысты сөздер
- •Мал атауларынабайланыстысөздер
- •Сауыт, ыдыс-аяқпен байланысты сөздер
- •Көлікпен байланысты сөздер
- •Азық-түлікпен байланыстысөздер
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
Диалектологиялық оқу практикасының материалдары
5В020500-қазақ филология мамандығының203-топ студенті:Сәрсенбі Айымгүл
Практика жетекшісі: Кеңесов Е.Қ
Диалектология
Диалектология (гр.dіalektos – сөйлеу, гр.logos – білім) – тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласы.
Қазақ диалектологиясы — Қазан революциясынан кейін пайда болып, калыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шүғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалек-тологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.
Фонетикалық ерекшеліктер
Говордағы дыбыстардың құрамы сан жағынан әдеби тілдегі дыбыстармен бірдей. Жергілікті халық тілінде әдеби тілден сапасы бөлек, оқшауланып түратын дыбыстар жоқ. Бірақ бұл дыбыстардың қолданылуында, олардың бір-бірімен алмасуында, кейбір позицияда түсіп қалуында едәуір айырмашылықтар бар.
Егер сол, бұл, осы, ана сияқты есімдіктер жерде, жақта сияқты ж мен басталатын сөздермен тіркесе қалса, ол уақытта сонор дыбысына біткен есімдіктердің л дыбысы түсіріліп, ж дыбысы й-ге ауысады. Мысалы: Со (л) йерде газеттер бар шығар. Бұ(л) йаңта егін жақсы шығады. Ал, егер есімдік дауыстыға бітсе, ол дауысты дыбыс түсірілмей сақталып айтылады: Осы йерде сен қателестің ғой деймін.Ана йақта ойнап жүрген болар.
Қейбір сөздерде әдеби тілдегі сөз басында келетін т дыбысының орнына д дыбысы қолданылады. Мысалы дөрт (төрт), дүзу (түзу). Жаңа дүние жасалды, тұрмысын халық дүзетіп (Н. Байғанин. Таңд. шығ., 209). Оның дізгінінде болған Есекеновты заң орындары жауапқа тарту керек.(Жаңа жол,15/VII—1938).
Әдеби тілде ж мен басталатын сездер кейбір сөздерде д мен айтылады. Мысалы: дүзік (жүзік), дүз сом (жүз сом), пышақтың дүзі (пышақтың жүзі). Бұлар Ұлы дүздің адамдары ғой (эксп.). Өзің жоқ жерде үйіңді бар-жанымен өртеп жіберуге бүлардың дүзі жанбайды. (X. Есенжанов. Ақ Жай-ЫҚ, 36); т/д, ж/д дыбыстарының алмасуы оңтүстік және шығыс говорлардың бірқатарында кездеседі. Бұл құбылыстың изогласстық таралу шегі әлі анықталған жоқ. Сондықтан бұны диалектілік ёрекшелікке шартты түрде ғана жатқызьш отырмыз.
Бірқатар сөздердің құрамындағы «а», «о» дыбыстары «ұ»-ға алмасып айтылады. Мысалы, құлдану (қолдану), аз-мұз (аз-маз), жұмалау (домалау).Ауданның партия орындары құлқынқұмар Финогеновтың колхоз шөбін өз меншігіне тасып алған бұл амалын ескеріп оған қатаң шара құлданулары керек («Коммунист», 11/VII—1954). Агрономиялық шаралардың іс жүзінде мейлінше құлданылуы арқасында колхоздың егін шығымы ұлғайып өсті (Батыс Қазақстан облыстық 2-кеңестер съезінің қаулылары, 1935, Орал, 4 бет).
Кейде, керісінше«ұ»дыбысыныңорнына«а», «о»дыбыстарыайтылады. Мысалы: орпақ(ұрпақ), оқсау (ұқсау), мартом (марқұм) т. б. Шешесі мартом тіріболса, киімінжамап-жасқап. бермеспееді! («Екп. құрылыс», 6 ноябрь, 1940). Будда тәңірісінетабыныпкөргенкісіемеспін. Ал, мүсылман-дар болса, қайтысболғанмархомдарының"басынақүлпытасқашатыпалыпжүр... (Ж. Тілеков, Жоңғ. даласында, 178).Қейбірсөздердеж/шдыбыстарыбір-біріменалмасьшотырады. Мысалы, ырғалу-шырғалу (ырғалу-жырғалу): Егінжинаужұмысыырғалу-шырғалудыкөтермейді («Екп. жол», 13/VII—1958). Шаппапышақ (жаппапышақ, бәкі). Меніңшаппапышағым бар еді, алыпберші. Кейдежаппалыпышак, деп те айтады. Жігіттердіңбіреуіжаппалыпышағынсуырыпалады («Екп. жол»).
Говорда әдеби тілдегі сөз басында келетін ж шығыс говорларындағыдай, қосар «дж» дыбысымен айтылмайды. П. М. Мелиоранский де батыста «дж» дыбысының орнына жалаң «ж» дыбысының қолданылатынын айтқан болатын. Есть звук, который можно было бы изобразить через «дж».Предзвучие «д» следует выговаривать слишком ясно. В западной части степи оно даже совсем исчезает…
Жергілікті говорда әдеби тілдегі сөз басында келетін «п» дыбысыкейде, беш(пеш), балау(палау), бапа(папа), бұт (пұт), болып, «б» дыбысынаауысыпотырады. Мысалы: Бейбітшілік жағдаймен келген мырзаларға құрметті бейіл көрсетеміз (X. Есенжанов. Ақ Жайық, I, 30). Әне, бапаң келе жатыр, бар! (эксп.).
Кейбір говорларда (солтүстік, шығыс т. б.) кигіз үй, суғару сияқты сөздерде «г, ғ» дыбыстары сақталып айтылса, батыс диалектісінде бұл дыбыстар сақталмай киіз үй, суару болып әдеби тіліміздегідей қолданылады.
Ақшадай, жылыдай, тірідей сөздері ақшалай, жылылай, тірілей түрінде «л» дыбысымен айтылады. Мысалы: Өнегелі еңбегі үшін совхоз дирекциясы атынан ақшалай және заттай бағалы сыйлықтар берілді («Қызыл ту», 24/VII—1958). Мына суды жылылай құйып жібер. Ол уақытта құлдарды тірілей алып келетін. Ол кенет «екіншілей тентек болма, балам» деген Уәлидің даусын, келемеж күлкісін ап-анық естіді (Т. Ахтанов. Қаһ. күндер, 206).
Әдеби тілде қолданылып жүрген кейбір етістіктер говорда басқаша дыбысталады. Мысалы.беркіту —бекіту. Саған қанша мал беркітілген еді? (эксп.). Ол күн сайын өзіне беркітілген агрегатпен 25 гектар жердің шөбін шабады («Қызыл ту», 17/VII—1958). Жақында аудандық совет атқару комитеті күзде ағаш егу жоспарын қарап беркітті («Қолх. үні», 23/Х— 1955). 10 адамды үгітші етіп беркітіп, оларды елді пункттерге шығарды. Бөлінген адамдар өздері беркілген колхозшылар-ға Пленум қаулысын оқыды («Колхоз жолы», 3/Х—1953)1в.
Б ы р ы қ т ы р у — былықтыру. Үйге келсем, қағаздарымды шашып, үй ішін бырықтырып жіберіпті.
Сақпаншы сөзі (қой қоздағанда қозыны асырауға алған адам) жергілікті жерде сақманшы, түрінде айтылады. Мысалы: Шопандарға қой қоздату науқаны кезінде көмекке сақманшыларбөлінді («Екп. жол», 22/IV—1958). Колхоз басқармасы мал төлдету кезінде көмектесу үшін екі с а қм аншы бөледі («Колхоз жолы», 8/IV—1954).
Жоғарыда аталған фонетикалық ерекшеліктердің бірқатары (әсіресе а/ұ, о/ұ, ж/д/т, ш/ж, б/п сияқты алмасулар). Орда, Манғыстау және Ақтөбе говорларын зерттеуге арналған еңбектерде де сөз етіледі. Демек, бұл алмасулар тек бір аудан немесе бір облыс шеңберіндегі қүбылыс емес, шамамен алғанда Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе облыстарын қамтитын ерекшеліктер.
