- •Мазмұны
- •5 Жаңа технологияны енгізу кезіндегі экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау
- •1 Трактордың шығу тарихы. Доңғалақты және жынжыр табанды тракторлар
- •1 Сурет ксро уақытында жасалған алғашқы трактор
- •Сурет Доңғалақты трактор
- •Сурет Шынжыр табанды трактор
- •1.1 Мтз 80 тракторын пайдалану және техникалық сипаттамалары
- •4Сурет мтз - 80 тракторы
- •Сурет мтз 80 тракторының қозғалтқышы
- •Мтз 80 тракторына техникалық қызмет көрсету. Майлау жүйесі
- •2 Мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесі, оны пайдалану және құрамы
- •6 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесі
- •7 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесіне арналған жартылай аспалы жұмысшы жабдықтар және гидроцилиндірлі тіркемелер
- •8 Сурет Аспалы механизм
- •9 Сурет нш 32-2 Гидравликалық сорғысы
- •10 Сурет Цилиндр құрылымы
- •11 Сурет Гидравликалық жүйе
- •2.1 Мтз 80 Тракторының гидравликалық аспалы жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •12 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық жүйе сорғысының жетегі
- •13 Сурет ки-5473 құралы
- •14 Сурет ки-5473 құралы арқылы гидрожүйенің техникалық жағдайын тексеру
- •15 Сурет ки-5473 құралы арқылы май үйлестіргіштің жұмысқа жарамдылығын анықтау
- •16 Сурет Күштік цилиндр құрылымы
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Тракторларды жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету
- •4.2 Трактормен жұмыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі
- •4.3 Еңбекшілердің арнайы киімдері мен қорғану құралдары
- •5 Жаңа технологияны енгізу кезіндегі экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау
- •5.1 Жаңа техниканың міндеті мен қолдану облысын табу
- •5.2 Есептеу үшін бастапқы деректер
- •5.3 Қаржы салуды (инвестицияны) есептеу
- •5.4 Жылдық пайдаға асатын өнімділікті және техника жұмысының жылына машина-сағат санын есептеу
- •Жылына техника жұмысының машина-сағат саны 1.7 формула арқылы анықталады
- •Жөндеу цикліндегі тқ пен жөндеу саны анықталады:
- •Өнімділікті өзгерту коэффициенті келесі формуласымен аңықталады
- •5.5 Жылдық ағымдағы шығындарды есептеу
- •Жөндеу жұмысшыларының жылдық еңбек ақысы мына формула бойынша анықталады:
- •Жөндеу аралық циклінің ұзақтығы мына формула арқылы анықталады:
- •Отынның сағаттық шығынын мына формула арқылы анықталады:
- •5.6 Қосымша пайданы анықтау
- •5.7 Қосымша экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу Отын шығынын төмендетуді мына формуламен анықтаймыз:
- •5.8 Есептеудің нәтижесі
- •10 Кесте Есептеудің нәтижесі
- •6 Экология
Мтз 80 тракторына техникалық қызмет көрсету. Майлау жүйесі
Трактордың техникалық жағдайын басқару техникалық қызмет көрсету
және жөндеу базаларында жүзеге асырылады. Техникалық қызмет көрсету трактордың жеткілікті деңгейде жұмысқа жарамдылығын және жөндеуге жарамдылығын арттырады.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі өзара байланысқан құралдар жиынтығы, құжаттармен техниканың жұмыс қабілеттілігін арттырудан тұратын күрделі ұғым. Тракторларға толық техникалық қызмет көрсетуді және құжаттарын дайындауды техникалық қызмет көрсетудің «кешенді жүйесі» деп атайды.
Кешенді жүйе келесі негізгі міндеттерді шешу үшін арналған:
Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру және өнім өндіру ұлғаюы негізінде, машиналардың техникалық дайындығының болуы (оның ішінде тракторлар), ең төменгі еңбек және ақшалай шығындар осы мақсаттарға арналған;
Ұйымдастырудыжақсарту және сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды,техникалық қызмет көрсету және тракторларды жөндеуді қамтамасыз ету.
Құрылымын оңтайландыру және құрамын жөндеу және қызмет көрсету, қатысатын базасын, оның теңдестірілген даму жағдайында агрокешенді құру.
Барлық жөндеу және қызмет көрсету әсерлеріне, оларды орындау күрделілігіне байланысты мынадай келесі санаттарға бөлінеді:
Техникалық қызмет көрсету;
Ағымдағы жөндеу;
Күрделі жөндеу;
Техникалық қызмет көрсету жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жасалатын жұмыстар кешені немесе машиналардың жарамдылығын сақтау, оларды пайдалану және тасымалдау.
Техникалық қызмет көрсетуді қамтитындар техниканы тазарту, қорытынды тексеру, диагностикалық реттеу, майлау, бөлшектерін бекіту, сондай-ақ консервациялау. Машиналардың және олардың құрамдас бөліктерін іске қосу, сынақтан өткізу, ақауын табу және оның алдын алу.
Техникалық қызмет көрсету түрі, мазмұны, орындалу тәртібін тракторды даярлаушы завод қолданыстағы стандарттарға сай етіп орнатады.
Тракторға техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу арнайы құрылғылармен жабдықталған бокстарда орындалуы қажет.
Ағымдағы жөндеу — бұл жұмыстар кешені бойынша жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру, күрделі жөндеу, жұмыс шегіне жеткен машинаның құрамдас бөлшектерін ауыстыру жатады.
Кейде қайта жұмысқа жарамды қалпына келтіру үшін жарамсыз құрамдас бөлігін ауыстырумен ғана шектелеміз. Осыған байланысты
бірінші жағдайда ағымдағы жөндеуді жоспарлы жөндеу деп атайды.
Күрделі жөндеу – бұл жөндеу түрі машинаны толық қалпына келтіру үшін, ақаусыздығын және толық ресурсын қалпына келтіру. Күрделі жөндеу кезінде трактордың базалық және құрамдас бөлшектері қалпына келтіріледі. Күрделі жөндеу трактордың және оның құрамдас бөліктерін қалпына келтірумен ажыратылады.
Күрделі жөндеу кезінде трактор тазаланады, құрамдас бөліктерге бөлшектенеді, ақауын табу, жөндеу (қалпына келтіру
бойынша) немесе бөлшектерін ауыстыру, құрастыру, реттеу, сыннан өткізу, бояу, сынаудан өтеді.
4 кесте
МТЗ 80 Тракторына техникалық қызмет көрсету түрлері және мерзімділігі
Техникалық қызмет көрсету түрі |
Мерзімділігі немесе өткізілу тәртібі |
Сынақтан өткізу кезінде |
Сынақтан өткізуді бастамас бұрын, өткізу барысында, сынақты аяқтағаннан кейін |
Ай сайынғы қызмет көрсету |
8…..10 сағ |
Бірінші техникалық қызмет көрсету |
125 мото сағат |
Екінші техникалық қызмет көрсету |
500 мото сағат |
Үшінші техникалық қызмет көрсету |
1000 мото сағат |
Көктем\жаздық маусымға өту кезіндегі техникалық қызмет көрсету |
Ауа райының тұрақты кезінде 5 C тан жоғары болған кезде |
Күз\ қыс маусымға өту кезіндегі техникалық қызмет көрсету |
Ауа райының тұрақты кезінде 5 C тан төмен болған кезде |
Пайдаланудың өзге де жағдайларында техникалық қызмет көрсету |
Тракторды құмды, шөлді, қиыршық тасты жерлерде, ауа райы тұрақсыз жерлерде пайдаланған кезде, әр 10 күн сайын немесе қолданылған уақытынан 10 күннен аспауы тиіс |
Ұзақ уақыт сақтау барысында
|
Жабық жерде сақтаған жағдайда екі айда 1рет. Ашық жерде сақтаған жағдайда айына 1рет |
Ұзақ уақыт сақталғаннан кейін |
Пайдаланар алдыында 15 күн бұрын трактордың техникалық жағдайын тексеру қажет |
МТЗ 80 Тракторын майлау жүйесі (схемасы)
Трактор агрегаттары мен бөлшектерінің ұзақ мерзімділігі мен олардың сенімділігі уақтылы және дұрыс майлауға байланысты болады. Майлау үйкелісті азайтады демек, үйкелетін бөлшектердің тозуын азайтады.
Трактордың пайдалану барысында біртіндеп шаң арқылы, химиялық өзгерістерге байланысты өзінің қасиетін жоғалтады, сондықтан уақытылы майын ауыстырып және қажет болған жағдайда май деңгейін толықтырып отырған жөн. Майлау оперециясын бастамас бұрын майланатын агрегаттар мен бөлшектерді мұқият тазалап, сүрту қажет, сондай ақ майлау шприцтерін де тазалау қажет. Майлау барысы мен май деңгейін тексерген кезде майдың тазалығына назар аудару керек. Май ластанған жағдайда майды ауыстыруымыз қажет, майды ауыстырмас бұрын май ваннасын дизель отынымен тазалау керек. Май деңгейін тексерген кезде май деңгейінің төмендеуін байқаған жағдайда майды толықтырып құю керек.
Жаз мезгілінде қолданылатын майларды ауа температурасы 5 С тан жоғары болған кезде қолдану керек, ал ауа температурасы 5 С тан төмен болған кезде майды қыс мезгілінде қолданылатын майға ауыстыру керек. Жаз мезгілінде қолданылатын май қыста қоюланып, майланатын және үйкелетін бөлшек беттеріне жетпейді.
Май ауыстыру кезеңдері мен май түрлері, май атауы төмендегі кестеде көрсетілген.
5 кесте
Май ауыстыру кезеңдері мен май түрлері, май атауы
-
Майланатын бөлшек түрі. Саны
Май түрі
Майлау кезіндегі ескерілетін жағдайлар
Қозғалтқыш картері (1)
Ай сайын
Май деңгейін тексеру, керек болған жағдайда толықтырып құю.
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Қосымша әр 60 сағат жұмыстан кейін
( № 1 техникалық қызмет көрсету кезінде)
Отын насосының корпусы (1)
Қозғалтқыш майы:
жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Май деңгейін тексеру, керек болған жағдайда толықтырып құю.
Су насосының подшипнигі (1)
«Литол 24» майы
Майламас бұрын су
насосының подшипнигін шаң мен кірден тазарту
5 кесте жалғасы
Ілініс подшипнигі (1)
«Литол 24» майы, солидол майы және синтетикалық солидол
Майламас бұрын ілініс подшипнигін шаң мен кірден тазарту
Қосымша әр 120 сағат жұмыстан кейін
( № 1 техникалық қызмет көрсетуден кейін )
Алдыңғы көпір жетегінің карданды білігінің шарнирінің подшипнигі (4)
Тап (ТУ 38-101176-74) майы
Шаң және ластанулардан тазарту
Дизельдің ауа тазартқышы
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Ауа тазартқыштың поддонындағы май деңгейі мен май тұтқырлығын тексеру
Қосымша әр 240 сағат жұмыстан кейін
( № 2 техникалық қызмет көрсету барысында )
Дизель картері (1)
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Май ауыстырып болғанан соң дизельді 2-3 минутқа қосып, май деңгейін тексеру, керек болған жағдайда толықтырып құю.
Отын насосының картері (1)
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Қолданылған майды майды құйып алып, уақытылы майын ауыстыру қажет
Рульдік басқарудың гидрокүшейткішінің корпусы
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Май деңгейін тексеру
Дизель редукторының корпусы (1)
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Май деңгейін тексеру
Дизельдің ауа тазартқышы (1)
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Фильтрді алып, корпусты фильтрациялық элементтерімен бірге поддоныын жуу, майды ауыстыру
5 кесте жалғасы
Трансмиссия корпусы (1)
ТЭ-15-ЭФО трансмиссиялық май, Тап-15В, М12Г1.
Май деңгейін тексеру, керек болған жағдайда толықтырып құю.
Гидрожүйенің май багі (1)
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2 немесе М10В2, қыста М8В2
Май өлшеуіш стерженьмен май деңгейін тексеру
Ілініс педалінің ступицасы (1)
«Литол 24» майы, солидол майы және синтетикалық солидол
Шаң мен кірден тазарту.
Алдыңғы жетекші көпірдің корпусы (1)
ТЭ-15-ЭФО майы,
Тап-15В, М12Г1.
Май деңгейін тексеру, май құю
Алдыңғы жетекші емес доңғалақтардың втулкалары
«Литол 24» майы, солидол майы және синтетикалық солидол
Шаң мен кірден тазарту.
Қосымша әр 960 сағат жұмыстан кейін
( № 3 техникалық қызмет көрсету барысында )
Трансмиссия корпусы (1)
ТЭ-15-ЭФО трансмиссиялық май, Тап-15В, М12Г1.
Қолданылған майды құйып алып, жаңа май құю, майды белгілі мезгілге көшкенде ауыстыру.
Алдыңғы жетекші көпірдің корпусы (1)
ТЭ-15-ЭФО майы,
Тап-15В, М12Г1.
Қолданылған майды құйып алып, жаңа май құю
Рульдік басқарудың гидрокүшейткішінің корпусы (1)
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2, М10В2, қыста М8В2
Майлау талаптары жоқ
Гидрожүйенің май багі (1)
Қозғалтқыш майы: жазда МГ10Г2, М10В2, қыста М8В2
Майлау талаптары жоқ
Аспалы жүйе білігінің втулкасы (2)
«Литол 24» майы, солидол майы және синтетикалық солидол
Шаң мен кірден тазарту.
Алдыңғы жетекші емес доңғалақтардың подшипниктері
«Литол 24» майы, солидол майы және синтетикалық солидол
Ступицаны шешіп майын тексеру, қажет болған жағдайда майын толықтыру.
Рульдік басқарудың карданды шарнирі
«Литол 24» майы, солидол майы.
Шаң мен кірден тазарту.
