- •Мазмұны
- •5 Жаңа технологияны енгізу кезіндегі экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау
- •1 Трактордың шығу тарихы. Доңғалақты және жынжыр табанды тракторлар
- •1 Сурет ксро уақытында жасалған алғашқы трактор
- •Сурет Доңғалақты трактор
- •Сурет Шынжыр табанды трактор
- •1.1 Мтз 80 тракторын пайдалану және техникалық сипаттамалары
- •4Сурет мтз - 80 тракторы
- •Сурет мтз 80 тракторының қозғалтқышы
- •Мтз 80 тракторына техникалық қызмет көрсету. Майлау жүйесі
- •2 Мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесі, оны пайдалану және құрамы
- •6 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесі
- •7 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесіне арналған жартылай аспалы жұмысшы жабдықтар және гидроцилиндірлі тіркемелер
- •8 Сурет Аспалы механизм
- •9 Сурет нш 32-2 Гидравликалық сорғысы
- •10 Сурет Цилиндр құрылымы
- •11 Сурет Гидравликалық жүйе
- •2.1 Мтз 80 Тракторының гидравликалық аспалы жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •12 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық жүйе сорғысының жетегі
- •13 Сурет ки-5473 құралы
- •14 Сурет ки-5473 құралы арқылы гидрожүйенің техникалық жағдайын тексеру
- •15 Сурет ки-5473 құралы арқылы май үйлестіргіштің жұмысқа жарамдылығын анықтау
- •16 Сурет Күштік цилиндр құрылымы
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Тракторларды жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету
- •4.2 Трактормен жұмыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі
- •4.3 Еңбекшілердің арнайы киімдері мен қорғану құралдары
- •5 Жаңа технологияны енгізу кезіндегі экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау
- •5.1 Жаңа техниканың міндеті мен қолдану облысын табу
- •5.2 Есептеу үшін бастапқы деректер
- •5.3 Қаржы салуды (инвестицияны) есептеу
- •5.4 Жылдық пайдаға асатын өнімділікті және техника жұмысының жылына машина-сағат санын есептеу
- •Жылына техника жұмысының машина-сағат саны 1.7 формула арқылы анықталады
- •Жөндеу цикліндегі тқ пен жөндеу саны анықталады:
- •Өнімділікті өзгерту коэффициенті келесі формуласымен аңықталады
- •5.5 Жылдық ағымдағы шығындарды есептеу
- •Жөндеу жұмысшыларының жылдық еңбек ақысы мына формула бойынша анықталады:
- •Жөндеу аралық циклінің ұзақтығы мына формула арқылы анықталады:
- •Отынның сағаттық шығынын мына формула арқылы анықталады:
- •5.6 Қосымша пайданы анықтау
- •5.7 Қосымша экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу Отын шығынын төмендетуді мына формуламен анықтаймыз:
- •5.8 Есептеудің нәтижесі
- •10 Кесте Есептеудің нәтижесі
- •6 Экология
9 Сурет нш 32-2 Гидравликалық сорғысы
НШ-32У, НШ – 46, НШ – 10ЕА Сорғысы (сопақша сорғылар). Бұл сорғылар қажетті оңға және солға айналатын қалыпқа өзгере алады. Құрылымы: 1.Корпустың 2 саңылауы бар (сору және айдау). Ішіне екі тісті шестерня орнатылады (бастаушы және жетекші), сонымен қатар бастаушы, сорғыны қосу муфтысына енетін шлицтері бар жетек білігімен орындалған. Жетекші – осьпен бірге және тісті шестерня бастайтын ось сығылған майды шығаруға арналған қуыс дене болып келеді. Тісті шестернялар тербелмелі торапқа орнатылады. Бұл тісті шестернялардың бүйірлік тығыздығын қамтамасыз етіп, 4 жеке арнайы каналдан тұрады. Каналдың бір жағына тығыздаудың сығу манжеттері орналасып, ал екінші жағында саңылаулар болады. Бірі майлағыш, ал екіншісі жабық кеңістіктен майды шығаруға арналған. Тербелістегі торап қоладан немесе дюралюминьді қорытпалардан жасалады.
Сорғының жұмысы: сорғының қақпағы – корпусқа резиналы аралық төсем арқылы болттармен бекітіледі. Сорғының жетек білігінде сальник орнатылған, және де қақпақтан өткен майды сальникке бұруға арналған каналдар болады. Сору зонасында тісті шестернялардың айналымы барысында ыдырату пайда болады. Соның арқасында май сору саңылауы арқылы сорғыға құйылады. Бұдан әрі тісті шестерня тістеріне ілініп, тістер арасымен және сорғы корпусы аралығында қозғалады. Тісті шестернялар тістері арасына түсе отырып, май бүрку саңылауына итеріледі. Бүрку саңылауы сору саңылауынан кіші болғандықтан, майдың бүрку саңылауына шығуы барысында қысым пайда болады.
МТЗ 80 тракторларының гидравликалық жүйесінде қолданылатын шестернялы сорғылардың бір артықшылығы – жұмысты пайдалану мерзімі бойы ешбір реттелу жұмыстарын қажет етпейді және өзара өте ұзақ 4000 сағатқа дейін уақыт жұмыс істейді. Тек қызмет ету мерзімі біткенде, бөлшектері тозғандықтан оларды жаңасымен алмастыру керек.
Гидравликалық цилиндр дегеніміз – ол гидравликалық қозғалтқыш, яғни сұйықтың потенциялдық энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қондырғы. оның құрылысы екі бүйірі бітелген цилиндрден, сол цилиндрдің ішінде жылжып жүретін поршеньнен және поршеньмен берік жалғасқан штоктан құралады. Цилиндрге үлкен қысыммен май келген кезде, поршеньбетіне де қысым түсіріп, оны итереді, ал поршень өзімен бірге штокты қозғалысқа келтіреді де, оның ұшында бекітілген механизмді қозғайды.
Гидравликалық цилиндрлер жұмыс тәртібіне қарай екі жақты немесе бір жақты цилиндрлер болып бөлінеді. Біржақты цилиндрлерде қысым поршеньнің бір-ақ жағынан итереді, ал кері қарай аспалы механизмдегі ауыл шаруашылығы машинасының салмағымен түседі. Екі жақты цилиндрлерде сұйық қысымы, бағыттауға байланысты, поршеньнің екі жағынан келе алады, яғни поршеньді екі жақа бірдей сұйық қысымның әсерімен жылжытады.
Гидравликалық цилиндрлерді, олардың қалыпты жұмысы үшін қажетті қосалқы қондырғылармен жабдықтайды. Оларға баяулатқыш және шектегіш клапандар жатады. Баяулатқыш клапанының мақсаты шток пен поршень қозғалысын баяулату болып табылады. Себебі гидроцилиндрлер көбінесе аспалы механизмдер арқылы ауыл шаруашылығы машиналарын көтереді. Ол кезде поршеньге сырттан түсетін осы машинаның салмақ күшінен оның жылжуы бәсең болады. Ал машинаны кері қарай төмен түсіргенде, поршеньді әрі қарай сұйық қысымы, әрі машинаның салмақ күші итереді де, машина жерге үлкен жылдамдықпен түсетіндіктен міндетті түрде ұрылып қалады. Осы жағдайды болдырмас үшін баяулатқыш клапан қойылады.
Баяулатқыш клапан цилиндрдің көтеретін жағындағы каналға қойылады. Оның құрылысы – жұлдызша тәрізді жасалған пластина. Цилиндрдің көтерілуі кезінде қысым сол жұлдызшаны астынан көтереді де, ол май жүрісіне кедергі жасамайды, ал түсіру кезінде, май кері жағынан келіп, оны тесікке жабыстырады. Енді май цилиндрдің кең тесігінен өтпей, клапанда жасалған тар тесік арқылы өтеді. Сөйтіп, майдың өтуін тежейді.
Шектегіш клапан штоктың жүрісін шектейді. Ол үшін штокқа арнаулы тізгін кигізіледі және оны шток бойымен әр түрлі ұзындыққа бекітуге болады. Егер цилиндр штогын әрі қарай түсірудің қажеті болмаса, онда сол орынға тізгінді бекітеді. Цилиндрдің түсіретін каналына осы клапан қойылған және оның өзекшесі сыртқа шығарылған. Өзекшені тізгін келіп итереді де, түсіретін каналды клапан арқылы жабады. Сөйтіп, поршень әрі қарай жылжи алмайды.
Гидрвликалық цилиндрлердің туғызатын күші олардың ішкі диаметрінің мөлшеріне байланысты, яғни диаметрі көбейген сайын күші де артады. Сондықтан да цилиндр түрлерін белгілегенде, осы диаметрі көрсетіледі.мысалы, Ц – 75 деген цилиндрде алғашқы әріп Ц – цилиндр, ал содан кейінгі сан 75- оның ішкі диаметр мөлшерін мм көрсетеді. Олар атқаратын жұмыс түріне қарай негізгі және қосалқы цилиндр болып бөлінеді. Себебі негізгі цилиндр аспалы механизмде, ал қосалқы цилиндр ауыл шаруашылығы машинасында орналасады.
1– гайка; 2– поршень; 3– шток; 4– майөткізгіш; 5– жүрісті реттеу клапаны; 6– шток вилкасы; 7– бекіткіш; 8– тығындар; 9– алдыңғы қақпақ; 10, 11– бекіту сақиналары; 12– шпилька; 13– корпус; 14– артқы қақпақ; А– штокты қуыс; Б– штоксыз қуыс
