Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать
  1. «Екі жақты және көпжақты дипломатиялық құжаттар» тақырыбына эссе жазыңыз.

Дипломатиялық өкілдіктердің маңызды байланыстары ол мемлекеттің жоғары деңгейдегі ресми тұлғаларымен кездесулері: монархтар, президенттер, премьер-министрлер, сыртқы істер министрлері және басқа да үкімет мүшелерімен, жоғары заң шығарушы және атқарушы билік өкілдерімен. Бұл өте күрделі міндет. Оның табысты болуы тікелей дипломаттарға байланысты.

Үкіметаралық келіссөздердің, сапарлардың қорытынды құжаттары: бірлескен коммюнике, бірлескен мәлімдеме, бірлескен декларация.

Бұл сияқты құжаттардың әр тармағы, әр сөзі, әр ұғымы уағдаласушы тараптардың келісуінің нәтижесінде ғана жүзеге асады. Әр қатысушы тараптың тепе-теңдігін ескермей үйлесімге келу мүмкін емес. Келіссөздер мен сапарлар барысында дайындалатын қорытынды құжаттарда өзара тиімді мүдделер көзделген жағдайда ғана тараптардың көзқарастары мен ұстанымдары бір арнадан шығады.

Коммюнике - бұл халықаралық келіссөздер барысы туралы, уағдаласушы тараптардың халықаралық келісімдерге келгендігі туралы ресми хабарлама.

Бірлескен коммюникеде хабарланатын халықаралық іс шараның мазмұнына сай кең көлемде немесе қысқаша болуы мүмкін. Х. Вильднердің пікірі бойынша, коммюнике негізінен қысқа, қарапайым хабарлама жасау болғанымен оған зор мән беріледі. Коммюникенің қысқаша түрінде қандай да бір шараны жалпылама түрде хабарлайды. Мысалы төмендегідей үлгіде болуы мүмкін:

Ал кең көлемдегі бірлескен коммюникеде керісінше келіссөздердің барысы туралы, оған қатысушы тараптардың қабылдаған құжаттары жөнінде, келісімге келу шарты толық қамтылып хабарланады және соңында қатысушы тараптардың өкілдері қол қояды.

Көптеген декларациялар, бірлескен мәлімдемелер, коммюникелер сияқты дипломатиялық құжаттар қазіргі халықаралық қатынастардың күрделілігі мен көпжақтылығының нәтижесінде туындайды. Іс жүзінде баспасөзге арналған хабарламалар келіссөздер, кездесулер барысында, сондай-ақ аяқталуынан кейін де баспасөзде жарияланып жатады. Коммюникеге (бірлескен мәлімдеме декларацияға) жүктелген басты міндет өткен келіссөздер мен пікір алмасулардың қорытындысын дұрыс аша білу.

Көп жағдайда уағдаласушы тараптар жағымды нәтижеге жетуге үміттенеді, өйткені олардың кездесуінің мәні де осында. Нақты айтқанда мемлекет қайраткерлерінің сапарлары, кездесулері пікір алмасудың нәтижелі аяқталуына нық сенім білдіреді.

Бірлескен мәлімдеметараптарға бірқатар міндеттеме жүктейтін құжаттар. Дипломатиялық құжаттың бұл түрін таңдаудың өзі келіссөздер барысында маңызды мәселенің шыққандығын білдіреді, соған орай уағдаласушы тараптар бірлескен мәлімдеме жариялауға шешім қабылдайды.

Келесі қорытынды құжат, Бірлескен Декларация – бұл әлдеқайда салмақты және аса зор міндеттеме жүктейтін құжат. Декларацияларда сәйкес келетін көзқарастар, бір арнадан шыққан ниеттері мәлімделінеді.

Осы құжаттардың барлығында келіссөздер барысындағы қабылданған шешімдер көрініс табады. Ал Коммюнике құжатының жазылу тілі іскерлік шешімдер, сонымен бірге тартымды келеді. Бірлескен мәлімдеме үшін, әсіресе декларацияға салтанаттылық пен көтеріңкілік мәнері тән.

Қорытынды құжаттар өзінің мағыналық мазмұны бойынша (егер ол бір ғана мәселеге немесе уақиғаға қатысты болмаса) мәселеге қарай екі топқа бөлінеді: халықаралық және екіжақты қатынастар. Екі мемлекет қатынасының шеңберінен тыс шығатын жалпы сипаттағы мәселелерге арналған қорытынды құжаттар бөлімінің ерекшеліктеріне көңіл бөлейік. Әр тарап коммюникеде, декларация бірлескен мәлімдемеде барлығының назарын аудартқан халықаралық мәселені немесе уақиғаны қамтуға талпынады.

Алдын-ала дипломатиялық арналар (тиісті дипломатиялык өкілдіктер) арқылы өткізілетін жұмыстар осындай сенімділікті туғызады. Жалпы коммюнике, бірлескен мәлімдеме және декларация (екіжақты немесе көпжақты) – өзінің бағытына қарай өте жақын құжаттар болып табылғанымен, алайда олардың арасында өзіндік қандай да бір ерекшеліктері де бар. Коммюнике – әлдеқайда қарапайым құжат болып табылады, оның мақсаты баспасөзде кімдердің қатысқандығы, талқыланатын мәселе жөнінде, келіссөздердің нәтижесі туралы, өту барысы жайында хабарлау.

Халықаралық келіссөз, сапарлардың қорытынды құжаты болып саналатын коммюнике, бірлескен мәлімдеме, декларация – қатысушы тараптардың арасында әрбір сөздің, сөз тіркесінің және абзацтың қиысуы нәтижесінде өмірге келеді. Бұл ария емес, дуэт, тіпті кейде хор.

Коммюнике бірлескен мәлімдеме, декларация өздерінің мәндеті, мақсаты жағынан ұқсас болғанымен, айырмашылықтары да бар.

Коммюнике – әдеттегі, дағдылы трафаретті құжат. Оның тікелей мақсаты – келіссөз нәтижесі туралы баспасөзге хабардама беру.

Бірлескен мәлімдеме – тараптарды міндеттейтін құжат.

Өзінің мазмұны жағынан қорытынды құжаттар екіге бөлінеді – халықаралық қатынас, екі жақты қатынас.

Коммюникенің жетістігі – келіссөздердің қорытындысын және қатысушы тараптардың позициясын дәл беруі.

Коммюникеде, бірлескен мәлімдемеде, декларацияда әрбір тарап – әлемдік, аймақтық, халықаралық мәселеге өзінің қатынасын білдіруге тырысады.

Нота, жолдау, меморандум, мәлімдемелер – бір жақты дипломатиялық құжаттар.

Коммюнике, бірлескен мәлімдеме, декларация – көп жақты дипломатиялық құжаттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]