Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать

36. Дипломатиялық қабылдаулар туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.

Дипломатиялық қабылдаулар – маңызды оқиғалар мен мерекелік күндерді атап өту үшін өткізілетін ресми шаралар.

37. Елшілік. Елшінің негізгі міндеттері туралы сұхбат құрыңыз.

Елшілік — бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Елшілік құрамына елшіден басқа ресми дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер енеді.

Елшілікті төтенше және толық құқылы елші басқарады. Елші – хаттамалық қатынас бойынша ең жоғарғы дәрежедегі дипломатиялық өкілдіктің басшысы. Елші мемлекеттердің өзара келісімімен тағайындалады. Ол тағайындалмас бұрын мына сатылардан өтеді:

  1. агреман сұрау;

  2. қызметке тағайындалуы;

  3. тағайындалған елге келуі;

  4. сенім граммотасы тапсырылған соң қызметке ресми түрде кірісуі.

Елшінің негізгі міндеттері:

  1. Өзін аккредиттеуші мемлекетпен оның азаматтарының мүддесін қорғау;

  2. Өзі орныққан ел өкіметімен келіссөздер жүргізу;

  3. Аккредиттеуші мемлекет пен өзі орныққан мемлекет арасында өзара достық қарым-қатынасты дамыту;

  4. Елші акккредиттеуші елдің атынан сөйлейді.

Елшілік қызметкерлерінің пайдалана алатын белгілі бір жеңілдіктері бар. Мысалы: жеке басына, тұрғын үйіне қол тигізбеу, кедендік жеңілдік, мемлекет ішінде еркін жүру құқы. Елшілік ұстау шығыны әр мемлекеттің өз мойынында. Бүгінде әлемнің 30-ға жуық елінде Қазақстанның елшілігі бар, 40-тан астам елдің елшіліктері Қазақстанда жұмыс істейді.

38. Қазақстанның сыртқы саясаты туралы шағын мәлімет жазыңыз.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті. 1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

  1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

  2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

  3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен, Орталық Азия мемлекеттерімен және Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен, Таяу және Орта Шығыс елдерімен өзара саяси, қауіпсіздік, экономика салаларындағы қатынасты дамытуға мән бере отырып, көпвекторлық саясаты жүргізуде. Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдермен өзара тиімді және ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті.

Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.

Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты.

Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы екі жақты саяси, экономикалық және қорғаныс жолындағы қарым-қатынастардың маңызы зор. Саяси салада «Демократиялық әріптестік туралы хартияда» көрсетілген мақсаттар адал орындалуда.

АҚШ Қазақстанға Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты мәселелерді шешуде қолдау көрсететіндігін білдірді.

Қауіп-қатерді бірлесе қысқарту бағдарламасы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңызды саласы болып отыр.

«Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы бойынша екі ел арасындағы әскери қызметкерлердің қатысуымен бейбіт мақсаттағы бірлескен жаттығулар өткізу жүйелі негізіне көшіп келеді.

Сонымен АҚШ пен достық қарым-қатынастар орнату және ынтымақтастықты дамыту Қазақстан үшін әрдайым маңызды болып қала береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]