Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать
  1. «Қазақстан дипломатиясының кезеңдері» тақырыбына эссе жазыңыз.

Кеңес одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болды. 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ өзінің сыртқы саясатын тездетіп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, біздің мүдделерімізге орасан нұқсан келуі мүмкін еді. 

Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1992 жылғы мамыр айында шыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Еліміз өзінің геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және факторларды ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кірісті. Мұның мәні – әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара сенімділік сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.  Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды. Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз, екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз қажет болды.  Қазақстанның қуаты мен мүмкіндіктерін шетелдерге кеңінен насихаттау үшін дүниежүзі мемлекеттері басшыларымен тікелей жеке байланысқа шықты, біз әлемдік қауымдастыққа тең құқылы және тәуелсіз әріптес ретінде танылдық. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз етілді. 

Біздің дәуірімізде бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігер жұмсалады. Осыған орай сыртқы саяси қызметке басымдық берілді. Сыртқы істер министрлігін құру оңай іс болған жоқ. Сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне дипломатиялық кадрларға байланысты шешіледі. Сондықтан алғашқы кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және шетелдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар еліміздің сыртқы саяси ведомствосына қызметке шақырылды. Республикаға он екі жоғары маманданған дипломаттар келді. 1992 жылғы 2 шілдеде Республика Президенті Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы» Ереже қабылданды. 1997 жылғы қарашаның 12-нде «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай міндеттер жүктелді: Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар жасау; дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы Қазақстан Республикасының егенмендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси, сауда, экономикалық және өзге де мүдделерін қамтамасыз ету тағы басқалар.

Қазақстанның Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу мен қысқарту туралы шартқа, орта және таяу қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа, Еуропалық кәдімгі қару-жарақ күштері туралы шартқа қатысуы, сондай-ақ, 1993 жылғы желтоқсанда ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы – еліміздің әлемдік қауымдастыққа тұтасуының жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Өткен жылдарда Қазақстан мен әлемнің бірде-бір елінің арасында қарсыласу болған емес. Қазір шетелдерде біздің 29 елшілік, 4 дипломатиялық миссия, екі бас консульдық пен алты консул жұмыс істейді. Осының нәтижесінде көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас едәуір нығайып, Америка Құрама Штаттарымен, Еуропа мен Азияның жетекші елдерімен арадағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып отыр.

Президент Н.Ә. Назарбаев сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарына тоқтала келіп, ол халықаралық өзгерістер алдымызға тың міндеттер мен жаңа мақсаттар қоятынын, біздің сергектік танытып, дүниеде болып жатқан өзгерістерге тиісінше үн қатуымыз керек екендігін атап көрсететті. Президент Қазақстан дипломатиясының бұдан былайғы міндеті – экономикалық салаға қарай ойысуға, елімізде шетел инвестицияларына кең өріс ашуға қарай бағдарлануға тиіс екендігіне, бұл ретте біздің экономикалық жоспарларымызды әлемге танытып, көрсете білудің маңызы зор екендігіне көңіл бөлді.

Президент Қазақстанның сыртқы саясаты қалыптасу кезеңінен ойдағыдай өтіп, жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі ретінде біржола бекіп, кемеліне келіп отырғанын атап көрсетті.

Сонымен, Қазақстан дипломатиясы қалыптасу кезеңін ойдағыдай аяқтап, қазіргі кезде кемеліне келуіне байланысты еліміздің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін айқындауға қызмет етіп отыр

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]