Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.17 Кб
Скачать

19. Акция нарығының мәні мен мақсатын анықтау. Акцияның қасиеттеріне сипаттама беру. Акцияның деректемелерін атап көрсету

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.

Акционерлік қоғам мынадай жағдайларда акцияны шығарады:

•акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;

•бірнеше акционерлік қоғамның қосылуы (жұтылуы) кезінде;

•жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде.

Акция иесі (акционер) мынадай топтарға жіктелінеді:

1. жеке;

2. ұжымдық (институционалдық);

3. корпоративті.

Əлемдік тəжірибеде, жеке акционерлерге қарағанда, мемлекет қолдайтын жəне мүмкіндігі зор ұжымдық акционерлерге артықшылық танытады. Ұжымдық акционерлерге сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, жарналық қорлар жатады.

Акцияның мынадай өзіндік қасиеттері бар:

•акция - бұл меншік титулы, яғни акция иесі акционерлік қоғамның ортақ иеленушісі болып табылады;

•акцияның өмір сүру мерзімі жоқ, яғни акция иесінің құқығы акционерлік қоғамның өмір сүру ұзақтығымен байланысты;

•акция иесінің жауапкершілігі шектеулі, акционер акционерлік қоғамның міндеттері бойынша жауап бермейді, яғни акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді;

•акцияның бөлінбеушілік қасиеті, яғни акцияны ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаның бірлесе отырып иеленуі меншік иелері арасындағы құқықтың бөлінбеуін білдіреді;

•акция санын көбейтуге болады, яғни бір акцияның бірнеше акцияға айналуын білдіреді. Бір акцияның бірнеше акцияға айналуы барысында жарғылық капиталдың көлемі өзгеріссіз қалады. Акцияның бұл қасиетін эмитент акцияның нақты бір түріне ұсынысты көбейту үшін қолдануы мүмкін. Мысалы, номиналдық құны 1000 теңгемен бағаланатын бір акцияның орнына номиналдық құны 250 теңге болатын 4 жаңа акцияны шығарады. Акционерлердің иелігіндегі акция санының көп екендігін білдіреді.

Акция - бұл ресми құжат болғандықтан, оның түр сипатын анықтайтын мынадай міндетті реквизиттері болуы керек: 1. акционерлік қоғамның атауы, орналасқан жері; 2. бағалы қағаздың атауы - "акция"; 3. реттік нөмірі; 4. шығарылған күні; 5. акцияның түрі ( жай немесе артықшылықты акция); 6. номиналдық құны; 7. акция иесінің аты-жөні (атаулы акция бойынша); 8. акцияны шығарған кездегі жарғылық қордың мөлшері;

9. шығарылатын акцияның саны; 10.дивидендті төлеу мерзімі, дивиденд бойынша пайыз мөлшері жəне жойылу құны (тек қана артықшылықты акция бойынша); 11.акционерлік қоғам басқармасы төрағасының қолы; 12.эмитент - компанияның мөрі.

20. Акция нарығының құралдарына сипаттама беру. Акцияның инвестор және эмитент үшін қажеттілігін анықтау.

Эмитенттің акцияны шығарудағы қажеттілігі мынада:

•жарғылық капиталды қалыптастыру;

•пайдаға байланыссыз, дивиденд мөлшерін өз қалаулары бойынша бекіту мүмкіндігі. Кəсіпорынның иелігінде таза пайда бар болсада, барлық пайданы дивидендті төлеуге емес, өндірісті дамытуға жұмсауы мүмкін.

•акционерлік қоғамның шығынын ұзақ мерзімде қаржыландыру үшін инвесторлардың капиталын пайдалану;

•дивидендті төлеуге байланысты кепілдік бермеуі.

Инвестор үшін акцияны иеленудің артықшылықтары мынада:

•капитал көлемінің ұлғаюы (бұл нарықтағы акция құнының өсу мүмкіндігімен байланысты);

•қосымша жеңілдіктерге ие болу. Акционерлік қоғам өзінің акционерлеріне бірқатар жеңілдіктерді ұсынуы мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғам өндіретін тауардың, қызметтің бағасына жеңілдік жəне т.б.

•қоғам таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігін алу құқығы;

•жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алу құқығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]