Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дилом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1 Тракторлардың шығу тарихы. Доңғалақты және жынжыр табанды

тракторлар

    1. МТЗ 80 тракторын пайдалану және техникалық сипаттамалары

    2. МТЗ 80 тракторына техникалық қызмет көрсету. Майлау жүйесі

2 МТЗ 80 тракторының гидравликалық аспалы жүйесі, оны пайдалану және құрамы

    1. МТЗ 80 Тракторының гидравликалық аспалы жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу

3..........................

4 Еңбекті қорғау

4.1 Тракторларды жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету

4.2 Трактормен жұмыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі

4.3 Еңбекшілердің арнайы киімдері мен қорғану құралдары

5 Жаңа технологияны енгізу кезіндегі экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау

5.1 Жаңа техниканың міндеті мен қолдану облысын табу

5.2 Қаржы салуды (инвестицияны) есептеу

5.3 Жылдық пайдаға асатын өнімділікті және техника жұмысының жылына машина-сағат санын есептеу

5.4 Жылдық ағымдағы шығындарды есептеу

5.5 Қосымша пайданы анықтау

5.6 Қосымша экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу

6 Экология

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Менің дипломдық жобамның тақырыбы МТЗ 80 тракторының гидрожүйесінің пайдаланымы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Бұл тақырыпты таңдау себебім, қазіргі уақытта өнеркәсіп немесе басқа жұмыстар гидравликалық аспалы жүйемен жабдықталған трактордың жұмысына мұқтаж. Қазіргі таңда тракторсыз бірде-бір ауыр жұмыс атқарылмайды.сондықтан да олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.

Гидравликалық аспалы жүйемен жабдықталған тарактор кез келген жұмысты атқаруға болатын әмбебап жұмыс техникасы болып табылады. Гидравликалық аспалы жүйеге жартылай аспалы құралдарды бекіту арқылы трактор әмбебап универсалды техникаға айналады.

Бұл дипломдық жобаны орындау барысында, алғашқы бөлімдерде жалпы тракторлардың шығу тарихына, техникалық сипаттамаларына, МТЗ 80 тракторының пайдаланымына, техникалық қызмет көрсетілуіне түсіндірме беріледі. Ал негізгі бөлімінде МТЗ 80 тракторының гидравликалық жүйесіне тоқталып, оның ерекшеліктерін, құрылымын, техникалық қызмет көрсетілуі мен жөндеуінің негіздеріне толық түрде мағлұмат беріледі. Үшінші

Төртінші бөлімдерде еңбекті қорғау, тракторлармен жұмыс кезіндегі жалпы техника қауіпсіздік ережелері, тракторшылардың арнайы киімдерімен қорғану құралдары жайлы болмақ. Ал бесінші экономикалық бөлімде, МТЗ 80 тракторының өзге модификациялы Т-40 тракторымен салыстыра отырып, МТЗ 80 тракторы экономикалық жағынан тиімді екенін есептеп шығарылады. Алтыншы бөлім трактордың жұмысының экологияға әсері жайлы болады.

Жалпы трактордың тарихы ежелден бастау алады. Оның жалпы мағынасы «Өздігінен жүреді» деген сөз тіркесінен туындаған.

Көптеген ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау үшін қажет құралдар ол тракторлар.

Тракторлар халық шаруашылығында сан түрлі жұмыстарды атқарады. Осыған байланысты олардың да әр алуан түрлері болады. Солай бола тұрса да, олардың жұмысын, құрылысын бір жүйеге келтіруге болады.

Біздің республикада көбінесес бұрынғы одақ кезінде шығарылған тракторлар көп таралған.

Трактор ағыл. track (трак - негізгі элементі шынжыр табандар) "след" шынжыр табанды немесе доңғалақты өздігінен жүретін машина. Ауыл шаруашылығы, жол-құрылыс, жер қазу, көліктік және басқа да жұмыстар агрегатында қолданыла отырып, тіркемелі, аспалы немесе стационарлы машиналар құралдары болып табылады.

Трактор — бұл өздігінен жүретін машина ретінде пайдаланылатын энергетикалық құралдар, тіркемені тарту үшін буксирлі бульдозер, ауыл шаруашылығында қолданылатын жер жыртатын машина.

Ауыл шаруашылығында, орман жолдарында, жер жырту және дақылдарды егу, өздігінен жүрмейтін машиналарды немесе тіркемелерді тартуда қолданылады. Әдетте алмалы-салмалы немесе бекітілген аспалы және жартылай аспалы жабдықтармен жабдықталады. Ауыл шаруашылығы, құрылыс немесе өнеркәсіптік мақсаттағы (мысалы, бұрғылау жабдығымен) орындалатын міндеттерді де атқарады. Мысалы, өнеркәсіптік трактор бульдозерлік пышақпен жабдықталып, қолданылатын ортасында бульдозер деген атқа ие.

Тракторды басқаратын тұлға қозғалтқыш қуаты, трактор түріне, қосымша құрал-жабдықты тағайындау бойынша: тракторшы, машинист, механик-жүргізуші, механизаторлар болып бөлінеді.

Тракторларды пайдалану кезінде көптеген өзгерістер болып тұрады. Себебі жұмыс кезінде көптеген механизмдері мен тораптары эксплутациялық тозуға ұшырайды да, зауытта шығарылған кездегі техникалық көрсеткіштерінен алшақтап кетеді. Оларды дер кезінде бастапқы қалпына келтіріп реттеп отырмаса, ақаудың нәтижесінде механизмдердің істен шығуы мүмкін. Ал ондай ақауларды алғашқы қалпына келтіру үшін, тракторлардың техникалық жағдайын мерзімді бақылап отыру және ақауы бар агрегаттарды жөндеу керек.