Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дилом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.22 Mб
Скачать

10 Сурет Цилиндр құрылымы

Гидроцилиндр жұмысы: таратқыш рычагін «көтеру» күйіне қосу барысында май май құбырлары арқылы қақпақтағы саңылаулардан гидроцилиндрге келіп, «көтеру» қуысына түседі, поршень астындағы цилиндрдегі май шығарылу үшін май багіне құйылады. Рычагті «қалқу» күйіне қосу барысында таратқыш гидроцилиндр қуыстарын бір бүтінге қосады, май қуыстан қуысқа ағады.

Гидравликалық жүйедегі негізгі қондырғылардың бірі – май таратқыш болып саналады. Ол трактор кабинасына жақын орнатылады да, оның басқаратын тұтқалары кабина ішінде болады.

Таратқыш қондырғының негізгі қызметі май ағынын қажетті бағытқа қарай жіберу болып табылады, яғни гидравликалық цилиндрлерді осы таратқыш арқылыбасқарады. Мысалы, оларды көтеріп-түсіру үшін сорғыдан келген май ағынын цилиндрге бағыттайды, ал басқа уақытта май багіне жібереді.

Оның құрылысына корпусы мен золотник жатады. Бұл екі бөлшек өзара жоғары дәлдікпен жасалып, бір-бірімен жанасып жұмыс істейді. Корпус пен золотникте жұмыс мақсатына қарай сәйкес келетін тесіктер бар. Золотникті тиісті жағына жылжытқанда тесіктері сәйкес келген бағытта май жүреді. Сөйтіп, золотник май ағынын қажетті жақа бағыттап отырады.

Таратқыш қондырғыда трактор түріне қарай бірден үшке дейін золотниктері бар әртүрлі таратқыштар қолданылады. Әрбір золотникке автоматты түрде қайтарғыш қондырғы қойылады. Сол қондырғы арқылы көтеру немесе түсіру жұмысы аяқталғаннан кейін золтник өз қалпына қайтып оралады.

Золотниктіңкорпуспен салыстырғанда төрт жағдайы бар, олар: «көтеру», «түсіру», «бейтарап» және «қалқымалы» 10 суретте келтірілген.

«а» - көтеру; «б» - түсіру; «в» - бейтарап; «г» - қалқымалы

11 Сурет Гидравликалық жүйе

Осы жағдайларының барлығында да арнаулы бекіткіш қондырғының көмегімен ұсталып тұрады. Осы жағдайларына байланысты гидравликалық цилиндрдің қалпы да өзгеріске ұшырайды.

«Көтеру» және «түсіру» - кезінде сорғыдан шыққан май гидравликалық цилиндрдің көтеретін немесе түсіретін арнасына беріледі, ал оған керісінше, каналы май багімен жалғасады.

Золотниктің «бейтарап» қалпында – гидравликалық цилиндрдің көтеретін және түсіретін арналары золотникпен бітіліп тұрады да, оның штогы ешбір бағытта жылжи алмайды. Бұл аспалы машинаны жол жүру қалпында ұстап тұрған кезде қолданылады. Осы золотниктің «бейтарап» кезінде сорғылар келген май таратқыш арқылы қайтадан май багіне құйылады.

Золотниктің қалқымалы жағдайы – аспалы машинаны жұмыс қалпын ұстап тұрған кезде қолданылады. Себебі, кейбір машиналар жер бедеріне қарай трактормен салыстырғандағы өз орналасу қалпын өзгертуге тиіс. Сол кезде гидравликалық цилиндрдің штогы оған кедергі жұмсауы керек. Ол үшін оның көтеретін және түсіретін арналары өзара жалғастырылады да, поршень еркін қозғалады, яғни майды көтеретін жағынан түсіретін каналға немесе керісінше еркін айдай алады. Осылайша аспалы машина өз еркімен жер бедеріне икемделіп жүре береді. Сондықтан бұл жағдайды – қалқымалы жағдай деп атайды.

Гидроаккумулятор тіркелетін тіркемелі салмақтың гидроұлғайтқышы.

Трактордың тартылыс-тіркелу сапасын арттыру үшін арналған. Әдетте оларды МТЗ 80 тракторының аспалы топырақ өңдейтін, тірек доңғалақтары бар дән себетін және егетін агрегаттарының жұмысы барысында қолданады.

Салмақтың гидроұлғайтқышын қолдану барысында аспа механизмі цилиндрінің көтеру қуысында тірек қысымы пайда болады. Бұл қысым шамасы құралды көтеру үшін жеткіліксіз, және де тірек доңғалақтарымен топырақ бедерін қайталау бұзылмайды. Дегенмен, жұмыс органдарына әсер ететін вертикальді жүктеме мен өзінің ауырлық күшінің бір бөлігі алынып тасталады. Содан аспа механизмі арқылы трактордың артқы дөңгелегіне беріледі. Содан соң артқы дөңгелек осьінен белгілі бір арақашықтықта қойылатын машинадан алынған жүктеме бір кезеңде трактордың тіркелу салмағын қосымша арттыра отырып, алдыңғы осьтегі жүктемелерді артқы дөңгелекке бөледі. Салмақтың гидроұлғайтқышын қолдану трактордың артқы дөңгелегіне түсетін жүктемені 11 ден 37%-ға дейін арттырады. Бұл тартылыс күшін 1100…3900 Н (110…390 кгс) арттырады.

Гидроұлғайтқыш.

Гидроагрегаттар корпусының қабырғасына, таратқыштан оңға қарай бекітілген. Оның корпусының жоғарғы бөлігіне берілген қысымды автоматты реттейтін тісті шестерня орналасқан.

Аспалы позиционды құрал күйін күштік реттеу. Тартудың орташа класты тракторларының бастаушы дөңгелектеріне үстеме жүтеу үшін қызмет етеді, дөңгелектерді үстеме жүктеу машинаның барлығынан жүзеге асады. Күштік позициялық реттеу жұмысты орындау сапасын арттырады (өңдеудің тұрақты тереңдігін автоматты түрде ұстап оытрады – позиционды реттеу), тірек дөңгелегінсіз машиналық-тракторлық агрегат өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады, бұл машина салмағын азайтып, жоғары жылдамдықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Топырақ құрамына қарамастан агрегаттың тұрақты кедергісін автоматты түрде ұстап тұрады. Берілістерді қайта қосуға кететін уақытты азайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар өнімділігі артады, берілістерді қайта қосу уақыты азаяды – үнемділік артады. МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторларындағы орталық тартудағы күшті реттеу жұмысы барысында машинаның тартылыс кедергісі мен топырақты өңдеу тереңдігі белгілі бір шекте ұсталады. Бұл орталық тартылыстағы күшті қабылдайтын датчиктер мен цилиндр поршенінің күйін басқаратын реттегіш тісті шестернясы арасында механикалық байланыс барлығымен қамтамасыз етіледі.

Күштік позициялық реттегіштің құрылымы

Реттегіш – майдың күш цилиндрінің қуысына ағуын бөледі, жұмыстың орнатылған тәсілін реттейді. Тракторшының кабинадағы орындығы астына орнатылады.

Күштік позициялық реттегіштің датчиктері – реттегіштің өзгеретін жұмыс режиміндегі күштің берілісін қамтамасыз етеді. Аспа механизміне орнатылады, орталық тарту және реттеу шығырымен байланысқан.

Күштік позициялық реттегіштің басқару механизмі – тракторшы орындығының оң жағына орналасқан. Рычаг пен сектордан тұрады, реттегішпен байланысқан.

Күштік позициялық ретегіштің реттегішінің құрылымы:

  • Екі қақпақты корпус;

  • Тісті шестерня;

  • Тісті шестерня гильзасы;

  • Сақтандырғыш, қайта шығару клапаны;

  • Май ағынын басқару краны.

Қақпақтарға винтті механизмдер орнатылған, біреуі гильзамен және басқару рычагімен байланысқан, екіншісі тісті шестерня және датчиктермен байланысқан. Гильзаны басқару рычагі үш күйде орнатылады: көтеру, ажыратылған, жұмыс зонасы.

Тісті доңғалақтың винтті механизміне жұмыс режимін ажыратып-қосқыш орнатылады – ол 3 күйде құрылады: күштік, позиционды, комбинирленген. Май ағынын басқару краны күштік позициялық реттегіштің жұмысының сезгіштігін реттейді.

Жұмысқа бейімдеу және күштік позициялық реттегішпен жұмыс:

  • Күштік позициялық ретегіштің датчиктерін ретке келтіру

  • Бекіту гайкаларымен шығыршықтарын реттейміз. Белгілі бір күшпен датчиктердің алдын ала қысылуын гайкамен тартып, шплинттаймыз.

  • Күштік позициялық реттегішті басқару рычагі жұмысының зонасын басқару тұтқасы секторын айналдырып ретке келтіру.

  • Аспаны жұмысқа дайындаймыз.

  • Шығыршықты фиксациялаудың бөгелткіш тістерін алып тастап, орталық тартылысты орташа күйге келтіреміз.

  • Ауыл шаруашылығы машинасын іліп, күштік позициялық реттегіш жұмысының қажетті тәсілін орнатамыз, бұл үшін аспаны ауыл шаруашылығы машинасымен қоса көтереміз.

  • Гидрожүйені таратқышты басқару рычагтерін бейтарап күйге қойып, ал гидроұлғайтқышты «ажыратылған» немесе «жабық» күйіне келтіреміз.

  • Күштік позициялық реттегіштің жұмысын өңдеу тереңдігіне қойып, тұтқаны жұмыс зонасына ауыстырып агрегат кедергісі басқару тұтқасымен іске қосып, тірекпен бекітеміз. Аспаны көтеруді басқару рычагін көліктік күйге көтеру зонасына ауыстырамыз, көтеруді аяқтағаннан кейін рычагті ажырату зонасына келтіреміз. Күштік позициялық реттегішпен жұмыс істеу барысында ауыл шаруашылығы машинасынан тіреу дөңгелектерін алып тастаймыз.

Бекіту құрылғылары және ажыратқыш муфта.

Бекіту құрылғысы: Қосатын жерде ауыл шаруашылығы машинасының гидрожүйесімен байланыстыратын, трактордың жоғары қысымды гидрожүйе шлангасына орнатады, май өткізгіштердің үзілуі және оны ластанудан сақтау барысында жүйедегі майды ұстап тұруға арналған. Бұдан басқа құрылғы магистральдерді ыңғайлы және жылдам қосуды, ажыратуды қамтамасыз етеді. Жоғары қысымды байланыстыратын шлангалардың бұралып қалуынан қорғайды.

Бекіту құрылғысы құрылысы бірдей клапандардың екі бөлігінен тұрады. Корпустарда пластиналы айқастырмаларға тірелетін, пружиналарымен корпус тесіктеріне сығылатын шарик-клапандар орналасқан. Клапандар ілмекті гайкалармен байланыстырылып, резиналы сақинамен тығыздалады.

Екі клапан да бірге байланысқанда, шариктер бір-біріне тие отырып, корпустағы ұяшықтарынан сығылып, майдың өтуіне жол ашады. Клапандар ажырағаннан кейін шариктер пружиналармен корпус ұяшықтарына сығылып, трактор және ауыл шаруашылығы машинасы гидрожүйесінен майдың шығуына кедергі болады.

Ажыратқыш муфтылары. Айтарлықтай осьтік күш пайда болу барысында шлангілерді ажырату үшін арналған және де осындай жолмен шлангілерді бұзылуынан сақтайды, олардың ажырауы барысында май шығынын болдырмайды.

Муфта клапандардың екі жартысынан тұрады. Шарик-клапандар крестовиналар мен пружиналар бекіту құрылғысының ұқсас бөлшектерімен сәйкестендірілген. Екі корпус та өзара тегіс табандатқыш шариктер көмегімен байланысады. Бұл шариктер корпустың сатылы саңылауларына орналасқан; корпустағы саңылаулар ернеулерінің түсіп қалуынан сақтану үшін нүктеленген. Бекітілген күйінде шариктер бекіту пластиналарымен жабылып, онымен корпустағы канавкаларға қысады. Пружина манжетаны корпустағы дөңеске тирейді. Корпустар арасындағы тығыздық резиналы сақинамен қамтамасыз етіледі. Муфтаны ажырату үшін пружинаны қыса отырып, қорпусты жылжытады. Содан соң табандататын шариктер корпустағы қанавкалардан шығып, екі корпус та жеңіл ажырайды, ал шарикті клапандар айырылған магистральден майдың шығуын болдырмайды.

Жоғарыда айтылған гидравликалық жүйенің қондырғылары тракторлардың әр түрлі жерлерінде орналасады да, олар өзара түтіктермен жалғастырылады. Сондықтан тракторлардың гидравликалық жүйесін дараланған гидравликалық жүйе деп атайды. Себебі, сорғы қозғалыс үшін қозғалтқышта орналасады, ал цилиндр артқы аспалы механизмде, таратқыш басқаруға ыңғайлы болу үшін кабинада орналасады.

Осы даралай орналасқан гидравликалық қондырғылар арнаулы, жоғарғы қысымға шыдайтын түтіктермен жалғастырылады. Әрбір жалғастыратын жерлерінде әр түрлі жалғастырғыш қондырғылар мен муфталар қолданылады. Олар құрылысы жағына қарапайым болып келеді.