Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать

22. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы тақырыбына эссе жазыңыз.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.

2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.

ШЫҰ және Қазақстан

ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.

Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады

С 161,164

23. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы тақырыбына мәлімет жазыңыз.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы – дүниежүзіндегі ең ірі қорғаныс мекемесі болып табылады. Негізінен БҰҰ-ға көмекші ұйым ретінде құрылды. Алғашында Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы бізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі ретінде танымал болды. ЕҚЫК 1975 жылы Хельсинки Қорытынды Акт негізінде құрылды. Кеңес шеңберінде көптеген маңызды конференциялар өткізіліп, көптеген құжаттар қабылдап, келісімшарттарға қол қойылды. Сонымен бірге, мемлекеттер арасында жақсы қарым-қатынастар орнатуға өз үлесін қосты. Кейін, 1994 жылы Будапешт келісімі бойынша Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы болып өзгерді. ЕҚЫҰ қарама-қарсылықтарды ескерту, алдын алу, дағдарыс және шиеленісті жағдайды шешу, сонымен қатар мемлекеттердің постконфликті реаблитациясымен айналысады. Ұйымның Копенгагенде, Женевада, Гаагада, Прагада Варшавада өкілеттіктері орналасқан. 

ЕҚЫҰ міндеті: аймақтағы қақтығыстардың алдын алу, дағдарысты жағдайды реттеу, қақтығыс салдарын ликвидациялау.

Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ құрамына 56 мемлекет мүше. Барлық мүше мемлекеттер тең мәртебеге ие және шешімдер консенсус негізінде қабылданады. Шешімдер қандай да бір құқықтық сипатқа ие емес, бірақ саяси маңыздылығы бар. Ұйым штаты – 370 адам, (ұйымның басқарушы органдарында шамамен 3500-ге жуық қызметкерлер әр түрлі миссияларда жұмыс істейді).

ЕҚЫҰ Еуроатлантика және Еуразия кеңістігін біріктіріп отыр. 1992 ж. Қаңтарда Қазақстан ЕҚЫҰ-ның жаңа мүшесі болып қабылданды. 1995 ж. Вена қаласынан ҚР өзінің тұрақты өкілдігін ашты. 2010 ж. Қазақстан ЕҚЫҰ төраға болып сайланды.

ЕҚЫҰ-ның құрылымы, институттары

Саммит – ЕҚЫҰ елбасшылары мен үкімет басшыларының мерзімді өткізілетін кездесуі. М., Хельсиндік саммит (1975) – қортытынды акт қабылданды. Париждік саммит (1990) – Жаңа Еуропа үшін Хартия мен Еуропадағы қарулы күштер жөніндегі Шартқа қол қойылды. Будапештік саммит (1994) – бірқатар институтционалдық реформалар жүзеге асты. ЕҚЫК тұрақты ұйым ЕҚЫҰ-ға ауыстырылды. Стамбул саммиті (1999) – Еуропалық қауіпсіздік Хартиясына қол қойылды.

Сыртқы істер министрлігінің Кеңесі – ЕҚЫҰ құрамындағы елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайын өткізілетін кездесуі. Негізгі қызметі: ЕҚЫҰ-ның бас хатшысын тағайындап, жұмыс істеп отырған төрағаны ұйымдасқан түрде қолдау. Сонымен қатар, ЕҚЫҰ миссиялары мен жобаларына қолдау көрсету, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнату, ЕҚЫҰ-ның экономика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын айқындау.

Тұрақты кеңес – ЕҚЫҰ-ның атқарушы органы болып табылады. Кеңес аптасына бір рет веналық «Хофбург» конгрес орталығына жиналады. Онда ЕҚЫҰ-ның территориялық жауапкершілік зонасындағы мәселелер талқыланып, сәйкесінше шешімдер қабылданып отырады.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы – жыл сайын Венада жиналып, қарулануды бақылау мәселесін талқылайды.

Аз ұлт өкілдері ісі жөніндегі жоғары комиссар.

ЕҚЫҰ демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі бюро.

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы.

БАҚ еркіндігі ісі бойынша өкіл – ЕҚЫҰ құрамына кіретін 56 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдісі мен жағдайын бақылайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]