Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать
  1. «Дипломатия әліппесінен» тақырыбына эссе жазыңыз.

Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік Протокол қызметінің жұмыс процесі

СІМ Мемлекеттік Протокол қызметінің жетекшісі Адриан Елемесовпен сұхбат: -Біздің жұмысымыз туралы айтатын болсақ, жұмысымыз өте қызық әрі қиын, жауапкершілігі де жоғары. Қызығы – басқа елдермен, олардың салт-дәстүрімен, протокол ережелерімен танысып, еліміздің сыртқы саясатына үлесімізді қосқанымыз.

  • «Жауластырмақ жаушыдан, елдестірмек елшіден» деген мәтелді сіз білетін шығарсыз деп ойлаймын. Шет елдерден делегация келетін күні дайындықты неден бастайсыздар?

  • Әрбір сапар – бір адамның жай келіп кеткені емес, оны дайындау үшін алдын-ала үлкен жұмыс жүргізіледі. Алдымен келетін қонақтың сапарын дайындау үшін көптеген мекемелерге хат жазылып, шет елдерден ноталар алмасып, бірнеше өкімдер, жарлықтар мен бұйрықтар шығарылып, бағдарлама жобасы дайындалады. Сол бағдарламаға қатысатын лауазымды тұлғалармен келісіп, бағдарламаның әр бабына басқа мекемелерден жауапты адам тағайындалып, келе жатқан тараптың алдыңғы тобы келгенше, біраз дайындық өткіземіз. Содан кейін өз басшыларының Қазақстанға сапарын дайындау мақсатында келген алдыңғы топпен бірлесе отырып, бағдарламалардың егжей-тегжейлерін талдаймыз. Мәртебелі қонақтың ұшағы еліміздің әуе кеңістігіне кіргеннен бастап, әуежайға қонуын, ол сапарда қонақтың, ресми делегацияның, қосалқы құрамның жүріс-тұрысын, әрбір баратын жеріне кімнің қашан келу-кетуін, келген ұшақтың біздің әуе кеңістігімізден ұшып шыққанына дейін жазып-сызып, дайындап, тыныштық болмайды. Қонақтың ұшағы қай тұраққа тұратыны, оған қандай жанармай құйылатыны, Елбасымен, Қазақстанның басқа да ресми өкілдерімен кездесіп, көшелерде ілінетін транспоранттардың жазылуын бақылау, екі елдің жалауларымен қала көшелерін безендіру, қай көшемен барып-келуі, кездесулерде кімнің қай жерде тұратыны, қай жерде отыратыны, берілетін қонақасы мен дастархан мәзірін дайындау, кімнің қандай көлікпен жүретінін ұйымдастыру, келетін қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еліміздің басқа да мекемелерімен бірігіп ұйымдастыру – міне, осының барлығы біздің қызметіміздің құзіретіне кіреді. Осы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгенде, қонақтарға келетін өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ салттарына, елімізде қалыптасқан протоколға сәйкес қызмет көрсетіледі. «Әр елдің салты басқа...» демекші, мысалы Елбасының қатысуымен өтілетін түрлі іс-шараларды протоколдың қамтамасыз ету барасында кездесетін маңызды бөлік – сыйлық алмасу.

  • Естуімізше, Қытай мемлекетінің басшылары сырт елдерге шыққанда, жеке күтімге аса кірпияз және көңілінен шыққандарға асамырза да көрінеді...

  • Қытайлар жалпы төрт заттан немесе төрт және 40 сандары бар сыйлықтарды жаратпайды, өйткені Қытай тілінің көптеген диалектілерінде ол «Өлім» сөзімен үндес. Сағат, не болмаса жасыл түсті бас киім сыйлағанды да жаратпайды, себебі «Өмір - өткінші», яғни «бұл фәниде аз ғұмырың қалды» дегенмен парапар. Гүл сыйлағанда да мұқият болған абзал. Сары түсті гүл Қытайда тек зират басына ғана қойылады. Жапонияда ақ түсті гүл берілмейді, Еуропа елдерінде қымбат сыйлықтар беруге болмайды. Бірақ барлық елдерде жергілікті ұлттық, фольклорлық сыйлықтарға тыйым жоқ.

  • Үлкен қонақтармен кездесудің сәтті өтуі бірге еріп келген әйелдердің көңіл күйіне де байланысты шығар?

  • Ал енді үлкен қонақтарымыз жұбайымен бірге келетін болса, оған бөлек бағдарлама дайындалады. Осының барлығы 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясына сәйкес және Әлемдік Протокол тәжірибесінен алшақтамай ұйымдастырылуы тиіс.

  • Протокол қызметінде жұмыс істегісі келген үміткерлер қандай талаптар бойынша қызметке алынады?

  • Протокол қызметінде немесе жалпы сыртқы саясат ведомствосында жұмыс істегісі келген үміткерлерге қойылатын талаптар: Халықаралық қатынастар саласы бойынша арнайы білімі (сыртқы және ішкі саясатпен хабардар болуы) мен үміткерлердің белсенді болуы, сонымен қатар келбеті,өзін-өзі ұстай білуі де жөн.

  • Шетелдік қонақтармен кездесу барысында сіздер белгілеген регламенттің аясынан шығып кеткен, сөйтіп, сіздерген аса қолайсыздық туғызған сәттер кездесті ме?

  • Регламент пен бағдарламадан ауытқып кететін жағдайлар кездесіп қалады. Бізің жұмысымыздың маңызды бөлігі – осындай қолайсыздықтардың орын алуына жол бермеу. Әрдайым ел мүддесі мен пайдасын ойлап, оның беделі мен келбетіне нұқсан келтіріп алмауды бір сәт те естен шығаруға хақымыз жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]