- •1. Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтерін сипаттау, бағалы қағаздың белгілерін көрсету.
- •3. Бағалы қағаздың жіктелімін беру. Бағалы қағазбен туынды бағалы қағаздың бір бірінен айырмашылықтарын көрсету
- •4. Үлесті және қарыздық бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •5. Негізгі және туынды бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •6. Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •7. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздарды сапаттау. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •8. Бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісінің қажеттілігін негіздеу. Корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісі құрылымының ерекшеліктерін көрсету
- •9. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздарды орналастыру. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу кезеңдерін ашып көрсету
- •10. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтерінің мәнін түсіндіру
- •11. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау және оның құрамдас бөліктерін атап, сапаттама беру
- •12. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтағы сауда саттықты жүзеге асыру механизімін көрсету. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтың кемшіліктерін анықтау
- •13. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың мәні мен қажеттілігін анықтау. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •14. Кассалық және мерзімді нарықтың мәні мен құралдарын сипаттау. Кассалық және мерзімді нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •15. Бағалы қағаздар нарығының жай және кәсіби қатысушыларының атқаратын қызмет түрлерін көрсету
- •16. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлерін сипаттау және қажеттілігін анықтау.
- •17. Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні мен құрылымын сипаттау
- •18. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы
- •19. Акция нарығының мәні мен мақсатын анықтау. Акцияның қасиеттеріне сипаттама беру. Акцияның деректемелерін атап көрсету
- •20. Акция нарығының құралдарына сипаттама беру. Акцияның инвестор және эмитент үшін қажеттілігін анықтау.
- •21. Акцияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •22. Жай және артықшылықты акцияларға сипаттама беру. Жай және артықшылықты акциялардың айырмашылығын көрсету
- •23. Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі мен айырмашылығын көрсету
- •24. Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларды анықтау. Акцияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •25. Облигация нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау. Қазақстандағы Облигация нарығының ағымдағы жағдайы
- •26. Облигацияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •27. Облигация бойынша табыстың экономикалық мәнін сипаттау. Облигацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •28. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні мен мақсатын және қажеттілігін анықтау
- •29. Қаржы министрлігінің шығаратын бағалы қағаз түрлеріне сипаттама беру және мақсатын көрсету
- •30. Келісім шарт насанындағы туынды бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен түрлеріне смпаттама беру
«Бағалы қағаздар нарығы» пәні бойынша
Оқу нәтижесін анықтайтын сұрақтар
Блок-1
Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтерін сипаттау, бағалы қағаздың белгілерін көрсету
Бағалы қағаздың экономикалық деректемелерін сипаттау
Бағалы қағаздың жіктелімін беру. Бағалы қағазбен туынды бағалы қағаздың бір бірінен айырмашылықтарын көрсету
Үлесті және қарыздық бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Негізгі және туынды бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздарды сапаттау. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісінің қажеттілігін негіздеу. Корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісі құрылымының ерекшеліктерін көрсету
Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздарды орналастыру. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу кезеңдерін ашып көрсету
Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтерінің мәнін түсіндіру
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау және оның құрамдас бөліктерін атап, сапаттама беру
Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтағы сауда саттықты жүзеге асыру механизімін көрсету. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтың кемшіліктерін анықтау
Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың мәні мен қажеттілігін анықтау. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Кассалық және мерзімді нарықтың мәні мен құралдарын сипаттау. Кассалық және мерзімді нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Бағалы қағаздар нарығының жай және кәсіби қатысушыларының атқаратын қызмет түрлерін көрсету
Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлерін сипаттау және қажеттілігін анықтау.
Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні мен құрылымын сипаттау
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы
Акция нарығының мәні мен мақсатын анықтау. Акцияның қасиеттеріне сипаттама беру. Акцияның деректемелерін атап көрсету
Акция нарығының құралдарына сипаттама беру. Акцияның инвестор және эмитент үшін қажеттілігін анықтау.
Акцияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
Блок-2
Жай және артықшылықты акцияларға сипаттама беру. Жай және артықшылықты акциялардың айырмашылығын көрсету
Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі мен айырмашылығын көрсету
Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларды анықтау. Акцияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
Облигация нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау. Қазақстандағы Облигация нарығының ағымдағы жағдайы
Облигацияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
Облигация бойынша табыстың экономикалық мәнін сипаттау. Облигацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні мен мақстын және қажеттілігін анықтау
Қаржы министрлігінің шығаратын бағалы қағаз түрлеріне сипаттама беру және мақсатын көрсету
Келісім шарт насанындағы туынды бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен түрлеріне смпаттама беру
Айналыс мерзімі - 92 күнді құрайтын, номиналдық құнының - 95 % - ы мөлшеріндегі бағамен дисконттық облигация орналастырылды. Өтелуге -25 күн қалғанда номиналдық құнының - 99 % мөлшеріндегі бағамен облигация сатылды. Облигацияның номиналдық құны – 5000 теңге. Сатылатын дисконттық облигацияның табыстылығын анықтау?
Инвестор 2 350 000тг акция сатып алды. Оның 540 000 тг-сі 11% бен қарызға алған қаражаты. Бір жылдан кейін инвестор акцияны 1 500 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 100 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін (1 жылдан кейін) қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Облигацияның номиналдық құны - 2000 теңге, айналыс мерзімі 3 жыл, тоқсан сайынғы купон мөлшерлемесі - 5 %. Номиналдық құнының 75 % - ы мөлшеріндегі бағамен сатып алынған облигацияның ағымдағы табыстылығын анықтау?
Инвестор 1 350 000тг акция сатып алды. Оның 540 000 тг-сі 13% бен қарызға алған қаражаты. 4 жылдан кейін инвестор акцияны 1 500 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 300 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін (4 жылдан кейін) қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы - 3 600 000 теңге, жай акцияның номиналдық құны - 3000 теңге, таза пайданың көлемі – 1 260 000 теңге. Төленген дивидендтің мөлшері – 600 000 теңге. Дивидендті төлеу коэффициентінің мәнін анықтау?
Инвестор 6 950 000тг акция сатып алды. Оның 750 000 тг-сі 13% бен қарызға алған қаражаты. Бір жылдан кейін инвестор акцияны 1 700 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 280 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Айналыс мерзімі - 210 күнді құрайтын, номиналдық құнының - 95 % - ы мөлшеріндегі бағамен дисконттық облигация орналастырылды. Өтелуге -36 күн қалғанда номиналдық құнының - 99 % мөлшеріндегі бағамен облигация сатылды. Облигацияның номиналдық құны – 10 500 теңге. Сатылатын дисконттық облигацияның табыстылығын анықтау?
Инвестор 1 800 000тг акция сатып алды. Оның 450 000 тг-сі 17% бен қарызға алған қаражаты. Бір жылдан кейін инвестор акцияны 1 200 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 100 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Инвестор 340 000 теңгеге акциялар сатып алды. 4 жылдан кейін оларды 500 000 теңгеге сатты. 1-ші жылы алған дивидент көлемі – 170 теңге, 2ж - 220 теңге, 3ж – 350 теңге, 4ж – 410 теңге. Акцияның табыстылығы қандай?
Инвестор 750 000тг акция сатып алды. Оның 250 000 тг-сі 15% бен қарызға алған қаражаты. Екі жылдан кейін инвестор акцияны 980 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 100 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Айналыс мерзімі - 162 күнді құрайтын, номиналдық құнының - 80 % - ы мөлшеріндегі бағамен дисконттық облигация орналастырылды. Өтелуге -21 күн қалғанда номиналдық құнының - 95 % мөлшеріндегі бағамен облигация сатылды. Облигацияның номиналдық құны – 6900 теңге. Сатылатын дисконттық облигацияның табыстылығын анықтау?
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы - 2 700 000 теңге, жай акцияның номиналдық құны - 3000 теңге, таза пайданың көлемі – 1 800 000 теңге. Төленген дивидендтің мөлшері – 900 000 теңге. Дивидендті төлеу коэффициентінің мәнін анықтау?
Айналыс мерзімі - 120 күнді құрайтын, номиналдық құнының - 95 % - ы мөлшеріндегі бағамен дисконттық облигация орналастырылды. Өтелуге - 40 күн қалғанда номиналдық құнының - 99 % мөлшеріндегі бағамен облигация сатылды. Облигацияның номиналдық құны – 5000 теңге. Сатылатын дисконттық облигацияның табыстылығын анықтау?
Инвестор 11 400 000тг акция сатып алды. Оның 800 000 тг-сі 18% бен қарызға алған қаражаты. Бір жылдан кейін инвестор акцияны 1 600 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 400 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Инвестор 500 000тг акция сатып алды. Оның 200 000 тг-сі 12% бен қарызға алған қаражаты. Бес жылдан кейін инвестор акцияны 700 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 20 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы - 3 800 000 теңге, жай акцияның номиналдық құны - 1800 теңге, таза пайданың көлемі – 1 200 000 теңге. Төленген дивидендтің мөлшері – 900 000 теңге. Дивидендті төлеу коэффициентінің мәнін анықтау(POR)?
Айналыс мерзімі - 92 күнді құрайтын, номиналдық құнының - 84 % - ы мөлшеріндегі бағамен дисконттық облигация орналастырылды. Облигацияның номиналдық құны – 5000 теңге. Өтелетін дисконттық облигацияның табыстылығын анықтау?
Инвестор 22 000 000тг акция сатып алды. Оның 15 000 000 тг-сі 12% бен қарызға алған қаражаты. Бір жылдан кейін инвестор акцияны 2 300 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 800 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Инвестор 3 000 000тг акция сатып алды. Оның 1 200 000 тг-сі 11% бен қарызға алған қаражаты. Екі жылдан кейін инвестор акцияны 3 300 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 480 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
Инвестор 800 000тг акция сатып алды. Оның 550 000 тг-сі 14% бен қарызға алған қаражаты. Төрт жылдан кейін инвестор акцияны 1 000 000 тг-ге сатты. Акцияны иеленген уақытта инвесторға 25 000 тг дивидент төленді. Инвестор қарызға алған қаражатын және оған есептелген пайыз сомасын акцияны сатқаннан кейін қайтарды. Акцияның табыстылығын анықтау қажет.
1. Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтерін сипаттау, бағалы қағаздың белгілерін көрсету.
«Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» қолданыстағы заңға сәйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздың иесі бағалы қағаздың нақты бір түріне қарай бірнеше құқықтарға ие болады. Бұл құқықтар – мүліктік құқықтар болып табылады. Мысалы, акциялар қоғамды басқаруға қатысу құқығын, дивидендтер алу құқығын және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің тиісті бөлігін алу құқығын береді. БҚ нақты капиталдың өкілі, ал капитал ретінде БҚ бұл тіркелген (жалған) капитал болып табылады. Жалған капиталдың нақты капиталдан (ақша немесе құрал-жабдық нысанындағы) айырмашылығы – құнды көрсетпейді, тек пайда алуға құқық беретін капиталды айтады. БҚ бір уақытта нақты капиталдың да, жалған капиталдың да өкілі бола алады.
Тауар әлемі екі топқа бөлінеді: тауар (материалдық игілік, қызмет) және ақша. Өз кезегінде ақша – жай ақша немесе капитал болуы мүмкін. Осыған сәйкес БҚ тауар немесе ақшаның өкілі бола мүмкін. БҚ ерекше тауар ретінде айналымда жүреді, оның өзіне тән жұмысты ұйымдастыру ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда БҚ нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені БҚ тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. БҚ нарығының оқшаулануы олардың осы қасиетімен айқындалады және нарық бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады. БҚ айналымы тауар айналымынан өзгеше болып келеді. БҚ-дың айналымы мына кезеңдерді қамтиды:
- БҚ-ды эмиссиялау – ссудалық капиталды титулға айырбастауды білдіреді. БҚ-ды эмиссиялау үшін, алдымен, эмиссиялық проспект жасалуы қажет;
- БҚ айналысы, яғни БҚ бойынша меншік құқығының бір тұлғадан басқа бір тұлғаға өтуі;
- БҚ-ды өтеу немесе айналымда титулды алу БҚ-дың нақты капиталға айырбасталуын білдіреді.
БҚ-дың мәнін ашу үшін оның атқаратын қызметтеріне тоқталып өткен жөн. БҚ мынадай қызметтерді атқарады:
1) БҚ арқылы ақша қаражаттарын қайта бөлу – эмитент – кәсіпорындар арасында, эмитент – кәсіпорын мен инвесторлар арасында және т.б. арасында БҚ арқылы ақша қаражаттарының құйылуы. Мысалы, бір кәсіпорын басқа кәсіпорынның БҚ-ын сатып алады, кәсіпорындар бір-біріне кредитор немесе инвесторлар бола алады.
2) Қаржыны жұмылдыру – кәсіпорынның жарғысын қалыптастыру, нақты жобаны жүзеге асыру, пайда табу барысында кәсіпорындар БҚ-ды эмиссиялау арқылы ақша қаражаттарын тартады.
3) Төлем және есеп айырысу қызметі – көрсетілген қызметтер мен сатып алынған тауар бойынша БҚ арқылы есеп айырысу.
Экономикалық категория ретінде БҚ-дың мынадай белгілері бар:
А) Мерзімділік: бағалы қағаздың айналымда жүрі кезеңі.
Ә) Кеңістік:
- БҚ-дың нысаны;
- БҚ-дың ұлттық сипаты;
- БҚ-дың территориалдық сипаты.
Б) Нарықтық:
- БҚ-ды иелену құқығы: ұсынушыға немесе нақты тұлғаға (заңды немесе жеке тұлғаға) арналған БҚ
- БҚ-ды эмиссиялау нысаны: эмиссиондық, сипаты жағынан бір-біріне ұқсас болып келетін БҚ-ды жекелеген сериямен шығару және эмиссиондық емес (жеке)
- эмитент түрі: мемлекет, корпорация, жеке тұлғалардың БҚ-ды эмиссиялауы;
- БҚ-дың айналымдылық сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі түрде айналымда болады;
- тәуекел деңгейі: БҚ бойынша тәуекел деңгейі төмен, жоғары және т.б;
- БҚ бойынша есептелетін пайданың болуы немесе болмауы;
- номиналдың түрі (тұрақты немесе ауыспалы)
БҚ, экономикалық қатынастар жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау үдерісіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал болып табылады.халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарын ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, БҚ іскерлік белсенділікті арттыра түседі.
2. БҚ-дың экономикалық деректемелерін сипаттау
Бағалы қағаздың реквизиттері – бұл бағалы қағаздың экономикалық сипаттамасын білдіреді. Бағалы қағаздың реквизиті заңмен бекітіледі. Шартты түрде бағалы қағаздың реквизиттері екі топқа жіктелінеді: бірінші тобы - бағалы қағаздың экономикалық мазмұнын сипаттайтын экономикалық реквизиттер; екінші тобы - техникалық реквизиттер, яғни бағалы қағаз иесінің құқығын жүзеге асырушы мекеменің атауы, мөрі, қолы, мекен жайы, реттік нөмірі жəне т.б.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің біреуінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сəйкес келмеуі оның жарамсыздығын білдіреді. Бағалы қағаздармен куəландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар жəне басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тəртіп бойынша белгіленеді.
Бағалы қағаздың экономикалық реквизиттеріне мыналар жатады:
1. бағалы қағаздың нысаны;
2. бағалы қағаздың мерзімі;
3. бағалы қағаздың иесі;
4. бағалы қағаз бойынша міндеті бар тұлғалар – эмитенттер;
5. бағалы қағаздың номиналы;
6. бағалы қағаз бойынша берілетін құқықтар.
Бағалы қағаздың нысаны - бұл бағалы қағаздың физикалық түрін білдіреді, яғни бағалы қағаз құжатты жəне құжатсыз нысанда шығарылады.Бастапқы кезеңде бағалы қағаздар тек қана құжатты нысанда шығарылатын. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты бағалы қағаздар құжатсыз нысанда шығарыла бастады.
Бағалы қағаздың құжатты нысаннан құжатсыз нысанға ауысу себептері:
Біріншіден, айналыстағы бағалы қағаз санының өсуі.
Екіншіден, бағалы қағаздың нысанына байланыссыз, бағалы қағаз иесінің құқықтары жүзеге асырылып отырды.
Үшіншіден, құжатты бағалы қағаздарға қарағанда, құжатсыз нысанда шығарылатын бағалы қағаздармен есеп айырысу, оларды сақтау, жəне есепке алу, сондай – ақ бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өтуі (жəне тағады басқа жағдайларда) оңай əрі жылдам жəне аз шығындармен жүзеге асырылады.
Төртіншіден, бағалы қағаз нарығының құрылымының өзгеруімен байланысты.
Құжатты жəне құжатсыз нысанда шығарылатын бағалы қағаздар, бағалы қағаздың даму кезеңін білдіреді. Құжатсыз бағалы қағаз - бұл нақты қағаз жүзінде шығарылатын дəстүрлі бағалы қағаз тіптен қағаз болып табылмайтын, капитал иесінің есебі электрондық нысанда жүзеге асырылатын бағалы қағазды білдіреді.
Бағалы қағаздың мерзімі - екі аспектіде қарастырылады:
1. тарихи тұрғыда, яғни əр бір бағалы қағаздың өзінің шығу тарихы жəне нарықтық қатынастардың дамуына қарай əр бір бағалы қағаздың өзінің ролі болады. Осыған сəйкес бағалы қағаздың жаңа түрлері пайда болады.
2. бағалы қағаз айналымының мерзімі. Əр бір бағалы қағаздың өзінің айналысқа шығару мерзімі, шарты болады. Бағалы қағаздың мерзімі эмитенттің қызмет ету мерзімімен тікелей байланысты. Эмитенттің қызмет ету мерзімімен байланысты бағалы қағаздарға акцияның барлық түрлері жатады.
Нақты бағалы қағаздың мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бағалы қағазды шығарған кəсіпорын таратылған жағдайда капитал өзінің соңғы иесіне қайтарылады. Қайтарылатын капиталдың көлемі, бағалы қағазды шығару барысында алдын – ала қарастырылады немесе қалдық құны бойынша анықталады.
Бағалы қағаздың иесі немесе өзінің капиталын оның титулына айырбастаған тұлға болады. Меншік құқығын беру тұрғысынан бағалы қағаз атаулы, мəлімдеуші жəне ордерлі болады.
Бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру ерекшеліктері мынада:
1. ұсынушыға бағалы қағазбен куəландыратын құқықты басқа адамға беру үшін бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткілікті.
2. атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның жаңа иесіне басқа бағалы қағаз беріледі.
3. ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берілгенін жазу – индоссамент арқылы беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық беруші адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады.
Атаулы бағалы қағазға қарағанда мəлімдеуші бағалы қағаздың артықшылығы мынада: бұл бағалы қағаздың айналысы жəне есеп айырысу жылдамдылығы өте жоғары; капиталға деген құқық бір тұлғадан екінші бір тұлғаға бағалы қағазды беру арқылы өтеді.
Бағалы қағаз бойынша міндеті бар тұлғалар – эмитенттер болып табылады.
Эмитент өзінің міндеті бойынша бағалы қағаз иелерінің алдында жауап береді.
Бағалы қағаздың номиналы - бұл бағалы қағазды эмиссиялау барысында нақты бағалы қағазға бекітілетін ақшалай соманы білдіреді. Бағалы қағаздың номиналдық құны негізінде заңды тұлғаның капиталымен байланысты əр – түрлі көрсеткіштер сондай – ақ бағалы қағазға есептелетін табыс бекітіледі. Есептелетін табыстың екі нысаны бар: акция бойынша дивиденд нысанындағы табыс жəне басқа да бағалы қағаз түрлері бойынша пайыз нысанындағы табыс.
Бағалы қағаз бойынша берілетін құқықтар:
• пайда (табыс) алу құқығы;
• номиналдың қайтарылу құқығы;
• айналыс құқығы, яғни бағалы қағаздың нақты түрлеріне байланысты құқықтың бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өту құқығы;
• кəсіпорынды басқару құқығы;
• дауыс беру құқығы;
• иесінің қандай - да бір жеңілдіктерге құқығының болуы жəне т.б.
