- •Мазмұны
- •5 Жаңа технологияны енгізу кезіндегі экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау
- •1 Трактордың шығу тарихы. Доңғалақты және жынжыр табанды тракторлар
- •1 Сурет ксро уақытында жасалған алғашқы трактор
- •Сурет Доңғалақты трактор
- •Сурет Шынжыр табанды трактор
- •1.1 Мтз 80 тракторын пайдалану және техникалық сипаттамалары
- •4Сурет мтз - 80 тракторы
- •Сурет мтз 80 тракторының қозғалтқышы
- •Мтз 80 тракторына техникалық қызмет көрсету. Майлау жүйесі
- •2 Мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесі, оны пайдалану және құрамы
- •6 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесі
- •7 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесіне арналған жартылай аспалы жұмысшы жабдықтар және гидроцилиндірлі тіркемелер
- •8 Сурет Аспалы механизм
- •9 Сурет нш 32-2 Гидравликалық сорғысы
- •10 Сурет Цилиндр құрылымы
- •11 Сурет Гидравликалық жүйе
- •2.1 Мтз 80 Тракторының гидравликалық аспалы жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •12 Сурет мтз 80 тракторының гидравликалық жүйе сорғысының жетегі
- •13 Сурет ки-5473 құралы
- •14 Сурет ки-5473 құралы арқылы гидрожүйенің техникалық жағдайын тексеру
- •15 Сурет ки-5473 құралы арқылы май үйлестіргіштің жұмысқа жарамдылығын анықтау
- •16 Сурет Күштік цилиндр құрылымы
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Тракторларды жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету
- •4.2 Трактормен жұмыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі
- •4.3 Еңбекшілердің арнайы киімдері мен қорғану құралдары
- •5 Жаңа технологияны енгізу кезіндегі экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау
- •5.1 Жаңа техниканың міндеті мен қолдану облысын табу
- •5.2 Есептеу үшін бастапқы деректер
- •5.3 Қаржы салуды (инвестицияны) есептеу
- •5.4 Жылдық пайдаға асатын өнімділікті және техника жұмысының жылына машина-сағат санын есептеу
- •Жылына техника жұмысының машина-сағат саны 1.7 формула арқылы анықталады
- •Жөндеу цикліндегі тқ пен жөндеу саны анықталады:
- •Өнімділікті өзгерту коэффициенті келесі формуласымен аңықталады
- •5.5 Жылдық ағымдағы шығындарды есептеу
- •Жөндеу жұмысшыларының жылдық еңбек ақысы мына формула бойынша анықталады:
- •Жөндеу аралық циклінің ұзақтығы мына формула арқылы анықталады:
- •Отынның сағаттық шығынын мына формула арқылы анықталады:
- •5.6 Қосымша пайданы анықтау
- •5.7 Қосымша экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу Отын шығынын төмендетуді мына формуламен анықтаймыз:
- •5.8 Есептеудің нәтижесі
- •10 Кесте Есептеудің нәтижесі
- •6 Экология
4.2 Трактормен жұмыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі
Өрт шығуының негізгі себептері – өндірістің техникалық және пайдалану ережесінің бұзылуы. Найзағайдың түсуінен, газды және пешті дұрыс қолданбаудың кесірінен де от шығады.
Жану дегеніміз – күрделі физикалық-химиялық процесс, жанған зат пен тотығу байланысқанда олардан жылу мен жарық шығады. Жанудың басталуына көп жандыру көздері, жанатын заттар және ауаның ішіндегі 14%-дық оттегі әсер етеді.
Ауаның ішіндегі оттегі 10%-ға дейін азайып бара жатқанда ол шоққа айналады.
Жарқырау – тез буланған зат, ауамен байланыс түзгенде ұшқын мен газ жылуы болады. Температурада жарқырау айырмашылығы жеңіл жану және жану сұйықтары жоғары. Жарқырау температурасы төмен температурада жанған затта болады, соның нәтижесінде булану мен газдың ауада жануы мүмкін.
Тракторлар көп жағдайларда ауыл шаруашылығында жұмыс істегендіктен өртке қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет. Ауыл шаруашылығында ағаш отын, шөп, егін, орман, түрлі жанар-жағармай сияқты жанғыш заттар көптеп пайдаланылады. Сондықтан ауыл шаруашылығындағы трактормен жұмыс өртке қауіпті болып есептеледі.
Трактордың жұмысы барысындағы өрттің шығу себептері:
Тыйым салынған жерлерде от жағып, трактор кабинасының ішінде шылым тарту;
Трактордың жұмыс орнындағы электр желілері мен қондырғылардың ақауынан;
Электр жүйелеріне нормадан артық күш түсіп, сымдардың, қондырғылардың қатты қызуынан;
Трактордың жұмыс сұйықиықтарын дұрыс пайдаланбау және дұрыс сақтамау;
Жылу жүйелерін, пештерді дұрыс пайдаланбаудан;
Тракторларды өртке қауіпті жерлерде пайдаланудан;
Адамдардың жауапсыздығынан, ұмытшақтығынан;
Найзағайдан кей жағдайларда өздігінен жануы мүмкін.
Жану – жанатын заттың оттегімен жылу және жарық шығаратын химиялық реакциясы.
Егер ауа құрамында 0,7%-ға дейін бензиннің буы болса, ондай қоспа жанбайды. 0,7-ден 5,03%-ға дейін бензиннің буы болса, ол қопарылыс жасайды. Ал 5,03%-дан жоғары болғанда кәдәмгідей жалындап жанады.
Кейбір заттар күннің ыстығынан, әйтпесе өзінің ішкі үдерістерінің әсерінен өздігінен жануы мүмкін. Олар: торф, көмір, түрлі майлар, майланған шүберектер және тағы басқалар.
Дизель отының өздігінен жану температурасы 300-425 градус, басқа жанармай отындары 300-700 градус аралығында, қатты отындарда 150-700
градус, газдың жану температурасы 200-600 градусқа тең.
Трактордың жұмысын қолданатын өндірісте пайдаланылатын заттарды жану қабілетіне қарай үш топқа бөлуге болады: жанатын заттар; жанбайтын заттар және жануы қиын заттар.
Ғимараттың салынған материалына байланысты отқа төзімділігі де әртүрлі болды. Ғимараттарды отқа төзімділігіне қарай бес топқа бөледі:
I және II тобы – отқа жанбайтын материалдардан жасалған құрылыстар;
I I I тобы – отқа жанбайтын материалдан жасалады. Бірақ плитлардың, қабырғалардың, төбенің арасын қосқан жері қиын жанатын материалдардан жасалады;
IV тобы – қабырғалары қиын жанатын материалдардан, ал арасын қосқан жерлері жанғыш материалдардан жасалады;
V тобы – толығынан отқа жанатын материалдардан жасалған ғимараттар.
Құрылыс салғандағы өрт қауіпсіздігінің басты талабы үйлер мен ғимараттардың салынатын материалдарының отқа төзімділігіне қарай таңдайды. Өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелеріне сәйкес сұйық жанармай сақтайтын ыдыстардан отқа төзімділігі I I I дәрежелі құрылыстар кем дегенде 12-20 метрден кем емес қашықтықта сақталуы тиіс.
Тракторлар мен өзге де тенхникаларды сақтайтын сарайлар мен ықтырмалар, гараждар, шеберханалар және техникалық қызмет көрсету бекеттері бөлек аулаларға орналастырылалы.
Тракторлар мен техникаларды 20 машинадан топтастырып, әр топтың арақашықтығын 20 м етіп ашық аулаларда сақтауға болады. Мұндай жағдайларда тракторларды жеке-жеке алып шығуға мүмкін болатындай етіп орналастыру қажет. Тракторлар мен техника сақталатын ашық аула үйлерден 15-20 метр қашықтықта болуы тиіс.
Тракторлардың жұмыс сұйықтықтарына және тез тұтанғыш бөлшектерін сақтайтын қоймалардың өртке қауіпсіздік шараларына ерекше талаптар қойылады. Трактордың жұмыс сұйықтықтары, дизель отынынын сақтайтын қоймалар елді мекеннен қашық жерге орналастырылуы қажет. Дизель отыны және басқа да жұмыс сұйықтықтарының көлемі 150 м3 тан аспауы және электр желілерінің астына орналастырылмауы керек.
Дизель отыны және басқа жанғыш сұйықтары бар ыдыс сыртына «отқа қауіпті!», немесе «қопарылысқа қауіпті!» деген ескерту белгілері жазылуға тиісті.
Барлық жұмыс іститіндер өртке қарсы күрес жөнінде инструктаж алуы, ал дәнекерлеушілер, пісірушілер, электриктер, қоймашылар арнайы курстарда оқудан өткізілуі тиіс.
Тракторлар сақталатын ғимараттар өрт жағдайында шығып кететін есіктер және өрт сөндіргіштермен, күрек, құм салынған жәшік, су кранымен, киізбен жабдықталуы тиіс.
Тракторлар кабинасы өрт сөндіргіш немесе ұшқын сөндіргішпен жабдықталуы міндетті.
