- •1. Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтерін сипаттау, бағалы қағаздың белгілерін көрсету.
- •3. Бағалы қағаздың жіктелімін беру. Бағалы қағазбен туынды бағалы қағаздың бір бірінен айырмашылықтарын көрсету
- •4. Үлесті және қарыздық бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •5. Негізгі және туынды бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •6. Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •7. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздарды сапаттау. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •8. Бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісінің қажеттілігін негіздеу. Корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісі құрылымының ерекшеліктерін көрсету
- •9. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздарды орналастыру. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу кезеңдерін ашып көрсету
- •10. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтерінің мәнін түсіндіру
- •11. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау және оның құрамдас бөліктерін атап, сапаттама беру
- •12. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтағы сауда саттықты жүзеге асыру механизімін көрсету. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтың кемшіліктерін анықтау
- •13. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың мәні мен қажеттілігін анықтау. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •14. Кассалық және мерзімді нарықтың мәні мен құралдарын сипаттау. Кассалық және мерзімді нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •15. Бағалы қағаздар нарығының жай және кәсіби қатысушыларының атқаратын қызмет түрлерін көрсету
- •16. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлерін сипаттау және қажеттілігін анықтау.
- •17. Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні мен құрылымын сипаттау
- •18. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы
- •19. Акция нарығының мәні мен мақсатын анықтау. Акцияның қасиеттеріне сипаттама беру. Акцияның деректемелерін атап көрсету
- •20. Акция нарығының құралдарына сипаттама беру. Акцияның инвестор және эмитент үшін қажеттілігін анықтау.
- •21. Акцияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •22. Жай және артықшылықты акцияларға сипаттама беру. Жай және артықшылықты акциялардың айырмашылығын көрсету
- •23. Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі мен айырмашылығын көрсету
- •24. Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларды анықтау. Акцияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •25. Облигация нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау. Қазақстандағы Облигация нарығының ағымдағы жағдайы
- •26. Облигацияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •27. Облигация бойынша табыстың экономикалық мәнін сипаттау. Облигацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •28. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні мен мақсатын және қажеттілігін анықтау
- •29. Қаржы министрлігінің шығаратын бағалы қағаз түрлеріне сипаттама беру және мақсатын көрсету
- •30. Келісім шарт насанындағы туынды бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен түрлеріне смпаттама беру
4. Үлесті және қарыздық бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Үлесті бағалы қағаздың мәні мен түрлері
Үлесті бағалы қағаз-кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді.өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді,пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға құқық береді.Үлесті бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері,инвестициялық пайлар жатады.
Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.
Акционерлік қоғам мынадай жағдайларда акцияны шығарады:
акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;
бірнеше акционерлік қоғамның қосылуы (жұтылуы) кезінде;
жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде;
жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде;
акционерлік қоғамның шығынын ұзақ мерзімге қаржыландыру үшін инвесторлардың капиталын пайдалану кезінде.
Акцияның мынадай өзіндік қасиеттері бар:
акция - бұл меншік титулы, яғни акция иесі акционерлік қоғамның ортақ иеленушісі болып табылады;
акцияның өмір сүру мерзімі жоқ, яғни акция иесінің құқығы акционерлікқоғамның өмір сүру ұзақтығымен байланысты;
акция иесінің жауапкершілігі шектеулі, акционер акционерлік қоғамныңміндеттері бойынша жауап бермейді, яғни акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді;
акцияның бөлінбеушілік қасиеті, яғни акцияны ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаның бірлесе отырып иеленуі меншік иелері арасындағы құқықтың бөлінбеуін білдіреді;
акцияны шоғырландыру;
акция санын көбейтуге болады, яғни бір акцияның бірнеше акцияға айналуын білдіреді.
Бір акцияның бірнеше акцияға айналуы барысында жарғылық капиталдың көлемі өзгеріссіз қалады. Акцияның бұл қасиетін эмитент акцияның нақты бір түріне ұсынысты көбейту үшін қолдануы мүмкін. Мысалы, номиналдық құны 1000 теңгемен бағаланатын бір акцияның орнына номиналдық құны 250 теңге болатын 4 жаңа акцияны шығарады. Акционерлердің иелігіндегі акция санының көп екендігін білдіреді.
Қарыздық бағалы қағаздың мәні
Қарыздық бағалы қағаздар — эмитенттің (қарыздардың) осы құнды қағаздарды шығару талаптарымен негізгі қарыз сомасын төлеу туралы міндетін растайтын құнды қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері жатқызылады.
Облигация-бұл эмитенттің қарыздық міндеттемесін растайтын құжат,ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды.облигацияны шығару-капитал қарызының бір формасы.облигация ұстаушыға-эмиитент банкротқа ұшыраған жағдайда өз міндеттемесін орындамаса,мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын берді.облигация жіктелімі:эмитентке,мерзімге,шығару формасына,иелену тәртібіне,айналысқа қарай,т.б. бөлінеді. Облигация – эмитенттің инвестордан алған соманы қайтару жөніндегі міндеттемесі мен белгілі уақыт аралығында пайыздық төлем төлеуі туралы келісімшарт. Облигация - сатуға және сатып алуға болатын, қарыздың барлығын дәлелдейтін құжат.Облигация борыштық бағалы қағаз түрі болып саналады. Облигацияны сатып алу барысында сіз эмитентке қарыз ақша бересіз. Облигация шектеулі мерзімге шығарылады, облигация айналымы барысында эмитент облигация ұстаушысына оның номиналдық құнынан міндетті, тағайындалған пайызын төлеп тұрады. Акциямен салыстырғанда облигация құны жылдам ауытқусыз. Облигация ұстаушысы өз инвестициясынан пайыздық үлгідегі бекітілген кірісті табуға сенім артады.
Акция мен облигацияның айырмашылығы
Облигация да акция сияқты қоғамды инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:
1. Акция тәуекелі жоғары БҚ-ға жатса, облигация орташа тәуекелді БҚ-ға жатқызылады.
2. акцияны сатып алушы тұлға эмитент – компанияның меншік иесі болып табылады. Облигацияны сатып алушы тұлға эмитент – компанияның қарыз берушісі (кредитор) болып табылады;
3. акцияға қарағанда облигацияның айналыс мерзімі шектеулі болады;
4. акционерлік қоғам таратылған жағдайда, барлық қарызды соның ішінде облигациялық заем бойынша төлемдерді төлегеннен қалған мүліктің бөлігіне акционерлердің құқығы бар;
5. облигация бойынша пайызды төлегеннен кейін акция бойынша дивиденд төленеді;
6. облигация иесіне қарағанда акция иесінің эмитент – компанияны басқаруға қатысуға құқығы бар.
