Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

3. Бағалы қағаздың жіктелімін беру. Бағалы қағазбен туынды бағалы қағаздың бір бірінен айырмашылықтарын көрсету

Бағалы қағаздың жіктелімі

Бағалы қағаздың жіктеліну белгілері. Бағалы қағаздың түрлері.

1. Айналыс мерзіміне қарай

1. мерзімді бағалы қағаз:

• қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;

• орта мерзімді - 1 жылдан шамамен 5-10 жылға дейін;

• ұзақ мерзімді - 10 жылдан жоғары шамамен 20 - 30 жылға

дейін;

• қайтарылатын бағалы қағаз.

2. мерзімсіз бағалы қағаз.

2. Шығарылу нысанына қарай

1. құжатты бағалы қағаз;

2. құжатсыз бағалы қағаз.

3. Пайдалану мақсатына қарай

1. инвестициялық бағалы қағаз;

2. инвестициялық емес бағалы

қағаз.

4. Ұлттық сипатына қарай

1. ұлттық бағалы қағаз;

2. шетелдік бағалы қағаз.

5. Меншік құқығын беру ерекшелігіне қарай

1. атаулы бағалы қағаз;

2. мәлімдеуші бағалы қағаз;

3. ордерлік бағалы қағаз.

6. Эмиссиялау тәртібіне қарай

1. эмиссиялық бағалы қағаз;

2. эмиссиялық емес бағалы қағаз.

7. Эмитенттің түріне қарай

1. мемлекеттік бағалы қағаздар:

• Ұлттық банктің бағалы қағаздары;

• Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздары;

• Жергілікті атқарушы органның (муниципалитеттің) бағалы қағаздары.

2. мемлекеттік емес бағалы қағаздар:

• корпоративті бағалы қағаздар;

• жеке тұлғалардың бағалы қағаздары.

8. Айналымдылық деңгейіне қарай

1. нарықтық бағалы қағаз;

2. нарықтық емес бағалы қағаз.

9. Тәуекел деңгейіне қарай

1. тәуекелі жоқ бағалы қағаз;

2. тәуекелі бар бағалы қағаз:

• тәуекелі жоғары бағалы қағаз;

• тәуекелі орташа бағалы қағаз;

• тәуекелі төмен бағалы қағаз.

10. Табыс түріне қарай

1. табысты бағалы қағаз: бағалы қағаз бойынша пайыз

мынадай нысанда есептеледі

• пайыз(қарыздық бағалы қағаз бойынша);

• дивидент(акция);

• дисконт(номиналдық құн мен сатып алу құн арасындағы айырма).

11. Номинал түріне қарай

1. тұрақты номиналы бар бағалы қағаз;

2. ауыспалы номиналы бар бағалы

қағаз.

12. Тіркелу түріне қарай

1. тіркелетін бағалы қағаз;

2. тіркелмейтін бағалы қағаз

(мәлімдеуші бағалы қағаз).

13. Базистік актив бойынша

1. негізгі бағалы қағаз:

• акция мен облигация.

2. туынды бағалы қағаз:

• фьючерстік келісім шарттар;

• варрант;

• опцион және т.б.

14 Бағалы қағаз бойынша эмитенттің міндеттеріне қарай 1. үлесті бағалы қағаз:

• акцияның барлық түрлері;

• инвестициялық жарна.

2. қарыздық бағалы қағаз:

• облигацияның барлық түрлері;

• мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;

• Ұлттық банктің ноталары;

• ипотекалық куәліктер.

Ал енді негізгі және туынды БҚ-дың айырмашылықтарын келесі кесте арқылы көрсетуге болады:

Белгілері Негізгі бағалы қағаз Туынды бағалы қағаз сипатындағы мерзімді келісімшарт

Капитал түрі Нақты және жалған капиталдың өкілі: қозғалатын мүлік, жеке меншік Болашақ капиталдың өкілі,капитал болып табылмайды

Келісімшарт (мәміле) түрі Эквивалентті емес келісімшарт нысанында эмиссияланады, яғни тікелей келісімшарт және бағалы қағаз түрінде Эквивалентті келісімшарт нысанында эмиссияланады, яғни кассалық нарықта жасалған мәміле 3-4 күн ішінде тез арада іске асырылса, мерзімді нарықта мәміленің орындалуы әдетте бірнеше айға созылады

Стандартталуы Заңмен бекітілген деректемелерінің міндетті түрде болуы Толық немесе жартылай стандартталған

Айналым нысаны Талап ету құқығын беру немесе кешіру;

Тек қана құқық беру;

Активтің өзін беру (БҚ) Кері (қарама-қарсы) мәмілені жасау;

Келісімшарттың бір тарабының құқықтары мен міндеттерінің басқа біреуге өтуі;

Активтің өзін бермей-ақ құқықты беру

Құқық пен міндеттің тоқтатылу тәртібі БҚ өтелген сәтте БҚ бойынша міндет тоқтатылады. Келісімшарттың екі тарабының құқықтары мен міндеттері келісімшарт орындалған жағдайда немесе кері келісімшарт жасалған кезде тоқтатылады

Негізгі БҚ-ға үлестік және қарыздық БҚ, яғни акция мен облигация жататын болса, туынды БҚ-ға келісімшарт нысанындағы БҚ (форвард, фьючерс, своп, опцион); кепілдік нысанындағы бағалы қағаз (варрант, коноссамент); куәлік нысанындағы БҚ (ипотекалық куәлік, депозитарлық қолхат, банктік сертификат) жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]