Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать
  1. «Мәртебелі мемлекеттік тіл» тақырыбына эссе жазыңыз.

Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін ұлтының болашағын ойлайтын әрбір азамат есте сақтауы керек деп есептеймін. Сонымен бірге, қазақ тілінің түркі тілдер тобына жататынын, ал, әлемдегі 200 миллионға тарта адамның түркі тілдерінде түсінісе алатынын ескерсек, қазақ тілін таяудағы болашақта ұлтаралық, халықаралық қатынас құралы ретінде пайдаланудың мүмкіншілігі мол екендігін анық аңғарамыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып - Қазақ тілі белгіленді.

Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.

Қорыта келгенде, мемлекет құрушы негізгі ұлт – қазақтардың Қазақстандағы барлық ұлыстар мен этностарды ұйыстырушылық рөлін шын мәнінде танытқымыз келсе әрқайсысымыз ең бірінші кезекте меммлекеттік тілді жетік меңгеріп, оның мәртебесін көтеруге атсалысуымыз қажет. Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

  1. «Мамандығым мақтанышым» тақырыбына эссе жазыңыз.

Халықаралық қатынастар факультеті ҚР Сыртқы Істер министрлігінің бастамасымен 1995 жылы құрылды. Факультет халықаралық қатынастар, аймақтану, халықаралық құқық, саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында жұмыс істейді. Мамандар даярлау – бакалавр, магистр, PhD доктор сияқты үш сатылы оқу жүйесімен жүзеге асырылады.

Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша 2 шет тілді (батыс және шығыс) меңгерген бакалавр. Оқу мерзімі – 4 жыл. Аталған мамандық екі шет тілін тереңдетіп оқытуымен бірге, елтану, аймақтану, дипломатиялық және консульдық қызмет, халықаралық бірлесу, ымыраласу және халықаралық ұйымдар мамандықтарын қарастырады. Елтану аясында АҚШ, Германия, Франция, Қытай, Жапония, Үндістан, Түркия, Араб және Орта Азия елдері оқытылады.

Халықаралық қатынастар - әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану процесінің қарқынды дамуын реттеп отыратын болашақ дипломаттар. Бүгінгі халықаралық қатынастар экономикалық негіздерді, әлемнің материалдық базасындағы елеулі өзгерістердің бөлімдерін қалыптастыратын жаңа әлемдік еңбек бөлінісі.

Оқу әдістемесі: халықаралық қатынас мамандығы халықаралық қатынастар туралы теориялық ұғым жиынтығы ретінде қарастырылады. Берілген пән шеңберінде студенттердің алдында алған білімдерін жүйелендіреді және талдауға салады. Дәріс оқу барысында деректі бейне таспалар, дипломатиялық кездесулерден үзінділер, қақтығысты аймақтардың мәселелерін шешу жолдарына қатысты көрнекті құжаттарды пайдаланады. Тәжірибе сабақтарында студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында пікір сайыстар ұйымдастыру, келіссөздерді ойын ретінде жүргізу, қысқаша баяндамалар, сұқбат алу негізінде өткізу, жіберілген қателіктермен жұмыс жасау қарастырылады.    

Халықаралық қатынастар тарихы мамандығы бойынша оқу дәрісі кезінде студент төмендегі мәліметтермен танысып шығады:

  • халықаралық қатынастарды зерттеуде қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды;

  • халықаралық қаынастар жүйесін, оның басты құрылымдық сипатары мен қалыптасуының заңдылықтарын;

  • әлемдік тарихтың бірінші дүниежүзілік соғыстан бергі даму кезеңдерін;

  • халықаралық қатынастардың жалпы әлемдік саяси және мәдени үрдістерге ықпал ету дәрежесін.

  • игеруге:

  • халықаралық қатынастар тарихының дамуына сараптама бере алуды;

  • батыс пен шығыстың тарихи кезеңдерін талқылай білуді;

  • әр елдің халықаралық қатынстарда алатын орнын  салыстыра білуді;

  • студенттерді халықаралық қатынастар тарихы бойынша қажетті деректер мен әдебиеттердің қорын топқа бөліп, қолдануға бейімдеуді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]